7) 28-баптың 2, 3 және 4-тармақтары және 30-бап алып тасталсын;
8) 33-бапта:
өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот орындаушысы:
1) атқарушылық құжаттың мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы талаптары үш айдан астам;
2) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық еселенген айлық есептік көрсеткішке тең не одан асатын сомаға атқарушылық құжаттың талаптары орындалмаған жағдайда борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлға басшысы (міндетін атқарушы) уақытша шектеуді қолдану туралы тиісті түрде хабарланған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін қойылады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
«тоқтатыла тұрылуы» деген сөздер «тоқтатыла тұруы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
5) тармақшадағы «ауысқан жағдайларда жүргізіледі.» деген сөздер «ауысқан;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулысының күші жойылған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.»;
5-тармақ алып тасталсын;
9) 37-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін атқарушылық құжат өзіне келіп түскеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық іс жүргізуді қозғайды, ол туралы қаулы шығарады.
Жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғаған кезде өндіріп алушымен атқарушылық құжаттың орындалу шарттары туралы келісім (шарт) жасасады, өндіріп алушының осы Заңда көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
Мемлекеттің кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар және істердің әлеуметтік маңызы бар санаттары бойынша атқарушылық іс жүргізуді жеке сот орындаушысы келісім (шарт) жасаспай қозғайды.
Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғаумен бір мезгілде осы Заңда көзделген атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы тексеру жолымен борышкерге қатысты өзге де атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғын анықтайды, олар анықталған жағдайда өндіріп алушыға хабарлайды және осы Заңға сәйкес оның талаптарын қанағаттандырудың кезектілік тәртібін түсіндіреді.»;
10) 38-бапта:
1-тармақта:
7) тармақша «жеке сот орындаушысының» деген сөздерден кейін «өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақшадағы «ұсынбаса, атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.» деген сөздер «ұсынбаса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10), 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) осы Заңның 11-бабының 1-1-тармағында белгіленген мерзiм өтпесе;
11) атқарушылық құжатты орындау мемлекеттік не жеке сот орындаушысының құзыретіне жатпаса;
12) атқарушылық құжатты бергенге дейін өндіріп алушы немесе борышкер болып табылатын заңды тұлғаны тарату не қайта ұйымдастыру аяқталса не ол банкрот деп танылса;
13) әкімшілік өндіріп алуды қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ерікті түрде орындау мерзімі өтпесе, атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.»;
2-тармақтың екінші бөлігінің бірінші сөйлемі алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «1), 2), 3), 4), 6) және 7)» деген сөздер «1), 2), 3), 4), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 13)» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 39-баптың 3-тармағында:
өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
«, бұл ретте олар алты айдан аспайды» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 42-баптың бірінші бөлігінде:
өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1) тармақшадағы «борышкер немесе», «борышкерді немесе» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды ескермегенде, борышкер алдында өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапты болатын азаматтарға төленетін төлемдерді қоспағанда, сот оңалту немесе банкроттық, сондай-ақ борышкер болып табылатын заңды тұлғаны мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғаған немесе сот мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған;»;
5) тармақша алып тасталсын;
7) тармақшадағы «(тыйым салудан босату)» деген сөздер алып тасталсын;
11-2) тармақша «қажетті соманы» деген сөздерден кейін «өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) егер прокурор сот орындаушысының борышкерге қатысты іздестіру жариялау туралы қаулысын санкциялаған жағдайда бір жұмыс күні ішінде тоқтатыла тұруға тиіс.»;
13) 44-бапта:
2) тармақшасындағы «5), 7) тармақшаларында» деген сөздер «7) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша «қажетті соманы» деген сөздерден кейін «өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 45-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші сөйлемінде:
«ұсыныспен» деген сөз «қаулымен» деген сөзбен ауыстырылсын;
«сотқа» деген сөз «прокуратура органдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «соттың ұйғарымы бойынша» деген сөздер «прокурордың санкциясымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 47-бапта:
1-тармақтың 9) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 312-6-бабы» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 354-бабы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың төртінші бөлігіндегі «Атқарушылық құжаттың орындауға ұсынылу мерзімін сот қалпына келтірген не сот» деген сөздер «Сот» деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 48-бапта:
1-тармақта:
6) тармақша «жеке сот орындаушысының» деген сөздерден кейін «өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
«7-2) борышкер мүлкінің Қазақстан Республикасында болатын жағдайларды қоспағанда, егер атқарушылық құжатты орындау процесінде борышкердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткені анықталса;»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Мәжбүрлеп орындату шараларының:
1) егер өндіріп алушы орындау бойынша іс жүзінде келтірілген шығыстарды өтесе және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жүргізілсе, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген;
2) атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындатуға берудің осы Заңның 11-бабында көзделген мерзімі өткен жағдайларда күші жойылуға жатады.»;
17) 52-бапта:
4-тармақтың 2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке сот орындаушысы үш жұмыс күні ішінде атқарушылық құжатты аумағы бойынша жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасына жіберу туралы қаулы шығарады, бұл туралы өндіріп алушыға хабарлайды не онымен келісу бойынша борышкердің тіркелген жері бойынша оның жылжымайтын мүлкін және (немесе) оның орналасқан жері бойынша өзге де мүлікті өткізу үшін өзінің атқарушылық округінен тысқары жерге барып атқарушылық әрекеттер жасауға, сондай-ақ тиісті атқарушы округтің жеке сот орындаушысымен келісу бойынша оған белгілі бір атқарушылық әрекеттер жасауды тапсыруға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Атқарушылық құжатты осы бапта айқындалған тәртіппен аумағы бойынша жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасына жіберген жеке сот орындаушысы пайдаланылмаған аванстық жарнаны өндіріп алушыға қайтаруға міндетті.»;
18) 55-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Борышкерде берешекті өтеу үшін жеткілікті ақша сомасы болмаған кезде, өндіріп алу борышкерге тиесілі басқа мүлікке қолданылады. Сот орындаушысы өндіріп алушының немесе бір кезектегі өндіріп алушылардың және борышкердің жазбаша келісуімен мүлікті алдын ала бағалап, осы Заңның 68-бабына сәйкес, оны өткізбей, сол қалпында өндіріп алушыға немесе бір кезектегі өндіріп алушыларға беруге құқылы.
Өндіріп алушы немесе бір кезектегі өндіріп алушылар борышкердің мүлкін заттай қабылдаған кезде, атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар сомасын және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын берілген мүліктің құнына мөлшерлес өтейді.
Мүлікті заттай берген жағдайда, беруді жүзеге асыратын сот орындаушысы талап қоюды қамтамасыз ету мақсатында сот салған ауыртпалықтарды қоспағанда, осы мүлікке басқа сот орындаушылары салған ауыртпалықтардың күшін жояды.»;
19) 58-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі 9) тармақшадағы «ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.» деген сөздер «ақшаға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Инкассолық өкім шығарған жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не одан айырылған кезде, атқарушылық іс жүргізу берілген жеке сот орындаушысы банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға төлем құжатын кері қайтарып алу туралы өкімді, атқарушылық құжатты өзінің іс жүргізуіне қабылдау туралы қаулыны жібереді және осымен бір мезгілде жаңа инкассолық өкім шығарады.»;
20) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігі 10) тармақшадағы «ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.» деген сөздер «ақшаға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.»;
21) 63-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің бірінші сөйлемінде:
«өндiрiп алуды қолдану» деген сөздер «тыйым салу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, нақты құнын» деген сөздер алып тасталсын;
22) 65-баптың 7 және 12-тармақтары «жеке сот орындаушысының» деген сөздерден кейін «өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
23) 71-баптың 3-тармағының бірінші сөйлемі және 4-тармағы «жеке сот орындаушысының» деген сөздерден кейін «өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
24) 74-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Айналымнан заң бойынша алып қойылған мүліктен басқа, тыйым салынған мүлікті өткізуді тыйым салу негіздеріне және осы Заңның 77-бабының 3-тармағында көрсетілген мүлікті қоспағанда, мүлік түрлеріне қарамастан, сот орындаушысы электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің бірыңғай электрондық сауда алаңында не бірыңғай электрондық сауда алаңында жүргізеді, оны таңдауды Республикалық палата уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.»;
2-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сатып алушы мен борышкер немесе сот орындаушысы арасындағы сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан және сатып алушы мүліктің сатып алу құнының мөлшеріндегі ақшалай соманы аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына енгізгеннен кейін, талап қоюды қамтамасыз ету мақсатында сот салған ауыртпалықтарды қоспағанда, басқа атқарушылық құжаттар шеңберінде салынған, өткізілген мүліктен ауыртпалықтардың күшін мүлікті өткізген не рұқсатымен өткізілген сот орындаушысы жояды.»;
төртінші бөлік алып тасталсын;
25) 85-баптың 1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Электрондық аукцион өткізілмеді деп танылған кезде, өндіріп алушы электрондық аукцион өткізілмеді деп танылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сот орындаушысына өтініш беру арқылы мүлікті бағалау құны бойынша өзіне қалдыруға құқылы. Өндіріп алушының мүлікті өзіне қалдыру туралы өтінішінің болмауы өндіріп алушының мүлікті қабылдаудан бас тартуы деп танылады.
