екінші бөліктің бірінші абзацындағы «өз бастамасы бойынша да, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхаты бойынша да» деген сөздер «осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхаты бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 442-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «осы Кодекстің» деген сөздерден кейін «435-бабының 1-1-бөлігінің,» деген сөздермен толықтырылсын;
35) 451-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
«4-1. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысында жазылған процестік әрекеттерді жасау қажеттігі туралы нұсқаулар сот актілерінің күші жойылған және іс жаңадан қарауға берілген жағдайда істі жаңадан қарайтын сот үшін міндетті.».
3. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңына:
92-1-баптың 2-тармағында:
1) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы, оның ішінде осы Заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда нотариус сотқа дейін реттеу тәртібімен куәландырған дауды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;»;
3-тармақтың бесінші абзацы 2022 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
«9) қызметкерге есептелген, бірақ төленбеген жалақыны және өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы, оның ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымдарын өндіріп алу туралы;»;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған, дауларды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы.».
4. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 33-баптың 1-тармағының 6-1) тармақшасындағы «тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органды кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізу үшін уәкілетті орган ретінде» деген сөздер «қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу үшін тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 35-баптың 1-тармағының 22) тармақшасындағы «кәсіпқой емес медиаторлардың» деген сөздер «қоғамдық медиаторлардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 44-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 12) тармақшасында көзделген жағдайда - өндіріп алушыдан арыз келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге, ал тараптар медиация туралы шарт жасасқан кезде күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге;».
6. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқықтық қатынастардан және өзге де қоғамдық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу барысында, қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда ауыр қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.»;
2-тармақ «мүмкін болса» деген сөздерден кейін «және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 2-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) медиатор - осы Заңның талаптарына сәйкес кәсіби немесе қоғамдық негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 3-1), 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) медиацияға қатысушылар - медиатор және медиация тараптары, медиация тараптарының уағдаластығы бойынша медиация рәсіміне тартылған тұлғалар, оның ішінде өкілдер, аудармашылар, сарапшылар, мамандар және басқа да тұлғалар;»;
«5-1) медиация рәсіміне шақыру - медиатордың және (немесе) дау (жанжал) тараптарының бірінің медиация туралы шартқа қол қойылғанға дейін екінші тарапты медиация рәсіміне шақыруы жөніндегі қызметі;
5-2) медиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - медиация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) медиация тараптары - медиация рәсіміне қатысатын жеке және заңды тұлғалар немесе тұлғалар топтары, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар;»;
8) тармақша алып тасталсын;
3) 3-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дауды (жанжалды) шешудің медиация тараптарын қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу;»;
4) 7-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттік» деген сөз «әкімшілік» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 1-тарау мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
«8-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) медиация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) медиаторлар ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
3) өз құзыреті шегінде медиация мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына құқықтық мониторинг жүргізеді;
5) медиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
6) медиация жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етеді;
7) халықты медиаторлар ұйымдары, медиацияны қолданудың тетіктері, негіздері мен шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді;
8) медиаторлар ұйымдарының тізілімін жүргізеді;
9) қоғамдық медиаторды сайлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
10) қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
11) медиатор қызметін кәсіби негізде жүзеге асыратын отставкадағы судьялардың тізілімін жүргізеді;
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
6) 9-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) де және қоғамдық негізде (қоғамдық медиатор) де жүзеге асырылуы мүмкін.»;
3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қырық жасқа толған және қоғамдық медиаторлар тізілімінде тұрған адамдар;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес сотта татуластыру рәсімдерін жүргізу кезінде судьялар медиатор қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыра алады.»;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) медиатор қызметін кәсіби негізде жүзеге асыратын отставкадағы судьялар тізілімінде тұрған отставкадағы судьялар медиатор қызметін кәсіби негізде жүзеге асыра алады.»;
7) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Медиатордың құқықтары мен міндеттері
1. Медиатор:
1) медиация барысында бір мезгілде барлық тараптармен де, тараптардың әрқайсысымен жеке-жеке де кездесулер өткізуге және тараптардан медиация жүргізу үшін қажетті және жеткілікті көлемде даудың (жанжалдың) өзі туралы ақпарат алуға;
2) құпиялылық қағидатын сақтай отырып, жұртшылықты өз қызметін жүзеге асыруы (саны, ұзақтығы, нәтижелілігі) туралы хабардар етуге;
3) егер оның пікірінше, медиацияны жүргізу процесіндегі одан арғы күш-жігер тараптар арасындағы дауды (жанжалды) шешуге алып келмесе, оны жүргізуден бас тартуға не тараптардың жазбаша нысанда бекітілген келісуімен медиацияны тоқтатуға құқылы.
