2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Мемлекеттік орман қорында орман дақылдарын, питомниктерді, орманның табиғи қалпына келуіне жәрдемдесу шаралары жүргізілген және табиғи өсуге қалдырылған алаңдарды түгендеу уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Жекеше орман қоры жерлерiнде орман өсiру жөніндегі iс-шараларды жүргiзу меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
74-бап. Жердi орман мекемелерiне орман өсiру үшiн беру
Республика аумағының оңтайлы ормандануын, өзендер, су айдындары жағалауларының желектенуiн қамтамасыз ету үшiн және басқа да қажеттi жағдайларда орман мекемелерiне мемлекеттік орман қоры жерiнiң құрамына өзге санаттағы жерлер, бірiншi кезекте ауыл шаруашылығына пайдалану үшiн жарамсыз (сайлар, жыралар, құмдауыттар, басқа да тозған жерлер) жерлер, сондай-ақ босалқы жерлер берiлуi мүмкiн.
Аталған жерлердi орман мекемелерiне беру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
75-бап. Орман флорасы мен фаунасын жерсiндiру
1. Орман биоқауымдастықтарында өсiмдiктер мен жануарлардың түрлерi мен нысандарын қалпына келтiру және молықтыру жергiлiктi байырғы флора мен фаунаның ең жақсы тұқымдарын қайта жерсiндiру жолымен жүргiзiледi.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Өсiмдiктердiң негiзгi байырғы түрлерiне зиянын тигiзетiн өсiмдiктер түрлерiн жерсiндiруге тыйым салынады.
13-тарау. Орман тұқым шаруашылығы
76-бап. Орман тұқым шаруашылығының мiндеттерi
Орман тұқым шаруашылығының негiзгi мiндеттерi орманды молықтыру мен орман өсiру жөніндегі жұмыстарды бағалы тұқым қуалаушылық қасиеттерi бар және себу сапасы жоғары тұқымдармен қамтамасыз ету, селекциялық-гендiк негiзде тұрақты орман тұқым базасын қалыптастыру болып табылады.
77-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі тұрақты орман тұқым базасы
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі тұрақты орман тұқым базасы селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы:
1) орман тұқымы плантациялары;
2) тұрақты орман тұқым учаскелерi;
3) артықшылығы бар екпелер объектілерін қамтиды.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде тұрақты орман тұқым базасын жасау ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған тұқымдар мен отырғызу материалдарына қажеттiлiктiң ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлер уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен анықталады, жасалады және пайдаланылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлердi аттестаттау мен есепке алуды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен осы салада маманданған ұйымдар жүзеге асырады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Орман тұқымы плантациялары мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен және осы салада маманданған жобалау-іздестіру немесе ғылыми ұйымдар әзірлеген жобалар бойынша құрылады.
Тұрақты орман тұқымы учаскелері осы салада маманданған жобалау-іздестіру және ғылыми ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес қалыптасады.
78-бап. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлер
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлердi анықтау мен құру орман өсiмдiктерiнiң гендiк қорын кепiлдi сақтау, тұқым қуалаушылық қасиеттерiн бағалау, орман тұқым шаруашылығында пайдалану үшін неғұрлым келешегі бар тұқымдар түрiн iрiктеп алу үшiн жүзеге асырылады.
2. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлерге:
1) артықшылығы бар ағаштар;
2) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаттары;
3) географиялық дақылдар;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) популяциялар мен будандардың сынақ дақылдары;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) орман генетикалық резерваттары жатады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлер уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен анықталады, жасалады және пайдаланылады.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлердi аттестаттау мен есепке алуды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен осы салада маманданған ұйымдар жүзеге асырады.
4. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлердi күзетудi мемлекеттік орман иеленушiлер жүзеге асырады.
79-бап. Орман тұқымын аудандастыру
1. Орман тұқымын аудандастыру ғылыми-зерттеу талдамалары негiзiнде белгiленедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Ормандарды молықтыру мен орман өcipу үшiн тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Орман тұқымдары мен отырғызу материалдарын орман тұқымын аудандастыру талаптарын бұза отырып егуге және пайдалануға тыйым салынады.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 80-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
80-бап. Орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау, пайдалану және олардың сапасын бақылау
1. Орман тұқымдарын дайындау тұрақты орман тұқым базасы объектілерінде жүзеге асырылады, ал олар жетiспеген жағдайда қалыпты екпелерде дайындауға жол берiледi.
