19) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және ұстау тәртібін бекітеді;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21) салалық көркемдік кеңестер құрады және олар туралы ережелерді бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 21-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-1) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
22) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясы туралы үлгілік ережені бекітеді;
23) Мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөніндегі сарапшы комиссия туралы ережені бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 23-1), 23-2), 23-3), 23-4), 23-5) және 23-6) тармақшалармен толықтырылды
23-1) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
23-2) мәдениет ұйымдары желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын бекітеді;
23-3) фильмге прокаттау куәлігін беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
23-4) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
23-5) мәдениет және өнер саласындағы барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
23-6) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;
24) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25) өз құзыреті шегінде республика (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіреді, меншік нысандарына қарамастан, мәдениет мәселелері бойынша шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
27) музыка және театр өнері саласында репертуарлық саясатты үйлестіреді;
28) көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру ережесі мен тәртібін әзірлейді және бекітеді;
29) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі бойынша сарапшы комиссия құрады;
30) отандастармен мәдени байланыстардың дамуына жәрдемдеседі.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 31) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
31) Фильмдердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 32) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
32) фильмдерге прокаттау куәліктерін береді және оларды сот тәртібімен кері қайтарып алады;
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 33) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
33) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізеді;
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 34) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
34) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізеді;
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 35) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
35) фильмнің индексін айқындау критерийлерін әзірлейді және бекітеді;
2012.12.01. № 537-IV ҚР Заңымен 35-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 35-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35-1) тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, тауарлардың шығарылған жерлерінiң атауларын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұрау салуына сәйкес Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылатын белгiленімдерді тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауарлардың шығарылған жерлерінiң атаулары ретінде пайдалану үшін келiседi не келiсуден бас тартады;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 35-2), 35-3), 35-4), 35-5), 35-6) және 35-7) тармақшалармен толықтырылды
35-2) мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
35-3) мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;
35-4) Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;
35-5) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
35-6) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
35-7) мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын әзірлейді және оларды жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 36) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
36) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананыңжергілікті атқарушы органының құзыреті
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) театр, музыка және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі, кітапхана және музей ісі саласында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) театр, цирк, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
4) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
4-1) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құрады және ол туралы ережені бекітеді;
7) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;
8) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
9) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
10) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
10-1) уәкілетті органмен келісе отырып облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын тағайындайд
11) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
12) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;
13) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;
14) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» мәртебесін береді.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды
14-2) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14-3) тармақшамен толықтырылды
14-3) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті
Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы:
1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
4) 2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
6) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
7) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
9) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» мәртебесін бередіж
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды; 2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 9-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-1-бап. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібі
1. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2. Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық ішкі істер органдары мен мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі.
3. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыру комитеттерін құрады, олар осы іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатыстырылған ұйымдардың қызметін үйлестіреді.
4. Жеке тұлғалар мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күрделендіретін құрылыстарды, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындарды пайдалану және өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын, оның ішінде мiнберлердің тіреуіш конструкцияларының ескіруі, мінбер астындағы үй-жайларда жанатын қауіпті заттар мен материалдардың орналастырылуы, авариялық жарық берудің және эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе олардың ақаулы болуы бөлігінде бұзушылықтар, сондай-ақ өрттің туындауына әкеп соғуы мүмкін электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздік жағдайларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, ішкі істер органдары не халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган енгізетін ұсыну бойынша жергілікті атқарушы органдар қауіпсіздік жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейін осындай іс-шараларды өткізуге тыйым салады.
5. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар:
1) жеке тұлғалардың қауіпсіздігі, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындардың, оның ішінде олардағы мүліктің сақталуы үшін жағдайлар жасауға, сондай-ақ ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде жәрдемдесуге;
2) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындармен шекаралас аумақтың абаттандырылуы бұзылған жағдайда, оны қалпына келтіруді қамтамасыз етуге;
3) іс-шара өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей - көрермендердің болжалды саны туралы, күнтізбелік бір күн бұрын - сатылған билеттердің, берілген рұқсаттамалардың, оның ішінде көлік құралдарына рұқсаттамалардың, сондай-ақ ішкі істер және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына, мүгедектердің көлік құралдарына арналған тұрақ орындарының саны туралы жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беруге;
4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда көрермендердің жүріс-тұрыс қағидаларын орналастыруға міндетті.
6. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтiрілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеледі.
3-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 10-баптың 1-тармағының орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді
10-бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы шығармашылық қызметке құқықтары
1. Азаматтардың өз қабілеттеріне сай бұл қабілетін жұмсау саласын, іске асыру нысандарын өздігінен таңдау және кәсіби білім алу жолымен шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар.
Шығармашылық қызметпен айналысу кәсіби негізде де, кәсіби емес (әуесқой) негізде де жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Азаматтарды мәдени құндылықтарға баулу құқығы қамтамасыз етіледі. Осы құқықтың шектелуі ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимімен ғана айқындалуы мүмкін.
