85-тарау. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДIРУ САЛЫҒЫ
736-бап. Жалпы ережелер
1. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiру салығын Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн минералды шикізаттың, көмірсутектердің, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрi бойынша жеке төлейді.
2. Жүргізілетін өндіру түріне қарамастан, өндірілетін минералды шикізаттың, көмірсутектердің, жерасты суларының және емдік балшықтың барлық түрлері бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы осы тарауда белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен төленеді.
3. Салықтық кезең үшін өндірілген көмірсутектердің, жерасты суларының, емдік балшық пен пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының жалпы көлемінен пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында кен орындары бойынша есептен шығарылған (шығынды қайтару) қорлар құрамынан алынатын пайдалы қазбалардың көлемі, сондай-ақ технологиялық сынап көру мен зерттеулер жүргізу үшін берілген көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі алып тастауға жатады. Технологиялық сынап көру мен зерттеулер жүргізу үшін берілетін көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың тиісті түрлері (сұрыптары) үшін ұлттық стандарттарда көрсетілген технологиялық сынамалардың ең төмен массасымен шектеледі.
737-бап. Төлеу ерекшеліктері
1. Пайдалы қазбаларды өндiру салығы, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, ақшалай нысанда төленеді.
2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен жер қойнауын пайдаланушының арасында жасалатын қосымша келiсiмде айқындалған тәртiппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкiн.
Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын, сондай-ақ осы Кодекстің 722-бабының 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін заттай нысанда төлеу тәртібі осы Кодекстің 88-тарауында белгіленген.
738-бап. Төлеушілер
Кен іздеушілікке арналған лицензия шеңберінде ғана қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір жекелеген келісімшарт шеңберінде олар бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы және (немесе) роялти төленбеген техногендiк минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, көмірсутектерді, минералды шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер болып табылады.
1-параграф. Көмірсутектерге арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы
739-бап. Салық салу объектісі
1. Жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезеңде өндірген көмірсутектердің нақты көлемі пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу объектісі болып табылады.
2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезеңде өндірген көмірсутектердің жалпы көлемі:
1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін өткізілген мұнай - жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезеңде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізген мұнайдың көлемі;
2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде берілген мұнай - жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезеңде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізген мұнайдың көлемі;
3) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістікмұқтаждықтарына пайдаланған мұнай - жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезең үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген, салықтық кезең ішінде өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған мұнайдың көлемі;
4) осы Кодекстің 88-тарауына сәйкес мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда берген мұнай;
5) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланылған шикі газ болып бөлінеді.
Егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы бөлімнің мақсаттарында өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланылған шикі газ деп жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірген және көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарға сәйкес осы келісімшарт шеңберінде:
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде көмірсутектер дайындауда отын ретінде;
технологиялық және коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтар үшін;
ұңғыма сағасында мұнайды қыздыру үшін және бекітілген жобалау құжаттарына сәйкес мұнайды өндіру және сақтау орнынан магистральдық құбыржолға және (немесе) көліктің басқа түріне ауыстырып тиеу орнына дейін тасымалдау кезінде;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын электр энергиясын өндіру үшін;
осы баптың 5-тармағында көзделген жер қойнауына кері айдау жағдайларын қоспағанда, бекітілген жобалау құжаттарында көзделген көлемде жер қойнауына кері айдау үшін;
көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен жобалау құжаттарында көзделген көлемде өндіруші мұнай ұңғымаларын пайдаланудың газлифтілік (механикаландырылған) тәсілі мақсатында пайдаланылған шикі табиғи газ танылады.
Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірген және осы жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт шеңберінде мұнай-газ аймақтарында қабат қысымын ұстап тұру мақсатында бекітілген жобалау құжаттарында көзделген көлемде жер қойнауына кері айдау үшін пайдаланылған шикі газ да өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланылған шикі газ деп танылады;
6) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген сұйытылған мұнай газына сәйкес келетін көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газ болып бөлінеді. Бұл ретте сұйытылған мұнай газының мұндай көлемін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітеді және Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізу үшін міндетті болып табылады;
7) жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі - жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған шикі газ;
8) тауарлы көмірсутектер - егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1) - 7) тармақшаларында көрсетiлген мұнай, шикi газ және ілеспе газ көлемдерiн шегере отырып, жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезеңде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт шеңберiнде өндiрген көмірсутектердің жалпы көлемi болып бөлiнедi.
3. Осы баптың 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланылған шикі газдың және (немесе) сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газдың көлемі деп көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарда көрсетілген көлемдер шегінде осындай пайдаланылған табиғи және (немесе) ілеспе газдың нақты көлемі танылады.
4. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізуді және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде беруді не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізуді растау үшін жер қойнауын пайдаланушыда мұнайдың нақты көлемін және тиісті көлемін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының қабылдау фактісін растайтын коммерциялық және тауарға ілеспе құжаттары түпнұсқаларының немесе олардың нотариат куәландырған көшірмелерінің, ал осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізуді растау үшін - тиісті көлемі үшін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының нақты сатып алу бағасын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариат куәландырған көшірмелерінің болуы міндетті.
Мұндай құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариат куәландырған көшірмелері болмаған жағдайда мұнайдың тиісті көлемі пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсаттары үшін тауарлы көмірсутектер ретінде қаралады.
5. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бекітілген жобалау құжаттарында көзделген мұнай алу коэффициентін ұлғайту мақсатында жер қойнауына кері айдалатын көлемдегі шикі газ бойынша төленбейді.
740-бап. Салықтық база
Салықтық кезеңде өндірілген көмірсутектер көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салықтық база болып табылады.
741-бап. Көмірсутектердің құнын айқындау тәртібі
1. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салықтық кезеңде өндірілген мұнайдың құны мынадай тәртіппен:
1) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізген кезде - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізген мұнайдың нақты көлемі мен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының өнімнің бір бірлігі үшін нақты сатып алу бағасының көбейтіндісі ретінде;
2) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған кезде - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде қайта өңдеу үшін берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізілген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған мұнайдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын дайындауды қоса алғанда, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өзіндік құнының көбейтіндісі ретінде;
3) жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне мұнайды заттай нысанда берген кезде - осы Кодекстің 88-тарауына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне заттай нысанда берілген мұнайдың нақты көлемі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленген беру бағасының көбейтіндісі ретінде айқындалады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезеңде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген тауарлы көмірсутектердің құны өндірілген тауарлы көмірсутектердің көлемі мен осы баптың 3-тармағында айқындалған тәртіппен салықтық кезең үшін есептелген өнімнің бірлігі үшін әлемдік бағаның көбейтіндісі ретінде айқындалады.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мұнайдың әлемдiк бағасы салықтық кезеңдегі бағалардың күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салықтық кезеңдегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін бағаның белгіленімі «The Mcgraw-Hill Companies Inc» компаниясының «Platts Crude Oil Marketwire» дереккөзінде жарияланған ақпарат негізінде салықтық кезеңде «Юралс Средиземноморье» (Urals Med) немесе «Датированный Брент» (Brent Dtd) мұнайының стандартты сұрыпының әрбірін жеке алғанда шетел валютасындағы мұнай бағасының белгіленімін білдіреді.
Осы дереккөзде шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сұрыптарына бағалар туралы ақпарат болмаған кезде шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сұрыптарына бағалар:
«Argus Media Ltd» компаниясының «Argus Crude» дереккөзінің деректері бойынша;
жоғарыда көрсетілген дереккөздерде шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сұрыптарына бағалар туралы ақпарат болмаған кезде - Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалатын басқа да дереккөздердің деректері бойынша пайдаланылады.
