«2-1) подполковниктерге - қырық сегіз жас;»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шекті жасқа толған əскери қызметшіге баянаты бойынша уəкілетті органның басшысы:
1) ғылыми дəрежесі, ғылыми атағы, магистр немесе доктор дəрежесі болған жəне ол əскери оқу орындарында, əскери кафедраларда оқытушылық немесе ғылыми қызметті жүзеге асырған;
2) денсаулық жағдайы бойынша əскери қызмет өткеруге жарамды, емдеу қызметін жүзеге асыратын медицина персоналы лауазымында немесе мемлекеттік авиацияда ұшу құрамының лауазымында не əскери прокуратура органдары офицерлік құрамының лауазымында əскери қызмет өткерген, жоғары кəсіби даярлығы, атқаратын лауазымында жұмыс тəжірибесі болған жағдайларда, онымен жаңа келісімшарт жасасу арқылы əскери қызмет мерзімін бес жылға дейінгі мерзімге ұзартады.»;
22) 26-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
6), 7), 9), 10) жəне 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарына ауысуды қоспағанда, мемлекеттік органдарға немесе мемлекеттік мекемелерге мемлекеттік қызметке ауысу;
7) əскери қызметшіге қатысты келісімшарт талаптарын елеулі жəне (немесе ) жүйелі түрде (екі жəне одан көп рет) бұзу;»;
«9) Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайлану немесе тағайындалу;
10) судья лауазымына сайлану немесе тағайындалу;
11) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату;»;
13) тармақшада:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«əскери қызмет міндеттерін атқару кезінде алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйде болу, сондай-ақ мамандандырылған медициналық мекемелерде (наркологиялық диспансерлерде) алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйді туғызатын заттарды тұтыну тұрғысынан медициналық куəландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару;»;
алтыншы абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Заңның 38-бабының 2-тармағында көрсетілген мəліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау;»;
тоғызыншы абзац алып тасталсын;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«арнаулы мемлекеттік орган немесе ішкі істер органы əскери қызметшісінің қатарынан үш жəне одан көп сағат бойы дəлелсіз себептермен қызметте болмауы;»;
он бірінші абзац алып тасталсын;
он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жағдайлар;»;
мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
«осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы меншік құқығымен тиесілі үлестерін, акцияларын (акциясын) жəне пайдалану кіріс алуға əкелетін өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеу;»;
14) тармақшадағы «қызметіне сай келмеу əскери қызметшілерді қызметтен шығару үшін негіздер болып табылады.» деген сөздер «анықталған қызметіне сай келмеу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) техникалық жəне кəсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарының түлектерін, сондай-ақ əскери интерндерді, магистранттарды, докторанттарды жəне адъюнкттерді жоғары əскери оқу орындарынан шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, əскери оқу орнынан шығарып жіберу əскери қызметшілерді əскери қызметтен шығару үшін негіздер болып табылады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Əскерге шақыру бойынша əскери қызметшiлер - осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 4), 9), 10) жəне 11) тармақшаларында, 13) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтарында көзделген негіздер бойынша, ал офицерлік құрамның əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілер осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасында жəне 13) тармақшасының екінші абзацында да көзделген негіздер бойынша əскери қызметтен шығарылады.»;
6-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы жəне 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Əскери қызмет мерзімі 2013 жылдың 1 қаңтарында он жылдан аз болған немесе көрсетілген күннен кейін əскери қызметке алғаш кірген əскери қызметшілерге əскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты əскери қызметтен шығарылған кезде жұмыстан шығу жəрдемақысы:
1) келісімшарт бойынша əскери қызметшілерге: əскери қызмет мерзімі күнтізбелік 10 жылдан аз болғандарға - үш айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде;
əскери қызмет мерзімі күнтізбелік 10 жылдан 20 жылға дейін болғандарға - бес айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде;
əскери қызмет мерзімі күнтізбелік 20 жылдан 30 жылға дейін болғандарға - жиырма айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде;
əскери қызмет мерзімі күнтізбелік 30 жылдан астам болғандарға - отыз айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде төленеді;
келісімшарт бойынша əскери қызметке қайта кірген кезде жұмыстан шығу жəрдемақысының мөлшері, осы жұмыстан шығу жəрдемақысы бұрын қызметтен шығарылған кезде төленбеген жағдайларды қоспағанда, бұрын төленген жұмыстан шығу жəрдемақысы ескеріле отырып айқындалады;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бір жылдан аз қызмет өткерген немесе оқыған жəне келісімшарт бойынша əскери қызметтен шығарылған немесе əскери оқу орындарынан шығарып жіберілген, осы Заңның 37-бабының 6-тармағына сəйкес келісімшарт бойынша əскери қызметке кірген сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамының əскери қызметшілері, мерзімді қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген, жиырма алты жасқа толмаған, бірақ он сегіз жастан кіші емес əскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері мерзімді қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тəртіппен əскери бөлімдерге жіберіледі.