2. Өндіріп алушы мүлікті қабылдаудан бас тартқан кезде сот орындаушысы тиісті өтінімді бірыңғай электрондық сауда алаңында қайталап орналастыру арқылы электрондық аукцион рәсімін тағайындайды.
3. Мүлік өндіріп алушыға берілген кезде, өндіріп алушы борышкердің қабылданатын мүлкінің құнынан атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар сомасын және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын мүліктің берілген құнына мөлшерлес өтейді. Бұл сома кейіннен борышкерден өндіріп алынуға жатады.»;
26) 86-бапта:
2-тармақта:
1) тармақша «жеке сот орындаушысының» деген сөздерден кейін «өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «жеке сот орындаушысының» деген сөздерден кейін «өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігі «жеке сот орындаушысының» деген сөздерден кейін «өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ «жеке сот орындаушысының» деген сөздерден кейін «өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың бірінші сөйлемі және 7-тармақ «жеке сот орындаушысының» деген сөздерден кейін «өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
27) 87-баптың 4-тармағының екінші сөйлеміндегі «атқарушылық әрекеттер жасау кезінде» деген сөздер «атқарушылық құжатты орындау кезінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 93-бапта:
2-тармақтағы «немесе сыйақы алатын жұмыс берушiге» деген сөздер «жұмыс берушiге немесе борышкер одан кіріс алатын тұлғаға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«жұмыс берушi» деген сөздерден кейін «немесе борышкер одан кіріс алған тұлға» деген сөздермен толықтырылсын;
өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
29) 95-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі «бiрнеше» деген сөзден кейін «, оның ішінде басқа сот орындаушыларының іс жүргізуіндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Бір борышкерге қатысты жалақыны және өзге де кірістер түрлерін өндіріп алу туралы бірнеше қаулы болған жағдайда, атқарушылық құжаттар бойынша өндіріп алынған сомаларды пропорционалды бөлу осы Заңның 110 - 112-баптарының талаптары сақтала отырып жүргізіледі.»;
30) 98-баптың бірінші бөлігі 21) тармақшадағы «ақшадан өндіріп алуға болмайды.» деген сөздер «ақшадан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
«22) жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшадан өндіріп алуға болмайды.»;
31) 99-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік «сот орындаушысы» деген сөздерден кейін «берешекті айқындау туралы қаулы шығарады және» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Алимент бойынша берешекті сот орындаушысы тоқсан сайын айқындайды.
Сот орындаушысы берешек айқындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қаулыны танысу үшін атқарушылық іс жүргізу тараптарына жібереді.»;
2-тармақтағы «өндiрiп алушының таңдауы бойынша борышкердiң өндiрiп алу жүргiзiлмеген уақыт iшiнде алған не оның берешегi айқындалған кезде алған нақты жалақысын (табысын)» деген сөздер «өндiрiп алу жүргiзiлмеген уақыт iшiнде борышкер алатын нақты жалақыны (кірісті)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«табысын растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда,» деген сөздер «кірісін растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, ай сайынғы төлемдер және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мүгедектер болып табылатын борышкерлер үшін ай сайынғы төлемдер немесе алимент бойынша берешек олардың ай сайынғы жалақысынан және өзге де кірісінен, ал егер олар жұмыс істемейтін жағдайда, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін ай сайынғы жәрдемақылардан және (немесе) әлеуметтік төлемдерден айқындалады.»;
4-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 353-бабына» деген сөздер «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 171-бабының 1-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 104-баптың 2-тармағында:
«бес» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Өндіріп алынатын өсімпұлдың шекті мөлшерін жеке тұлғалар үшін үш жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiштен, заңды тұлғалар үшiн тоғыз жүз айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін өндіріп алынатын өсімпұлдың мөлшері алты жүз айлық есептік көрсеткіштен, ал «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкер үшін он бес айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.»;
33) 106-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі үшінші сөйлем алып тасталсын;
4-тармақтың екінші сөйлемі «жеке сот орындаушысының» деген сөздерден кейін «өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
34) 108-баптың 2-тармағы «жеке сот орындаушысының» деген сөздерден кейін «өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
35) 113-бапта:
1-тармақ «атқарушылық iс жүргiзуге тараптардың» деген сөздер «атқарушылық iс жүргiзу тараптарының, жеке сот орындаушысының,» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 6) тармақшасындағы «ағымдағы шоттан» деген сөздер «жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 115-бап алып тасталсын;
37) 118-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкердің қаражаты есебінен жүргізіледі және он мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шекті мөлшерін белгілей отырып, істердің санаты мен өндіріп алу сомасына қарай үштен жиырма бес пайызға дейінгі мөлшерде белгіленеді.