Мұнайдың әлемдік бағасын айқындау үшін өлшем бірліктерін өндірілген мұнайдың өлшемнің стандартты жағдайларына және мұнайдың паспортта көрсетілген сапасына келтірілген нақты тығыздығы мен температурасын есепке ала отырып, баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру стандарттау саласындағы уәкілетті орган бекіткен ұлттық стандартқа сәйкес жүргізіледі.
Бұл ретте пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында өлшем бірліктерін метрикалық тоннадан баррельге ауыстыру баррельдеудің орташа өлшемді коэффициенті негізінде мына формула бойынша жүзеге асырылады:
К барр. орт.өлш. = (V тонна 1 х К барр.1 + V тонна 2… х К барр.2... + V тонн n х К барр.n) / V тонна ∑, мұнда:
К барр. орт.өлш. - үтірден кейінгі төрт белгіге дейінгі дәлдікпен есептелетін баррельдеудің орташа өлшемді коэффициенті;
V тонна - мұнай өнімдерінің әрбір партиясының көлемі;
К барр.1, К барр.2... + К барр.n - өндірілген мұнайдың әрбір тиісті партиясы бойынша сапа паспортында көрсетілген баррельдеу коэффициенттері;
V тонна ∑ - метрикалық тоннаны білдіретін салықтық кезең үшін өндірілген мұнайдың жалпы көлемі.
Мұнайдың әлемдік бағасы мына формула бойынша айқындалады:

мұнда:
S -мұнайдың салықтық кезең үшін әлемдік бағасы;
P1, P2..., Рn - салықтық кезең ішінде бағалардың белгіленімдері жарияланған күндері бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық белгіленімі;
Е - тиiстi салықтық кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;
n - бағалардың белгіленімдері жарияланған салықтық кезеңдегі күндердің саны.
Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық белгіленімі мына формула бойынша айқындалады:
,
мұнда:
Pn - бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық белгіленімі;
Сn1 - «Юралс Средиземноморье» (Urals Med) немесе «Датированный Брент» (Brent Dtd) шикі мұнайы стандартты сұрыпы бағасының күн сайынғы белгіленімінің төменгі мәні (min);
Сn2 - «Юралс Средиземноморье» (Urals Med) немесе «Датированный Брент» (Brent Dtd) шикі мұнайы стандартты сұрыпы бағасының күн сайынғы белгіленімінің жоғары мәні (max).
Жер қойнауын пайдаланушы «Юралс Средиземноморье» (Urals Med) немесе «Датированный Брент» (Brent Dtd) мұнайының белгілі бір стандартты сұрыпына мұнайды жатқызуды мұнайды беруге арналған шарттар негізінде жүргізеді. Беруге арналған шартта мұнайдың стандартты сұрыпы көрсетілмесе немесе жоғарыда көрсетілген стандартты сұрыптарға қатысы жоқ мұнай сұрыпы көрсетілген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осындай шарт бойынша берілген мұнай көлемін әлемдік орташа бағасы салықтық кезең үшін ең жоғары болып табылатын мұнайдың сұрыпына жатқызуға міндетті.
4. Шикі газға әлемдiк баға халықаралық өлшем бірлiктерiн бекітілген коэффициентке сәйкес текше метрге ауыстыру ескеріле отырып, салықтық кезең үшін бағалардың шетел валютасындағы күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салықтық кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтірілген формула бойынша айқындалады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін бағаның белгіленімі «The Mcgraw-Hill Companies Inc» компаниясының «Platts European Gas Daily» дереккөзінде жарияланған ақпарат негізінде «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газы бағасының салықтық кезеңде шетел валютасындағы белгіленімін білдіреді.
Осы дереккөзде «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған кезде «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газына баға:
1) «Argus Media Ltd» компаниясының «Argus European Natural Gas» дереккөзінің деректері бойынша;
2) жоғарыда көрсетілген дереккөздерде «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған кезде Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалған басқа да дереккөздердің деректері бойынша пайдаланылады.