Бұрын мерзімді қызмет өткермеген, он сегіз жасқа толмаған, бір жылдан аз оқыған жəне шығарып жіберілген əскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері мерзімді қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тəртіппен əскери қызметке шақыруға əскерге шақырылушыларды əскери есепке қою үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті əскери басқару органдарына жіберіледі.
Əскери оқу орнынан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттер үшін əскери қызметшілер мəртебесінде əскери оқу орындарында оқу уақыты мерзімді қызмет мерзіміне есептеледі.
Үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен əскери қызметтен босату салдарынан əскери оқу орнынан шығарып жіберілген, сондай-ақ əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан əскери қызметші əскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.
Əскери оқу орнына қайта қабылдау Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасына сəйкес, оқуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алуды тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
Əскери оқу орнын бітірген əскери қызметші теріс себептермен əскери қызметтен шығарылған жағдайда, келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін қызмет өткерілмеген əрбір толық айға пропорционалды түрде өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.
Əскери оқу орындарында əскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу тəртібін уəкілетті органның бірінші басшысы айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Əскери қызметтен шығарылған адамдар қызметтен шығару туралы шешімге тиісті бұйрықтан үзінді көшірмемен танысқан күннен бастап үш айдан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жоғары тұрған қолбасшылыққа не сотқа шағым жасауға құқылы.»;
23) 27-бапта:
1-тармақтағы «Қарулы Күштерді» деген сөздер «Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Мерзімді əскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың медициналық комиссиядан өту кезеңінде жергілікті əскери басқару органдарына шақырту туралы шақыру қағазы болған кезде - жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы, ал мерзімді əскери қызмет өткеру кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.»;
24) 28-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың əскерге шақыру комиссиялары жергіліктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша əскерге шақыруды жүргізу кезеңiнде мынадай құрамда құрылады:
1) комиссия төрағасы - ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергілікті атқарушы органы басшысының (əкімінің) орынбасары;
2) комиссия мүшелері:
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті əскери басқару органының бастығы;
ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі;
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті органы бастығының (бас дəрігердің) орынбасары - медициналық комиссия төрағасы;
хатшы.
Əскерге шақыру комиссияларының құрамына мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзге де өкiлдерi кiруi мүмкiн. Əскерге шақыру комиссиясының сандық құрамы тақ болуға тиiс.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əскерге шақыру комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы басшысының орынбасары кіреді.
Азаматтарды əскери қызметке шақыруды жүргізу графигін жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.
Əскерге шақыру комиссиясының мүшелері азаматтарды мерзімді əскери қызметке заңсыз шақырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.»;
2-тармақтың 3) жəне 4) тармақшалары алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші жəне екінші бөліктері алып тасталсын;
25) 29-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтардың əскери қызметке жарамдылық дəрежесін айқындау үшін облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, қалалармен аудандарда жергілікті атқарушы органдардың шешімімен тұрақты негізде медициналық комиссиялар құрылады, олар:
1) əскерге шақыру жасына дейінгілерді;
2) əскерге шақырылушыларды;
3) əскери жиындарға шақырылатын əскери міндеттілерді;
4) əскери оқу орындарына, əскери кафедраларға, Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарына келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін азаматтарды медициналық куəландырудан өткiзеді.»;
2-тармақ алып тасталсын;
26) 31-баптың екінші бөлігіндегі «Қарулы Күштердi» деген сөздер «Қарулы Күштердi, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Əскери мiндеттілердi əскери жиындарға шақыру
Əскери мiндеттiлер:
1) орталық атқарушы органдар жүргізетін жұмылдыру дайындығы жөніндегі республикалық іс-шаралар шеңберінде - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы негізiнде;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүргізетін жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс дайындығы жөніндегі іс-шаралар шеңберінде - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана əкімдігінің қаулысы негізінде əскери жиындарға шақырылады.»;
28) 36-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендер;»;
29) 37-бапта:
1-тармақтағы «Қарулы Күштердiң» деген сөздер «Қарулы Күштердiң, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Қарулы Күштерде» деген сөздер «Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Техникалық жəне кəсіптік, жоғары білімі бар жəне алты ай қызмет өткерген мерзiмдi əскери қызметтегі əскери қызметшілер Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кiруге құқылы.
Ұлан оқудың үшінші курсына ауысқан кезде əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Офицерлік құрамды əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілер əскери қызмет мерзімі өткеннен кейін Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кiруге құқылы.»;
30) 38-бапта:
1 жəне 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сай келуге:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуға;
2) қажетті жеке, моральдық жəне кəсіби қасиеттерге, білім деңгейіне ие болуға, денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды болуға;
3) курсанттарды, кадеттерді қоспағанда, он сегіз жастан кіші болмауға жəне əскери қызметте болудың шекті жасына толуға:
келісімшарт бойынша əскери қызметке алғаш кіретіндер немесе сарбаздар (матростар) құрамының жəне кіші сержанттық құрамның лауазымдарына тағайындалу үшін - он бес жас;
кіші офицерлік жəне аға сержанттық құрамдардың лауазымдарына тағайындалу үшін - он жас;
аға офицерлік немесе жоғары сержанттық құрамның лауазымдарына - бес жас қалғанға дейін;
4) əйелдерді қоспағанда, мерзімді əскери қызметті өткеруге не əскери кафедрада оқудан немесе əскери-техникалық мамандарды даярлау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери даярлықтан өтеулі негізде өтуге тиіс.
Келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдар əскери қызмет өткеруге байланысты заңдармен белгіленген шектеулерді жəне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдайды, олар жазбаша нысанда тіркеледі.
2. Келiсiмшарт бойынша əскери қызметке:
1) сот əрекетке қабiлетсiз немесе əрекет қабілеті шектеулi деп таныған;
2) əскери-дəрiгерлiк комиссияның қорытындысына сəйкес əскери қызметміндеттерін орындауға кедергі келтiретін ауруы бар;
3) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған;
4) əскери қызметшінің əскери қызметте болуына байланысты заңдарда белгіленген шектеулерді жəне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан;
5) заңда белгіленген тəртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;
6) қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
7) əскери қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тəртібімен əкімшілік жаза қолданылған;
8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
9) тізбесін уəкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдар үшін психологиялық-физиологиялық немесе полиграфологиялық зерттеуден не медициналық куəландырудан өтпеген;
10) қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шыққан немесе қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
11) мемлекеттік немесе əскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан жəне əділет органдарынан терiс уəждер бойынша шығарылған;
12) арнайы тексеруден өтпеген жəне (немесе) өзі туралы не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, əжелері, немерелері) туралы немесе жұбайы (зайыбы) жəне оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мəліметтер хабарлаған;
13) уəкілетті органның басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған;
14) қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған;
15) өзіне қатысты қылмыстық топ құрамындағы қылмыс туралы қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіЕрекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе36-бабы негізінде қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан адам қабылданбайды.
Əскери қызметке кіретін адамға қатысты арнайы тексеру жүргізiледi.
Тізбесін уəкілетті органның басшысы бекіткен лауазымдарға келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдарға қатысты уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген мəліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау;»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін кезде азамат жəне оның зайыбы (жұбайы) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы мəліметтерді ұсынуға міндетті.»;
31) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«39-бап. Азаматтардың əскери оқу орындарына түсуі, сондай-ақ шығарып жіберу жəне қайта қабылдау. Əскери оқу орындарында білім алып жатқан азаматтармен əскери қызмет өткеру туралы келiсімшарттар жасасу
1. Жалпы орта білім беру базасында жоғары, техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына түсуге:
1) əскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма екі жастан аспаған азаматтардың;
2) əскери қызмет өткерген азаматтардың жəне мерзiмдi əскери қызмет өткерiп жүрген əскери қызметшілердің оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толғанға дейін;
3) жиырма бес жасқа толғанға дейін келісiмшарт бойынша əскери қызмет өткерiп жүрген əскери қызметшiлердің құқығы бар.
