Қазақстан Республикасының Орман кодексі
(2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен мазмұны өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара)
Мазмұны
1-бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының орман заңдары
2-бап. Осы Кодекспен реттелетін қатынастар
3-бап. Қазақстан Республикасы орман заңдарының принциптерi
4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-тарау. Орман құқығы қатынастарының объектілері мен субъектілері
5-бап. Орман құқығы қатынастарының объектiлерi
6-бап. Қазақстан Республикасының орман қоры
7-бап. Орман қорына меншiк құқығы
8-бап. Орман қорының жерлерi
9-бап. Орман ресурстары және орманның пайдалы қасиеттерi
10-бап. Орман құқығы қатынастарының субъектiлерi
2-бөлім. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау
3-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару
11-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам және мемлекеттік органдар жүйесi
11-1-бап. Орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету жүйесі
12-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
13-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыретi
14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
15-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
16-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
17-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
18-бап. Орман мекемесінің негізгі қызметі
18-1-бап. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді қамтамасыз ету саласындағы қызметінің түрлері
4-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
19-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
20-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы
21-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері
21-1-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды
3-бөлім. Орман иелену және орман пайдалану құқығы
5-тарау. Орман иелену құқығы
22-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн орман иелену құқығымен беру
23-бап. Жекеше орман иелену құқығының туындауы
24-бап. Мемлекеттік орман иеленушiлердiң құқықтары
25-бап. Жекеше орман иеленушiлердiң құқықтары
26-бап. Мемлекеттік орман иеленушiлердiң мiндеттерi
27-бап. Жекеше орман иеленушiлердiң мiндеттерi
28-бап. Орман иелену құқығының тоқтатылуы
6-тарау. Орман пайдалану құқығы
29-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығының туындауы
30-бап. Жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығының туындауы
31-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану
32-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптары
33-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының нысаны және оны мемлекеттік тiркеу
34-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзiмдi орман пайдалану
35-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткізу тәртібі
36-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануға рұқсаттама құжаттары
37-бап. Орман пайдаланушылардың мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асырған кездегi құқықтары
38-бап. Орман пайдаланушылардың мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асырған кездегi мiндеттерi
39-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтата тұру мен шектеу негiздерi
40-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтату негiздерi
41-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтату тәртібі
42-бап. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуы
4-бөлім. Орман шаруашылығын ұйымдастыру
7-тарау. Орман шаруашылығын ұйымдастыру негіздері
43-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын ұйымдастыру
44-бап. Мемлекеттік орман қорының санаттары және орман пайдалануды шектеу режимi
45-бап. Мемлекеттік орман қорын санаттарға жатқызу, бір санаттан екiншi санатқа ауыстыру, сондай-ақ ерекше қорғаныштық учаскелердi бөлу
46-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде кесу жасын белгiлеу
47-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептi кеспеағаш аймағы
48-бап. Мемлекеттік орман қоры алқаптарының түрлерi
49-бап. Орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты мақсаттарда пайдалану үшiн мемлекеттік орман қорындағы орман алқаптарын ағаш өспеген алқаптарға айналдыру
50-бап. Мемлекеттік орман қорындағы ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыру
51-бап. Мемлекеттік орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру және (немесе) мемлекеттік орман қоры жерiн мемлекет мұқтажы үшін алып қою
52-бап. Жекеше орман қоры жерiнiң мақсатты пайдаланылуын өзгерту
53-бап. Ормандардың жай-күйi мен молықтырылуына әсер ететiн объектiлер салынатын орындарды келiсу
54-бап. Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргiзу
5-бөлім. Орман орналастыру, орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры және мемлекеттік орман мониторингі
