2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік құнының қырық еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның ақшаны, бағалы қағаздарды, басқа да мүлiкті заңсыз алуы, сол сияқты өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алуды жүзеге асыратын адамның мүдделерiнде қызметi бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшін мүлiктiк сипаттағы көрсетiлетін қызметтердi пайдалануы -
мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бөлік өзгертілді
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаса;
2) бірнеше рет жасалса;
3) қорқытып алумен ұштасса;
4) iрi мөлшерде жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік құнының алпыс еселенгеннен жетпіс еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бөлік өзгертілді
6. Осы баптың төртiншi немесе бесiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса немесе олар аса iрi мөлшерде жасалса, -
мүлкi тәркiленiп, берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік құнының жетпіс еселенгеннен сексен еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертулер.
1. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттердi жасаған адам, егер оған қатысты қорқытып алушылық орын алған болса немесе егер ол құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға параға сатып алушылық туралы өз еркiмен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2. Бұрын жасалған заңды әрекеттер үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлiктi беру немесе алу, мүлiктiк сипатта қызметтер көрсету немесе мұндай көрсетілетін қызметтердi сыйлық немесе сыйақы ретiнде пайдалану, егер мүлiктiң немесе көрсетілетін қызметтердiң құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын болса, онша маңызды болмауына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкiмшiлiк тәртіппен қудаланады.
254-бап. Мiндеттерiне адал қарамау
Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның өз қызметiне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз мiндеттерiн орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
белгiлi бiр лаузымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
10-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУIПСIЗДIККЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТIПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
255-бап. Терроризм актісі
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Терроризм актісі, яғни жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза табуы, елеулi мүлiктiк залал келтiру не қоғамға қауiптi өзге де зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де әрекеттер жасау, егер бұл әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету, соғысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған әрекеттердi дәл сол мақсаттарда жасау қатерін төндіру, -
мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мынадай:
1) бiрнеше рет;
2) азаматтардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiруі мүмкін қаруды не қару ретiнде пайдаланылатын заттарды, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданып жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:
2022.28.12. № 173-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жаппай жою қаруын, радиоактивтi материалдарды қолданумен немесе қолдану қатерін төндірумен және жаппай уландыруды, эпидемияны немесе эпизоотияны таратуды, сол сияқты адамдардың жаппай қырылуына әкеп соғуы мүмкін өзге де әрекеттердi жасаумен немесе жасау қатерін төндірумен ұласса;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
мүлкі тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.29.12. № 89-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бөлік өзгертілді
4. Қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету, соғысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру мақсатында жасалған, адам өмiрiне қол сұғу, сол сияқты дәл сол мақсаттарда, сондай-ақ мемлекет немесе қоғам қайраткерiнiң мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған оның өмiрiне қол сұғу не халықаралық қорғауды пайдалантын адамдарға немесе ұйымдарға, ғимараттарға, құрылыстарға шабуыл жасаумен, адамды кепiлге алумен, ғимараттарды, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алумен, әуе немесе су кемесін, жылжымалы темiржол составын не өзге де қоғамдық көлiктi айдап әкетумен, сол сияқты басып алумен ұштасқан адам өмiрiне қол сұғу -
мүлкі тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Терроризм актiсiн дайындауға қатысатын адам, егер ол мемлекеттiк органдарға дер кезiнде ескертуiмен немесе өзге тәсiлмен терроризм актiсiн болғызбауға ықпал етсе және егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
256-бап. Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, сол сияқты көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату -
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған не бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникациялар желілері пайдаланыла отырып жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
257-бап. Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Террористiк топ құру, сол сияқты оған басшылық ету -
мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Террористiк топтың әрекетіне немесе ол жасап жатқан терроризм актiлерiне қатысу -
мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған іс-әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
258-бап. Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Жеке тұлғаға не адамдар тобына не заңды тұлғаға олардың қызметінің террористiк немесе экстремистiк сипатын не берілген мүлік, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлері террористік немесе экстремистік әрекетті жүзеге асыру не террористік немесе экстремистік топты, террористік немесе экстремистік ұйымды, заңсыз әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу білген адам жасаған, ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi, мүлiкке құқықты немесе мүлiктiк сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдығы, қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерiн көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі -
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бiрнеше рет жасалған немесе адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару функцияларын орындайтын адам не қоғамдық бірлестік лидері не алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған не ірі мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыруды және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілікті күш қолдану қатерiн төндіріп жүзеге асыратын және бұл туралы өз еркімен мәлiмдеген, сондай-ақ қылмыстарды ашуға немесе оның жолын кесуге белсендi түрде ықпал еткен адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
259-бап. Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру -
мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет -
мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 260-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
260-бап. Террористік немесе экстремистік даярлықтан өту