2. Медиатор:
1) медиация жүргізу кезінде медиация тараптарының келісуімен ғана әрекет етуге;
2) медиация басталғанға дейін медиация тараптарына оның мақсаттары мен қағидаттарын, оны жүргізу тәртібін, тараптар мен медиатордың құқықтары мен міндеттерін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасудың тәртібі мен құқықтық салдарын түсіндіруге;
3) тараптарға талқыланатын мәселелер бойынша құжаттармен, мәліметтермен және хабарлармен дәйекті түрде алмасуда жәрдемдесуге;
4) медиация тараптарын өзінің кәсіби тәжірибесі мен құзыреті туралы хабардар етуге;
5) медиатордың жеке мүдделері мен оның медиация жүргізу кезіндегі міндеттері арасында бейтараптығына және тәуелсіздігіне әсер етуі мүмкін қайшылықтар болған жағдайда, сондай-ақ оның қатысуын болғызбайтын немесе оның медиацияға қатысуын тоқтатуды талап ететін басқа да мән-жайлар болған кезде медиацияны тоқтатуға;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қағидалар бойынша, медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша өзінің кәсіби деңгейін ұдайы арттырып отыруға міндетті.
3. Медиатор қандай да бір тарапқа заңдық, консультациялық немесе өзге де көмек көрсетуге құқылы емес.
4. Медиатордың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да құқықтары мен міндеттері де бар, сондай-ақ жауапты болады.»;
8) 11-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Дауды (жанжалды) дұрыс шешу қажет болған жағдайда медиация тараптарының сарапшыларды, мамандарды, сондай-ақ аудармашыларды шақыруға құқығы бар.»;
9) 12-бап алып тасталсын;
10) 13-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Медиаторлардың медиацияны жүргізу жөнінде қызметтер көрсетуінің материалдық, ұйымдық-құқықтық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету мақсатында медиаторлар ерікті негізде құрған өзін-өзі реттейтін ұйым медиаторлар ұйымы деп танылады.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Медиаторлар ұйымы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) кәсіпқой медиаторлардың - медиаторлар ұйымы мүшелерінің тізілімін жүргізеді;
2) қызметін кәсіби негізде жүзеге асыратын медиаторлар мүшелігінің шарттарын әзірлейді және бекітеді;
3) медиаторлар қызметін жүзеге асыру саласында медиаторлар ұйымы мүшелерін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) мемлекеттік органдармен, сондай-ақ халықаралық медиаторлар ұйымдарымен қарым-қатынастарында медиаторлар ұйымы мүшелерінің мүдделерін білдіреді;
5) медиаторлар ұйымы мүшелерінің осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді;
6) медиаторлар ұйымының мүшелеріне қатысты ықпал ету шараларын белгілейді және қолданады;
7) медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін растайтын құжат (сертификат) бере отырып, медиаторларды кәсіптік даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.»;
11) 14-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
12) 15, 16 және 17-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Қоғамдық медиаторлардың медиацияны жүргізуі
1. Медиацияны уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес жергілікті қоғамдастықтың жиналысы (жиыны) сайлайтын, өмірлік тәжірибесі мол, абыройлы және мінсіз беделі бар қоғамдық медиаторлар жүргізе алады.