8-тарау. Орман орналастыру
55-бап. Орман орналастыру
56-бап. Орман орналастыруды жүргізу жүйесі
57-бап. Мемлекеттік орман иелiктерiнiң орман орналастыру жобалары
58-бап. Орман қоры туралы ақпарат
9-тарау. Орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры және мемлекеттік орман мониторингі
59-бап. Орман қорының мемлекеттік есебi
60-бап. Мемлекеттік орман кадастры
61-бап. Мемлекеттік орман мониторингi
6-бөлім. Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру, орман тұқым шаруашылығы
10-тарау. Орман қорын күзету мен қорғау
62-бап. Мемлекеттік орман қорын күзету мен қорғау мiндеттерi
63-бап. Орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру
64-бап. Орман шаруашылығы объектiлеріндегі мемлекеттік өрт қадағалау
65-бап. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар
66-бап. Қоғамдық өрт қауiпсiздiгi бірлестiктерiнiң орман қорын күзетуге қатысуы
67-бап. Мемлекеттік орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау
68-бап. Жеке тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктердің орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді қамтамасыз етуге қатысуы
11-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзеті
69-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзетi
70-бап. Мемлекеттік орман күзетiнiң лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтiк қорғау
12-тарау. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру
71-бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсiру мақсаттары
72-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандардың ресурстық және экологиялық әлеуетiн арттыру
73-бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөніндегі iс-шараларды жүргiзу
74-бап. Жердi орман мекемелерiне орман өсiру үшiн беру
75-бап. Орман флорасы мен фаунасын жерсiндiру
13-тарау. Орман тұқым шаруашылығы
76-бап. Орман тұқым шаруашылығының мiндеттерi
77-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі тұрақты орман тұқым базасы
78-бап. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлер
79-бап. Орман тұқымын аудандастыру
80-бап. Орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау, пайдалану және олардың сапасын бақылау
14-тарау. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін күзету, қорғау, пайдалану, жердің кейбір санаттарында ормандарды молықтыру мен орман өсіру ерекшеліктері
81-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтыру мен орман өсiру ерекшелiктерi
82-бап. Қала ормандарында орман пайдалану ерекшелiктерi
83-бап. Шекара аймақтарында мемлекеттік орман қоры учаскелерiн пайдалану ерекшелiктерi
84-бап. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға пайдалануға берiлген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану ерекшелiктерi
85-бап. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру ерекшелiктерi
86-бап. Бюджет қаражаты есебiнен өсiрiлген агроорман-мелиорациялық екпелердi күзету, қорғау және пайдалану ерекшелiктерi
87-бап. Темір жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулердегi қорғаныштық екпелердi күзету, қорғау және пайдалану ерекшелiктерi
7-бөлім. Орман қорын пайдалану
15-тарау. Орман пайдалану түрлері
88-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану түрлері
89-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану жөніндегі қызметтi лицензиялау
16-тарау. Орман пайдалануды жүзеге асыру
90-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу
91-бап. Аралық пайдалану мақсатында ағаш кесу және өзгедей мақсатта ағаш кесу кезiнде мемлекеттік орман иеленушiнiң жергiлiктi халықтың ағашқа деген қажетiн қамтамасыз етуi
92-бап. Мемлекеттік орман қорының жекелеген санаттарында орман пайдалануды шектеу
93-бап. Мемлекеттік орман қорының жекелеген санаттағы ормандарында және таудағы ормандарда ағаш кесу ерекшелiктерi
94-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау көлемi
95-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі кеспеағаш қоры
96-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау
97-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде қосалқы сүрек ресурстарын дайындау
98-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жанама орман пайдалануды жүзеге асыру талаптары
99-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде шөп шабу және мал жаю
100-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетiне пайдалану
101-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарына пайдалану
102-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи- мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану
102-1-бап. Ағаш және бұта тұқымдастарының отырғызу материалдарын және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттiк орман қоры учаскелерін пайдалану
102-2-бап. Орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде объектілер салу
103-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман биоқауымдастықтарының гендiк қорын пайдалану