2. Орман тұқымдарын кемiстiгi бар екпелерде және кемiстiгi бар ағаштардан дайындауға тыйым салынады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Сатуға және егу үшiн пайдалануға жататын орман тұқымдарына сараптама жасауды олардың ұлттық стандарттарға, техникалық жағдайларға және орман тұқым шаруашылығы жөніндегі басқа да нормативтiк құжаттарға сәйкестігі туралы құжаттар беруді уәкiлеттi органның маманданған ұйымдары жүзеге асырады.
4. Осы баптың 3-тармағының талаптарына сәйкестiгi тексеруден өтпеген орман тұқымдарын сату мен егуге тыйым салынады.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)ж 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
14-тарау. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін күзету, қорғау, пайдалану, жердің кейбір санаттарында ормандарды
молықтыру мен орман өсіру ерекшеліктері
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 81-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
81-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтыру мен орман өсiру ерекшелiктерi
Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтыру мен орман өсiру осы Кодекске және Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 82-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
82-бап. Қала ормандарында орман пайдалану ерекшелiктерi
1. Қалалық елдi мекендердiң шекарасы шегiнде орналасқан ормандар (қала ормандары) халықтың демалысына, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да шараларды өткізуге, сондай-ақ қолайлы қоршаған ортаны сақтауға арналады.
2. Қала ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге және осы ормандардың мақсатымен сыйыспайтын орман пайдаланудың өзге де түрлерiн жүзеге асыруға тыйым салынады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 83-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
83-бап. Шекара аймақтарында мемлекеттік орман қоры учаскелерiн пайдалану ерекшелiктерi
Шекара аймақтарындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалану осы Кодексте және Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
84-бап. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға пайдалануға берiлген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану ерекшелiктерi
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға ауыл және орман шаруашылықтарын кешендi жүргiзу үшiн берiлген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану осы Кодекске сәйкес жүргiзiледi.
2. Пайдалануына мемлекеттік орман қоры учаскелерi берiлген жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар осы Кодексте белгiленген тәртiппен оларда орман орналастыру жұмыстарын жүргiзуге және орман қорының мемлекеттік есебiн жүргiзуге қатысуға мiндеттi.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Осы баптың 1-тармағында аталған ағаш және бұта өсiмдiктерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуы мен молықтырылуына бақылауды уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
85-бап. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру ерекшелiктерi
1. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерiн күзетудi, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды жүзеге асыру үшiн мемлекеттік орман иеленушiлердiң Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгiленген тәртiппен бөтен жер учаскесiн шектеулi мақсатта пайдалану (сервитут) құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, табиғи өсiп шығатын ормандарды сыртқы қолайсыз әсерлерден қорғау үшiн басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерiнiң шекарасын бойлай енi жиырма метр болатын күзет аймақтары белгiленедi.
Күзет аймағы шегiнде мемлекеттік орман қоры учаскесiнiң жай-күйiне керi әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салынады.
86-бап. Бюджет қаражаты есебiнен өсiрiлген агроорман-мелиорациялық екпелердi күзету, қорғау және пайдалану ерекшелiктерi
1. Бюджет қаражаты есебiнен өсiрiлген агроорман-мелиорациялық екпелер жердi қолайсыз табиғи құбылыстар мен антропогендiк факторлардың әсерiнен қорғауға арналған.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Бюджет қаражаты есебiнен өсiрiлген агроорман-мелиорациялық екпелердi күзетудi, қорғауды және пайдалануды меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар өздерi орналасқан жерлерде жүзеге асырады.
Бюджет қаражаты есебінен отырғызылған агроорманмелиорациялық екпелер өсіп тұрған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер сатып алынады немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға беріледі және Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жекеше орман қоры жерлеріне ауыстырылуы мүмкін.
3. Агроорман-мелиорациялық екпелердiң қорғаныштық функцияларын сақтау мақсатымен орманды күтiп-баптау мақсатында кесуге, санитарлық мақсатта кесуге, бағалылығы төмен екпелердi, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларын жоғалта бастаған екпелердi қайта жаңғыртуға байланысты кесуге, сондай-ақ өзге де мақсаттарда кесуге жол берiледi.
87-бап. Темір жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулердегi қорғаныштық екпелердi күзету, қорғау және пайдалану ерекшелiктерi
1. Темір жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулерде орналасқан қорғаныштық екпелер осы объектiлердi қолайсыз табиғи құбылыстардан қорғауға, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, шудың әсерiн азайтуға арналған.
2. Темір жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулердегi қорғаныштық екпелердi, оларды өсiру жобаларына сәйкес орманды күтiп-баптау мақсатында кесуге, санитарлық мақсатта кесуге, бағалылығы төмен екпелердi, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларын жоғалта бастаған екпелердi қайта жаңғыртумен байланысты кесуге және өзге де мақсаттарда кесуге жол берiледi.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған қорғаныштық екпелердi күзетудi, қорғауды және пайдалануды, осы Кодекске сәйкес, жер пайдаланушылар өздерi орналасқан жерлерде жүзеге асырады.
7-бөлім. Орман қорын пайдалану
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 15-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-тарау. Орман пайдалану түрлері
88-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану түрлері
1. Мемлекеттік орман қорында орман пайдаланудың:
1) сүрек дайындау;
2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) қосалқы сүрек ресурстарын дайындау;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзгеде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, дәрiлiк шөптер мен техникалық шикiзаттар, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау);
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн пайдалану;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалану;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи- мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшiн пайдалану;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін пайдалану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн пайдалану орман ресурстарын алып қойып, сондай-ақ оларды алмай да жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Мемлекеттік орман қоры учаскесi орман пайдаланудың бір немесе бірнеше түрлерiн жүзеге асыру үшiн бір немесе бірнеше орман пайдаланушыға берiлуi мүмкiн.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Орман пайдаланудың белгiлi бiр түрлерiн жүзеге асырған кезде орман ресурстары мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану ерекшелiктерi осы Кодекске сәйкес уәкілетті органның актiлерiмен айқындалады.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 89-бап өзгертілді
89-бап. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16-тарау. Орман пайдалануды жүзеге асыру
90-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу
Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сүрек дайындаудың мынадай түрлерi:
1) толысқан және қураған сүрекдiңдерде жүргiзiлетiн, басты мақсатта пайдалану үшiн;
2) аралық мақсатта пайдалану үшiн (орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, iрiктеп санитарлық мақсатта ағаш кесу және құндылығы төмен орман екпелерiн, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа қасиеттерiн жоғалтқан екпелердi қайта жаңғыртуға байланысты ағаш кесу, жас шыбықтарды жекелеп кесу);
3) өзге де мақсатта пайдалану үшiн (жаппай санитарлық мақсатта ағаш кесу, су тораптарының, құбырлардың, жолдардың құрылысына байланысты, орман соқпақтарын тарту, өртке қарсы жыралар жасау кезiнде орман алаңдарын тазарту, өтiмдi үйiндiлердi жинау, өзге де мақсаттар үшiн ағаш кесу) ағаш кесу тәртібімен жүзеге асырылады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 91-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
91-бап. Басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу кезiнде мемлекеттiк орман иеленушiнiң жергiлiктi халықтың сүрекке деген қажеттілігін қамтамасыз етуi
1-тармақ 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңының 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды, 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданылатын редакцияны қараңыз (бұр.ред.қара)
1. Жергiлiктi халықтың сүрекке, оның ішінде отындық сүрекке деген қажеттілігін қамтамасыз ету, одан өтiнiмдер болған кезде, басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу кезiнде дайындалған сүректi мемлекеттiк орман иеленушiнiң өткiзуi есебiнен жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген өтiнiмдер басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу, сондай-ақ кеспеағаш аймағынан тыс қоқысты жинау жүргізілгенге дейін бір ай бұрын тиiстi мемлекеттік орман иеленушіге берiледі.
91-бап. Аралық пайдалану мақсатында ағаш кесу және өзгедей мақсатта ағаш кесу кезiнде мемлекеттік орман иеленушiнiң жергiлiктi халықтың ағашқа деген қажетiн қамтамасыз етуi
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Жергiлiктi халықтың ағашқа деген мұқтажы олардан өтiнiм болған кезде, аралық пайдалану мақсатында ағаш кесу және өзгедей мақсатта ағаш кесу кезiнде жергiлiктi халықтың қатысуымен дайындалған сүректi мемлекеттік орман иеленушiнiң өткізуi есебiнен жүзеге асырылады.
Жергiлiктi халықты отындық ағашпен қамтамасыз ету олардан өтiнiм болған кезде, өтеусiз негiзде мемлекеттік орман иеленушi айқындайтын кеспеағаш аймағынан тыс жерлердегi қоқымдарды жинау есебiнен де жүзеге асырылуы мүмкiн.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Осы баптың 1-тармағында аталған өтiнiмдер аралық пайдалану мақсатында және өзге де мақсатта ағаш кесуге, сондай-ақ кеспеағаш аймағынан тыс жерлердегi қоқымдарды жинауға бір ай қалғанда тиiстi орман иесiне берiледi.
