1. Іс жөнінде шешім жарияланғаннан кейін шешім шығарған соттың оны жоюға немесе өзгертуге құқығы жоқ.
2. Сот өз бастамашылығымен немесе іске қатысушы адамдардың арызы бойынша шешімде жіберілген қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзете алады. Түзетулер енгізу туралы мәселе сот отырысында шешіледі. Іске қатысушы адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі түзетулер енгізу туралы мәселені қаруға кедергі болмайды.
3. Шешімге түзетулер енгізу туралы мәселе жөніндегі сот ұйғарымына жеке шағым жасалуы немесе наразылық келтірілуі мүмкін.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 231-бап өзгертілді
231-бап. Қосымша шешім
1. Іс бойынша шешімге қаулы қабылдаған сот іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамашылығымен мынадай жағдайларда:
1) іске қатысушы адамдар дәлелдемелер ұсынған және түсініктемелер берген қандай да бір талап бойынша шешім шығарылмаса;
2) егер сот құқық туралы мәселені шеше отырып, алып берілген соманың, берілуге тиісті мүліктің мөлшерін немесе жауапкер жасауға тиісті әрекеттерді көрсетпесе;
3) егер сот шығындары туралы мәселені сот шешпесе;
4) егер сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселенi сот шешпесе, қосымша шешiм шығара алады.
2. Қосымша шешім шығару туралы мәселе шешім орындалатын мерзімнің шегінде қойылуы мүмкін. Мәселе сот отырысында қаралғаннан кейін сот қосымша шешім шығарады және оған шағым жасалуы немесе наразылық келтірілуі мүмкін. Іске қатысушы адамдарға сот отырысының уақыты және орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі қосымша шешім шығару туралы мәселені қарауға кедергі болмайды.
3. Қосымша шешім шығарудан бас тарту туралы соттың ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 232-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
232-бап. Шешімді түсіндіру
1. Шешім түсініксіз болған жағдайда істі қараған сот іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша, сондай-ақ сот орындаушысының өтініші бойынша шешімді оның мазмұнын өзгертпей түсіндіруге құқылы. Шешімді түсіндіруге ол әлі орындалмаған және шешім мәжбүрлі түрде орындалуы мүмкін мерзім өткенге дейін жол беріледі. Сот шешімді түсіндіру туралы өтінішті, өтінішті өтініш қабылданған күннен бастап он күн мерзімде қарауға міндетті.
2. Шешімді түсіндіру туралы мәселе сот отырысында шешіледі. Іске қатысушы адамдарға, сондай-ақ қарау нысанасы оның түсіндіру туралы өтініші болған жағдайларда сот орындаушысына сот отырысының уақыты мен орны хабарланады, алайда олардың келмеуі шешімді түсіндіру туралы мәселені қарауға кедергі болмайды.
3. Соттың шешімді түсіндіру туралы ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
233-бап. Шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту, шешімді орындаудың әдісі мен тәртібін өзгерту
1. Істі қараған сот іске қатысушы адамдардың арызы бойынша тараптардың мүліктік жағдайын немесе басқа да мән-жайларды негізге ала отырып, шешімнің орындалу мерзімін кейінге қалдыруға немесе оның мерзімін ұзартуға, сондай-ақ оны орындаудың әдісі мен тәртібін өзгертуге құқылы.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған арыздар сот отырысында қаралады. Іске қатысушы адамдарға отырыстың уақыты мен орны туралы хабарланады, бірақ олардың келмеуі соттың алдына қойылған мәселені шешуіне кедергі болмайды.
3. Шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, оны орындаудың әдісі мен тәртібін өзгерту туралы мәселе жөніндегі сот ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 234-бап өзгертілді
234-бап. Алып берілген ақша сомаларын индекстеу
1. Сот мүдделі адамның арызы бойынша сот актісімен төлеттірілген ақшалай сомаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сот актісі орындалған күнгі қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сүйене отырып, тиісті индекстеу жүргізе алады.
2. Алып берілген сомаларды индекстеу туралы арыз сот отырысында қаралады. Іске қатысушы адамдарға отырыстың уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі соттың алдына қойған мәселені шешуіне кедергі болмайды.
3. Алып берілген ақша сомаларын индекстеу туралы сот ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 235-бап өзгертілді; 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 235-бап өзгертілді
235-бап. Сот шешімінің заңды күшіне енуі
1. Бірінші сатыдағы соттың шешiмдерi, егер оларға шағым немесе наразылық келтiрiлмесе, оларға апелляциялық шағымдану, наразылық келтiру мерзiмi өткен соң заңды күшiне енедi.
1-1. Соттың қаржы ұйымдарын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімдері олар қабылданған күннен бастап заңды күшіне енеді және дереу орындалуға жатады.
1-2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот шешімі қабылданған күнінен бастап заңды күшіне енеді.
