26) әскери басқарудың жергілікті органдары туралы ереженi бекітеді;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 26-1), 26-2), 26-3), 26-4), 26-5), 26-6), 26-7), 26-8), 26-9), 26-10), 26-11), 26-12), 26-13), 26-14), 26-15), 26-16), 26-17), 26-18), 26-19), 26-20), 26-21) жəне 26-22) тармақшалармен толықтырылды
26-1) дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің жəне өзге де əскери-геральдикалық белгілердің, əскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, əскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық жəне басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру жəне Қарулы Күштер əскери қызметшілерінің тағып жүру тəртібін бекітеді;
26-2) Қарулы Күштердің əскери қалашықтары мен оқу орталықтары аумағында орналасқан объектілерде ветерина- рия жəне санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы ішкі бақылауды жүзеге асырады;
2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен 26-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-3) уəкілетті мемлекеттік орган басшысының ұсынуы бойынша Қарулы Күштердің əскери бөлімдеріне жəне ұйымдарға, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен әскери бөлімдеріне, ұлттық қауіпсіздік органдарына, сыртқы барлау саласындағы уəкілетті органға, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери бөлімдеріне шартты атаулар береді;
26-4) əскери бөлімдер мен ұйымдарға нақты жəне шартты атаулар беру жəне Қарулы Күштерде хат-хабар алмасу кезінде оларды қолдану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 26-5) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26-5) аумақтық əскерлер туралы ережені, аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын қамтамасыз ету және ұстау қағидаларын, аумақтық қорғаныс мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып аумақтық əскерлерге басшылықты жүзеге асырады, орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғаныс мəселелері бойынша ақпарат беру тəртібі мен мерзімдерін айқындайды;
26-6) Қарулы Күштерде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-7) Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының əскери қызметшілеріне қызметтік куəлік беру қағидаларын жəне оның сипаттамасын əзірлейді жəне бекітеді;
26-8) Қарулы Күштердегі қаржылық жəне шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-9) Қарулы Күштерде жұмылдыру, жедел жəне жауынгерлік дайындық, шифрланған, кодталған, құпияландырылған байланыс, мемлекеттік құпияларды қорғау, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;
26-10) Қарулы Күштердің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында зымырандарды жəне оқ-дəріні сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды əзірлейді жəне бекітеді;
26-11) қару мен оқ-дəрінің ұрлануы, жоғалуы не əскери қызметшінің əскери бөлім орналасқан жерді қаруымен өз бетінше тастап кетуі туралы ақпаратқа Қарулы Күштердің əскери бөлімдері қолбасшылығының жəне əскери полиция органдарының ден қою қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-12) Қарулы Күштерде əскери-тарихи жəне мəдени жұмысты ұйымдастырады;
26-13) бастапқы əскери дайындық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-14) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша əскери дайындық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-15) əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 26-16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-16) запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлық қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26-17) Қорғаныс министрлігінің əскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-18) денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əскери интернатурадағы дайындық қағидаларын жəне мамандықтар тізбесін əзірлейді жəне бекітеді;
26-19) қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді, оның ішінде қорғаныстық зерттеулерді ұйымдастырады жəне үйлестіреді;
26-20) білім беру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əскери оқу орындары мен əскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру жəне пайдалану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-21) шетелдік əскери оқу орындарында даярлау үшін Қарулы Күштердің əскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-22) Қарулы Күштердегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 26-23) тармақшамен толықтырылды
26-23) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әскери кафедрасын құру және тарату туралы шешім қабылдайды;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 26-24) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
26-24) меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 26-25) тармақшамен толықтырылды
26-25) Қарулы Күштерді метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша қағидалар мен нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 26-26), 26-27) және 26-28) тармақшалармен толықтырылды
26-26) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26-27) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26-28) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін әзірлейді;
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 26-29) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
26-29) əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілген əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын әзірлейді;
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 26-30) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
26-30) әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторының жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 26-31) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