92-бап. Мемлекеттік орман қорының жекелеген санаттарында орман пайдалануды шектеу
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Мемлекеттік орман қорының «мемлекеттік өңірлік табиғи қорықтар ормандары», «табиғаттың мемлекеттік орман ескерткiштерi», «орманның гендiк резерваттарын қоса алғандағы ғылыми маңызы бар орман учаскелерi», «аса құнды орман алаптары» санаттарында, сондай-ақ қорық режиміндегі мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен мемлекеттік өңірлік табиғи парктер аймақтарында, мемлекеттік өңірлік табиғи резерваттардың қорық орталығы аймақтарында орман пайдалануды шектеудiң қорық режимi белгiленедi.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік орман қорының рекреациялық пайдалану аймақтарындағы, әкiмшiлiк-өндiрiстiк мақсаттағы, келушiлер мен туристерге қызмет көрсетуге арналған шағын аймақтардағы «мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандары» және «мемлекеттік өңірлік табиғи парктер ормандары» санаттарында; мемлекеттік орман қорының бұзылған ландшафтарды қалпына келтiру аймағындағы «мемлекеттік табиғи резерваттар ормандары» санатында; мемлекеттік орман қорының тапсырыс режимi аймағындағы «мемлекеттік қорық аймақтары ормандары» санатында; мемлекеттік орман қорының «жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтары», «орман-жемiс екпелерi», «aca биiк тау ормандары», «мемлекеттік қорғаныштық орман белдеулерi», «эрозияға қарсы ормандар», және «халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулеріндегі қорғаныштық екпелер», «халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орман белдеулерi» санаттарында орман пайдалануды шектеудiң тапсырыстық режимi белгiленедi.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік орман қорының мынадай:
1) шектеулі шаруашылық қызметі аймақтарында «мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандары» және «мемлекеттік өңірлік табиғи парктер ормандары»;
2) «жапырақты сүрекдіңдерді қоспағанда, «өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi»;
3) шектеулі шаруашылық қызметі аймағындағы «мемлекеттік қорық аймақтары ормандары» санаттарында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленеді.
Мемлекеттік орман қорының «өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi» санатында шаруашылық қызмет Қазақстан Республикасының орман және су заңнамаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
93-бап. Мемлекеттік орман қорының жекелеген санаттағы ормандарында және таудағы ормандарда ағаш кесу ерекшелiктерi
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мемлекеттік орман қорының «егiс-топырақ қорғау ормандары» санатының толысқан және қураған сүрекдiңдерiнде; мемлекеттік орман қорының «өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi» санатының жапырақты сүрекдіңдерінде жүргізіледі.
Мемлекеттік орман қорының басқа санаттарындағы сүрекдiңдерде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге тыйым салынады.
2. Басқа мақсатта ағаш кесуге, сондай-ақ құндылығы төмен және қорғаныштық, су сақтау және басқа да экологиялық функцияларын жоғалта бастаған екпелердiң құрылымын қайта жаңғыртуға байланысты мемлекеттік орман қорының осы Кодекстiң 44-бабы 2-тармағының 1) - 6) тармақшаларында аталған санаттағы ормандарында ағаш кесу мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, тек уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жүргiзiледi.
Мемлекеттік орман қорының «халықаралық және республикалық жалпы маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулеріндегі қорғаныштық екпелерi»; «халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орман белдеулерi» санаттарында, сондай-ақ мемлекеттік табиғи резерваттардың орнықты даму аймақтары аумағындағы сүрекдiңдерде аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге және олардың жүргiзiлу ережелерiне сәйкес өзге де мақсаттарда ағаш кесуге жол берiледi.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік табиғи қорықтар ормандарында, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің және мемлекеттік қорық аймақтарының қорық режимi аймақтарында, мемлекеттік табиғи резерваттардың қорық орталығы аймақтарында, мемлекеттік орман табиғат ескерткiштерiнде және орманның гендiк резерваттарында орман қорғау iс-шараларын жүзеге асыру үшiн қажеттi санитарлық және өзге мақсаттарда ағаш кесуге ғана жол берiледi.
Аталған мақсаттарда ағаш кесу мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi органның рұқсатымен жүргiзiледi.
4. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі таудағы ормандарда осы ормандардың қорғаныштық, эрозияға қарсы және су реттеушiлiк маңызы ескерiле отырып, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәсiлдерi қолданылады.