2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) қоғамдық негіздегі медиаторлар ретінде жергілікті қоғамдастық мүшелерін сайлау туралы хаттамасы он жұмыс күні ішінде осы Заңның 16-бабының 3-тармағына сәйкес мәліметтерді ұсына отырып, қоғамдық медиаторлар тізіліміне қосу үшін облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне жіберіледі.
16-бап. Облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізуі
1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте медиацияны қоғамдық негізде жүзеге асыратын қоғамдық медиаторлардың тізілімін облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі жүргізеді.
2. Медиацияны қоғамдық негізде жүзеге асыратын медиаторлар уәкілетті орган айқындайтын қағидаларға сәйкес қоғамдық медиаторлар тізіліміне енгізу үшін облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне жүгінуге міндетті.
3. Қоғамдық медиаторлар тізілімі мыналарды қамтиды:
1) медиатордың тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
2) медиатордың заңды мекенжайы;
3) медиатордың байланыс деректері (пошталық мекенжайы немесе электрондық поштасының мекенжайы не телефон немесе телефакс нөмірі);
4) медиатор маманданып жүрген медиация саласы туралы мәліметтер;
5) медиатор медиацияны жүзеге асыруға қабілетті тіл туралы мәліметтер;
6) медиатордың қызметін тоқтата тұру туралы мәліметтер.
4. Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі медиаторларды осы Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келген кезде тиісті өтініш алынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабардар ету тәртібімен қоғамдық медиаторлар тізіліміне енгізеді.
Медиаторды қоғамдық медиаторлар тізіліміне енгізбеген жағдайда облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі тиісті өтініш алынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бас тарту себептері туралы жазбаша түрде уәжді жауап беруге міндетті.
5. Қоғамдық медиаторлардың тізілімі қазақ және орыс тілдерінде облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің интернет-ресурсында не жұртшылыққа қолжетімді жерлерде орналастырылуға және оған қоғамдық медиаторлардың енгізілуіне қарай жаңартылып отыруға тиіс.
Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі қоғамдық медиаторлар тізілімін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға құқылы.»;
«17-бап. Медиацияны жүргізу тәртібі мен тәсілдері
1. Медиация тараптар мен медиатордың өзара келісуі бойынша:
1) тараптардың медиатормен жеке-дара және (немесе) бірлескен кездесулері түрінде;
2) тараптардың медиатормен жеке-дара және (немесе) бірлескен телефонмен әңгімелесулері арқылы;
3) тараптардың медиатормен бейне-конференц-байланыс арқылы жеке-дара және (немесе) бірлескен әңгімелесулері түрінде;
4) тараптар мен медиатор арасында электрондық хабарлар алмасу арқылы;
5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдаланыла отырып, осы Заңның талаптарына қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен жүргізілуі мүмкін.
2. Тараптардың келісуімен медиаторлар ұйымдары бекіткен медиацияны жүргізу тәртібі (регламенті) қолданылуы мүмкін.»;
13) 18-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Медиацияға қатысушылар медиация рәсіміне тараптардың бастамасы бойынша және келісуімен техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы қатыса алады.
Медиация тараптары дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімді электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыруға құқылы.»;
14) 20-бапта:
2-тармақтағы «және өзге де құқық қатынастарынан» деген сөздер «, әкімшілік құқықтық қатынастардан және өзге де қоғамдық қатынастардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Медиацияны жүргізу үшін тараптар өзара келісу бойынша бір немесе бірнеше медиаторды таңдайды. Егер азаматтық немесе қылмыстық сот ісін жүргізу барысында тараптар өзара келісу бойынша басқа медиаторды (медиаторларды) таңдаймын деп шешсе, олар бұл туралы сотты не қылмыстық қудалау органын хабардар етуге міндетті.»;
15) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Медиация туралы шарттың нысаны мен мазмұны
1. Тараптар дауды (жанжалды) медиация арқылы шешу туралы өзара келіскен жағдайда жазбаша түрде ресімделген медиация туралы шарт жасалады.