26-31) арнаулы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілерін қоспағанда, әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілетін әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
23-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының функциялары
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы:
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жедел-стратегиялық жоспарлауды, Қарулы Күштердің жауынгерлік жəне күнделікті қызметін қолдану мен оған басшылықты жүзеге асырады, олардың жауынгерлік құрамын айқындайды;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын әзірлейді;
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын әзірлейді, әскерлерді жоспарлауды, дайындауды және жұмылдыра өрістетуді жүзеге асырады;
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштердің жұмылдыру жоспарын әзірлейді;
4) Қарулы Күштердi жауынгерлік және жұмылдыру даярлығында ұстап тұру жөніндегі iс-шараларды ұйымдастырып, жүргізеді;
5) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн күзету мен қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) қорғанысты ұйымдастыру саласында Қарулы Күштердің басқа да əскерлермен жəне əскери құралымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады жəне жүзеге асырады;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1) Қарулы Күштерді қолдану қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидаларын және Қазақстан Республикасының қорғанысын жоспарлау қағидаларын әзірлейді;
7) 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) аумақтық қорғаныс жоспарларын əзірлеуді, аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға қатысатын күштер мен құралдардың іс-қимылдарын үйлестіреді;
9) Қарулы Күштердi мерзiмдi қызметтің әскери қызметшілерiмен, келiсім-шарт бойынша жасақтауды және азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастырып, жүргізедi;
10) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың шет мемлекеттердiң қарулы күштерiмен бiрге жедел қолданылуын және өзара iс-қимылының жоспарын әзірлеуге қатысады;
10-1) 2020.29.05. № 337-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) кадрларды орналастыруды және әскери атақтар берудi жүзеге асырады, Қорғаныс министрінің қарауына номенклатураға сәйкес лауазымдарға тағайындау және әскери атақтар беру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) Қарулы Күштердi қару-жарақ, әскери техника мен басқа да қажетті материалдық құралдар түрлерiмен қамтамасыз етудi, оларды пайдалануды, сақтауды, есепке алуды, есептен шығаруды және кәдеге жаратуды ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, сондай-ақ бейбiт уақытта әскерлердi жұмылдыруды өрiстету үшiн осы құралдардың запастарын жинақтауды және орналастыруды жоспарлайды;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) Қарулы Күштерге əскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізуді ұйымдастырады;
13) Қарулы Күштерде әскери ғылымды дамыту бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) жеке құрамның жоғары жауынгерлiк жəне моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында əскерлерді моральдық-психологиялық жəне идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
15) әскерлер қызметіне байланысты экологиялық қауіпсiздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегі iс-шараларды жүргізедi;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды
15-1) Қарулы Күштерде шифрланған, кодталған, құпияландырылған байланысты, мемлекеттік құпияларды қорғауды, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарулы Күштердi қолдану және оны басқару, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен өзара iс-қимылды жоспарлау саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы соғыс уақытында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығы Ставкасының жұмыс органы болып табылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 23-1-баппен толықтырылды
23-1-бап. Қарулы Күштердің түрлері
Қарулы Күштердің түрлері:
1) Қарулы Күштерді қолдануды стратегиялық жоспарлау шеңберінде Қарулы Күштердің түрін жедел-стратегиялық жоспарлауды жүзеге асырады;
2) əскери басқару органдарының, əскерлер (күштер) түрінің жауынгерлік, жұмылдыру əзірлігін жəне жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз етеді;
3) əскери басқару органдарын, əскерлер (күштер) түрін дайындауды ұйымдастырады;
4) əскерлердің моральдық-психологиялық дайындығын, əскерлер (күштер) түрінде əскери тəртіптің жəне құқық тəртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
5) əскерлер (күштер) түрінде алға қойылған міндеттердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 23-2-баппен толықтырылды
23-2-бап. Əскери атташелер аппараты
1. Əскери атташелер аппараты Қарулы Күштердің қарамағында жəне штат санында болады.
2. Шет мемлекетте əскери атташелер аппаратында əскери қызмет өткеріп жүрген əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында көзделген дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитет, еңбекке ақы төлеу жəне оның шарттары, əлеуметтік қамсыздандыру жəне медициналық қамтамасыз ету мəселелерінде дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің тиісті лауазымдарына теңестіріледі.
3. Əскери атташелер аппаратының қызметін қаржыландыру қорғаныс мұқтажы үшін бөлінген бюджет қаражаты есебінен, теңестірілген лауазымдар бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында белгіленген көлемде жəне тəртіппен жүзеге асырылады.
4. Əскери атташелер аппараты əскери қызметшілерінің лауазымдарын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелер персоналына теңестіру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жəне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірлескен шешімімен жүзеге асырылады.