8-бөлім. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық тетігі
17-тарау. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық принциптері мен әдістері. Мемлекеттік орман қорын пайдалану төлемақысы
104-бап. Орман қорын күзетудiң, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудiң экономикалық принциптерi мен әдiстерi
105-бап. Мемлекеттік орман қорынан орман пайдаланғаны үшін төлемақы
106-бап. Қазақстан Республикасы аумағының орманды өңiрлерiн ұлғайтуды экономикалық ынталандыру
107-бап. Мемлекеттік орман иеленушiлер мен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру
108-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөніндегі iс-шараларды жоспарлау
18-тарау. Орман шаруашылығын қаржыландыру
109-бап. Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру көздерi
110-бап. Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды бюджет қаражатынан қаржыландыру
111-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
112-бап. Орман мекемелерінің ақылы қызметтерінен түскен қаражаты
18-1-тарау. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау
112-1-бап. Жекеше орман өсірудің мемлекеттік қолдауға жататын бағыттары
112-2-бап. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау субъектілері
112-3-бап. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау және оны жүзеге асыру мерзімдері
9-бөлім. Қазақстан Республикасының орман заңдары саласындағы заң бұзушылықтар
19-тарау. Қазақстан Республикасының орман заңдары саласындағы заң бұзушылықтар
113-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар
114-бап. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
115-бап. Мемлекеттік орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтарды қайтару
116-бап. Орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн жойғаны немесе зақымдағаны үшiн жауаптылық
20-тарау. Қорытынды ережелер
117-бап. Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, орман өсiру мен орман пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық
118-бап. Осы Кодекстi қолданысқа енгізу тәртібі
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша:
«(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылды,
«мемлекет қажеттiктерi үшін», «мемлекет қажетіне», «мемлекет қажеті үшін» деген сөздер «мемлекет мұқтажы үшін» деген сөздермен ауыстырылды,
«мәдени-сауықтыру, рекреациялық» деген сөздер «сауықтыру, рекреациялық, тарихи- мәдени» деген сөздермен ауыстырылды,
«Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне», «Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiнде», «Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актiсiне» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне», «Қазақстан Республикасының Жер кодексінде» деген сөздермен ауыстырылды,
«облыстық атқарушы орган», «облыстық өкiлдi органдардың», «облыстық атқарушы органдар», «облыстық атқарушы органның», «Облыстық атқарушы органның», «облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстық өкiлдi органның» және «облыстық атқарушы органның ұсынуы бойынша облыстық өкiлдi орган» деген сөздер тиісінше «облыстың жергілікті атқарушы органы», «облыстың жергілікті атқарушы органымен», «облыстың жергілікті өкiлдi органының», «облыстың жергілікті атқарушы органдары», «облыстың жергілікті атқарушы органының», «Облыстың жергілікті атқарушы органының», «облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың жергілікті өкiлдi органының» және «облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың жергілікті өкiлдi органы» деген сөздермен ауыстырылды,
«мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен», «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен» деген сөздер «бюджет қаражаты есебiнен», «Бюджет қаражаты есебiнен» деген сөздермен ауыстырылды,
«жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» деген сөздер «жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
1-бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының орман заңдары
1. Қазақстан Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Өсiмдiктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесiн, су объектілерін, жер қойнауын, жердi, атмосфералық ауаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен реттеледi.
3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-бап. Осы Кодекспен реттелетін қатынастар
1. Осы Кодекс орман қорын иелену, пайдалану, оған билiк ету жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ орман қорын күзетудiң, қорғаудың, молықтырудың, оның экологиялық және ресурстық әлеуетiн көтерудiң, оны ұтымды пайдаланудың құқықтық негiздерiн белгiлейдi.
2. Орман құқығы қатынастарын реттеу орман биосфераның ғаламдық экологиялық, әлеуметтiк және экономикалық мәнi бар аса маңызды компоненттерiнiң бірi болып табылатыны негiзге алына отырып жүзеге асырылады.
3-бап. Қазақстан Республикасы орман заңдарының принциптерi
Қазақстан Республикасының орман заңдары:
1) ормандардың климатты реттейтiн, орта түзетiн, егiс-топырақ қорғау, су сақтау және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын жалпымемлекеттік мәнiн мойындау;
2) ормандарды тұрақты дамыту (Қазақстан Республикасының орманды аумақтарын тұрақты ұлғайту);
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) ормандардың, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінiң, мәдени және табиғи мұраның биологиялық әралуандығын сақтау;
4) ормандарды көп мақсатқа пайдалану;
5) орман ресурстарын ұтымды, үздiксiз, сарқылмайтындай етiп пайдалану;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау;
7) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мен алынған сүректi қайта өңдеудi жүзеге асыру функцияларынан орман пайдалануды реттеу функцияларының ара жiгiн ажырату;
8) Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзудан келтiрiлген залалдың орнын толтыру;
9) орман ресурстарын ақылы пайдалану;
10) орман қорының жай-күйi туралы ақпараттың қол жетiмдiлiгi;
11) халықтың және қоғамдық бірлестiктердiң орман қорын күзетуге және қорғауға қатысу принциптерiне негiзделедi.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агроорман-мелиорациялық екпе - ауыл шаруашылығы үшiн қолайсыз табиғи факторлардың әсерiн азайтуға мүмкiндiк беретiн қорғаныштық орман екпесi;
2) ағаш және бұта тұқымдыларының селекциясы (орман селекциясы) - шаруашылық және өзге де құндылығы бар орман тұқымдыларының түрлерi мен сорттарын табиғи популяция арқылы iрiктеу немесе қолдан өсiру жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
3) ағашы кесiлген жер - екпе ағашы кесiп алынған, ал орманның жаңа түптерi әлi көтерiле қоймаған орман алаңы;
4) ағаштың заңсыз кесілуі - Қазақстан Республикасының орман қорында ағаштар мен бұталарды, оның ішінде табиғи, антропогендік және техногендік факторлардың салдарынан зақымданған және жойылған ағаштар мен бұталарды: ағаш кесу билетінсіз; ағаш кесу билеті бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларын бұзып, ағаш кесу билетінде белгіленген мерзімдерді сақтамай кесу; есепті кеспеағаш аймағынан асып түсетін мөлшерде кесу;
5) алаңқай жерлер - ағашы жоқ, бiрақ орман өсiмдiктерiнiң элементтері сақталған орман алаңы;
6) аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу - орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, iрiктеп санитариялық мақсатта ағаш кесу, құндылығы төмен орман екпелерін, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларынан айырылған екпелерді қайта жаңғыртуға байланысты кесу, жекелеген талшыбықтарды кесу;
7) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер - өнеркәсiптiк, энергетикалық, тағамдық және өзге де мақсаттар үшiн қолдан өсiрiлетiн екпелер;
8) артықшылығы бар ағаш - дәл сондай орман өсiру жағдайларында өзiмен қатар өсiп тұрған, өзiмен бiр жастағы және бiрдей фенологиялық нысандағы айналасындағы ағаштардан бiр немесе бiрнеше шаруашылық жағынан құндылық белгiлері мен қасиеттерi бойынша айтарлықтай асып түсетiн ағаш;
9) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаттары - артықшылығы бар ағаштардың гендiк қорын сақтау және тұқым қуалау қасиеттерiн зерттеу мақсатында олардың вегетативтік тұқымдарын пайдалану арқылы өсiрiлген екпелер;
10) артықшылығы бар екпе - орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайларында өнiмдiлiгi жоғары және тұрақты екпе;
11) аса құнды орман алқаптары - тұқымдық құрамы бойынша сирек кездесетiн және эндемиктiк тұқымдар бар бiрегей орман; өнiмдiлiгi мен гендiк сапасы бойынша бiрегей ормандар; күрделi табиғи жағдайларда маңызды қорғаныштық функциялар орындайтын ормандар;
