Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, əскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарын қоспағанда, əскери қызметшілердің ақшалай ризығы ақшалай жабдықталымды (лауазымдық айлықақыны жəне əскери атағы бойынша айлықақыны), қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да үстемеақылар мен қосымша ақыларды қамтиды.
Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілердің, əскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарының ақшалай ризығы (стипендиясы) лауазымдық айлықақыны ғана қамтиды.
Лауазымдық айлықақыны есептеу үшін қызмет өтіліне:
1) еңбек сіңірген жылдары;
2) мемлекеттік қызметте болу уақыты;
3) əскери қызметке кірер алдында соңғы мемлекеттік ұйымда басшылық лауазымдардағы немесе сəйкес мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмыс уақыты кіреді.
Келісімшарт бойынша əскери қызметшілердің лауазымдық айлық ақыларымен əскери атақтары бойынша айлық ақыларының мөлшері тиісті лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақыларының мөлшерінен жəне тиісті арнаулы атақтар мен сыныптық шендерге қосымша ақылар мөлшерінен төмендетілмей белгіленеді.
Əскери қызметшілерге ақшалай ризық:
1) дəлелсіз себептермен əскери қызметте болмаған;
2) осы Заңның 21-бабы 5-тармағының 6), 8) жəне 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда əскери емес лауазымдарда əскери қызмет өткерген;
3) қамақта болған кезеңдерде;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда төленбейді.
Ақшалай ризықты, жəрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу тəртібін уəкілетті органдар белгілейді.»;
5-тармақта:
үшінші жəне төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарына жəне жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде əскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету жөніндегі шығындарды өтеу денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету тəртібі мен шарттарына сəйкес көрсетілген медициналық қызметтерді қоспағанда, емделуге жұмсалған қаражатты əскери қызметшілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде құрылымында олар əскери қызмет өткеретін уəкілетті орган өтейді.»;
бесінші бөліктегі «Қарулы Күштердің» деген сөздер «Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
бірінші бөліктің 9) жəне 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«9) күзету бойынша əскери эшелон, қарауыл құрамында барған жəне əскери жүкпен қабылдау орнына дейін жəне кері қайтқанда ілесіп жүрген кезде;»;
«11) гауптвахтаға жапқан кезде;»;
мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші жəне сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
«Негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде келісімшарт бойынша əскери қызметшілерге уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен жалпы əскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төленеді.
Оқу-жаттығу жиындары кезеңінде əскери кафедралардың студенттері, əскери оқу орындарына түскен кезінде əскерге шақырылушылар, сондай-ақ «Жас ұлан» республикалық мектептеріне оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін келген жəне казармалық жағдайда тұратын кандидаттар тиісті нормалар бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
Тамақтандыруды ұйымдастыру тəртібін уəкілетті органның басшысы айқындайды.
35) тармақшаның отызыншы абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Ұдайы жауынгерлік əзірліктегі əскери бөлімдерде взвод (топ, есептоп) жəне рота (батарея, жеке взвод, 4-дəрежелі корабль) бөлімшелеріндегі офицерлік құрам лауазымдарындағы, сондай-ақ қатардағы жəне сержанттық құрамдар лауазымдарындағы Қарулы Күштердің əскери қызметшілері қызмет уақытының регламентінде белгіленген жұмыс күндері мемлекет есебінен тамақтандырумен (түскі аспен) қамтамасыз етіледі.
Осы тармақта көрсетілген əскери бөлімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Уəкілетті орган айқындаған тəртіппен əскери қызметшілердің:
1) əскери қызметке, əскери жиындарға шақырылған;
2) басқа жергілікті жерге, оның ішінде əскери бөлімнің немесе бөлімшенің құрамында жаңа қызмет орнына ауысқан;
3) уəкілетті орган жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына, басқа да білім беру ұйымдарына, оның ішінде шетелдік оқу орындарына оқуға жіберген, сондай-ақ үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, басқа да теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, оқу бітіргеннен кейін;
4) əскери-медициналық бөлімшелер Қазақстан Республикасының шегінде стационарлық емдеу орнына, оның ішінде əскери-дəрігерлік (ұшу) комиссиядан өту үшін жіберген жəне кері қайтқан;
5) қызметтік іссапармен жол жүрген жəне кері қайтқан;
6) оқу-жаттығуларға, далалық шығуға (теңізге шығуға), əскерлер парадтарына жол жүрген жəне кері қайтқан;
7) төтенше жағдайларды жоюға қатысқан жəне кері қайтқан;
8) ұрыс қимылдарына, төтенше немесе соғыс жағдайларында, сондай-ақ қарулы қақтығыстар жағдайларында міндеттерді орындауға қатысқан;
9) бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі бітімгершілік операцияларға қатысқан;
10) терроризмге қарсы операцияларға қатысқан;
11) əскери жүктерді, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерден тұратын құжаттарды, бұйымдарды жəне əскери жүктерді күзету жəне ілесіп жүру бойынша қарауыл құрамында қабылдау (тапсыру) орындарына дейін барған жəне кері қайтқан;
12) мыналармен:
əскери шақырылғандар, əскери міндеттілер бар командалармен;
қамаққа алынған, ұсталған əскери қызметшілермен, əскери міндеттілермен;
қаза тапқан (қайтыс болған) əскери қызметшінің мəйіті салынған табытпен жерлеу орнына дейін ілесіп жүрген жəне кері қайтқан жағдайларда, теміржол, автомобиль жəне ішкі су көлігімен мемлекет есебінен жол жүруге құқығы бар.
Əскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің уəкілетті органның басшысы белгілеген тəртіппен əуе көлігімен ішкі жəне халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүруге құқығы бар.
Курсанттарды, кадеттерді жəне əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілерді қоспағанда, əскери қызметшілердің басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан кезде өз мүлкін теміржол, автомобиль жəне ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстардың уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен автомобиль жолының əрбір 20 километріне бір айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде мемлекет есебінен өтелуіне құқығы бар.
Курсанттарды, кадеттерді жəне əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілерді қоспағанда, əскери қызметшілер 100 километрден астам қашықтықтағы басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына (оның ішінде əскери бөлім немесе бөлімше құрамында) ауысқан кезде оларға, əскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай жабдықталым жəне əрбір отбасы мүшесіне бір айлық ақшалай жабдықталымның жартысы мөлшерінде көтерме жəрдемақы төленеді.»;
36) 46-бапта:
1-тармақта:
бірінші жəне екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Келісімшарт бойынша əскери қызметшілерге екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жəрдемақы төлене отырып, жыл сайынғы негізгі демалыс беріледі, оның ұзақтығы еңбек сіңірген жылдарына қарай күнтізбелік есептеумен белгіленеді:
1) кемінде он жыл - 30 тəулік;
2) он жылдан он бес жылға дейін - 35 тəулік;
3) он бес жылдан жиырма жылға дейін - 40 тəулік;
4) жиырма жəне одан көп жыл - 45 тəулік.
Ұшу жұмыстарында, корабльдік қызметте болатын, жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызмет атқаратын, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілейтін тізбе бойынша жергілікті жерлерде қызмет өткеретін əскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тəулік демалыс беріледі.»;
мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші жəне алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Келісімшарт бойынша əскери қызметшілерге (əскери интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, адъюнкттерге) жазғы каникулдық демалыс берумен, жыл сайынғы негізгі демалыс беріле отырып, екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жəрдемақы төлеу жүргізіледі.
Əскери интерндердің, магистранттардың, докторанттардың, адъюнкттердің жазғы жəне қысқы каникулдық демалысының жиынтығы жыл сайынғы негізгі демалысқа теңестіріледі.
Келісімшарт бойынша əскери қызметші теріс себептермен əскери қызметтен шығарылған жағдайда, ол сауықтыруға арналған жəрдемақы сомасын қызмет өткермеген уақытына пропорционалды түрде өтеуге міндетті.»;
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, кадеттер мен курсанттардан басқа, əскери қызметшіге оның баянаты бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде айқындалатын тəртіппен бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс беріледі.»;
екінші жəне үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Жыл сайынғы негізгі жəне қосымша демалыстардың жалпы ұзақтығы тиісті жылға 60 тəуліктен аспауға тиіс, бұл ретте демалыс орнына дейін жол жүру жəне кері қайту үшін қажетті уақыт қосымша беріледі. Демалыс орнына дейін жол жүру жəне кері қайту үшін қажетті уақытты беру тəртібі Əскери қызмет өткеру қағидаларында белгіленеді.
