2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, есепті салықтық кезең үшін төмендегі салық түрлері бойынша қосымша декларацияны есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қыркүйегіне дейін ұсынған жағдайда туындаған, осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелетін корпоративтік табыс салығын және осы Кодекстің 366-бабына сәйкес айқындалған салық салынатын кірістен есептелетін жеке табыс салығын төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мерзімі өткен әрбір күнге белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 0,65 еселенген мөлшерінде;
3) салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімі өзгерген, салықтық есептілікті ұсыну мерзімі ұзартылған, қосымша салықтық есептілік ұсынылған кезде;
4) мыналарды:
екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салық төлеушінің банктік шотынан ақшаны есептен шығарған;
салық төлеуші банкоматтар немесе электрондық терминалдар арқылы төлемді жүзеге асырған;
салық төлеуші, уәкілетті мемлекеттік орган көрсетілген сомаларды екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға енгізген;
салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген сомасын есепке жатқызу жүргізілген;
инкассалық өкім орындалған күнді қоса алғанда, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің сомаларын төлеу кезінде;
5) салықтық және (немесе) кедендік тексеруді жүргізу кезінде - мұндай тексеру аяқталған күнге дейін өсімпұл есепке жазылады.
Салық төлеушінің жеке шотында тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген, есепке жазылған (есептелген) сомалар көрсетілгеннен кейін - төлеу күнін қоса алғанда, салықтық және (немесе) кедендік тексеру аяқталған күннен бастап;
6) екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға:
банктік шоттардан сомаларды есептен шығару кезектілігін сақтамағаны үшін;
оларды бюджетке аудармағаны (есепке жатқызбағаны) үшін;
мыналарды:
салық төлеушілердің банктік шоттарынан есептен шығарылған сомаларды;
салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдерді, өсімпұлды, айыппұлдарды төлеу есебіне, екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларына салынған қолма-қол ақшаны;
есепке жазылған банктік сыйақыларды бюджетке уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл есепке жазылады.
3. Өсімпұл:
егер салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің мерзімінде төленбеген сомасының түзілуінің бiрден-бiр себебi қызмет көрсететiн екінші деңгейдегі банктің таратылуы болып табылса, мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктердің кредиторларына - соттың екінші деңгейдегі банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешiмі заңды күшiне енген күннен бастап;
соттың жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы шешімі күшіне енген кезде - жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сотқа талап арыз берілген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейiн;
соттың жеке тұлғаны хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы шешiмi күшiне енген кезде - сот шешімі күшіне енген күннен бастап оның күшi жойылғанға дейiн;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық анықталған күнтізбелік жылға дейінгі бес салықтық кезеңнің алдындағы кезең үшін үстеме пайда салығы бойынша;
салық органдары жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығының, жер салығының және көлік құралдары салығының есептелген сомаларын тиісті салықтық кезеңде осы салықтарды төлеу мерзімі басталғаннан кейін қайта қараған кезде;
салық төлеушіге қатысты «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылған жағдайда, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімі өзгерген кезде;
сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған кезде - мұндай ұйғарым шығарылған күннен бастап;
оңалту рәсімі қолданылған кезде - соттың мұндай рәсімді қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылған кезде - сот мұндай рәсімді қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап;
бұрын белгісіз болған мән-жайларды анықтауды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) алынған алдын ала түсіндірмеге сәйкес салықтық міндеттемелерді орындауы нәтижесінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған кезде туындаған, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің есептелген (есепке жазылған) сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.
Осы баптың мақсаты үшін бұрын белгісіз болған мән-жайлар деп салық органының берген алдын ала түсіндірмеде көрсетілген ұстанымына әсер ететін, алдында:
салық төлеушінің (салық агентінің) алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуында салық органдарының назарына жеткізілмеген;
салық төлеушінің (салық агентінің) алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуын қарау шеңберінде салық органының немесе оның лауазымды адамдарының сұрау салуларына жазбаша түсіндірулерде жеткізілмеген мән-жайлар танылады.
4. Мынадай:
1) соттың салық төлеушіні банкрот деп танудан бас тарту туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда - сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;
2) соттың оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы ұйғарымы заңды күшіне енген жағдайда - соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
3) салық төлеуші «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді жасаспаған не сот осындай келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда - сот төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап өсімпұлды есепке жазу қайта басталады.