3. Кәсіби және кәсіби емес (әуесқой) шығармашыл қызметкерлер зияткерлік меншік, өз еңбегінің нәтижелеріне иелік ету еркіндігі, мемлекеттің қолдауы құқықтары саласында тең құқылы.
Азаматтардың кәсіби және кәсіби емес (әуесқой) шығармашылық қызметі ұжымдық немесе жеке негізде жүзеге асырылады.
4. Әрбір азаматтың мәдени құндылықтардың меншік иесі болуға құқығы бар. Жеке меншікті алу, пайдалану және оған иелік ету Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
5. Әрбір азаматтың өзінің шығармашылық қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдерге шығарып, көрмелер ұйымдастыруға немесе өзге де жолдармен ұсынуға және іске асыруға құқығы бар.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-бап. Жеке тұлғалардың мәдениет саласындағы құқықтары мен міндеттері
1. Жеке тұлғалардың ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін кезде әртүрлі нышанды және жеке-дара пікірін жария білдірудің Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де құралдарын пайдалануға құқығы бар.
2. Жеке тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға;
2) мәдени құндылықтарды сақтауға қамқорлық жасауға;
3) қазақ халқының және этностық топтардың ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді құрметтеуге;
4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар және мәдениет саласындағы өзге де іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауға;
5) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті бұзуға арандататын әрекеттерге жол бермеуге, айналадағыларға қауіп туғызатын құқыққа қарсы акциялар жасамауға міндетті.
3. Жеке тұлғаларға:
1) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып кіруге;
2) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта сахналарға, ареналарға, төсеніштерге, оркестр ұраларына, сондай-ақ көрермендер орналасқан орындарға адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін кез келген заттарды лақтыруға;
3) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта шарбақтар мен қоршаулардың, турникеттердің шегінен өз бетімен шығуға;
4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке тұлғалардың құқықтарын кемсітетін плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрінетін заттарды пайдалануға тыйым салынады.
12-бап. Мемлекеттің азаматтардың мәдениет саласындағы қызмет құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері
1. Мемлекет мәдени өмірге қатысу, мәдени құндылықтарға қол жеткізу, мәдениет және өнер мамандықтары бойынша білім алу құқықтарын қамтамасыз ету жолымен азаматтардың мәдениет саласындағы қызмет құқықтарына кепілдік береді.
2. Мемлекеттік органдар бұқаралық ақпарат құралдарында және мәдениет ұйымдарында Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасын насихаттауға ықпал етеді.
2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды
12-1-бап. Мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар
Мемлекеттік мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етудің ең төмен әлеуметтік стандарты және мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз етудің ең төмен әлеуметтік стандарты «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
4-тарау. ШЫҒАРМАШЫЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ
КӘСІБИ ЕМЕС (ӘУЕСҚОЙ) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
13-бап. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-бап. Шығармашыл қызметкердің және мәдениет қызметкерінің құқықтары мен міндеттері
1. Шығармашыл қызметкердің:
1) жария етілуі немесе жоғалуы өзінің шығармашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе келтіруі мүмкін ақпаратты қорғауға;
2) өз қызметіне үшінші тұлғаларды тартуға;
3) мәдениет саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысуға;
4) шығармашылық және кәсіби мүдделері бойынша қоғамдық бірлестіктерге, қауымдастықтарға және одақтарға кіруге;
5) шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін мұрағаттарға, кітапханаларға, музейлерге және басқа да мәдениет ұйымдарына еркін баруына құқығы бар.
2. Мәдениет қызметкері:
1) кәсіптік, шығармашылық одақтарға және басқа да қоғамдық бірлестіктерге кіруге;
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) кәсіби қызметін, оның ішінде қайырымдылық көмекті тарту есебінен де жүзеге асыру үшін жағдайлардың қамтамасыз етілуіне;
3) егер мемлекеттік емес мәдениет ұйымының қызметкері болса, мемлекеттік бюджет немесе жұмыс берушінің есебінен біліктілік деңгейін арттыруға;
4) мемлекеттік бюджеттің немесе жұмыс берушінің қаражаты есебінен қайта даярлықтан өтуге;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша және үстеме ақыға құқығы бар.
3. Шығармашыл қызметкер және мәдениет қызметкері өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
15-бап. Шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін әлеуметтік қорғау
1. Қызметі зиянды (айрықша зиянды) еңбек жағдайларымен, қатерге бас тігумен және кәсіптік аурулар қаупімен байланысты шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін әлеуметтік қорғау және сақтандыру, сондай-ақ оларды зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар тағайындалады.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-бап. Шығармашылық одақтар
1. Мәдениет саласындағы бірлескен күш-жігерді талап ететін шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін ерікті негізде шығармашылық одақтар құрылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасында республикалық, өңірлік және жергілікті шығармашылық одақтар құрылып, жұмыс істеуі мүмкін.