Адамның, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде, оқып-үйренуші үшін көрінеу белгілі террористік немесе экстремистік қылмыс жасаудың машықтары мен дағдыларын үйретуге бағытталған даярлықтан өтуі -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көзделген қылмысты жасаған адам, егер ол даярлықтан өткені туралы өз еркімен хабарласа, осындай даярлықтан өткен, осындай даярлықты жүзеге асырған, ұйымдастырған немесе қаржыландырған басқа да адамдарды анықтауға ықпал етсе, оның өткізілетін орны туралы ақпарат берсе және егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
261-бап. Адамды кепiлге алу
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кепiлге алынған адамды босату шарты ретiнде мемлекеттi, ұйымды немесе басқа да адамды қандай да бiр әрекет жасауға немесе қандай да бiр әрекет жасаудан тартынуға мәжбүрлеу мақсатында жасалған, адамды кепiлге алу немесе кепiл ретiнде ұстау -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бiрнеше рет;
3) өмiрге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып;
4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
5) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
6) кінәлі адамға жүктiлiк жағдайда екені көрiнеу белгілі әйелге қатысты;
7) көрiнеу дәрменсiз күйдегi адамға қатысты;
8) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
9) пайдакүнемдiк ниетпен немесе жалдау бойынша жасалған дәл сол іс-әрекет -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса не олар абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кепiлге алынған адамды өз еркiмен немесе биліктiң талап етуi бойынша босатқан адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
262-бап. Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу
1. Ұйымдасқан топты немесе қылмыстық ұйымды құру, сол сияқты оған немесе қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету -
мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу -
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы Кодекстiң 262, 263, 264, 265 және 268-баптарында қылмыстық топқа қатысуын өз еркiмен тоқтатқан және қылмыстық топ жасап жатқан немесе жасаған қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге белсендi түрде ықпал еткен адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
263-бап. Қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу
1. Бiр немесе бiрнеше қылмыс жасау мақсатында қылмыстық қоғамдастық құру не оған басшылық ету, сол сияқты ұйымдасқан топтар (қылмыстық ұйымдар) басшыларының немесе өзге де қатысушыларының бiрлестiгiн құру немесе дербес әрекет ететiн ұйымдасқан топтардың (қылмыстық ұйымдардың) қылмыстық әрекеттерiн үйлестiру -
мүлкi тәркiленiп, он екi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ұйымдасқан топтар, қылмыстық ұйымдар, қылмыстық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қылмыстық қоғамдастыққа қатысуы -
мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қылмыстық әрекеттердi үйлестiру мақсатында ұйымдасқан топтар, қылмыстық ұйымдар басшыларының, өзге де қатысушыларының жиналысына, оның iшiнде байланыс құралдарын пайдалана отырып қатысу -
мүлкi тәркiленiп, он екi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп, он екi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топтардың (қылмыстық ұйымдардың) басшылары арасында жетекшi орын алатын адам жасаған іс-әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
264-бап. Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу
1. Трансұлттық ұйымдасқан топты немесе трансұлттық қылмыстық ұйымды құру, сол сияқты оған немесе трансұлттық қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету -
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Трансұлттық ұйымдасқан топқа немесе трансұлттық қылмыстық ұйымға қатысу -
мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп, он екi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
265-бап. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу
1. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру, сол сияқты оған басшылық ету -
мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа қатысу -
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп, он жетi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
266-бап. Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлiктi сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзiрлеу
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды, қылмыстық қоғамдастықты, трансұлттық ұйымдасқан топты, трансұлттық қылмыстық ұйымды, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты немесе банданы қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатынын көрінеу білетін адамның жеке тұлғаға не адамдар тобына не заңды тұлғаға ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi, мүлiкке құқықты немесе мүлiктiк сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдығы, қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерiн көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі -
мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қылмыстық топқа қатысушының мүлiктi сақтауы, бөлуi, сондай-ақ қаржыландыру арналарын әзiрлеуi -
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып немесе коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару функцияларын орындайтын адам не қоғамдық бірлестік лидері жасаған іс-әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыруды күш қолдану қатерін төндіріп жүзеге асырған және бұл туралы өз еркiмен мәлiмдеген адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
267-бап. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды ұйымдастыру
1. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды құру, сол сияқты осындай құралымға басшылық ету -
екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымға қатысу -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Заңсыз әскерилендірілген құралымға қатысуын өз еркімен тоқтатқан және қаруы мен әскери жарағын тапсырған адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
268-бап. Бандитизм
1. Тұрақты қарулы топты (банданы) құру, сол сияқты осындай топқа (бандаға) басшылық ету -
мүлкi тәркiленiп, он екi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасап жүрген шабуылдарға қатысу -
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
269-бап. Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ғимараттарға, құрылыстарға (оның ішінде Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында орналасқан стационарлық платформаларға), қатынас және байланыс құралдарына, өзге де коммуникацияларға шабуыл жасау, сол сияқты оларды басып алу -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып;
4) қаруды не қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
5) пайдакүнемдiк ниетпен немесе жалдау бойынша;
6) мемлекеттiк органдардың немесе мемлекеттiк мекемелердiң ғимараттарына қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса не олар абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2021.02.07. № 62-VII ҚР Заңымен 269-1-баппен толықтырылды
269-1-бап. Күзетілетін объектіге заңсыз кіру
1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне айтарлықтай залал не елеулі зиян келтірген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары немесе арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары мен бөлімшелері, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары күзететін объектіге, сондай-ақ жеке күзет ұйымы күзететін қауіпті өндірістік объектіге заңсыз кіру -