118-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
1. Салық төлеуші (салық агенті) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банктік шоттары (корреспонденттікті қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен мынадай:
1) салық төлеушi (салық агенті) осы Кодексте белгіленген мерзiмде салықтық есептiлiкті ұсынбаған жағдайда - осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң;
2) салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынбаған жағдайда - осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 12) тармақшасында көзделген хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң;
3) тармақшаның қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 12-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
3) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мынадай:
тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) бюджетке салықтық берешекті өтемеген жағдайда - салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;
тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) бюджетке салықтық берешекті өтемеген жағдайда - салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң;
4) осы Кодексте белгiленген салықтық тексеру жүргiзу тәртiбiн бұзу жағдайларынан басқа, салық органының лауазымды адамдарын салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi салықтық тексеруге және зерттеп-қарауға жібермеген жағдайда - жіберілмеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;
5) осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 7) және 13) тармақшаларында көзделген хабарламаны қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жері бойынша болмауына байланысты пошта немесе өзге де байланыс ұйымы жіберілген хабарламаны қайтарған жағдайда - қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;
6) салық төлеуші осы Кодекстің 70-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған жағдайда - осы Кодекстің 70-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
7) салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған жағдайда - осы Кодекстің 96-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң жүргізіледі.
2. Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мыналардан:
1) осы Кодекстің 189-бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оларды уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге жататын айыппұлдарды төлеу жөніндегі операциялардан;
2) ақшаны:
өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;
еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен есеп айырысу үшін, жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу бойынша, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, әлеуметтік төлемдерді аудару жөніндегі клиенттің міндеттемелері бойынша ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша;
салықтық берешекті, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу бойынша алып қоюдан басқа салық төлеушiнiң (салық агентінің) барлық шығыс операциясына қолданылады.
Осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімінде көрсетілген салықтық берешек сомасының шегінде жүргізіледі.
3. Салық төлеушiнің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкiмi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісу бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша шығарылады және екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшiне енедi.
Салық органы мұндай өкімді екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда телекоммуникация желілері бойынша беру арқылы жібереді. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі электрондық нысанда жіберілген кезде мұндай өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес қалыптастырылады.
4. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың бұлжытпай орындауына жатады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады.
5. Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм шығарған салық органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмнiң күшiн жояды.
Бұл ретте осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайда шығарылған, банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмнің күші осы Кодекстің 96-бабында айқындалған тәртіппен, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны салық төлеуші (салық агенті) орындамаған жағдайда жүзеге асырылатын жоспардан тыс салықтық тексеруді немесе камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген мәселелер мен салықтық кезеңдерді қамтитын салықтық тексеруді тағайындау туралы нұсқама табыс етілген күннен кейінгі бiр жұмыс күнiнен кешiктiрілмей жойылады.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоты жабылған жағдайда, екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотының жабылуы туралы хабарламамен бірге тиісті салық органына шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді қайтарады.
Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде біреуден астам банктік шот көрсетілген кезде екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мұндай өкімді тиісті салық органына банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде көрсетілген банктік шоттардың соңғысы жабылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей қайтарады.
119-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
1-тармақтың қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 13-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
1. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мынадай:
тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші салықтық берешекті өтемеген жағдайда - салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;
тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші салықтық берешекті өтемеген жағдайда - салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң жүргізіледі.
Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мыналар:
осы Кодекстің 189-бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оларды уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге жататын айыппұлдарды төлеу есебіне кейіннен аудару үшiн ақшаны екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға тапсыру;
егер касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қатысты шығарылған болса, екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиенттердің қолма-қол ақшасын беруі жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операциясына қолданылады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша екі данада жасалады, оның бір данасы салық төлеушіге қолын қойғызылып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен табыс етіледі.
2. Салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі салық төлеушінің (салық агентінің) түсетін қолма-қол ақшаны бюджетке аудару арқылы, қолма-қол ақша түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей бұлжытпай орындауына жатады.
3. Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
4. Салық органы салық төлеуші бюджетке берешекті өтегеннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.
120-бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу
1. Салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билік етуін шектеудi осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешімнің негізінде:
1) тармақшаның қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 14-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
1) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мынадай:
тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агентi) салықтық берешекті өтемеген жағдайда - салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;
тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агентi) салықтық берешекті өтемеген жағдайда - салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң;
2) мониторингке жататын ірі салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) есепке жазылған салықтар және бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұл сомасы туралы, сондай-ақ бюджеттен қайтарылған және қайтаруға расталмаған қосылған құн салығының асып кету сомасы туралы мәліметтер қамтылған тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағым жасаған жағдайда жүргiзедi.