Азаматтардың əскери оқу орындарына түсуі уəкілетті орган бекітетін Əскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына сəйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Кадеттер, курсанттар құрамына қабылдауға конкурс өткізу кезінде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда:
жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың;
əскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдары түлектерінің;
қызмет өткеру уақытында қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен немесе əскери қызмет өткерген кезеңде мүгедек болып қалған əскери қызметшілер балаларының;
«Алтын белгі» белгісімен наградталған адамдардың;
тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын, соңғы үш жылда жалпы білім беретін пəндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылардың республикалық жəне халықаралық конкурстарының жəне спорттық жарыстардың бірінші - үшінші дəрежелі дипломдармен наградталған жеңімпаздарының, өздері таңдаған мамандық олимпиаданың немесе конкурстың пəніне сəйкес келген жағдайда, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пəндер бойынша президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының бірінші - үшінші дəрежелі дипломдармен наградтталған жеңімпаздарының артықшылықты құқығы бар.
Шетелдік əскери оқу орындарына оқуға жіберілген əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына жəне келісімшарттарға, сондай-ақ оқуға шақыруға сəйкес білім алады.
2. Негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына түсуге оқуға түсетін жылы он бес жасқа толған, бірақ он жеті жастан аспаған азаматтардың құқығы бар.
3. Əскери-дəрігерлік комиссияның оң қорытындысы негізінде қайта қабылданған адамдарды қоспағанда, егер шығарып жіберілген күнінен бастап бір жыл өтпесе, адамның əскери оқу орнына қайта қабылдануына рұқсат берілуі мүмкін.
4. Əскери қызметтен теріс себептермен шығарылған адам əскери оқу орнына қайта қабылданбайды.
5. Жоғары бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын əскери оқу орындарының түлектеріне «лейтенант» əскери атағы беріледі.
Техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарын бітіргеннен кейін əскери қызметшілерге «кіші сержант» əскери атағы беріледi.
Əскери-медициналық факультеттің курсанттарына «медицина қызметінің лейтенанты» əскери атағы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуды бітіргеннен кейін беріледі.
Əскери интернатура бағдарламалары бойынша оқуды жалғастыратын əскери қызметшілер ауыспалы құрамның əскери интерні əскери лауазымында əскери қызмет өткереді.»;
32) 39-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі жəне 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұлттық қорғаныс университетіне түсуге өздерінің кадр органдарының жіберуі бойынша əскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдардың офицерлік құрамы қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік құпияларға рұқсаты болған кезде Қарулы Күштердің азаматтық персонал адамдарының құқығы бар. Бұл ретте Қарулы Күштердің азаматтық персонал адамдары қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып қана білім алады.»;
«4. Магистрант немесе докторант лауазымына тағайындалған əскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сəйкес ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.»;
33) 40-баптың 1-тармағының 1), 5) жəне 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) үш жылға - келісімшарт бойынша əскери қызметке алғаш кіретін адамдар үшін;»;
«5) курсанттар, кадеттер жəне əскери интерндер үшін - əскери оқу орнындағы оқу мерзіміне жəне оны бітіргеннен кейiн əскери қызметтің он жылына (ұшу құрамының курсанттары үшін - оны бітіргеннен кейін əскери қызметтің он бес жылына);
6) тыңдаушылар, магистранттар, докторанттар, адъюнкттер үшін - оқу мерзіміне жəне əскери оқу орнын бітіргеннен кейін əскери қызметтің бес жылына не əскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін жасалады.»;
34) 41-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) запасқа алына отырып, əскери қызметтен жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) арнаулы мемлекеттік органдардың:
қатардағы жəне сержанттық құрам қатарынан;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінен;
теріс себептер бойынша;
келісімшарт талаптарын орындамауына байланысты қызметтен шығарылған қызметкерлері;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында өтеулі негізде əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша оқудан өткен адамдар запасқа алынды деп есептеледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мерзiмдi əскери қызметке шақырудан босатылған жəне жиырма жеті жасқа толуына байланысты əскерге шақыруды кейінге қалдырудың берілуімен əскери қызмет өткермеген адамдарды, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша өтеулі негізде оқудан өткен азаматтарды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi əскери басқару органдары запастағы «қатардағы жауынгер» («матрос») əскери атағын бере отырып, запасқа алады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған қызметкерлер өздерінің арнаулы атағына тең запастағы əскери атақ беріле отырып, запасқа алынып, жергiлiктi əскери басқару органдарына есепке алуға жіберіледі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдары əскери қызметшілерінің қолданыстағы резервте болуы барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындау кезінде əскери қызмет өткеруді қамтиды. Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдары əскери қызметшілерінің қолданыстағы резервте болу тəртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.»;
35) 44-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Əскери жиындар кезеңіндегі əскери міндеттілерді қоспағанда, əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.