14) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметін бақылауды;
15) ұжымдық қауіпсiздік және бiрлескен қорғаныс мақсатындағы халықаралық ынтымақтастықты;
16) қорғаныс саласындағы өзге де iс-шараларды қамтиды.
2. Қорғаныс мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери мiндеттілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мiндеттердiң өзге де түрлерi белгіленедi.
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Әскери қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді мемлекеттің әскери ұйымы шешеді.
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар және ұйымдар Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды.
5. Жер, орман, су және басқа да табиғи ресурстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғаныс мұқтажы үшiн берiледi.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерiне бекiтiліп берiлген мүлiк республикалық меншік болып табылады.
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ,
ПАРЛАМЕНТIНIҢ ЖӘНЕ ҮКIМЕТIНIҢ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ӨКIЛЕТТIКТЕРI
5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қорғаныс саласындағы өкілеттігі
1. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Күштерiнің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Президентi:
1) Қазақстан Республикасы әскери саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) Қазақстан Республикасының Əскери доктринасын, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын, сондай-ақ əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері жөніндегі тұжырымдамаларды бекiтеді;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидаларын және Қазақстан Республикасының қорғанысын жоспарлау қағидаларын бекітеді;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын бекітеді;
2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) әскери жоспарлау жүйесін бекітеді;
4) Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) Қарулы Күштердің құрылымын, штат санының лимитін бекітеді;
2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) осы Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындау үшін бұл туралы Республика Парламентін дереу хабардар ете отырып, Қарулы Күштердi қолдану туралы шешімдер қабылдайды;
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) жоғары әскери атақтар береді;
8) Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылығын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) әскери ант мәтінін, жалпы әскери жарғыларды, әскери қызметті өткеру ережесін, әскери нышандарды, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери киім нысаны мен айырым белгілерiн бекітедi;
10) Қазақстан Республикасының қорғаныс және әскери ынтымақтастық саласында келiссөздер жүргізедi және халықаралық шарттарға қол қояды;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару, жұмылдыру бойынша, соғыс уақытында әскери қызметке шақыру, сондай-ақ әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға, оның ішінде төтенше жағдай режимін енгізу және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында шақыру туралы шешiм қабылдайды;
12) Парламент палаталарының бiрлескен отырысының қарауына Қарулы Күштерді бейбiтшіліктi қолдау және қауiпсiздiк жөніндегі халықаралық мiндеттемелердi орындау үшін пайдалану туралы ұсыныс енгізедi;
13) Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше немесе соғыс жағдайын енгізедi, iшiнара немесе жалпы жұмылдыру жариялайды және бұл туралы Республика Парламентін дереу хабардар етеді;
14) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады
6-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнің қорғаныс саласындағы өкілеттіктері
Қазақстан Республикасының Парламентi:
1) Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңдар қабылдайды, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізедi;
2) соғыс және бiтім мәселелерiн шешедi;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Қарулы Күштердi бейбiтшiлiктi қолдау және қауiпсiздiк жөніндегі халықаралық мiндеттемелердi орындау үшін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
4) әскери атақтарды белгілейдi;
5) қорғаныс және әскери ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегі халықаралық шарттарды бекітеді және күшiн жояды;
6) қорғаныс және Қарулы Күштер мәселелерi бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзедi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің қорғаныс саласындағы өкiлеттiктерi
Қазақстан Республикасының Үкiметі:
1) мемлекеттің әскери саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді, республиканың қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асырады;
2) Қорғаныс министрлiгiнiң, өзге де орталық және жергілiкті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
3) - 5) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) әскери оқу орындарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;
7) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттiк мекемелерiнiң мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі мен шарттарын айқындайды;
8) Қарулы Күштерді, басқа әскерлер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен, әскери техникамен және материалдық-техникалық ресурстармен жарақтандыруды және қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1) əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторын айқындайды;
9) - 11) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жабдықтау нормаларын әзірлеу тәртібін бекітеді;
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) аумақты Қазақстан Республикасының қорғанысы мүдделерінде жедел жабдықтау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіне және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидаларын бекітеді;
14-1) 2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) əскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың санаттары мен санын айқындайды;
16) әскери оқытылған резервті құруға және даярлауға жалпы басшылықты жүзеге асырады, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтауға мемлекеттік тапсырысты бекiтедi;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) мемлекеттің азаматтық жəне аумақтық қорғанысын жоспарлауды жəне оларға жалпы басшылықты жүзеге асырады;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жердi, орманды, суды және басқа да табиғи ресурстарды қорғаныс мұқтаждықтары үшін беру және пайдалану тәртiбiн айқындайды;
19) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20) тармақша жаңа редакцияда
20) әскери және әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша халықаралық келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды;
21) қорғаныс мұқтаждықтары үшiн жеке және заңды тұлғалардан реквизицияланған, сондай-ақ берiлген мүліктің құнын мемлекеттің өтеу тәртібiн айқындайды;
22) әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару тәртiбін белгілейдi;
23) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24) меншік нысандарына қарамастан, ұйымдарда мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу сапасын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
2020.29.05. № 337-VІ ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды
24-1) тыйым салынған аймақтарды, тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын және тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар тізбесін (бұдан әрі - тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидалары) бекітеді;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 24-2) тармақшамен толықтырылды
24-2) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін бекітеді;
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 24-3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
24-3) əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілген əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекітеді;
25) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі əскери-саяси ахуалдың кез келген жағдайында мемлекеттің əскери ұйымының орнықты жұмыс істеуін ұйымдастырады.