Медиатор және тараптар тараптардың бірінің немесе медиатордың сұрау салуы бойынша түпнұсқаларды кейіннен бере отырып, электрондық пошта арқылы медиация туралы шарттың қол қойылған цифрлық көшірмелерімен алмасуы мүмкін.
2. Медиация туралы шарттың маңызды талаптары мыналар болып табылады:
1) медиация туралы шарттың жасалған күні және орны;
2) дау (жанжал) тараптарының атауы, өкілеттіктері көрсетіле отырып олардың өкілдерінің тегі және аты-жөні, лауазымдары;
3) даудың (жанжалдың) нысанасы;
4) медиация тараптары таңдаған медиатор (медиаторлар) туралы, медиаторлар ұйымы туралы мәліметтер;
5) медиацияны жүргізуге байланысты шығыстардың, ал медиация кәсіби негізде жүзеге асырылған жағдайда - медиацияны жүргізгені үшін медиаторға (медиаторларға) сыйақы төлеудің шарттары, тәртібі және мөлшері;
6) медиацияны жүргізу тілі;
7) тараптардың медиацияны жүргізудің құпиялылығы туралы міндеттемесі және мұндай міндеттемені орындамаудың салдары;
8) медиация тараптарының дауын (жанжалын) реттеуге қатысатын медиатордың (медиаторлардың) медиация тараптары үшін нұқсан (залал) келтірген әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін жауаптылығының негіздері мен көлемі;
9) тараптардың деректемелері (жеке басты куәландыратын деректер, тұрғылықты жері, байланыс телефондары);
10) медиацияны жүргізу мерзімі;
11) медиацияны жүргізу тәртібі;
12) медиацияға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері;
13) медиацияны тоқтату тәртібі мен негіздері;
14) медиатор (медиаторлар) және медиация тараптары айқындаған өзге де талаптар.»;
16) 22-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қоғамдық медиаторлардың қызметі өтеусіз негізде жүргізіледі. Аталған медиаторларға осы Заңның 21-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген, медиацияны жүргізуге байланысты өздері шеккен шығыстар өтеледі.»;
17) 23-баптың тақырыбы және 1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Медиацияның жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқық тық қатынастар және өзге де қоғамдық қатынастар саласындағы ерекшеліктері
1. Медиация жеке және (немесе) заңды тұлғалар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқықтық қатынастардан және өзге де қоғамдық қатынастардан туындайтын дауларды (жанжалдарды) реттеу кезінде медиация туралы шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Қажет болған жағдайда медиацияны жүргізу мерзімі тараптардың өзара шешімі бойынша күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартылуы мүмкін, бірақ ол жиынтығында күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.
2. Медиация сот қарауында жатқан, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқықтық қатынастардан және өзге де қоғамдық қатынастардан туындайтын дауларды (жанжалдарды) реттеу кезінде медиация туралы шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Қажет болған жағдайда медиацияны жүргізу мерзімін тараптар кейіннен сотқа бірлескен жазбаша хабарлама жібере отырып, күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартуы мүмкін, бірақ ол жиынтығында күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.
3. Сот қарауында жатқан, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу сатысындағы материалдар бойынша, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқықтық қатынастардан және өзге де қоғамдық қатынастардан туындайтын дауларды (жанжалдарды) реттеу бойынша медиация туралы шарт іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға негіз болып табылады.»;
18) 24-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жүргізілетін медиацияның ерекшеліктері»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша медиация Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген сотқа дейінгі және сот ісін жүргізу немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу мерзімдерінде жүзеге асырылуға тиіс.»;
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қылмыстық процесс шеңберінде және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жүргізілетін медиация тоқтатылған кезде тараптар іс жүргізуінде қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан, қылмыстық процесті немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін органға дереу:»;
19) 25-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер медиация барысында баланың қалыпты өсуіне және дамуына қауіп төндіретін немесе төндіруі мүмкін немесе оның денсаулығы мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін фактілер анықталса, медиатор баланың құқықтарын қорғау жөніндегі өкілеттікті жүзеге асыратын органға жүгінуге міндетті.»;
20) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
«25-1-бап. Медиацияның сот актісін орындау сатысындағы ерекшеліктері
1. Сот орындаушысына ұсынылған медиация туралы шарт атқарушылық іс жүргізуді күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады.
