1) 195-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы төртінші абзацтағы «туралы нұсқама.» деген сөздер «туралы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама.»;
2-тармақтың бірінші сөйлемі «адамдардың» деген сөзден кейін «осы Кодекстің 198-бабының 3-тармағының талаптарын ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 198-бапта:
1-тармақ «сотқа» деген сөзден кейін «осы баптың 3-тармағының талаптарын ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқамаға жоғары тұрған мемлекеттік еңбек инспекторына немесе сотқа нұсқама алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шағым жасалуы мүмкін.
Нұсқама мемлекеттік еңбек инспекторы белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда және шағым жасауға арналған мерзім өткеннен кейін, егер оған шағым жасалмаса, нұсқама көрсетілген мерзімдер өткен соң үш жұмыс күнінен кешіктірілмей «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі.
Нұсқамаға шағым келіп түскен күннен бастап жоғары тұрған мемлекеттік еңбек инспекторы он жұмыс күні ішінде шағым бойынша тиісті шешім қабылдайды.
Нұсқамаға сот тәртібімен шағым жасалған жағдайда, ол сот актісі заңды күшіне енген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі.».
9. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; № 21, 102-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 24-II, 120-құжат):
1) 7-баптың б-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«б-2) қылмыстық іс бойынша жасырынған сотталушыны және азаматтық іс бойынша жауапкерді, жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамды іздестіру туралы сот актілерін, сондай-ақ сот орындаушыларының прокурор санкциялаған атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерді іздестіру туралы қаулыларын орындауға;»;
2) 10-баптың 1-тармағының в-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«в-2) қылмыстық іс бойынша сотталушыны және азаматтық іс бойынша жауапкерді, жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамды іздестіру туралы сот актілері, сондай-ақ сот орындаушыларының прокурор санкциялаған атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерді іздестіру туралы қаулылары;».
10. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 119-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банк ашуға рұқсат беру туралы хабарлама өтiнiш берушіге және Корпорацияға жiберiледi.»;
2) 36-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының бірінші бөлігінде:
«ақшаны және» деген сөздер «ақшаны,» деген сөзбен ауыстырылсын;
«шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаны» деген сөздерден кейін «, жеке сот орындаушыларының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоттарындағы ақшаны» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 47-2-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының талаптары банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру жағдайларына қолданылады.»;
4) 51-баптың 1-тармағында:
екінші бөлік 7) тармақшадағы «ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.» деген сөздер «ақшаға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндiрiп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың екінші бөлігінің 8) тармақшасының ережесі атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган, оның аумақтық органдары лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы қоятын шектеулерге қолданылмайды.»;
жетінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операциялар атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық органдарының өкімі негізінде тоқтатыла тұруы мүмкін.»;
тоғызыншы бөлікте:
«мемлекеттік кіріс органдарының» деген сөздерден кейін «, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
«беру» деген сөзден кейін «не атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» деген сөздермен толықтырылсын;
оныншы бөліктегі «бірiншi басшы қол қоюға және ол мемлекеттік кіріс органдарының мөрiмен» деген сөздер «мемлекеттік кіріс органдарының бірiншi басшысы қол қоюға және олардың мөрiмен куәландырылуға не атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің, оның аумақтық органдарының басшысы қол қоюға және олардың мөрiмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кірістер органдарының не атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық органдарының электрондық нысанда жіберілетін өкімі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар белгілеген форматтарға сәйкес қалыптастырылады.».
11. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 144-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2019 ж., № 21-22, 91-құжат):
1) 2-бапта:
1) тармақшадағы «, сондай-ақ сот орындаушылары атқарушылық iс-әрекеттер жасаған кезде» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшадағы «, сондай-ақ атқарушылық iс-әрекеттерiн жасау кезiнде сот орындаушылары мен осы iс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды күзету» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшадағы «күзету;» деген сөз «күзету болып табылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақша алып тасталсын;
2) 4-бапта:
1-тармақтағы «(соттардың кеңселерінде)» деген сөздер «(Соттардың әкімшісі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігінің 5) тармақшасындағы «атқару құжаттарының орындалуын және» деген сөздер алып тасталсын;
3) 7-бапта:
1-тармақта:
1-1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақшадағы «және сот орындаушылары атқарушылық iс-әрекеттер жасаған кезде» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта:
2) тармақшадағы «, сондай-ақ атқарушылық iс-әрекеттердi жасаған кезде осындай iс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшадағы «, сондай-ақ атқарушылық iс-әрекеттердi жасаған кезде» деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақшадағы «сот орындаушысына немесе атқарушылық iс-әрекеттер жасалатын жерге» деген сөздер алып тасталсын;
4) 8-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасында:
«приставы мен сот орындаушысының» деген сөздер «приставының» деген сөзбен ауыстырылсын;
«олардың» деген сөз «оның» деген сөзбен ауыстырылсын;
«оларға» деген сөз «оған» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасында:
«приставы мен сот орындаушысының» деген сөздер «приставының» деген сөзбен ауыстырылсын;
«оларға» деген сөз «оған» деген сөзбен ауыстырылсын.
12. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
1) 3-баптың 6-тармағының бірінші бөлігіндегі «әділет органдарының» деген сөздер «сот орындаушыларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 99-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету тәртiбiмен нотариус азаматтардан сұрақ алады, заттай, жазбаша және электрондық дәлелдемелерді қарап-тексереді, қажет болған жағдайда сараптама тағайындайды.».
13. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 24-I, 119-құжат):
мынадай мазмұндағы 15-2-баппен толықтырылсын:
«15-2-бап. Байланыс операторларының сот орындаушыларымен өзара іс-қимылы
Байланыс операторлары сот орындаушыларына өтеулі шарттық негізде атқарушылық іс жүргізу тараптарының ұялы байланысының абоненттік құрылғыларына мәтіндік хабарларды жөнелту (жіберу) жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынады.».
14. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 56-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106-құжаттар; № 24-I, 118-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-1), 4-2) және 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының шешімдері негізінде берілетін атқару парақтары;»;
«4-2) «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының талап қоюды қамтамасыз ету немесе талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы бұйрықтары;»;
«6-1) жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама;»;
11) тармақшадағы «11) атқарушылық» деген сөздер «11-1) атқарушылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке сот орындаушысы қаулысының күшін жоюды оны шығарған жеке сот орындаушысы не іс жүргізуіне атқарушылық құжат берілген басқа жеке сот орындаушысы, оның ішінде сот актісінің немесе прокурордың наразылығының негізінде жүргізеді.»;
5-тармақ «Сот орындаушысының қаулысы» деген сөздерден кейін «шығарылған күнінен бастап күшіне енеді,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 11-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-1) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының шешімдері негізінде берілетін атқару парақтары - үш жыл ішінде;»;
«4-1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының талап қоюды қамтамасыз ету туралы бұйрықтары - сот бұйрық шығарған күннен бастап бір жыл ішінде;»;
6) тармақшадағы «6) атқарушылық жазбалар» деген сөздер «6-1) атқарушылық жазбалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«12) жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама - үш жыл ішінде;
13) жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрықтары үш жыл ішінде ұсынылуы мүмкін.»;
4) 12-баптың 2-тармағындағы «есептелмейдi» деген сөз «есептеледi» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 25-баптың 4-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Прокурор, егер сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу жөніндегі әрекеттері (әрекетсіздігі):»;
2) тармақшадағы «жеке сот орындаушысының іс жүргізуінен атқарушылық құжатты алып қоюға және оны мемлекеттік сот орындаушысына орындау үшін» деген сөздер «атқарушылық құжатты сот орындаушысының іс жүргізуінен алып қоюға және оны осы Заңға сәйкес басқа сот орындаушысына беру үшін аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Атқарушылық іс жүргізудегі хабархаттар мен шақырулар
1. Атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар атқарушылық әрекеттер және мәжбүрлеп орындату шаралары туралы хабархатпен хабарландырылады.
Атқарушылық құжат дереу орындалуға жататын жағдайларда, сондай-ақ мүлікке тыйым салу және өзге де қамтамасыз ету шараларын қабылдау кезінде сот орындаушысы атқарушылық әрекеттер жасауға және атқарушылық іс жүргізуге қатысушыларды бұл туралы алдын ала хабардар етпей, мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдауға құқылы.
Сот орындаушысына не атқарушылық әрекеттер жасалатын жерге шақырулар шақыру қағазын жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Шақыру қағазында мыналар көрсетіледі:
1) адам шақырылатын сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның мекенжайы;
2) шақырылатын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не заңды тұлғаның атауы;
3) келу орны мен уақытын көрсету;
4) шақырудың негізі, адам шақырылатын атқарушылық іс жүргізудің нөмірі;
5) атқарушылық құжатты орындау үшін қажетті онда бар құжаттарды ұсынуға адамға ұсыныс жасау;
6) осы Заңның 16-бабында көзделген құқықтар мен міндеттерді көрсету;
7) хабарланатын немесе шақырылатын адамның келмеуінің салдарын және оның келмеу себептерін хабарлау міндетін көрсету;
8) шақыру қағазын немесе хабархатты, шақыруды жіберген адамның қолы.