Шикі газдың әлемдік бағасы мына формула бойынша айқындалады:
,
мұнда:
S - шикі газдың салықтық кезең үшін әлемдік бағасы;
P1, P2..., Pn - салықтық кезең ішінде бағалардың белгіленімі жарияланған күндері бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық белгіленімі;
Е - тиiстi салықтық кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;
n - бағалардың белгіленімі жарияланған салықтық кезеңдегі күндердің саны.
Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық белгіленімі мына формула бойынша айқындалады:
,
мұнда:
Рn - бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық белгіленімі;
Сn1 - «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газы бағасының күн сайынғы белгіленімінің төменгі мәні (mіn);
Сn2 - «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газы бағасының күнделікті белгіленімінің жоғары мәні (max).
5. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізген және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған шикі газдың, сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газдың, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі - жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған шикі газдың құны мынадай тәртіппен:
1) жер қойнауын пайдаланушы өндірген шикі газды Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізу кезінде - осы Кодекстің 745-бабының 7-тармағына сәйкес айқындалатын салықтық кезең үшін қалыптасқан өткізудің орташа өлшемді бағасының негізінде;
2) осы Кодекстің 739-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген шарттарға сәйкес сұйытылған мұнай газын өндіру үшін өндірілген ілеспе газды пайдалану кезінде және (немесе) өндірілген шикі газды өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалану кезінде - мыналардың:
сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын дайындауды қоса алғанда, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының;
жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған шикі газдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын дайындауды қоса алғанда, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының көбейтіндісі ретінде айқындалады.
Егер шикі газ мұнаймен ілестіріле өндірілсе, шикі газды өндірудің өзіндік өндірістік құны дайындауды қоса алғанда, мұнайды өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде:
шикі газдың бір мың текше метрі 0,857 тонна мұнайға сәйкес келетін арақатынасында айқындалады;
3) осы Кодекстің 739-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген шарттарға сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі-жер қойнауын пайдаланушы өндірген шикі газды пайдалану кезінде - индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі-жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған шикі газдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын дайындауды қоса алғанда, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының көбейтіндісі ретінде айқындалады.
6. Уәкілетті орган көмірсутектердің стандартты сұрыптарының әлемдік бағасын осы Кодексте айқындалған тәртіппен әрбір салықтық кезең бойынша айқындайды және ол есепті салықтық кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
742-бап. Салықты есептеу тәртібі
1. Бюджетке төленуге жататын пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы салық салу объектілерінің, салықтық база мен мөлшерлеменің негізінде айқындалады.
2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік жыл ішінде осы Кодекстің 743-бабында келтірілген шәкілге сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша ағымдағы салықтық жылға арналған өндірудің жоспарланған көлеміне сәйкес келетін мөлшерлемені қолданады.
Бұл ретте жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарттың шеңберінде жер қойнауын пайдалану құқығы берілген (ауыстырылған) жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша өндірудің жалпы мәлімделген жылдық көлеміне сәйкес келетін пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі, жер қойнауын пайдалану құқығын беру (ауыстыру) фактісіне қарамастан, қолданылады.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеудің дұрыстығын және бюджетке толық төленуін қамтамасыз ету мақсатында көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылар бөлінісінде көмірсутектерді өндірудің алдағы жылға жоспарланатын көлемдері туралы мәліметтерді салық органына ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 қаңтарына дейін ұсынады.
3. Егер есепті күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша өндірілген көмірсутектердің нақты көлемі осындай келісімшарт бойынша жоспарланған көлемге сәйкес келмесе және пайдалы қазбаларды өндіру салығы мөлшерлемелерінің өзгеруіне алып келсе, жер қойнауын пайдаланушы есепті жыл үшін есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасын түзетуді жүргізуге міндетті.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасын түзету есепті салықтық жылдың соңғы салықтық кезең үшін декларацияда осы Кодекстің 743-бабына сәйкес айқындалған өндірілген көмірсутектердің нақты көлеміне сәйкес келетін пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесін есепті салықтық жылдың 1 - 3-тоқсандары үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларацияларда есептелген салықтық базаға қолдану арқылы жүргізіледі.