2. Сот актісін орындау сатысында жасалған дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімді тараптар сот актісі орындалатын жердегі бірінші сатыдағы сотқа немесе көрсетілген сот актісін шығарған сотқа бекітуге ұсынады.
3. Атқарушылық іс жүргізу тараптар сот актісін орындау сатысында дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім жасасқан және оны сот орындаушысына ұсынған жағдайда тоқтатылады.»;
21) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Медиацияны тоқтату
1. Медиация:
1) тараптар дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімге қол қойған жағдайда - мұндай келісімге қол қойылған күннен бастап;
2) медиатор дауды (жанжалды) медиация арқылы шешу мүмкіндігін болғызбайтын мән-жайларды анықтаған жағдайда;
3) тарап (тараптар) медиациядан жазбаша бас тартқан жағдайда - тарап (тараптар) жазбаша бас тартуға қол қойған күннен бастап;
4) тараптардың біреуі медиацияны жалғастырудан жазбаша бас тартқан жағдайда - қолжетімді байланыс құралдарымен хабардар етілген кезден бастап;
5) медиацияны жүргізу мерзімі аяқталған жағдайда - осы Заңның 23 және 24-баптарының ережелері ескеріле отырып, ол аяқталған күннен бастап тоқтатылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, медиатор тараптың (тараптардың) талап етуі бойынша медиация рәсімін тоқтату себебін көрсете отырып, медиация рәсімнің тоқтатылғаны туралы хабарлама береді.»;
22) 27-бапта:
1, 2 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген, дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды.
Егер тараптар бір-біріне түпнұсқаларды одан әрі ұсынбай, электрондық пошта арқылы келісімнің қол қойылған цифрлық көшірмелерімен алмасса, дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімнің де заңды күші болады.
2. Дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімде жасалған күні мен орны, медиация тараптары, олардың өкілдері, даудың (жанжалдың) нысанасы, медиатор (медиаторлар) туралы деректер, сондай-ақ тараптармен келісілген міндеттемелер, оларды орындау тәсілдері мен мерзімдері және оларды орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың салдарлары қамтылуға тиіс.
Дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімге медиатор (медиаторлар) қол қоюға тиіс.»;
«6. Қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген, дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген зиянның орнын толтыру және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды жәбірленушімен татуластыру арқылы дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімді білдіреді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша медиация тараптарды татуластыру арқылы дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімді білдіреді.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Мүлікті бөлу немесе мүлікті кепілге қою туралы дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және (немесе) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін негіз болып табылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімді орындаудан жалтарған жағдайда мүдделі тарап Қазақстан Республикасының процестік заңнамасында белгіленген қағидаларға сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.»;
23) 3-тарау мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:
«27-1-бап. Әкімшілік сот ісін жүргізу барысында жүргізілетін медиацияның ерекшеліктері
1. Әкімшілік сот ісін жүргізуде дауларды (жанжалдарды) қарау кезінде жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде ғана медиацияға жол беріледі.
2. Мұндай істер бойынша медиация мүмкіндігіне мұндай мүмкіндік Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған немесе тиісті жария-құқықтық қатынастың мәніне қайшы келмейтін жағдайларда жол беріледі.».
2-бап. Осы Заң, 2022 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 4) тармақшасын және 11) тармақшасының екінші абзацын, 3-тармағының бесінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының