Барлау кезеңін (кезеңдерін) осы тармаққа сәйкес ұзарту нәтижелері бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңінің (кезеңдерінің) барынша жоғары ұзақтығы - он екі жылдан, ал теңіздегі жер қойнауы учаскесінде не көмірсутектерді барлаудың күрделі жобалары бойынша он сегіз жылдан аспауға тиіс.
4. Барлау кезеңін ұзарту туралы өтінішті жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға барлау кезеңі ішінде береді.
5. Барлау кезеңін ұзарту туралы өтініште:
1) жер қойнауын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауы;
2) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні;
3) барлау кезеңін ұзарту сұралатын жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) нұсқау;
4) барлау кезеңін ұзартудың негізі мен сұралатын мерзімі;
5) тиісті жобалау құжаттары негізінде айқындалған барлау кезеңін ұзартудың сұралатын мерзімі қамтылуға тиіс.
6. Өтінішке қосымша:
1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауын пайдаланушы барлау кезеңі ұзартылған жағдайда жер қойнауының тиісті учаскесінде орындауға міндеттенетін қосымша жұмыстардың көлемдерін, сипатын және орындалу мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы;
2) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа:
барлау кезеңін ұзартуды;
осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда - тереңдігі бойынша барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді қоса алғанда, шеңберінде табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжанатын контурлары жатқан блоктардан тұратын барлау учаскесін (учаскелерін) осы Кодекстің 110-бабына сәйкес белгілейтін келісімшартқа қосымшаны;
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілген қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттерін көздейтін толықтыру;
3) осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда - табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстарды көздейтін, жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыру;
4) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайда - жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған сынамалап пайдалану жобасы қоса беріледі.
7. Егер құзыретті орган жер қойнауы учаскесі бойынша өтінішті қарау кезеңінде өтініште көрсетілген барлау кезеңі аяқталса, көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт мұндай жер қойнауы учаскесіне қатысты өтінішті қарау кезеңінде әрекет етуін жалғастырады.
8. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган барлау кезеңін ұзарту туралы шешім қабылдайды немесе оны ұзартудан бас тартады.
9. Құзыретті орган барлау кезеңін ұзартудан мына жағдайда:
1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) осы баптың 1 - 3-тармақтарында көзделген барлау кезеңін ұзарту үшін негіздер жоқ болса;
3) жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болса, бас тартады.
Құзыретті органның барлау кезеңін ұзартудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны барлау кезеңі ішінде қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.
10. Құзыретті орган ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш иесімен көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа тиісті толықтыруды жасасады және өтініш иесіне оның қол қойылған бір данасын жібереді.
11. Көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде барлау кезеңі аяқталған жағдайда өндіру учаскесі мен өндіру кезеңі не дайындық кезеңі бекітілмеген болса, мұндай келісімшарттың қолданысы тоқтатылады.
118-бап. Дайындық кезеңі
1. Көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар бойынша барлау кезеңі аяқталғаннан кейін және өндіру кезеңі бекітілгенге дейін жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітуге жол беріледі.
Көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттар бойынша оларды жасасу кезінде өндіру учаскесі және дайындық кезеңі бекітіледі.
2. Жер қойнауын пайдаланушы дайындық кезеңі ішінде:
1) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген кен орнын әзірлеу жобасының сараптамасын әзірлеуге, бекітуге және жүргізуге;
2) қажет болған кезде - көмірсутегі кен орнын жайластыруды;
3) осындай кен орнын сынамалап пайдалану кезіндегі өндіру көлемінен аспайтын көлемде көмірсутектерді өндіруді жүзеге асыруға құқылы.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы, өзінің технологиялық қажеттіліктеріне тұтынатын немесе осы Кодекстің ережелеріне сәйкес жағылатын көмірсутектерді қоспағанда, өзіне тиесілі көмірсутектерді толық көлемде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына беруге міндетті.
3. Дайындық кезеңінің ұзақтығы осы Кодекстің 119-бабының1-тармағында көрсетілген өндіру кезеңінің барынша ұзақтығы тиісінше қысқартылып үш жылдан аспайтын уақытты құрайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім шегінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша дайындық кезеңін жер қойнауын пайдаланушы өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіту туралы өтініште өзі дербес айқындайды, ал көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт бойынша құзыретті орган аукцион өткізу туралы хабарламада не көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша белгілейді.
118-баптың 4-тармағында 2024 ж. 1 қаңтарға дейін «геологиялық қорлар», «геологиялық қорлардың», «геологиялық қорларға» деген сөздер тиісінше «қорлар», «қорлардың», «қорларға» деген сөздермен ауыстырылды 277-баптың 7-тармағының редакциясында қолданылады
4. Жер қойнауын пайдаланушының геологиялық қорларды есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алуы көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекітудің міндетті шарты болып табылады.
5. Өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіту туралы өтінішті жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға барлау кезеңі ішінде береді.
Егер құзыретті органның өтінішті қарауы кезеңінде өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесі бойынша барлау кезеңі аяқталса, онда көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт өтінішті қарау кезеңінде осындай жер қойнауы учаскесіне қатысты қолданылуын жалғастырады.
6. Өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіту туралы өтініште:
1) жер қойнауын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауы;
2) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі мен күні;
3) өндіру учаскесіне (учаскелеріне) нұсқау;
4) дайындық кезеңінің ұзақтығы қамтылуға тиіс.
7. Өтінішке қосымша:
1) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітуді көздейтін және осы Кодекстің 110-бабына сәйкес өндіру учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтитын келісімшартқа толықтыру;
118-баптың 7-тармағының 2) тармақшасындағы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін «геологиялық қорлар», «геологиялық қорлардың», «геологиялық қорларға» деген сөздер тиісінше «қорлар», «қорлардың», «қорларға» деген сөздермен ауыстырылды 277-баптың 7-тармағының редакциясында қолданылады
2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу бойынша есеп қоса беріледі.
8. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
9. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіту туралы шешім қабылдайды немесе мұндай бекітуден бас тартады.
10. Құзыретті орган:
1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болса, өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекітуден бас тартады.
Құзыретті органның өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекітуден бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны барлау кезеңі ішінде қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.
11. Құзыретті орган өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіту туралы шешім қабылдаған кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш иесімен көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа тиісті толықтыру жасасады және өтініш иесіне оның қол қойылған бір данасын жібереді.
12. Көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде дайындық кезеңі аяқталған кезде өндіру кезеңі бекітілмеген жағдайда, мұндай келісімшарттың қолданысы тоқтатылады.
119-бап. Көмірсутектерді өндіру кезеңі
1. Өндіруге арналған келісімшарт немесе өндіру кезеңін бекітуді көздейтін барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыру жасау кезінде өндіру кезеңінің барынша ұзақтығы - жиырма бес жылдан, ал ірі және бірегей кен орындарында қырық бес жылдан аспайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімдер шегінде көмірсутектерді өндіру кезеңі жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнын әзірлеудің бастапқы жобасы негізінде айқындалады.
Кен орнын әзірлеу жобасында көмірсутектерді рентабельді өндіру мерзімін кейіннен өзгерту жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта өндіру кезеңін тиісінше өзгерту үшін негіз болып табылмайды.
3. Жер қойнауы учаскесіндегі өндіру кезеңі көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт не өндіру кезеңін бекітуді көздейтін көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыру тіркелген күннен бастап есептеледі.
4. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда бүкіл өндіру учаскесін қайтару арқылы өндіру кезеңін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
5. Егер көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған бір келісімшарт шеңберінде көмірсутектер кен орындарының бірнешеуі ашылған болса, онда олардың әрқайсысына келісімшартта жеке учаске және өндіру кезеңі бекітіледі.
Бұл ретте, жер қойнауы учаскелерінің бірі бойынша өндіру кезеңі өткен жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт өз қолданысын қалған жер қойнауы учаскелеріне қатысты ғана жалғастырады.
6. Егер өндіру учаскесі (учаскелері) келісімшартта барлау кезеңі аяқталғанға дейін бекітілсе, онда жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте және өндіру кезеңіне арналған келісімшартта көзделген құқықтары мен міндеттері - өндірудің осындай учаскесіне (учаскелеріне) қатысты, ал жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте және барлау кезеңіне арналған келісімшартта көзделген құқықтары мен міндеттері тек барлау учаскесіне қатысты ғана қолданылады.
7. Егер есептеу бойынша есеп осы Кодексте көзделген жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған көмірсутектер кен орнының бастапқы геологиялық қорларының көлемдері жүз миллион тонна мұнай немесе елу миллиард текше метр табиғи газ мәнінен асатын болса, осындай кен орнына қатысты барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың ережелерінде жер қойнауын пайдаланушының мынадай міндеттемелерінің бірі қамтылуға тиіс:
1) жаңа заңды тұлға құру арқылы дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп қайта өңдеу өндірістерін құру;
2) жұмыс істеп тұрған өндіру өндірістерін жаңғырту не реконструкциялау;
3) жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу өндірістерін жаңғырту не реконструкциялау;
4) өндірілетін көмірсутектерді қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы қайта өңдеу кәсіпорындарына (өндірістеріне) шарттық талаптармен беру;
5) жаңа заңды тұлға құру арқылы өзі дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп өзге инвестициялық жобаны немесе өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған жобаны іске асыру.
8. Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға өндіру учаскесін және өндіру кезеңін бекіту туралы өтінішті барлау кезеңі ішінде береді.
Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға өндіру кезеңін бекіту туралы өтінішті дайындық кезеңі ішінде береді.
Егер құзыретті органның өтінішті қарауы кезеңінде өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесі бойынша барлау кезеңі немесе дайындық кезеңі аяқталса, онда келісімшарт осындай жер қойнауы учаскесіне қатысты - өтінішті қарау кезеңінде, ал осы баптың 12-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда осы баптың 15 - 18-тармақтарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыру кезеңінде қосымша қолданылуын жалғастырады. Бұл ретте осындай жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
9. Өндіру учаскесі мен кезеңін немесе тек қана өндіру кезеңін бекіту туралы өтініште:
1) жер қойнауын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауы;
2) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні;
3) өндіру учаскесіне (учаскелерін ) нұсқау;
4) өндіру кезеңінің (кезеңдерінің) ұзақтығы қамтылуға тиіс.
10. Өтінішке қосымша:
1) осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, учаскені (учаскелерді) және өндіру кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекітуді көздейтін, жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа толықтыру қоса беріледі. Бұл ретте өндіру учаскесін (учаскелерін) бекіту мақсатында келісімшартқа толықтыруда осы Кодекстің 110-бабына сәйкес өндіру учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа қосымша қамтылуға тиіс;
119-баптың 10-тармағының 2) тармақшасындағы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін «геологиялық қорлар», «геологиялық қорлардың», «геологиялық қорларға» деген сөздер тиісінше «қорлар», «қорлардың», «қорларға» деген сөздермен ауыстырылды 277-баптың 7-тармағының редакциясында қолданылады
2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу бойынша есеп (есептер);
3) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнын әзірлеу жобасы қоса беріледі.
11. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган мынадай шешімдердің бірін:
1) осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өндіру учаскесін және кезеңін немесе тек қана өндіру кезеңін бекіту туралы шешімді;
2) осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайда осы бапта көзделген мерзімде және тәртіппен жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздер жүргізу туралы шешімді;
3) өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітуден бас тарту туралы шешімді қабылдайды.
13. Құзыретті орган:
1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес болмаса;
2) жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болса, өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітуден бас тартады.
Құзыретті органның өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітуден бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны тиісінше барлау кезеңі немесе дайындық кезеңі ішінде қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.
14. Осы баптың 12-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда құзыретті орган өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін бекіту туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш иесімен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жасасады және өтініш иесіне оның қол қойылған бір данасын жібереді.
15. Осы баптың 12-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда құзыретті орган осындай шешім қабылданған күннен бастап жиырма төрт ай ішінде жер қойнауын пайдаланушымен осы баптың 7-тармағында көзделген міндеттемені орындау шарттары мен тәртібін айқындау бойынша келіссөздер жүргізеді.
16. Келіссөздер жүргізу нәтижелері бойынша құзыретті орган бес жұмыс күні ішінде:
1) өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін, сондай-ақ осы баптың 7-тармағында көзделген міндеттемені орындау шарттары мен тәртібін бекітуді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыруды жасау туралы;
2) келісімшартқа толықтыру жасасудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды және бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыны хабардар етеді.
17. Осы баптың 16-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде құзыретті органға өз тарапынан қол қойылған өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітуді, сондай-ақ осы баптың 7-тармағында көзделген міндеттемені орындау шарттары мен тәртібін көздейтін көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруды жібереді. Бұл ретте, өндіру учаскесін бекіту мақсатында осы Кодекстің 110-бабына сәйкес келісімшартқа толықтыру өндіру учаскесін белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтуға тиіс.
18. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыруды алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде мұндай толықтыруға қол қояды және жер қойнауын пайдаланушыға оның қол қойылған бір данасын жібереді.
19. Осы баптың 16-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін бұрынғы жер қойнауын пайдаланушының табуға және бағалауға жұмсалған шығындарын өтетуге құқығы бар.
Мұндай өтеуді жаңа жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми статистикалық ақпаратының негізінде айқындалатын инфляцияны ескере отырып, тиісті шығындардың толық сомасын бір уақытта төлеу тәртібімен жүзеге асырады.
Мұндай шығындарды өтеу мерзімін құзыретті орган белгілейді және жаңа жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарт жасасқан күннен бастап он екі айдан аспауға тиіс.
Жаңа жер қойнауын пайдаланушы өзі өтейтін шығындардың аудитін жүргізуге құқылы. Өтелетін шығындардың мөлшері туралы жаңа және бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы арасында дау туындаған жағдайда, мұндай дау сот тәртібімен шешілуге тиіс.
120-бап. Көмірсутектерді өндіру кезеңін ұзарту
1. Өндіру кезеңін құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша қатарынан келетін жиырма бес жылға дейінгі кезеңге ұзартады.