Бұл ретте салық органы осы тармақшада көрсетілген жағдайда шектеуді салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаны жiбермей:
осы Кодекстің 21-тарауында айқындалған тәртіппен салық төлеуші (салық агенті) шағым берген күннен бастап;
Үшінші абзацтың қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 14-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
салық төлеуші (салық агенті) ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесінен алып тасталған немесе деңгейлес мониторинг туралы келісімнің қолданысы тоқтатылған күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң жүргізеді.
2. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билік етуін шектеуді салық органы:
1) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда - осы салық төлеушіге (салық агентіне) меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығында тиесілі және (немесе) оның балансында тұрған;
2) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестиция және (немесе) биологиялық актив болып табылатын мүлікке қатысты жүргізеді.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Билік етуді шектеуге:
тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
электр, жылу және өзге де энергия түрлері;
сақтау және (немесе) жарамдылық мерзімі бір жылдан аспайтын тамақ өнімдері немесе шикізат жатпайды.
Салық төлеушінің (салық агентінің) қаржы лизингіне берілген (алынған) не кепілге берілген, билік ету шектелген мүлкін салық органының лизинг және (немесе) кепіл шартының қолданысы тоқтатылғанға дейін алып қоюына тыйым салынады.
Салық органы мүлікке билік етуді шектеген күннен бастап және оның күшін жойғанға дейін салық төлеушінің (салық агентінің) шарт талаптарын (шарттың қолданылу мерзімін ұзарту, қосалқы лизинг және (немесе) қайта кепілге қою) өзгертуіне тыйым салынады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері деп пайдаланылуын тоқтату немесе тоқтата тұру елді мекендер мен аумақтардың инженерлік инфрақұрылымы қызметінің бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін газбен жабдықтау, энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының құрылысжайлары, технологиялық қондырғылары мен агрегаттары түсініледі.
4. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу туралы шешiм уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жасалады және оны салық органы:
1) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетiлген жағдайда - мұндай шешiм шығарылған күнi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шотында бар деректер бойынша салықтық берешек сомасына;
2) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда - осы Кодекстiң 21-тарауында айқындалған тәртіппен салық төлеуші (салық агенті) шағым жасайтын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және өсімпұлдың сомасына қабылдайды.
5. Мүлiкке билік етудi шектеу туралы шешiм салық төлеушiнің (салық агентiнің) жеке өзіне қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген шешім салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай жағдайларда:
1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілгенде - пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына салық төлеуші (салық агенті) белгі қойған күннен бастап;
2) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 14-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
2) электрондық тәсілмен жіберілгенде - салық органының шешімі веб-қосымшаға жеткізілген күннен бастап тапсырылды деп есептеледі. Бұл тәсіл осы Кодекстің 86-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады;
3) осындай шешімді алғанын растайтын қол қоюдан бас тарту немесе тұрған жері бойынша болмау себебіне байланысты табыс ету мүмкін болмаған кезде - осы Кодекстің 70-бабында айқындалған тәртіппен жүргізілген салықтық зерттеп-қарау күнінен бастап табыс етілді деп есептеледі.
6. Салық органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді салық төлеушіге (салық агентіне) табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай шешімнің көшірмесін уәкілетті мемлекеттік органдарға оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке не мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке құқықтық ауыртпалықтарды тіркеу үшін жібереді.
7. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуді шектеу туралы шешім салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мүлік тізімдемесінің актісін жасау арқылы салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуымен билік ету шектелген мүлікке тізімдеме жүргізеді.
Салық төлеушіде (салық агентінде) меншік құқығында оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік не мемлекеттік тіркеуге жатқан мүлік болған кезде тізімдеме, бірінші кезекте, осындай мүлікке жүргізіледі.
Билік ету шектелген мүліктің тізімдемесі салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлік есепке алу деректері негізінде айқындалатын баланстық құны немесе нарықтық құны мүлік тізімдемесінің актісінде көрсетіле отырып жүргізіледі. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.
8. Салық төлеуші (салық агенті) билік ету шектелген мүлік тізімдемесінің актісін жасау кезінде салық органының лауазымды адамдарына танысу үшін мұндай мүлікке меншік және (немесе) оны шаруашылық жүргізу құқығын растайтын құжаттардың, баланстың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті. Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері билік ету шектелген мүлік тізімдеменің актісіне қоса беріледі.
Билік ету шектелген мүлік тізімдемесінің актісі екі данада жасалады және оған оны жасаған адам, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) және (немесе) оның лауазымды адамы қол қояды.
Салық төлеуші (салық агенті) билік ету шектелген мүліктің, табиғи тозу және (немесе) қалыпты жағдайларда сақтау кезінде табиғи кему салдарынан болған өзгерістерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеу алынғанға дейін өзгермеген қалпында сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.