51) мемлекет кепілдік берген қарыз - мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз;
52) мемлекеттік борышты қайта қаржыландыру - мемлекеттік борышты жаңадан алынған қарыз қаражаттары есебінен өтеу;
53) мемлекеттік емес қарыз - Қазақстан Республикасының Үкіметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті қарыз алушы болатын қарыз қатынастары;
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 53-1) тармақшамен толықтырылды
53-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер - жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттік әріптес қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелердің белгілі бір күніне мемлекеттік бюджеттен бөлінетін сомасы бойынша мемлекеттік әріптестің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы;
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 53-2) тармақшамен толықтырылды
53-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және «Мемлекеттік жекешелік-әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипатқа ие, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру жөніндегі реттілікпен болатын іс-шаралар жиынтығы;
54) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 55) тармақша өзгертілді; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 55) тармақша жаңа редакцияда
55) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласындағы, сондай-ақ өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
56) мемлекеттік кепілдіктерді беру лимиті - тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен бекітіліп, тіркелген сома, соның шегінде мемлекеттік кепілдіктер берілуі мүмкін;
56-1) мемлекеттік концессиялық мiндеттемелер - жасалған концессия шарттары бойынша концедент белгілі бір күнге қабылдаған және орындамаған қаржылық мiндеттемелердiң сомасы бойынша концеденттің құқықтары мен мiндеттерiнiң жиынтығы;
56-2) 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 57) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
57) мемлекеттік қарыз - Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе жергілікті атқарушы органдар қарыз алушы болатын қарыз қатынастары. Осы Кодекстің мақсаттары үшін мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы шығаратын мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару және орналастыру арқылы исламдық қаржыландыруды тарту мемлекеттік қарыз ретінде қаралады және осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, сондай-ақ мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, жүзеге асырылады;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 57-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 57-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
57-1) мемлекеттік инвестициялық жоба - бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кешені;
2011.22.07. № 475-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 58) тармақша жаңа редакцияда
58) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз - Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және жергілікті атқарушы органдар қарыз алушы болатын қарызға қатысты оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын немесе жалдау шарты негізінде активтерді пайдаланудан табыстар алуға оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;
59) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын бірінші иеленушілерге азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау арқылы иеліктен шығаруы;
60) нақтыланған бюджет - атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, бекітілген бюджет;
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 61) тармақша жаңа редакцияда
61) нәтижелердің көрсеткіштері – мемлекеттік органның даму жоспарын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік органның қызметін сипаттайтын нысаналы индикаторлардың, тікелей және түпкілікті нәтижелердің жиынтығы;
62) негізгі борыш сомасы - қарыз берушіден алынған және оған қайтарылмаған қарызды, сол бойынша сыйақының, тұрақсыздық төлемінің (айыппұлдың, өсімпұлдың) есептелген сомасын есепке алмастан, өтелуге жататын сома;
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 62-1) тармақша жаңа редакцияда
62-1) нысаналы индикатор – мемлекеттік органның даму жоспарының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсатына қол жеткізуді санмен өлшейтін көрсеткіш;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 62-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 62-2) тармақша жаңа редакцияда
62-2) өзара өтелетін операциялар - мемлекеттік бюджетті, облыстың және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін, сондай-ақ олардың атқарылуы туралы есептерді қалыптастыру кезінде жүзеге асырылатын, қосарланған шотты болғызбау мақсатында бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне берілетін трансферттер, бюджеттік кредиттер және басқа да ақша сомаларын алып тастаумен байланысты операциялар;
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 62-3) тармақшамен толықтырылды
62-3) өңірдің салықтық әлеуеті - үш жылдық кезеңге жалпы сипаттағы трансферттердің мөлшерлерін белгілеу кезінде өңірдің кіріс көлемдерін айқындау үшін есептелетін, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің ең жоғары ықтимал сомасы;
63) өтеусіз қаржылық көмек - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына тауарлар беруді, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді қаржыландыру үшін ақша беруі;
64) өтеусіз техникалық көмек - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына тауарлар беруді, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыруы немесе ұйымдастыруы;
65) 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 66) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
66) сақтандыру шарты - сақтандыру ұйымының бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган алдындағы мемлекет кепілгерлігі немесе мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға республикалық бюджеттен қаражат бөлу нәтижесінде туындаған залалды өтеу жөніндегі міндеттемесін көздейтін шарт;
67) сыйақының тіркелмеген (құбылмалы) мөлшерлемесі - нарық конъюнктурасына байланысты өзгерістерге ұшыраған кредиттер, қарыздар жөніндегі сыйақы мөлшерлемесі немесе бағалы қағаздар бойынша сыйақымен қоса табыс;
2023.01.01. № 182-VІІ ҚР Заңымен 68) тармақша өзгертілді (2023 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
68) сыртқы қарыз - қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары;
68-1) 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
69) тікелей нәтиже - қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметіне толық байланысты болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде атқарылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы;
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 70) тармақша жаңа редакцияда
70) түпкілікті нәтиже – мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелерге қол жеткізуіне негізделген, мемлекеттік органның даму жоспарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының және (немесе) бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді санмен өлшейтін бюджеттік бағдарлама көрсеткіші;
71) үкіметтік борыш - Қазақстан Республикасының Үкіметі алған және өтемеген мемлекеттік қарыздарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышына жатқызылған белгілі бір күнге борыштық міндеттемелердің сомасы;
72) үкіметтік борыш лимиті - тиісті қаржы жылына алынған және өтелмеген үкіметтік қарыздардың республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін тіркелген сомасы, белгіленген күнге (тиісті қаржы жылының аяғына) қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің нақты борышы одан аспауға тиіс;
73) үкіметтік қарыздарды хеджирлеу - бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган мен келісімшарт жасасушы агент арасындағы үкіметтік қарыз алудың тәуекелдерін (валюталық, пайыздық және өзге де) басқару мақсатында қаржы құралдарымен мәмілелер жасау;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 73-1) тармақшамен толықтырылды
73-1) экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті - республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына бекітілетін тіркелген сома, оның шегінде экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері берілуі мүмкін;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 73-2) тармақшамен толықтырылды
73-2) экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеме - экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмаған, экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген сақтандыру шарттары бойынша өтелмеген міндеттемелердің белгілі бір күнге алынған сомасы;
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 74) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
74) ішкі қарыз - қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары.
2. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының осы бапта аталмаған басқа да ұғымдары осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мәндерімен пайдаланылады.
Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалары салаларының ұғымдары, Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалары салаларында пайдаланылатын мәндерімен қолданылады.
Бюджеттік қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы ұғымдарының айқындамалары Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасы салалары ұғымдарының айқындамаларымен сәйкес келмеген кезде Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының ұғымдары пайдаланылады.
4-бап. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптері
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) бірыңғайлық қағидаты - Қазақстан Республикасында бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс істеуінің бірыңғайлық қағидаттарын қолдану, бірыңғай бюджет сыныптамасын, бюджет процесінің бірыңғай рәсімдері мен техникалық шешімдерін пайдалану;
2) толымдылық принципі - бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсімдер мен шығыстардың көрсетілуі, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берілуі сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) реалистік қағидаты – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарының, ұлттық жобалардың, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының бекітілген (нақтыланған, түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуі;
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) транспаренттілік қағидаты – мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, азаматтық бюджетті, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есепті міндетті түрде жариялау, сондай-ақ бюджет процесінің қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін міндетті түрде ашық болуы;
5) дәйектілік принципі - мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар саласында бұрын қабылданған шешімдерді сақтауы;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) нәтижелілік қағидаты – ұлттық жобаларды іске асыруға, мемлекеттік органдардың даму жоспарларында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларында және (немесе) мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу және атқару;
7) бюджеттердің дербестік принципі - түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, осы Кодекске сәйкес мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді және жергілікті бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмеуі, төменгі бюджеттерге оларды тиісті өтеусіз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмеуі;
8) сабақтастық принципі - өткен кезеңде бекітілген әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына, базалық шығыстарға, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау;
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану;
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) уақтылылық қағидаты – республикалық және жергілікті бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсімдерді есепке жатқызу және оларды Үкіметтің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аудару, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттеріне түсімдерді есепке жатқызу және бөлу, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жүргізу және бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіпті сақтай отырып, өз мерзімінде бюджет қаражатын алушылардың шоттарына аудару;
11) кассаның бірыңғайлық принципі - бюджетке барлық түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бірыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру;
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) тиімділік қағидаты - бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) жауапкершілік принципі - тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы;
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14) тармақша жаңа редакцияда
14) бюджет қаражатының атаулылығы мен нысаналы сипатының қағидаты – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджет қаражатын ұлттық жобаларды іске асыруға, мемлекеттік органдардың даму жоспарларында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларында және (немесе) мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелерінде көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.
5-бап. Бюджеттің түсімдері мен шығыстарына әсер ететін нормативтік құқықтық актілер
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заңдардың жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болған кезде ғана Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілуі мүмкін. Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заң жобаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңдардың жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары жобаларының республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін ережелері Республикалық бюджет комиссиясының міндетті қарауына жатады.
2. 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін жергілікті өкілді органдар шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана мәслихаттардың қарауына енгізілуі мүмкін. Әкімнің қорытындысы тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып жасалады.
Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін жергілікті атқарушы органдар актілері жобаларының ережелері тиісті бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауына жатады.
4. Тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, әкімнің оң қорытындысы болған кезде осы баптың 3-тармағында көрсетілген ережелер, келесі қаржы жылынан ерте қолданысқа енгізіле алмайды.
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген ережелер мәслихаттардың жергілікті бюджет туралы шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешімдеріне, сондай-ақ оларды іске асыру туралы нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.
6. 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және (немесе) бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар түріндегі түсімдер мен республикалық және жергілікті бюджеттерге және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін болжанбайтын салықтық емес басқа да түсімдерді қысқартуды көздейтін, осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетілген актілер үшін тиісті бюджет комиссиясы қорытындысының болуы талап етілмейді.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды
5-1-бап. Бюджет процесі саласындағы интегратордың функциялары
Бюджет процесі саласындағы интегратор:
1) бюджет процесі саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға және дамытуға арналған пайдалану құжаттамасын қоспағанда, техникалық құжаттаманы әзірлеуді жүзеге асырады;
2) бюджет процесі саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және оларды қолдап отыруды жүзеге асырады;
3) бюджет процесі саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру, дамыту, оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсету және оларды қолдап отыру жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады;
4) бюджет процесі саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің субъектілеріне консультациялық көмек көрсетеді;
5) бюджет процесі саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері ақпараттық қауіпсіздігінің Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
2-тарау. Бюджеттің түрлері мен деңгейлері
6-бап. Бюджеттің түрлері мен деңгейлері туралы жалпы ережелер
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасында мынадай деңгейлердегі бюджеттер:
1) республикалық бюджет;
2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері;
3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет;
4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері бекітіледі, атқарылады және дербес бюджеттер болып табылады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері жергілікті бюджеттерге жатады.
2. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда, Қазақстан Республикасында төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.10.01. № 132-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді