59-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген төлем құжаты жасалған қарыз шартына, кредиттік желі ашу туралы келісімге немесе қарыз операциясы не кепілдік беру фактісін растайтын өзге де құжатқа сәйкес қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабына теңестіріледі және осы Заңда айқындалған тәртіппен орындалуға жатады.
2. Көрсетілетін төлем қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, сондай-ақ төлем жүйелерінің операторлары осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай ішінде өз қызметін оның талаптарына сәйкес келтіруге тиіс.
3. Осы Заңның 5-бабының 5 және 6-тармақтарында көзделген талаптар осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылады.
4. 2017 ж. 1 маусымға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
60-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң:
2016.22.12. № 29-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 32-баптың 6-тармағын;
2) 2017 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 13-баптың 8, 9 және 10-тармақтарын, 47 және 48-баптарын;
2016.22.12. № 29-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 35-баптың 6-тармағы екінші бөлігінің үшінші абзацын;
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 35-баптың 6-тармағы екінші бөлігінің төртінші абзацын;
4) 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 2-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. 46-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мен 5-тармағының бірінші бөлігі және 59-баптың 4-тармағы 2017 жылғы 1 маусымға дейін қолданылады.
3. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2016 жылғы шілденің 26-ы.
№ 11-VІ