24-бап. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерi
1. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері:
1) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады;
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) ұсынылған қайырымдылық көмектi, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберiнде көрсетiлетiн көмектi алуға және пайдалануға құқылы.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қарулы Күштердің спорт, мәдениет, әуежай қызметі саласында, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін және өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тəртіппен пайдалануға құқылы.
Қарулы Күштердің жылу энергиясын өндіру, беру, тарату жəне (немесе) онымен жабдықтау саласында, сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру саласында маманданатын мемлекеттік мекемелерi өздерінің жарғылық мақсаттарына сəйкес келетін жəне өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге құқылы. Осындай көрсетілетін қызметтердi өткізуден түсетін кірістер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджетке есепке жатқызылуға тиіс.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Қарулы Күштердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқылы.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Қарулы Күштердiң мəдениет аясында жəне спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемесiнің бірінші басшысының ұсынысы негізінде ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекітеді.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Қорғаныс министрлігі ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің жанынан олар орналасқан жерден тыс, уəкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер құруы мүмкін.
Өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілеген өкілеттіктердің бір бөлігін орындайды.
25-бап. Қарулы Күштердiң орналастырылуы
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қарулы Күштердің орналастырылуы Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қарулы Күштерге пайдалануға берiлген аумақтар шегіндегі құрамалардың, әскери бөлiмдердiң қайта орналастырылуы Қазақстан Республикасының Президенті бекiткен жоспарға сәйкес Қорғаныс министрінің шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
3. Қарулы Күштердiң құрамалары мен әскери бөлiмдерiнiң Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналастырылуына Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар негізiнде жол берiледi
26-бап. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар
1. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды құру, басқару және олардың қызметi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қорғаныс мақсатында:
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын әзірлеуге қатысады;
2) Қарулы Күштермен бiрлескен iс-қимылдарға даярлықты ұйымдастырады;
3) азаматтарды әскери қызметке даярлауға қатысады;
4) аумақты қорғанысқа жедел жабдықтау жөнiндегі iс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының қорғанысты ұйымдастыру мəселелерi бойынша нұсқауларын уəкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен айқындалған тəртіппен орындайды;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Қарулы Күштермен бірлескен жедел жəне жұмылдыру дайындығына тартылады.
3. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жабдықтау нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілетін әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін әзірлейді және Қорғаныс министрлігіне бекітуге енгізеді.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы арнаулы мемлекеттік органдардың шешімі бойынша әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторының қызмет көрсетуіне жатқызылуы мүмкін.
Әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілетін арнаулы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
27-бап. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда заңдылықтың сақталуын қадағалау, құқық тәртібін қамтамасыз ету және әскери қызметшілерді құқықтық қорғау
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты әскери прокурорлар жүзеге асырады.
2. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметшілердi құқықтық қорғауды, азаматтық және қылмыстық iстердi қарауды соттар жүзеге асырады.
3. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда құқық тәртібін қамтамасыз етудi, алдын ала анықтау бойынша iс жүргізудi Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өз құзыреті шегінде әскери полиция жүзеге асырады.
2011.18.04. № 429-IV ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-тарау. СОҒЫС КЕЗI. СОҒЫС ЖАҒДАЙЫ. ЖҰМЫЛДЫРУ.
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС. АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС.
Тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан
28-бап. Соғыс кезi
1. Соғыс кезін Қазақстан Республикасына басқа мемлекет (мемлекеттер тобы не коалициясы) қарулы шабуыл жасаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Парламентi жариялайды.
2. Соғыс кезi жарияланған немесе соғыс қимылдары нақты басталған сәттен бастап соғыс уақыты басталады, ол соғыс қимылдарын тоқтату туралы хабарланған кезден бастап аяқталады, бiрақ соғыс қимылдары нақты тоқтатылғаннан бұрын аяқталмайды.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
29-бап. Соғыс жағдайы және жұмылдыру
1. Соғыс жағдайы режимi, жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасының тиiстi заңнамалық актілерiмен айқындалады.
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Соғыс жағдайы кезеңінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, сондай-ақ оның құрамына кіретін Ұлттық ұланы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Авиация қызметі, Шекара академиясы және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын өзге де бөлімшелері, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдері және арнаулы құралымдар соғыс кезiнiң жариялануына қарамастан, агрессияға тойтарыс беру жөнiнде ұрыс қимылдары мен өзге де ic-қимылдарды жүргізеді.
30-бап. Азаматтық қорғаныс
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық қорғаныс Қазақстан Республикасының халқын және аумағын қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерiнен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында ұйымдастырылады.