12) аэрофототүсірілім - жер иеліктерінің шекарасын картаға түсіру, анықтау; қоршаған ортаны зерттеу мен оның мониторингі үшін аэрофотосуреттерді пайдалану мақсатында аэрофотоаппараттың көмегімен әуе кемелерінен және басқа да ұшу аппараттарынан аумақты фотосуретке түсіру;
13) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу - сүрек дайындау үшiн толысқан және қураған сүрекдiңдердi кесу;
14) биологиялық әралуандық - белгiлi бiр аумаққа тән өсiмдiктер мен жануарлар организмдерiнiң жиынтығы;
15) биоценоз - белгiлi бiр, салыстырмалы түрде бiртектi жер учаскесiн немесе су айдыны учаскесiн мекендейтiн және өзара қарым-қатынастағы өсiмдiктердiң, жануарлар мен микроорганизмдердің жиынтығы;
16) гендiк қор - дарақтардың бiр тобы гендерiнiң (популяциялардың, популяциялар тобының немесе түрлердiң) олардың белгiлi бiр ұшырасу жиiлiгiмен сипатталатын шектегi жиынтығы;
17) географиялық дақылдар - жаңа жағдайларда сынақтан өткiзу мақсатымен бiрнеше экотиптердiң (климатиптердiң) неғұрлым тән популяцияларының тұқымдық ұрығынан арнаулы әдiстемелер бойынша өсiрiлетiн тәжiрибелiк дақылдар;
18) дериват - туынды өсімдік және одан немесе оның туындысынан жасалған өнім;
19) зияндылықтың экономикалық шегi - орман ресурстарына келтiрілген залал құны бойынша осы зиянкестермен күресуге жұмсалатын шығыннан артып кететiн орман зиянкестерiнiң тығыздығы;
20) кемiстiгi бар екпе - орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайлары үшін шығымдылығы төмен және сапасы нашар екпе;
21) кеспеағаш аймағы - ағаш кесудiң барлық түрлерi үшiн бөлiнген немесе ағаштары кесiлу сатысындағы орман учаскесi;
22) кеспеағаш аймағын бөлу - шекараны нақтылы және кеспеағаштарды таксациялай отырып айқындау, кесуге жатқызылған ағаштарға белгi соғу, кеспеағаш аймағында есепке алынған сүректердi заттай және ақшалай бағалау жөнiндегi iс-шаралар;
23) кеспеағаш аймағынан тыс қоқыс - кеспеағаш аймағынан тыс жерде жатқан және өнеркәсiптiк мақсаттарда дайындалмайтын ағаштың (дiңдердiң және бұтақтардың) табиғи құлап, үзiлiп түсуi;
24) кесу жасы - сүрекдiңдердiң толыса бастаған санатынан толысқан санатына өтуден басталатын және басты пайдалану мақсатында кесуге болатын жасы;
25) кесiлмеген ағаш - кесуге арналған, бiрақ ағаш кесу билетiнде көзделген мерзiмде кесiлмеген орман ағаштары немесе учаскелерi;
26) қала ормандары - қалалық елдi мекеннің шекарасында өсетін және мемлекеттік орман қоры құрамына енетін, негізінен санитариялық-гигиеналық және рекреациялық функцияларды орындайтын табиғи және (немесе) қолдан өсірілген екпелер;
27) қалыпты екпе - орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайында өнiмдiлiгi жоғары және орташа, сапасы жақсы және орташа екпе;
28) қосалқы сүрек ресурстары (материалдары) (бұдан әрi - қосалқы сүрек ресурстары) - ағаштар мен бұталардың қабықтары, бұтақтары, томарлары, тамырлары, жапырақтары, бүршiктерi;
29) мемлекеттiк орман қоры алқабы - орман орналастыру кезiнде орман қорын мемлекеттiк есепке алу, арнайы картаға түсiру және орман шаруашылығы iс-шараларын жоспарлау мақсатында мемлекеттiк орман қоры құрамында бөлiнетiн жер учаскелерi;
30) мемлекеттiк орман қорының санаты - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бөлiнген мемлекеттiк орман қорының ерекше қорғалатын, су сақтау, санитариялық-гигиеналық, рекреациялық, ғылыми немесе өзге де арнайы мақсаттағы, аумағында орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдаланудың ерекше режимi белгiленген бiр бөлiгi;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
31) мемлекеттiк орман орналастыру ұйымы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
32) орман - ағаш пен бұта өсiмдiктерiнiң және тірі табиғаттың басқа да компоненттерiнiң жиынтығы негiзiнде белгiлi бiр аумақта қалыптасатын, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк мәнi бар табиғи кешен;