Соғыс уақытында жəне соғыс жағдайы енгізілген кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) экономиканы соғыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу немесе соғыс жағдайы режиміне көшіруді;
2) Қарулы Күштер мен арнаулы мемлекеттік органдар үшін резервтер дайындауды, адами жəне материалдық ресурстарды жұмылдыруды;
3) Қарулы Күштерді жəне арнаулы мемлекеттік органдарды қарулы күрес жүргізу үшін күштермен жəне құралдармен қамтамасыз етуді;
4) ақпараттық қауіпсіздікті жəне тайталасты ұйымдастыруды жүзеге асырады.
3-тарау. ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛIКТІ
АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ, АЗАМАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ
ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРІ
8-бап. Орталық атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары
Орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегiнде:
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) аумақтық қорғаныс іс-шараларына, саланың жұмылдыру дайындығына, жұмылдыру мақсатындағы объектілерді, қорғаныс мұқтажына қажетті өнімдер әзірлеу, өндіру, шығару және жөндеу жөніндегі қуаттарды құруға, дамытуға және сақтауға қатысады және жұмылдыру резервтерінің толықтырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қорғанысын жоспарлау қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын және оны іске асыру жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысады;
2) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) саланы Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес іс-шараларды орындауға тікелей дайындауды ұйымдастырады, саланың соғыс уақытында орнықты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында күзетілуге және қорғалуға жататын ведомстволық бағынысты объектілерді инженерлік-техникалық нығайтылуы және диверсияға қарсы қауіпсіздігі тұрғысынан дайындау, арнаулы құралымдар үшін материалдық-техникалық құралдардың запастарын жасау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады;
5) азаматтық қорғаныс iс-шараларын ұйымдастырып, жүргiзедi және ведомстволық бағынысты ұйымдардың оларды орындауын қамтамасыз етеді;
6) республика халқын қорғанысқа даярлауға қатысады, Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Жергіліктi атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары
Жергілiкті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде:
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын іске асыру жөніндегі құжаттарды әзірлеуге, аумақты Қазақстан Республикасының қорғанысы мүдделерінде жедел жабдықтау іс-шараларын орындауға қатысады және коммуникацияларды қорғаныс мақсатында дайындауды қамтамасыз етеді;
2) қорғаныс мақсатында көлiк және басқа да техникалық құралдардың есебiн жүргізудi және жұмылдыру даярлығын қамтамасыз етедi;
3) халықты және аумақты қорғанысқа даярлауға қатысады, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың материалдық, энергетикалық және өзге де ресурстарға және олардың тапсырысы бойынша қызмет көрсетулерге қажеттіліктерiн Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді;
4) әскери есепке алуды және азаматтарды әскери қызметке даярлауды, олардың әскери қызметке, әскери жиындарға шақырылуын және жұмылдыру бойынша шақырылуын ұйымдастырып, қамтамасыз етеді;
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
6) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөнiндегі іс-шараларды жоспарлауға қатысады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан əрі - Қорғаныс министрлігі) бекіткен саны мен құрылымы шегінде аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын оларды ұстауды, оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылуға және байланыс қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындарды, аумақтық әскерлерді арнайы өрістетуді жүргізу кезінде әскери уақыттың штаттық қажеттілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдар запастарын жасауды, аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери міндеттілерімен бірге жиындар өткізуді қоса алғанда, қызметтік үй-жайлармен, көлік құралдарымен, техникалық ақпарат, телекоммуникация және байланыс құралдарымен, жиһазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз етеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
6-2) аумақтық әскерлердің аумақтық органдарына техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлерді ұстауды қамтамасыз етеді;
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды
6-3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық қорғаныс жоспарын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша бекітеді;
7) өзiнiң қорғаныс саласындағы қызметін әскери басқару органдарымен үйлестіреді және келiседi;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестерін құрады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қорғаныс саласындағы құқықтары мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) келісім-шарт негізiнде epікті түрде әскери қызметке баруға;
2) қорғанысты нығайтуға жәрдемдесетін ұйымдардың қызметіне қатысуға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) әскери мiндеттілiкті орындауға;
2) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөнiндегі iс-шараларға қатысуға;
3) жұмылдыру кезеңінде және соғыс жағдайында өздерінiң меншігіндегі мүлікті қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оның құнын кейiннен мемлекеттің тең бағада өтеуімен беруге міндетті.
11-бап. Меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың қорғаныс саласындағы функциялары
Меншiк нысанына қарамастан ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөніндегі iс-шараларды орындауға қатысады;
2) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) жұмылдыру кезеңiнде және соғыс жағдайында өздерінің меншігіндегі мүлiкті қорғаныс мұқтажы үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметi белгілеген тәртiппен оның құнын кейiннен мемлекеттің өтеуiмен бередi;
5) өз қызметкерлерінің әскери мiндетін орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды;
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) өз құзыреті шегінде жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында күзетілуге және қорғалуға жататын объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы және диверсияға қарсы қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, сондай-ақ құрылатын арнаулы құралымдарды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етеді.
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-бап. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз ету
1. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз ету Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарды бөліп отыру, Қазақстан Республикасының қорғанысын кепiлдi қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшерде оларды қару-жарақпен, әскери және арнаулы техникамен жарақтандыру болып табылады.
2. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз етудiң негізгі мiндеттерi:
1) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарға қажеттіліктерiн қанағаттандыру;
2) қару-жарақ пен әскери техниканы өндiрудi, жөндеудi және жаңғыртуды жүзеге асыру үшін ғылыми-техникалық және өндiрiстік базаны жетілдiру;
3) экономиканың жұмылдыру даярлығы мен елдің халқын жұмылдыруға даярлаудың тиiмдi жүйелерiн құру;
4) әскери қызметшілердi, олардың отбасы мүшелерiн және әскери қызметтен босатылған адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру деңгейiн арттыру, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген кепілдiктерiн iске асыру;
5) өзара тиiмдi халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
13-бап. Қорғанысты қаржыландыру
1. Қорғанысты қаржыландыру Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарға қажеттiлiктерiн кепілдi қанағаттандыруға бағытталады.
2. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ қорғанысқа арналған шығыстарды қаржыландыру бюджет қаражаты және осы Заңның 24-бабында көзделген өзге де қаражаттар есебiнен жүзеге асырылады.
3. Шет мемлекеттермен бiрлесіп пайдаланылатын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әскери объектілердi және қару-жарақ қысқартуды бақылау мен инспекциялық қызметтi қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес жүргізiледi.
4. Бюджет қаражатының қорғанысқа арналған шығыстары бөлiгiнiң атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
14-бап. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
1. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету қару-жарақ пен әскери техниканы қоса алғанда, өндiрiстік-техникалық мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеуге, өндiруге, жеткiзуге және қамтамасыз етуге арналған қорғаныс тапсырысына және халықаралық келісімдерге сәйкес басымдық тәртібiмен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру тәртібі, оны материалдық-техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз ету және сатып алу шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3. Табиғи және техногендік немесе әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал кезінде, төтенше жағдай кезеңінде, бірлескен операциялар мен оқу-жаттығуларды жүргізу кезінде тұрақты орналасқан жерінен тыс орналасқан Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды материалдық техникалық қамтамасыз етуді олар уақытша орналасқан объектілердегі сол Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар жүзеге асыруы мүмкін.