2. Өндіру кезеңін ұзарту туралы өтінішті жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға ұзартылатын өндіру кезеңі аяқталардан кемінде алты ай бұрын, ал осы баптың 5-тармағында көрсетілген кен орындары бойынша ұзартылатын өндіру кезеңі аяқталарға дейін жиырма төрт айдан кешіктірмей береді.
3. Өндіру кезеңін ұзарту туралы өтініште:
1) жер қойнауын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауы;
2) көмірсутекті барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні;
3) өндіру кезеңін ұзарту сұралатын жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) нұсқау;
4) өндіру кезеңін ұзарту сұралатын мерзім қамтылуға тиіс.
4. Өтінішке қосымша:
1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауын пайдаланушы өндіру кезеңі ұзартылған жағдайда жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін жұмыстар көлемін, сипатын және орындау мерзімін қамтитын жұмыс бағдарламасы;
2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған өндіру кезеңінің сұралатын ұзарту мерзімі ішінде кен орнын әзірлеуді көздейтін кен орнын әзірлеудің жобасы қоса беріледі.
5. Егер есептеу бойынша есеп осы Кодексте көзделген жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған көмірсутектер кен орнының бастапқы геологиялық қорлары жүз миллион тонна мұнай немесе елу миллиард текше метр табиғи газ мәнінен асатын болса, өндіру кезеңін ұзарту кезіндегі келісімшарттың ережелері осы Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көрсетілген міндеттемелердің бірімен толықтырылуға тиіс.
Егер мұндай кен орнына қатысты жер қойнауын пайдалану құқығы басқа тұлғаға берілсе, онда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа осы Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көрсетілген міндеттемелердің бірі қосылады.
6. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап - екі ай ішінде, ал осы баптың 5-тармағында көрсетілген кен орындары бойынша жиырма төрт ай ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган ұзарту туралы шешім қабылдайды немесе мұндай ұзартудан бас тартады.
7. Құзыретті орган:
1) егер өтініш осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімнен кеш берілсе;
2) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес болмаса;
3) егер кен орнын әзірлеу жобасында өтініште сұралатын мерзімнен аз мерзімде әзірлеу көзделсе;
4) жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болса;
5) құзыретті органның келісімшартты ұзартуға ниеті болмаған, оның ішінде, жер қойнауын пайдаланушының қосылған құны жоғары өнім (неғұрлым жоғары қайта жасалған және қайта өңделген) өндіруді көздейтін индустриялық-инновациялық жобаны не осы Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көзделгендерді қоса алғанда, өзге де инвестициялық міндеттемелерді іске асыру бойынша міндеттемелер қабылдау жөнінде онымен келісімге келмеген жағдайда, өндіру кезеңін ұзартудан бас тартады.
Осы тармақтың 1) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, құзыретті органның өндіру кезеңін ұзартудан бас тартуы өтініш иесін қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.
8. Өндіру кезеңін ұзарту өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша ғана жүргізіледі.
9. Егер келісімшарт құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған үлгі келісімшартқа сәйкес келсе, өндіру кезеңін ұзарту кезінде жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган арасында ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өндіру кезеңін ұзартуды және жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 4-тармағында 1) тармақшасында көрсетілген және келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін жұмыс бағдарламасын орындау жөніндегі міндетін көздейтін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа толықтыру жасалады.
10. Егер келісімшарт құзыретті орган бекітетін көмірсутекті барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес келмесе, өндіру кезеңін ұзарту кезінде жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган арасында ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап екі ай ішінде көмірсутектерді өндіруге үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген жаңа редакциядағы көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт жасалады.
11. Егер келісімшарт шеңберінде көмірсутектерді өндіру кезеңі кемінде жиырма жыл мерзімге белгіленсе, онда өндіру кезеңі ұзартылған кезде келісімшарт талаптары Қазақстан Республикасының осындай ұзарту күніне қолданыста болатын заңнамасына сәйкес келтірілуге тиіс.
18-тарау. Көмірсутектерді барлау және өндіру шарттары
121-бап. Көмірсутектерді барлаудың және өндірудің жалпы шарттары
1. Коллектор-жыныста және өткізбейтін жыныстар жапқыштарында түзілген тұтқыштағы көмірсутектердің табиғи оқшау жинақталуын қамтитын жер қойнауының бір бөлігі көмірсутектер жатыны деп танылады.
2. Есептеу бойынша есеп осы Кодексте көзделген жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған бірыңғай құрылымдық элементпен бақыланатын және жергілікті бір алаңда орналасқан, бір немесе бірнеше тұтқыштарға жататын кенжатын немесе кенжатындар жиынтығы көмірсутектер кен орны деп танылады.
3. Ұңғымадан көмірсутектердің ағымын құжатпен растау арқылы алу, оның ішінде қабатты сынағышпен сынамалау жүргізген кезде және (немесе) мұнай-газдың мол болуына коллектор-жынысты зертханалық зерттеу кезінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде растаған жаңа кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) ашылуы табу болып табылады.