Шақыру қағазы шақырылатын тұлғаның сот орындаушысына не атқарушылық әрекеттер жасалатын орынға уақтылы келуі үшін жеткілікті мерзім болатындай есеппен жіберілуге тиіс.
2. Хабархат немесе шақыру қағазы, егер атқарушылық іс жүргізуге қатысушы немесе оның өкілі өзге мекенжайды көрсетпесе, атқарушылық құжатта көрсетілген мекенжай бойынша, атқарушылық іс жүргізуге қатысушының жұмыс орны бойынша оларды алғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен не өзге де байланыс құралдары арқылы жіберіледі не адресатқа қолы қойғызылып табыс етіледі.
Заңды тұлғаға жолданған хабархат немесе шақыру қағазы оның орналасқан жерінің, филиалының немесе өкілдігінің орналасқан жерінің мекенжайы бойынша жіберіледі.
Хабархат немесе шақыру қағазы заңды тұлға көрсеткен мекенжай бойынша жазбаша нысанда жіберілуі мүмкін. Шақыру қағазы немесе хабархат, егер тіпті заңды тұлға көрсетілген мекенжай бойынша болмаса да, заңды тұлғаға оның орналасқан жері бойынша жеткізілді деп есептеледі.
Хабарланатын немесе шақырылатын адам уақытша болмаған жағдайда шақыру қағазы немесе хабархат онымен бірге тұратын кәмелетке толған жақын туыстарының біріне, жұбайына (зайыбына) табыс етіледі. Мұндай жағдайда шақыру қағазын немесе хабархатты қабылдаған адам шақыру қағазының немесе хабархаттың түбіртегіне өзінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ адресатқа қандай қатысы барын көрсетеді.
Көрсетілген жағдайларда шақыру қағазы не хабархат тиісті түрде жеткізілді деп есептеледі.
3. Хабархат немесе шақыру қағазы ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабарлар немесе электрондық пошта, атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы, сондай-ақ хабархаттың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдаланып жіберілуі мүмкін.
4. Атқарушылық іс жүргізу тарапына:
1) гибридтік жөнелту арқылы не оны табыс ету туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен атқарушылық құжатта көрсетілген мекенжай бойынша, соңғы белгілі тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бойынша;
2) сот орындаушысына жеке өзі ұсынған ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе жеткізілгенін растайтын есепті алған кезде атқарушылық іс жүргізу тарапына тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына;
3) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы немесе егер мұндай хабархаттың немесе шақырудың келіп түспегені не кешірек түскені дәлелденбесе, хабархаттың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып;
4) атқарушылық іс жүргізу тарапы көрсеткен электрондық пошта мекенжайына;
5) хабархаттың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де тыйым салынбаған тәсілдермен жіберілген хабархат, шақыру қағазы тарапты тиісті түрде хабарлау, шақыру болып табылады.
Тарап осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген электрондық байланыс құралдары арқылы жіберілген шақыру қағазы бойынша келмеген жағдайда, қайтадан шақыру қағазы шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс және жеткізу құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.
5. Ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберілетін хабарда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның мекенжайы;
2) шақырылатын немесе хабарланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не заңды тұлғаның атауы;
3) хабархаттың қысқаша мазмұны, келу орны мен уақытын көрсету;
4) шақырудың негізі, адам шақырылатын атқарушылық іс жүргізудің нөмірі.
Хабардың жіберілгенін растайтын құжат атқарушылық іс жүргізу материалдарына қоса тіркеледі.
Атқарушылық іс жүргізу тараптары атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинет арқылы атқарушылық іс жүргізумен және оған қоса берілетін материалдармен танысуға құқылы.
6. Адресат шақыру қағазын немесе хабархатты қабылдаудан бас тартқан кезде оларды табыс ететін адам шақыру қағазына немесе хабархатқа тиісті белгі жасайды, олар сот орындаушысына қайтарылады, сондай-ақ бұл туралы, оның ішінде аудио- және (немесе) бейнетіркеуді пайдаланып, акт жасауға құқылы.
Адресаттың шақыру қағазын немесе хабархатты қабылдаудан бас тартуы атқарушылық әрекеттерді жасау үшін кедергі болып табылмайды және адам тиісті түрде хабарланды деп есептеледі.»;