10) жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін - 0,25 АЕК;
11) мыналарды:
теңізшінің жеке куәлігін бергені үшін - 5 АЕК;
Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын бергені үшін - 3,5 АЕК;
кәсіби дипломды бергені үшін - 2 АЕК.
616-бап. Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босату
Соттарда мыналар мемлекеттік баж төлеуден босатылады:
1) талапкерлер - еңбекке ақы төлеу сомаларын өндiрiп алу туралы талап қою және еңбек қызметiне байланысты басқа да талаптар бойынша;
2) талапкер авторлар, орындаушылар және олардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар - авторлық құқықтан және аралас құқықтардан туындайтын талап қою бойынша;
3) талапкерлер - өнеркәсіптік меншік объектілерінің авторлары - өнертабысқа, пайдалы модельдерге және өнеркәсiптiк үлгiлерге құқықтан туындайтын талап қою бойынша;
4) талапкерлер - алименттердi өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;
5) талапкерлер - мертiгуден немесе денсаулығын өзге де зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қою бойынша;
6) талапкерлер - қылмыстық құқық бұзушылықтан келтiрiлген материалдық залалды өтеу туралы талап қою бойынша;
7) iске қатысы жоқ тұлғалардан басқа жеке және заңды тұлғалар - оларға қылмыстық iстерге және алимент бойынша iстерге байланысты құжаттар берілгенi үшiн;
8) талапкерлер - Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу арқылы мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу есебіне мемлекет кiрiсiне қаражат өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;
9) арыз берушілер - азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарының, азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің республикалық референдумға қатысу құқықтарының бұзылуы туралы арыздар бойынша;
10) бiлiктi еңбек жұмыскерлерін және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жұмысшы кадрларды даярлауды қамтамасыз ететiн кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлер - оқу орындарын өз бетінше тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды ұстауға мемлекет шеккен шығыстарды өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауға сотқа арызбен жүгiнген жеке және заңды тұлғалар;
12) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредиттердi, сондай-ақ мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қайтару жөнiнде талап қоюмен сотқа жүгiнген сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент);
13) талапкерлер - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі - барлық iстер мен құжаттар бойынша;
14) талапкерлер-оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық iстер мен құжаттар бойынша;
15) жеке және заңды тұлғалар - сотқа мынадай арыздар бергенi үшін:
іс бойынша іс жүргiзудi тоқтату туралы сот ұйғарымының күшiн жою немесе арызды қараусыз қалдыру туралы;
шешiм орындауды кейiнге қалдыру немесе оның мерзiмiн ұзарту туралы;
шешiмдi орындаудың тәсілі мен тәртiбiн өзгерту туралы;
талап қоюды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқаларымен ауыстыру туралы;
жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың шешiмдерiн, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы;
сот ұйғарымдарымен салынған айыппұлдарды қосу немесе азайту туралы;
өткiзiп алған мерзiмдердi қалпына келтiру туралы сот шешiмдерiнің орындалуын бұру туралы;
соттың сырттай жасалған шешімінің күшін жою туралы;
арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыру туралы;
сондай-ақ:
сот орындаушыларының әрекеттерiне шағымдар;
соттардың айыппұлдарды қосудан немесе азайтудан бас тарту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар;
сот ұйғарымдарына басқа да жеке шағымдар;
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға шағымдар;
16) прокуратура органдары - барлық талап қоюлар бойынша;
17) мемлекеттiк мекемелер және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары - үшiншi тұлғалардың мүдделерiн қорғау жағдайларын қоспағанда, талап қойған және сот шешiмдерiне шағым жасаған кезде;
18) мүгедектердiң қоғамдық бірлестіктері және (немесе) кемінде 35 пайызы есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс істейтін, өздері құрған ұйымдар - өздерiнiң мүдделері үшін талап қоюды берген кезде;
19) сақтандырушылар мен сақтанушылар - мiндеттi сақтандыру шарттарынан туындайтын талап қою бойынша;
20) талапкерлер мен жауапкерлер - азаматқа заңсыз сотталудан, күзетпен қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын заңсыз қолданудан не қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан келтiрiлген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша;
21) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның филиалдары, өкілдіктері мен ведомстволары - өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап қою берген кезде;
22) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының тарату комиссиялары - тарату ісін жүргізу мүддесінде берілген талап қою, арыздар, шағымдар бойынша;
23) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының уақытша әкімшіліктері - уақытша әкімшіліктің мүддесінде берілген талап қою, арыздар, шағымдар бойынша;
24) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттiк берілген банктер - мынадай талап қоюды берген кезде:
бюджет қаражаты есебiнен қайтарымды негiзде берiлген кредиттер бойынша берешектi өндiрiп алу туралы;
мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы;
борышкерлердiң сыртқы мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен берiлген қарыздар бойынша мiндеттемелердi орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы;
25) облигация ұстаушылардың өкілдері - эмитенттердің облигация шығару проспектісінде белгіленген міндеттемелерді орындамауы мәселелері бойынша облигация ұстаушылардың атынан талап қоюды берген кезде;
26) банкроттықты және оңалтуды басқарушылар — Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген өз өкiлеттiктерi шегiнде банкроттық рәсімі, оңалту рәсiмi мүддесінде талап қоюды берген кезде;
27) ішкі істер органдары - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарып жіберуге байланысты мәселелер бойынша арыздар берген кезде;
28) талап қоюшылар (арыз берушілер) - қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, оның ішінде белгіленбеген тұлғалар тобының мүдделерін көздей отырып қорғау туралы талап қоюлар (арыздар) бойынша;
29) тармақша 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
29) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым - талаптар қою және сот шешімдеріне шағым жасау кезінде;
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 30) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
30) талап қоюшылар - әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қою бойынша.
Осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар сот актілеріне шағым жасаған кезде де соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
617-бап. Нотариаттық әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
Нотариаттық әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады:
1) жеке тұлғалар - өздерiнің мүлiктi мемлекет пайдасына сыйға тарту өсиеттерiн, шарттарын куәландырғаны үшiн;
2) мемлекеттiк мекемелер - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) бергенi үшiн, сондай-ақ осы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) алу үшiн қажеттi барлық құжаттар үшiн;
3) жеке тұлғалар - оларға:
Қазақстан Республикасын қорғау кезiнде, өзге де мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға байланысты не адам өмiрiн құтқарып қалу, мемлекеттiк меншiктi және құқықтық тәртiптi қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкiне;
егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнге мұра қалдырушымен кемiнде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейiн де осы тұрғынжайда тұрып жатса, тұрғынжайға немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативiндегi пайға;
сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерiне, мемлекеттiк қарыз облигацияларына, еңбекке ақы төлеу сомаларына, авторлық құқықтарға, авторлық гонорар және ашқан жаңалықтар, өнертабыстар мен өнеркәсiптiк үлгiлер үшiн сыйақы сомаларына;
ақталған азаматтардың мүлкiне мұрагерлік құқық туралы куәлiктер бергенi үшін;
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;
5) оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық әрекеттер бойынша;
6) «Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық әрекеттер бойынша;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке тұлғалар - өздерiнiң мүлiкке мұрагерлiгi туралы куәлiктер алғаны үшiн;
8) «Қазақстан мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы» одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндiрiстiк кәсiпорындары - барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;
9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар он сегіз жасқа толғанға дейін - оларға мұрагерлікке құқық туралы куәліктер берілгені үшін.
618-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркеген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
Азаматтық хал актiлерiн тiркеген кезде мыналар растайтын құжаттарын көрсеткен кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - туу туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берілгенi үшін;
2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн;
3) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы куәлiктер өздеріне қайтадан берiлгенi немесе бұрын берiлгендерін ауыстырғаны үшiн;
4) жеке тұлғалар - ұл бала (қыз бала) асырап алуға және әкесін анықтауға байланысты туу туралы куәліктер қайтадан берілгені үшін.
619-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
1. Мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады:
1) жаппай қуғын-сүргiн, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, адамгершілікке жат өзге де саяси акциялар салдарынан Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және олардың ұрпақтары - Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдегені үшін;
2) оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдегені үшін.
2. Көрсетілген мемлекеттiк баж төлеуден босату бiр рет берiледi.
620-бап. Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган заңдық мәнi бар әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган заңдық мәнi бар әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден мыналар босатылады:
1) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
2) мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы және жатақханаларда тұратын мектеп-интернаттардың, кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлердiң оқушылары;
3) оралмандар;
4) Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерiмен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, «Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі, сондай-ақ Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.
621-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келтірген немесе ұзартқан кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
Мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады:
1) Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде:
Қазақстан Республикасымен консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы келісім бар елдердің жеке және заңды тұлғалары;
мыналарға:
Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің шақырулары бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктер;
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
шетелдік инвесторларға;
этникалық қазақтарға;
өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруларды келісу туралы өтінішхат беретін қабылдаушы тұлғалар;
2) мыналарға:
Қазақстан Республикасына келетін шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетіндерге;
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
этникалық қазақтарға;
өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға;
шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туыстарының жерлеуіне баратын, бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болған адамдарға;
шетелдік инвесторларға Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға виза бергені, қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшін;
3) Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жіберген қателері бар бастапқы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін.
622-бап. Өзге де әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
Мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады:
1) қылмыстық iсте азаматтық талап қоюды қойған кезде;
2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қойған кезде;
3) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер қайтадан берілген кезде - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы өтініш жасаған азаматтар;
4) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктері, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерi берілген кезінде:
Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері;
үш дәрежелі Даңқ орденінің және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған;
«Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі;
қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратын, мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;
5) автомобильге, автомобильдің тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі берілген кезде:
Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған адамдар;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.
623-бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi
1. Мемлекеттiк баж:
1) соттар қарайтын істер бойынша - Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік Кодексінің 106-бабының үшінші бөлігінде көзделген істерді қоспағанда, тиісті арыз (шағым) немесе сот бұйрығын шығару туралы арыз берілгенге дейін, сондай-ақ сот құжаттардың көшірмелерін берген кезде;
2) нотариаттық әрекеттердi орындағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың көшiрмелерiн, телнұсқаларды бергенi үшiн - жасалған нотариаттық әрекеттi тiркеген кезде;
3) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн, азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерістер, толықтырулар, қалпына келтірулер мен түзетулер енгiзгенi үшiн, сондай-ақ анықтамалар және қайтадан куәлiктер бергенi үшiн - оларды берген кезде;
4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша неке бұзуды мемлекеттiк тiркегенi үшiн - актiні тiркеген кезде;
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) мыналарды:
Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат бергені үшін;
жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін (рұқсат беру куәлігінің телнұсқасын) бергені үшін;
аңшы куәлігін (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшін;
өсімдіктердің, жануарлардың және бекiре тұқымдас балықтардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар бергенi үшiн;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын иеленуге, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар, сондай-ақ комиссиялық сатуға жолдама бергені үшін;
азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсаттар бергені үшін;
жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа да құрылғыларды, үрлемелі энергиясы 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi 4,5 мм-ді қоса алғанға дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге байланысты iстер бойынша;
зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның тауар белгісін жалпыға бірдей белгiлi деп тануға, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкілдердi аттестаттауға және патенттік сенiм бiлдiрiлген өкіл ретінде тiркеуге байланысты заңдық мәні бар әрекеттер жасағаны үшiн;
теңізшінің жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын және кәсіби дипломды бергені үшін тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
6) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын бергені үшін - тиісті құжаттарды, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын бергенге дейін;
7) Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қойғаны үшiн - апостиль қойғанға дейiн төленеді.
2. Мемлекеттiк баж уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жерi бойынша есепке жатқызылады.
3. Мемлекеттік баж сомаларын бюджетке төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде қолма-қол ақшаны енгізу жолымен жүргізіледі.