Баламен қарым-қатынас тәртібі туралы атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу өндіріп алушыға және борышкерге бірдей үлестермен жүктеледі.
Талап қоюды қамтамасыз ету туралы атқарушылық құжат бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтінішхат берген тараптан өндіріп алынады.
Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы атқарушылық құжат бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтінішхат мәлімдеген және талап қоюдан бас тартылған тұлғадан өндіріп алынады. Талап қою қанағаттандырылған жағдайда талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы атқарушылық құжат бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу өзіне қатысты қамтамасыз ету шаралары қабылданған тұлғадан өндіріп алынады.
Мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленеді.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу атқарушылық құжаттың борышкері оны мәжбүрлеп орындатуға бергенге дейін орындаған жағдайда өндіріп алынбайды.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 9) және 10) тармақшаларында көзделген атқарушылық құжаттардың негiзiнде қозғалған атқарушылық iс жүргiзулер бойынша жеке сот орындаушысының қызметiне ақы алынбайды.»;
38) 119-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктің бірінші сөйлемі «нұсқауы бойынша» деген сөздерден кейін «өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлікте:
«іс жүргізу барысында» деген сөздерден кейін «өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
«нұсқауы бойынша» деген сөздерден кейін «көрсетілген» деген сөзбен ауыстырылсын;
39) 120-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомаларын бекіту не атқарушылық әрекеттерді жасаған кезде жұмсалған шығыстарды өтеу туралы қаулыны, оның қызметін тоқтату жағдайларын қоспағанда, осы қаулыны шығарған жеке сот орындаушысы орындайды.»;
40) 122-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«122-бап. Аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шоты және жеке сот орындаушысының ағымдағы шоты
1. Өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды және мүдделі тұлғаларға арналған басқа да сомаларды, оның ішінде орындау бойынша шығыстарды өтеу жөніндегі аванстық сомаларды уақытша сақтау үшін:
1) аумақтық орган бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда ақшаны ұлттық және шетелдік валюталарда уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашады;
2) жеке сот орындаушысының ұлттық және қажет болған кезде шетелдік валютадағы тиісті ағымдағы шоттары болуға тиіс.
2. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы және өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоттағы ақша аумақтық органның қаражаты және жеке сот орындаушысының кірісі болып табылмайды. Жеке сот орындаушысы қайтыс болған жағдайда, көрсетілген ағымдағы шоттағы ақша мұрагерлік массаға енгізілмейді.
3. Жеке сот орындаушысы банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда мынадай ағымдағы шоттарды:
1) өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтау үшін;
2) өз қызметіне ақы төлеуді есепке алу, кеңсені күтіп-ұстау, кеңсе қызметкерлеріне жалақы төлеу және өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шот қамтымайтын басқа да операциялар бойынша есеп-қисаптарды жүргізу үшін ашады.
Бұл ретте жеке сот орындаушысы банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда тиісті валютада, өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған бір ғана ағымдағы шот ашады.
Осы шот бойынша операциялар тек қана қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.»;
41) 123-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Борышкерлерден өндіріп алынған талап етілмеген ақша және мүдделі тұлғаларға арналған, оның ішінде шығыстарды өтеу жөніндегі, аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотында, жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотында сақталатын басқа да сомалар көрсетілген шоттарға аударылған кезден бастап бес жыл өткен соң аумақтық органның не жеке сот орындаушысының ұсынуы бойынша сот актісінің негізінде бюджетке аударылады.»;
мынадай мазмұндағы 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған, сондай-ақ Республикалық палата мүшелігінен шығарылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша уәкілетті органның өкімі негізінде жүзеге асырылады.
5. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық органдары осы баптың 4-тармағында көрсетілген өкімді екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жібереді. Мұндай өкімді екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар міндетті түрде орындауға тиіс.