ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан
тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 158-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«158-бап. Алимент төлеу туралы келісімнің нысаны
Соттан тыс тәртіппен жасалған алимент төлеу туралы келісімді:
1) нотариус - алимент төлеу туралы келісім;
2) медиатор - дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім;
3) адвокаттар, заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын тұлғалар - партисипативтік рәсім тәртібімен алимент төлеу туралы дауды реттеу туралы келісім нысанында жазбаша түрде жасайды.»;
2) 165-баптағы «нотариатта куәландырылған» деген сөздер «осы Кодекстің 158-бабында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 166-баптағы «Нотариатта куәландырылған» деген сөздер «Осы Кодекстің 158-бабында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 167-баптың 1-тармағындағы «нотариатта куәландырылған» деген сөздер «осы Кодекстің 158-бабында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 169-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «нотариатта куәландырылған» деген сөздер «осы Кодекстің 158-бабында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «нотариатта куәландырылған келісімнің» деген сөздер «осы Кодекстің 158-бабында көзделген алимент төлеу туралы келісімнің» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 240-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер ерлі-зайыптылардың бірі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы арызды қайта бергеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға келе алмаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға оның нотариатта куәландырылған келісімі болған кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу ол болмағанда жүргізілуі мүмкін.».
2. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
1) бүкіл мәтін бойынша «талап қоюды (арыз)», «Талап қою (арыз)», «талап қою арызы (арыз)», «талап қою арызын», «талап арызды», «талап қоюды (арызды)», «талап қоюдан (арыздан)», «талап қою арызына», «талап арыз», «талап қою арызы», «Талап қою арызының», «Талап қою арызы», «талап арызда», «Талап арызға», «Талап қою арызына», «талап қою арызының», «талап арызға», «Талап қою арызын»,«Талап арызды», «талап қою арызында», «талап арыздың», «талап қою арызымен», «анықталса, арызды қараусыз қалдырады», «Талап қою арызын қарау үшін», «Талап қою арыздарын», «талап қою арыздарын» деген сөздер тиісінше «талап қоюды», «Талап қою», «талап қою», «талап қоюды», «талап қоюды», «талап қоюды», «талап қоюдан», «талап қоюға», «талап қою», «талап қою», «Талап қоюдың», «Талап қою», «талап қоюда», «Талап қоюға», «Талап қоюға», «талап қоюдың», «талап қоюға», «Талап қоюды», «Талап қоюды», «талап қоюда», «талап қоюдың», «талап қоюмен», «анықталса, талап қоюды қараусыз қалдырады», «Өтінішті қараусыз», «Талап қоюларды», «талап қоюларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 19-баптың екінші бөлігінде:
бірінші абзац «істерді» деген сөзден кейін «, сондай-ақ бала асырап алу туралы істерді» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацта:
«бала асырап алу құпиясын,» деген сөздер алып тасталсын;
«өтінішхаты бойынша» деген сөздерден кейін «немесе соттың бастамасы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 27-1 және 28-1-баптармен толықтырылсын:
«27-1-бап. Азаматтық істердің облыстық және оған теңестірілген соттың соттылығына жатқызылуы
Облыстық және оған теңестірілген сот тараптардың келісуімен осы облыстың аудандық (қалалық) соттары мен оларға теңестірілген соттарының іс жүргізуіндегі біртекті істердің бірін талап ете алады, өз іс жүргізуіне қабылдай алады, бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарай алады және шеше алады.»;
«28-1-бап. Азаматтық істердің Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының соттылығына жатқызылуы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты тараптардың келісуімен аудандық (қалалық), облыстық және оларға теңестірілген соттардың іс жүргізуіндегі біртекті істердің бірін талап ете алады, өз іс жүргізуіне қабылдай алады, бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарай алады және шеше алады.»;
2-тармақтың 4) тармақшасы 2022 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
4) 32-баптағы «осы істің аумақтық соттылығын, оның ішінде істі сот талқылауына дайындау сатысындағы соттың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша да аумақтық соттылықты өзара келісім бойынша өзгерте» деген сөздер «өзара келісім бойынша істі сот талқылауына дайындау сатысында осы іс үшін, оның ішінде соттың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша аумақтық соттылықты өзгерте алады, эксаумақтық соттылықты таңдай» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 34-бапта:
екінші бөлік 5) тармақшадағы «туындаса сот істі басқа соттың қарауына береді.» деген сөздер «туындаса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы Кодекстің 27-1 және 28-1-баптарында көзделген негіздер болса, сот істі басқа соттың қарауына береді.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тараптардың істің осы соттың соттылығына жатпайтыны туралы арыздарын осы сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 27-1 және 28-1-баптарында көзделген жағдайларда ұйғарым шығарылады. Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады және ол шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.»;
6) 35-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Осы Кодекстің 27-1-бабында көзделген азаматтық істерді судья бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша облыстық және оған теңестірілген сотта жеке-дара қарайды және шешеді.