Келісімшарт бойынша əскери қызметшінің демалысы қызмет мүддесі ескеріле отырып, бөліктерге бөлінуі мүмкін.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Əскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, кадеттер мен курсанттардан басқа) оқуға түсу емтихандарына дайындалу жəне тапсыру үшін жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу кезеңінде оқу жоспарында айқындалған мерзімге оқу демалыстары беріледі, ал ғылым кандидаты, докторы ғылыми дəрежелерінің, философия докторы (PhD) жəне бейіні бойынша доктор дəрежелерінің ізденушілері болып табылатын əскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шығармашылық демалыстар беріледі.»;
5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Демалыстың өткен жылы пайдаланылмаған бөлігі əскери қызметшіге оның баянаты бойынша ағымдағы жылы бөлек беріледі не жыл сайынғы негізгі ақы төленетін демалысына қосылады.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Əскери қызметшілердің жұмыс істейтін əйелдеріне (күйеулеріне) жыл сайынғы демалыстар жұмыс берушімен келісу бойынша олардың күйеулерінің (əйелдерінің) кезекті демалысымен бір мезгілде берілуі мүмкін. Бұл ретте демалыс ұзақтығы жұмыс берушімен келісу бойынша жалақы сақталмайтын қосымша демалыс беру есебінен күйеуінің (əйелінің) демалыс ұзақтығына тең болуы мүмкін.»;
37) 48-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«48-бап. Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, əскери оқу орындарының тəрбиеленушілерін, ұландарын, кадеттері мен курсанттарын əлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері»;
бірінші, екінші, үшінші жəне бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілер, əскери оқу орындарының курсанттары, кадеттері, тəрбиеленушілері мен ұландары бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша уəкілетті органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша заттай мүлікпен, тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
Демалысқа, каникулға кеткен кезде оларға демалыс, каникул өткізу орнына дейін бару кезеңіне азық-түлік үлесі беріледі.
Қысқа мерзiмдi демалысқа барған жəне керi қайтқан кезде мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерге, каникулдық демалысқа жəне тағылымдамаға барған кезде, сондай-ақ керi қайтқанда əскери оқу орындарының курсанттарына, кадеттеріне темiржол, автомобиль жəне ішкі су көлiгiмен мемлекет есебiнен жол жүру құқығы берiледi. Шетелдік əскери оқу орындарында білім алып жатқан курсанттарға да оқуға жіберілген жəне каникулдық демалысқа барған кезде жəне керi қайтқанда əуе көлігімен мемлекет есебiнен жол жүру құқығы берiледi.»;
«Мерзімді əскери қызмет өткерген жəне əскери оқу орнында оқыған кезде тұру үшін əскери қызметшілер казармаларға орналастырылады. Курсанттарға, кадеттерге жəне ұландарға да əскери оқу орнында оқу уақытына жатақхана берілуі мүмкін.»;
38) 51-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) тұтыну салдарынан;»;
39) 52-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Курсанттардың, кадеттердің жəне əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілердің отбасы мүшелерін қоспағанда, əскери қызметшілердің өздерімен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелеріне:
əскери қызметші басқа жергілікті жерге, оның ішінде əскери бөлімнің немесе бөлімшенің құрамында ауысқан;
уəкілетті орган əскери қызметшіні əскери бөлім тізімдерінен алып тастап, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына, басқа да білім беру ұйымдарына, оның ішінде шетелдік оқу орындарына оқуға жіберген, сондай-ақ үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, басқа да теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, оқу бітіргеннен кейін;
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сəйкес келмеуі бойынша қызметтен шығаруды қоспағанда, əскери қызметші əскери қызметтен шығарылған жағдайларда, теміржол, автомобиль жəне ішкі су көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығы беріледі.»;
40) 53-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «Қарулы Күштердің» деген сөздер «Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
41) 54-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Əскери қызметшілердің əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жоғары тұрған лауазымды адамдарға жəне (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін.»;
42) 55-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер мұндай əскери қызметшілерге осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін кезекті əскери атақтар берілсе, онда əскери қызметте болудың шекті жастары осы Заңның 25-бабына сəйкес белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. «Подполковник» əскери атағы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жəне 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген əскери қызметшілер шекті жасқа - қырық жеті жасқа толғаннан кейін қызметтен шығуға немесе отставкаға кетуге құқылы.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Əскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейінгі мерзімге осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған əскери қызмет өткеру туралы келісімшарттардың күші əскери қызметшілер осы Заңның 25-бабының 1-тармағында белгіленген шекті жастарға толғанға дейін қолданылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Əскери қызмет кезеңіне ғана қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету бөлігінде осы Заңның күші əскери қызметмерзімі 2013 жылдың 1 қаңтарында он жылдан аз болған, көрсетілген күннен кейін əскери қызметке алғаш кірген əскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, кадеттерден, курсанттардан жəне əскери жиындар кезеңінде əскери міндеттілерден басқа) қолданылады.
Тұрғынжайды жалдағаны (жалға алғаны) үшін мақсатты өтемақы төлеу əскери қызмет мерзімі 2013 жылдың 1 қаңтарында он жылдан аз болған, көрсетілген күннен кейін əскери қызметке алғаш кірген əскери қызметшілерге олар тұрғынжаймен қамтамасыз етілгенге дейін (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, кадеттерден, курсанттардан жəне əскери жиындар кезеңінде əскери міндеттілерден басқа) жүргізіледі.»;
8-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші жəне екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Əскери қызмет мерзімі 2013 жылдың 1 қаңтарында он жəне одан көп жыл болған келісімшарт бойынша əскери қызметшілерге əскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты əскери қызметтен шығарылған кезде:
еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік 10 жылдан 15 жылға дейін болғандарға - төрт айлық ақшалай жабдықталым;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Келісімшарт бойынша əскери қызметке қайта кірген кезде жұмыстан шығу жəрдемақысының мөлшері, осы жұмыстан шығу жəрдемақысы бұрын қызметтен шығу кезінде төленбеген жағдайларды қоспағанда, бұрын төленген жұмыстан шығу жəрдемақысы ескеріле отырып айқындалады.».
17. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 4-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік шекара комиссиясының құрамы, өкілеттіктері жəне қызмет ету тəртібі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітетін ережеде айқындалады.»;
2) 55-баптың 17) тармақшасы алып тасталсын;
3) 56-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын жедел қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;»;
4) 67-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ұшуды жəне корабль жүргізуді əуежайлық (əуеайлақтық) қамтамасыз ету құқығы беріледі.».
18. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар):
1) 10-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Ведомствоның білім беру ұйымдары»;
1-тармақтағы «Уəкілетті органның білім беру ұйымдары» деген сөздер «Ведомствоның білім беру ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «Уəкілетті органның білім беру ұйымдарының» деген сөздер «Ведомствоның білім беру ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-бапта:
1-тармақта:
70-27) тармақшадағы «уəкілетті органның білім беру ұйымдарының» деген сөздер «ведомствоның білім беру ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 70-33), 70-34), 70-35) жəне 70-36) тармақшалармен толықтырылсын:
«70-33) зерттеу сынау өртке қарсы зертханаларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
70-34) өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
70-35) Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысын бекітеді;
70-36) уəкілетті органның жедел резервін ұстауды қамтамасыз етеді;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уəкілетті орган ведомствосының жалауы мен рəмізі болады. Ведомствоның аумақтық бөлімшелері мен білім беру ұйымдарының жалаулары болады.
Уəкілетті орган ведомствосының жалауы мен рəмізінің, ведомствоның аумақтық бөлімшелері мен білім беру ұйымдары жалауларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
3) 22-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының оныншы абзацы алып тасталсын;
4) 27-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аттестаттауды уəкілетті орган белгілеген тəртіппен құрылатын аттестаттау комиссиялары өткізеді.»;
5) 59-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«59-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары
1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрттің алдын алуды жəне оны сөндіруді, авариялық-құтқару жəне кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізуді, өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары ведомстводан, ведомствоның аумақтық бөлімшелерінен, мемлекеттік мекемелерінен жəне білім беру ұйымдарынан тұрады.»;
6) 60-баптың 2-тармағындағы «уəкілетті органның білім беру ұйымдарын» деген сөздер «ведомствоның білім беру ұйымдарын» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):
1) 9-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
2) 16-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін, тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.»;
3) 64-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа əскерлері мен əскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері əскери полиция органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады.»;
4) 74-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «В», «С» санаттарындағы, сондай-ақ «С1» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихандар тапсыруға он жеті жасқа толған жəне жергілікті əскери басқару органдарының жолдамалары бойынша көлік құралдарының жүргізушілерін тиісті даярлаудан өткен, жүргізушілік жұмыс өтілі жəне «С1» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі жоқ адамдар жіберіледі.
Аталған адамдарға ұлттық жүргізуші куəліктері олар он сегіз жасқа толғанда беріледі.».
20. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19- II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 12 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
28-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру жəне орындау саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыратын мемлекеттік органның уəкілетті ұйымының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде қару-жарақтың, əскери техника мен жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттардың жəне олар қолданылып жасалатын бұйымдардың айналымы саласындағы қызметті лицензиясы болмай жүзеге асыруына жол беріледі.».
2-бап. Осы Заң, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 16-тармағы 35) тармақшасының отызыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының