4. Мемлекеттік баж сомалары қолма-қол ақшамен төленген кезде мұндай қабылданған мемлекеттік баж сомаларын уәкілетті мемлекеттік органдар ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға кейіннен оларды бюджетке есепке жатқызу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері АЕК-тің 10 еселенген мөлшерінен аз болса, ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады.
2-параграф. Консулдық алым
624-бап. Жалпы ережелер
Консулдық алым Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері консулдық әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттар бергені үшін шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан, бейрезидент-шетелдік заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алатын, бюджетке төленетін төлем болып табылады.
625-бап. Консулдық алым төлеушiлер
Осы Кодекстің 626-бабында көзделген консулдық әрекеттер өздерінің мүдделерi үшiн жасалатын шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және бейрезидент-шетелдiк заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары консулдық алым төлеушiлер болып табылады.
626-бап. Алу объектілері
Консулдық алым мынадай консулдық әрекеттер жасағаны үшін алынады:
1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресiмдеу;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың визалар беру туралы өтініштерін пысықтау және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне визалар беру (визалық қолдау) туралы нұсқама жіберу;
3) Қазақстан Республикасының визаларын беру;
4) Қазақстан Республикасына қайта оралуға куәлік беру;
5) шетелде болу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтiнiшхаттарын ресiмдеу;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi бойынша құжаттарды ресiмдеу;
7) азаматтық хал актiлерiн тiркеу;
8) құжаттарды талап етіп алдыру;
9) құжаттарды заңдастыру, сондай-ақ апостильдеу үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі өткізу;
10) нотариаттық әрекеттер жасау;
11) консулдық мекемеде өсиеттерді, құжаттар бар пакетті (өсиеттен басқа), ақшаны, бағалы қағаздарды және басқа да құндылықтарды (мұрагерлікті қоспағанда) сақтау;
12) жария сауда-саттықтарда тауарларды немесе өзге де мүлікті сату;
13) мүлікті немесе ақшалай сомаларды тиесілігі бойынша беру үшін алты айға дейінгі мерзімге депозитке қабылдау;
14) заңды тұлғалардың мекенжайына дипломатиялық поштамен құжаттар жіберу;
15) кеме шетелден сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлік беру;
16) Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа да құжатты жасау немесе куәландыру;
17) шетелдегі Қазақстан Республикасы кемесінің немесе жүгінің опат немесе зақымдануы (кемелердің кеме апатына ұшырауы) жағдайында теңіз наразылығы туралы акт жасау;
18) заңдық мәні бар өзге де құжаттар (анықтамалар) беру.
627-бап. Консулдық алым мөлшерлемелері
1. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін;
2) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес белгіленген консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлері шегінде шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекітеді.
Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген консулдық алым мөлшерлемелері болмаған кезде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындайтын, басқа шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін белгіленген консулдық алым мөлшерлемелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген мөлшерлемелерге қосымша өзара түсіністік қағидаты негізінде жеделдеткені үшін консулдық алым мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы.