Осы Кодекстің 28-1-бабында көзделген азаматтық істерді судья бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында жеке-дара қарайды және шешеді.»;
7) 73-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дәлелдемелерді тараптар және іске қатысатын басқа да тұлғалар бірінші сатыдағы сотқа олар сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, талап қоюды қабылдаған кезде ұсынады, онда тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың олар өздерінің талаптарының немесе қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасауға және істі сотта қараған жағдайда оларды пайдалануға ниет білдірген дәлелдемелерді ашу, ұсыну және алмасу бойынша әрекеттері көрсетіледі.»;
екінші бөліктегі «істі сот талқылауына дайындау барысында не осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайларда сот талқылауы барысында ашылған» деген сөздер «осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайларда істі сот талқылауына дайындау барысында не сот талқылауы барысында ашылған және сотқа дейінгі хаттамада көрсетілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 133-2-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Соттың процестік құжаттарының жобалары соттың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі пайдаланылып дайындалуы мүмкін.»;
9) 2-бөлімнің 1-кіші бөлімінің тақырыбындағы «Оңайлатылған» деген сөз «Бұйрық арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 12-тараудың бүкіл мәтіні бойынша:
«өндіріп алушыны», «өндіріп алушының», «Өндіріп алушының», «өндіріп алушы», «Өндіріп алушы», «өндіріп алушыға», «Өндіріп алушыға» деген сөздер тиісінше «талап қоюшыны», «талап қоюшының», «Талап қоюшының», «талап қоюшы», «Талап қоюшы», «талап қоюшыға», «Талап қоюшыға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«борышкерді», «борышкерден», «борышкердің», «Борышкердің», «Борышкерден», «борышкерге», «Борышкерге», «борышкер», «Борышкер» деген сөздер тиісінше «жауапкерді», «жауапкерден», «жауапкердің», «Жауапкердің», «Жауапкерден», «жауапкерге», «Жауапкерге», «жауапкер», «Жауапкер» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 135-бапта:
2-тармақтың 11) тармақшасының екінші абзацы 2022 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша алып тасталсын;
5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
12) 13-тарау алып тасталсын;
13) 150-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«150-бап. Талап қоюды қабылдау
1. Судья талап қою келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шешеді.
Татуласу рәсімдері жүргізілген кезде талап қоюды қабылдау ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Сотқа дейінгі хаттама осы Кодекстің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес жасалған жағдайда, талап қоюды қабылдау ол келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Татуласу рәсімдерін талап қоюды қабылдаған кезде судья осы Кодекстің 17-тарауында көзделген қағидалар бойынша жүргізеді.»;
14) 165-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) егер тараптар арасында сотқа дейін реттеу тәртібімен партисипативтік рәсім жүргізілген жағдайда не талап қоюды қабылдаған кезде сотқа дейінгі хаттамада көрсетілген дәлелдемелер өзара ашылса және ұсынылса, тараптарды партисипативтік рәсімді жүргізу барысында алынған немесе сотқа дейінгі хаттамада көрсетілген құжаттар мен дәлелдемелерді ұсынуға міндеттейді; талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады, одан ол даулап отырған фактілерді, жауапкер тарапынан ықтимал қарсылықтарды анықтайды, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, тараптарға олардың процестік құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;»;
15) 174-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот (судья) тараптарға татуласу рәсіміне қатысуы үшін шақыру жібере отырып, тараптардың татуласуына шаралар қабылдайды, оларға дауды процестің барлық сатысында реттеуде жәрдемдеседі.
Шақыруда тараптар татуласу рәсімі (бітімгершілік келісім, медиация, партисипативтік рәсім) шеңберінде дауды (жанжалды) шешу құқығын түсіндіре отырып, сотқа талап қоюдың келіп түскені, татуласудың артықшылықтары туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес дәлелдемелерді өзара ашу және ұсыну құқығы туралы хабардар етіледі.
Қамтамасыз ету шараларын қабылдау кезінде шақыру тиісті ұйғарым шығарылғаннан кейін жіберіледі.»;
16) 196-баптың бесінші бөлігі алып тасталсын;
17) 226-бап мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-бөліктермен толықтырылсын:
«5-1. Сот біртекті істерді осы Кодекстің 27-1 және 28-1-баптарында көзделген соттылыққа сәйкес қарау кезінде жоғары тұрған сатыдағы соттың шешімде жазылған құқықтық ұстанымдарына сілтеме жасауға құқылы.
5-2. Сот апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы соттың қаулысында жазылған ережелерді орындау мүмкін болмаған жағдайда, істі жаңадан қараған кезде олардың орындалмау себептерін келтіруге тиіс.»;
18) 21-тарау алып тасталсын;
19) мынадай мазмұндағы 21-1-тараумен толықтырылсын:
«21-1-тарау. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу
267-1-бап. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібі
1. Сот оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен істерді осы тарауда белгіленген ерекшеліктермен бірге осы Кодекстің 14-тарауының қағидалары бойынша қарайды.
2. Судья оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен істерді талап қою қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде қарайды. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен істерді қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды.
3. Сот, егер:
1) тарап бұл туралы өтінішхат берсе;
2) үшінші тұлғаның іске кіруі туралы өтінішхаты қанағаттандырылса;
3) қарсы талап қою қабылданса;
4) осы іс бойынша қабылданған сот актісімен басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мүмкін болса;
5) дәлелдемелерді олардың тұрған жерінде қарап тексеру және зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау немесе куәнің айғақтарын тыңдау қажет болса;
6) қосымша мән-жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажет болса, істі талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша қарауға көшеді, бұл туралы істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда көрсетеді.
4. Істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда іске қатысатын адамдар жасауға тиіс әрекеттер мен осы әрекеттерді жасау мерзімдері көрсетіледі. Іс осы Кодексте тиісті санаттағы істер үшін белгіленген мерзімдерде қаралуға тиіс. Істі қарау мерзімі талап қою қабылданған күннен бастап есептеледі.
5. Егер бір мезгілде бірнеше талап мәлімделсе, оның біреуі немесе одан да көбі осы Кодекстің 267-2-бабында көрсетілген тізбеге сәйкес келмесе және сот осы талаптарды жеке іс жүргізуде бөліп қарамаса, олар осы Кодекстің 14-тарауында белгіленген тәртіппен қаралады.
267-2-бап. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер
1. Мынадай:
1) егер талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін - екі мың айлық есептік көрсеткіштен, дара кәсіпкерлер, азаматтар үшін бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақшаны өндіріп алу туралы талап қоюлар бойынша;
2) талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қоюлар бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.
2. Егер осы Кодекстің 267-1-бабы үшінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар болмаса, талап қою ісін жүргізудің өзге де істері тараптардың өтінішхаты бойынша немесе соттың бастамасы бойынша оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.
3. Алиментті өндіріп алу туралы дауларды қоспағанда, балалардың құқықтарын қозғайтын даулар бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде санамаланған талап қою талаптары оларды оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде қарау көрсетілмей қойылған кезде олар осы тараудың қағидалары бойынша қаралады.
267-3-бап. Істерді оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қараудың ерекшеліктері
1. Талап қою нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 148 және 149-баптарының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2. Сот тараптарды істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде қарау туралы ол қабылданған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша, сондай-ақ хабарламаның тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып хабардар етеді.
Хабарламада сот тараптардың татуластыру рәсімдері шеңберінде дауды реттеуге құқығы туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес дәлелдемелерді өзара ашу және ұсыну құқығы туралы көрсетеді.
3. Істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде қараумен келіспеген тараптар - хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде сотқа дауды талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша жалпы тәртіппен қарау туралы өтінішхат, ал жауапкер құжаттар мен дәлелдемелерді қоса бере отырып, талап қоюға пікір (қарсылық) ұсынуға құқылы.
4. Шешім шығарылғаннан кейін сотқа келіп түскен, дауды жалпы тәртіппен қарау туралы өтінішхат осы шешімнің күшін жою туралы арыз ретінде қабылданады және қаралады.
5. Пікірді, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін сот тараптарды шақырмастан, істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен электрондық форматта қарайды.
6. Осы Кодекстің 267-1-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімдер сақталған кезде сот осы Кодекстің 267-1-бабы үшінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларында көзделген жекелеген процестік әрекеттерді жүргізуге құқылы.
Жекелеген процестік әрекеттер жүргізілгеннен кейін оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуді одан әрі жүзеге асыру қосымша ұйғарымдар шығарылмастан жалғасады.
7. Сот тараптар ұсынған құжаттарда жазылған түсініктемелерді, қарсылықтарды және (немесе) дәлелдемелерді зерттейді және шешім қабылдайды.
8. Істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде осы Кодекстің 26-тарауында және 198-бабында көзделген қағидалар қолданылмайды.
267-4-бап. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған іс бойынша шешім
1. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған іс бойынша сот кіріспе және қарар бөліктерден тұратын шешім шығарады. Сот шешімінің көшірмесі тараптарға оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі не шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Сот тараптың шешім заңды күшіне енгенге дейін мәлімдеген жазбаша өтінішхаты бойынша не өзінің бастамасы бойынша кіріспе, уәждеу және қарар бөліктерден тұратын шешімді дайындайды.
2. Жауапкер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шешім шығарған сотқа сот шешімінің көшірмелерін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Арыз, егер жауапкер талап қоюдың келіп түскені және оның оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатыны туралы тиісті түрде хабарландырылмаған және шешімнің мазмұнына әсер ете алатын пікірді, сондай-ақ дәлелдемелерді ұсына алмаған жағдайда беріледі.
3. Шешімнің күшін жою туралы арызды сот ол сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген негіздердің жиынтығы болған кезде сот істі мәні бойынша қарауды қайта бастай отырып, шешімнің күшін жою туралы ұйғарым шығарады, ол шағым жасалуға жатпайды.
Шешімнің күшін жоюдан бас тартылған жағдайда сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Судья шешімнің күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғарыммен бірге, егер бұрын мұндай шешім берілмеген болса, тараптарға кіріспе, уәждеу және қарар бөліктерден тұратын шешімді беруге міндетті.
4. Шешімге - осы шешімнің күшін жою туралы арыз беру мерзімі өткеннен кейін, ал егер арыз берілген жағдайда, сот осы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарғаннан кейін бір ай мерзімде апелляциялық шағым берілуі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін.
5. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен тараптар ұсынған құжаттар бойынша тараптарды шақырмастан, осы Кодекстің 277 және 279-баптарында белгіленген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізу тоқтатылуы, арыз қараусыз қалдырылуы мүмкін.»;
20) 273-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) іс бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсері болған жағдайларда іске қатысатын адамдардың арызы бойынша немесе өз бастамасымен іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұра алады.
Іс бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсері деп төтенше жағдайдың енгізілуін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатерін немесе туындауын түсінген жөн;»;
21) 274-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) осы Кодекстің 273-бабы 1-1) тармақшасының бірінші абзацында көзделген жағдайда - еңсерілмейтін күштің әсері тоқтатылғанға дейін;»;
22) 30-тараудағы «Арыз беру», «арызбен», «Арыз», «Арызға», «арыз беру», «арыз», «Арызды», «арызын», «арызды» деген сөздер тиісінше «Талап қоюды беру», «талап қоюмен», «Талап қою», «Талап қоюға», «талап қоюды беру», «талап қою», «Талап қоюды», «талап қоюын», «талап қоюды» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 302-баптың бірінші бөлігі 18) тармақшадағы «бойынша істер жатады.» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) жоғалған сот немесе атқарушылық іс жүргізуді қалпына келтіру туралы істер жатады.»;
24) 401-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығын жоғары тұрған органның міндетті түрде келісуімен іске асырады.»;
25) 402-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге, сондай-ақ осы Кодекстің 27-1-бабының қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған шешімдерге апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы алқаның кемінде үш судьясының алқалы құрамында қарайды.»;
26) 403-баптың бірінші бөлігі «прокурордың өтінішхаты» деген сөздерден кейін «, осы Кодекстің 27-1-бабының қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шешім шығарылған жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
27) 406-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 401-бабы екінші бөлігінің екінші абзацында, 403-бабының екінші бөлігінде және 404-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін апелляциялық шағым берілген, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілген кезде судья шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыратын ұйғарым шығарады және шағым берген адамға, өтінішхат келтірген прокурорға кемшіліктерді түзету үшін мерзім тағайындайды.»;
28) 424-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«424-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттіктері
1. Апелляциялық сатыдағы сот:
1) шешімді өзгеріссіз, ал шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдыруға;
2) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге;
3) бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығаруға;
4) осы Кодекстің 277-бабында және 279-бабының 2), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша шешімнің күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не талап қоюды қараусыз қалдыруға;
5) осы Кодекстің 427-бабы төртінші бөлігінің 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген процестік құқық нормаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, шешімнің күшін жоюға және істі бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберуге;
6) осы Кодекстің 427-бабы төртінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша сот шешімінің күші жойылған жағдайда, бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша істі мәні бойынша қарау үшін өз іс жүргізуіне қабылдауға;
7) шешімнің күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және талап қоюды, егер мұндай арыз бірінші сатыдағы сотқа берілген және сот мәні бойынша шешпеген жағдайда, осы Кодекстің 279-бабының 8) тармақшасында көзделген негіз бойынша қараусыз қалдыруға;
8) шешімнің күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және талап қоюды, егер талап қоюшы мұндай талап қоюды апелляциялық сатыдағы сотта қолдамаса, осы Кодекстің 279-бабының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша қараусыз қалдыруға құқылы.
2. Сот актілерінің күші жойылған және іс жаңадан қарауға жіберілген кезде апелляциялық сатыдағы сот қандай да бір дәлелдеменің анықтығы немесе анық еместігі туралы, бір дәлелдеменің басқаларынан артықшылығы туралы, материалдық құқықтың қандай нормасы қолданылуға тиіс екендігі туралы, сондай-ақ істі жаңадан қараған кезде қандай шешім шығарылуға тиіс екендігі туралы мәселелерді алдын ала шешуге құқылы емес.
3. Сот актілерінің күші жойылған және іс жаңадан қарауға берілген жағдайда апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында жазылған процестік әрекеттерді жасау қажеттігі туралы нұсқаулар істі жаңадан қарайтын сот үшін міндетті болады.»;
29) 425-баптағы «424-бабының» деген сөздер «424-бабы бірінші бөлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 427-бап мынадай мазмұндағы 5-1-бөлікпен толықтырылсын:
«5-1. Бірінші сатыдағы сот шешімінің күші қайтадан жойылған кезде апелляциялық сатыдағы сот істі талап қоюшы мәлімдеген талаптар шегінде бірінші сатыдағы сот қағидалары бойынша қарау үшін өзінің іс жүргізуіне қабылдауға міндетті.»;
31) 428-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«428-бап. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып немесе талап қоюды қараусыз қалдыра отырып, сот шешімінің күшін жою
Бірінші сатыдағы сот шешімі осы Кодекстің 277-бабында және 279-бабының 2), 3), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ 424-бабы бірінші бөлігінің 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға немесе талап қоюды қараусыз қалдыруға байланысты апелляциялық тәртіппен күші жойылуға жатады.»;
32) 434-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жергілікті және басқа соттардың заңды күшіне енген сот актілерін оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталған жағдайда, осы Кодекстің 28-1-бабының қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық тәртіппен қайта қарауы мүмкін.»;
екінші бөлікте:
1) тармақшадағы «13» деген цифрлар «21-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы бөліктің күші осы Кодекстің 28-1-бабының қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған сот актілеріне қолданылмайды.»;
33) 435-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат беру құқығын жоғары тұрған органның міндетті түрде келісуімен іске асырады.»;