628-бап. Консулдық алым төлеуден босату
Консулдық алым:
1) осы Кодекстің 617-622-баптарында көзделген жағдайларда;
2) Қазақстан Республикасымен консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы келiсiм бар елдердiң жеке және заңды тұлғаларынан;
3) Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарттар жасасқан елдердің билік орындары мен жекелеген азаматтарының сұрау салуы бойынша отбасылық, азаматтық және қылмыстық iстер бойынша, алименттер туралы, мемлекеттiк жәрдемақылар мен зейнетақылар туралы, ұл бала (қыз бала) асырап алу туралы құжаттарды талап етіп алдырғаны үшiн;
4) мыналарға:
Қазақстан Республикасы ресми делегацияларының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына;
қызметтік істер бойынша шетелге шығатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне - Қазақстан Республикасының дипломатиялық, қызметтік немесе ұлттық паспорт иелеріне;
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері персоналының отбасы мүшелеріне;
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері қызметкерінің немесе жұмыскерінің сырқаттануына немесе қайтыс болуына байланысты шетелге шығатын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері персоналының жақын туыстарына және олармен бірге жүретін адамдарға визалар беру туралы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге және консулдық мекемелерге нота жасағаны және басып шығарғаны үшін;
5) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың визалар беру туралы өтініштерін пысықтағаны және:
Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдарға, конференцияларға және өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шараларға) қатысу үшін Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
халықаралық ұйымдардың қызметтік істер бойынша Қазақстан Республикасына баратын қызметкерлеріне;
өзара түсіністік қағидаты негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
инвесторлық визаларды;
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға;
өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға визалар беру (визалық қолдау) туралы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне нұсқама жібергені үшін;
6) мыналарға:
Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдарға, конференцияларға және өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шараларға) қатысу үшін Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
халықаралық ұйымдардың қызметтік істер бойынша Қазақстан Республикасына баратын қызметкерлеріне;
өзара түсіністік қағидаты негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
қызметтік істер бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге - дипломатиялық және қызметтік паспорт иелеріне;
өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға;
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға;
шетелде тұрақты тұратын және жақын туыстарының жерлеуіне Қазақстан Республикасына баратын, Қазақстан Республикасының бұрынғы азаматтарына визалар;
инвесторлық визаларды;
қызметтік визаларды;
дипломатиялық визаларды бергені үшін;
7) Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері жіберген қателері бар бастапқы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін;
8) жоғалту, дүлей зілзала немесе басқа да форс-мажорлық мән-жайлар салдарынан құжаттары мен ақшасы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасына қайта оралуға куәліктер және анықтамалар бергені үшін;
9) шетелде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәйіті салынған табыттар мен урналарды Қазақстан Республикасына жіберген кезде қайтыс болу туралы куәліктер және анықтамалар бергені үшін;
10) өзара түсіністік қағидаты негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің өтінішхаттары бойынша құжаттарды талап етіп алдырғаны үшін;
11) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы талап етіп алдырған құжаттарын заңдастырғаны үшін;
12) өзара түсіністік қағидаты негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өтінішхаттары бойынша құжаттарды заңдастырғаны үшін;
13) шетелде уақытша және тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ шетелдіктерге асырап алуға берілген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды консулдық есепке қойғаны және консулдық есептен шығарғаны үшін алынбайды.
629-бап. Консулдық алымды төлеу тәртiбi
1. Консулдық алым консулдық әрекеттер жасалғанға дейiн төленедi.
2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық әрекеттерді төлеушi консулдық алымды төлегеннен кейiн жүзеге асырады.
3. Мөлшерлемесі АҚШ долларымен белгiленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының аумағында төлеу алымды төлеу күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргiзiледi.
4. Консулдық алым:
1) Қазақстан Республикасының аумағында - екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен бюджетке консулдық әрекеттер жүзеге асырылатын жер бойынша немесе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленеді.
Консулдық алым қолма-қол ақшамен төленген жағдайда, консулдық алымның осы сомасын уәкілетті мемлекеттік орган ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға кейіннен оларды бюджетке есепке жатқызу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері АЕК-тің 10 еселенген мөлшерінен аз болса, ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады;
2) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде - шаруашылық пайдалану құқығынсыз дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменiң банктік шотына банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен немесе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленедi.
5. Консулдық алымды төлеу аумағында консулдық әрекеттер жасалатын елдің валютасымен немесе кез келген басқа еркін айырбасталатын валютамен жүргізіледі.
6. Шетелде қабылданған консулдық алым сомаларын дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме олар қабылданған күннен бастап операциялық он күннен кешіктірмей дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан елдің шетелдік банкіне шетелдік банктік шотқа есепке жатқызу үшін тапсырады.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі орналасқан елдің валютасымен шетелдік банктік шотқа түскен консулдық алымдарды шетелдік банк дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің тапсырмасы бойынша АҚШ долларына, евроға, ағылшын фунт стерлингіне, швейцар франкіне, Канада долларына, жапон иеніне, Ресей рубліне, Қытай юаніне айырбастайды.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігінің немесе консулдық мекемесінің бірінші қол қою құқығы бар басшысы шетелдік банктік шотқа билік етуші болып табылады.
Шетелдік банктік шотқа түскен консулдық алымдарды дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің валюталық шотына одан әрі бюджет кірісіне есепке жатқызу үшін аударады. Егер дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге консулдық алымдардан түсетін ай сайынғы түсімдер 1 000 АҚШ долларынан аз болса, оның есепті кезеңнің соңындағы бағамы бойынша осы тармақта көрсетілген валюта түрлеріндегі баламасын құраса, аудару тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме аударған консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен шетелдік валютадағы корреспондеттік шоттар бойынша үзінді көшірмелерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық нысандағы төлем құжаттарын қоса бере отырып, республикалық бюджет кірісіне аударады.
7. Төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.
71-тарау 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
71-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КІРІСТЕРІ МЕН МҮЛКІН ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ
1-параграф. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация
630-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация
1. Егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағында аталған тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтырады.
2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыратын жылдың 1 қаңтарында мынадай:
1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес мынадай адамдардың бірі:
Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы;
оралман;
тұруға ықтиярхаты бар адам болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті;
2) осы баптың 4-тармағында айқындалған жағдайларда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
3) осы баптың 5-тармағында айқындалған жағдайда кәмелетке толмаған адам болып табылатын жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады.
3. Осы Кодексті қолдану мақсатында кәмелетке толмаған адамның және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі адамның салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды өкілі орындайды.
4. Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар мынадай жағдайда активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады:
1) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыратын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкінің, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкінің болуы;
2) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыратын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй құрылысына қатысу үлесінің болуы.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қолданылмайды.
5. Кәмелетке толмаған адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны осы адамдарда мынадай жағдайлардың кез келгені басталған кезде тапсырады:
1) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыратын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлкінің, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікінің (жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлікті қоспағанда), оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болуы;
2) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыратын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша тұрғын үй құрылысына қатысу үлесінің, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуы;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыратын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банктік шоттарда, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жиынтығы барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыратын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1882 еселенген мөлшерінен асатын ақша сомасының болуы;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыратын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыратын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшерінен асатын басқа тұлғалардың осы адам алдындағы берешек (дебиторлық берешек) сомасының және (немесе) осы адамның басқа тұлғалар алдындағы берешек (кредиторлық берешек) сомасының болуы.
6. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы - активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру бойынша белгіленген міндет алғаш туындауына байланысты жеке тұлға тапсыратын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
2) кезекті - жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны тапсырғаннан кейін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай жеке тұлға тапсыратын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
3) қосымша - өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын, бұрын тапсырылған жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға тапсыратын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
4) хабарлама бойынша қосымша - жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы бұзушылықтарды анықтаған, бұрын тапсырылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға тапсыратын активтер мен міндеттемелер туралы декларация.
7. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация:
1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген тұлғалардың тапсыруын;
2) осы Кодекстің 211-бабында көзделген қосымша салықтық есептілікті тапсыруды қоспағанда, бір рет тапсырылады.
631-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация жасау ерекшеліктері
1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация осы Кодекстің 630-бабының 2-тармағында аталған жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерде мыналардың болуы туралы ақпаратты көрсетуге арналады:
1) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлкі, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлкі;
2) тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;
3) банктік шоттарда ақшасы;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген ақшаны қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыратын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшері шегінен аспайтын сомада көрсетілетін қолма-қол ақшасы;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктерге және банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдында берешегінің (кредиторлық берешек) - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыратын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшеріне тең жиынтық сомадан асқан жағдайда міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын шарт немесе өзге де құжат болған кезде көрсетіледі;
6) осы баптың 4-тармағында көрсетілген өзге де мүлік.
2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсаттары үшін салық органдары пайдаланатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтер туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларын тапсыру міндеті жүктелген адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшаларда мүлікті сенімгерлік басқаруға, трастқа беру туралы мәліметтерді де көрсетеді.
4. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда жеке тұлғаның қалауы бойынша мынадай талаптар ескеріле отырып, басқа да мүлік көрсетілуі мүмкін:
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) асыл тастар мен бағалы металдар, олардан жасалған зергерлік бұйымдар және құрамында асыл тастар мен бағалы металдар бар басқа да заттар, сондай-ақ өнер және антиквариат туындылары осы мүліктің бір бірлігі үшін бағасы (құны) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыратын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшерінен асқан және осындай мүліктің құнын растайтын құжаттар болған жағдайда көрсетіледі;