2. 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Аппеляциялық тәртіппен шағым немесе наразылық берілген жағдайда, шешім, егер оның күші жойылмаған болса, апелляциялық сатыдағы сот қаулыны жария еткен кезден бастап заңды күшіне енеді.
4. Шешім заңды күшіне енгенде тараптар және іске қатысушы басқа да адамдар, сондай-ақ олардың құқық мирасқорлары сотта бұрынғы негіздер бойынша бұрынғы талап қою талаптарымен қайтадан арыздана алмайды, сондай-ақ сот анықтаған фактілер мен құқықтық қатынастарды басқа процесте даулай алмайды.
5. Егер жауапкерден мезгіл-мезгіл төлем өндіріп алу шешімі заңды күшіне енгеннен кейін төлемдердің мөлшерін айқындауға немесе олардың ұзақтығына әсер ететін мән-жайлар өзгерсе, тараптардың әрқайсысы жаңа талап қою арқылы төлемдердің мөлшері мен мерзімдерін өзгертуді талап етуге құқылы.
11.07.01 ж. № 238-II; 05.05.03 ж. № 409-II (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 224-III (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 236-бап өзгертілді
236-бап. Шешімді орындау
1. Шешім, дереу орындалатын жағдайлардан басқа, ол заңды күшіне енгеннен кейін, заңмен белгіленген тәртіп бойынша орындалады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2 бөлігі өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылады, ол өндiрiп алушыға берiледi не оның жазбаша арызы не электрондық құжат нысанындағы арызы бойынша сот оны тиісті аумағы бойынша әділет органына орындау үшiн жiбередi.
Мүлік тәркіленген, мемлекет кірісіне өндіріп алынған, сондай-ақ қылмыспен келтірілген залал өндіріп алынған, алимент өндіріп алынған, тарапы мемлекет болып табылатын мертігуден немесе денсаулыққа өзге де зақым келуден, асыраушысынан айырылуынан келтірілген зиянның орны толтырылған жағдайларда сот өз бастамасымен атқарушылық құжатты аумағы бойынша тиісті әділет органына орындау үшін жібереді.
3. Соттың дереу орындалуға тиісті шешімі бойынша атқару парағы жазылып, шешім шығарылғаннан кейін дереу орындауға жіберіледі.
4. Атқару парақтарын (бұдан әрi - атқару құжаттарын) бірiншi сатыдағы сот шешiм заңды күшiне енген немесе iс жоғары тұрған соттан қайтқан күннен бастап үш тәулiк iшiнде жазады және оларда:
атқару құжатын берген соттың атауы;
істің нөмірі және шешім шығарылған күн;
шешімнің қарар бөлігі (сөзбе-сөз);
шешімнің күшіне енген уақыты;
атқару құжаты берілген күн;
өндіріп алушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер мен сәйкестендiру нөмiрi, немесе, егер өндіріп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты орналасқан жері не Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен мәліметтер, банк реквизиттері мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
борышкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, оның жұмыс орны мен жұмыс орнының банк реквизиттері туралы мәліметтер (егер істің материалдарында бар болса), оның банк реквизиттері мен сәйкестендiру нөмiрi (егер істің материалдарында бар болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты орналасқан жері не Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен мәліметтер (егер істің материалдарында бар болса), банк реквизиттері мен сәйкестендiру нөмiрi көрсетілуге тиіс.
Атқару парағының нысанын атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
5. Соттың әрбір шешімі бойынша бір атқару парағы беріледі. Егер сот талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдаса, атқару құжатына талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар туралы құжаттардың көшірмелері, егер оның ішінде талапты қамтамасыз ету үшін тыйым салынған мүліктің тұрған жері және оның сақталуына жауапты тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын құжаттардың көшірмелері іс материалдарында бар болса, қоса тіркеледі. Егер атқару әртүрлі орындарда жүргізілетін болса не егер шешім бірнеше талап қоюшының пайдасына немесе бірнеше жауапкерге қарсы шығарылған болса, сот өндіріп алушылардың өтініші бойынша атқару орнын дәл көрсетіп не осы атқару құжаты бойынша атқарылуға тиіс шешімнің сол бөлігін көрсете отырып, бірнеше атқару құжатын жазады. Сот атқару парағына сот актiсiнiң көшiрмесiн не соттың мөрiмен куәландырылған оның үзiндi көшiрмесiн қоса тiркейдi.
5-1. Атқарушылық құжат өндіріп алушыға беріледі не оның арызы бойынша сот оны тиісті аумағы бойынша әділет органына орындау үшін жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жібереді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6 бөлігі өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Әділет органдары сот шешімі орындалған жағдайда он жұмыс күні ішінде шешім шығарған сотты бұл жайында хабардар етуге не орындаудың белгіленген процестік мерзімі өткен соң орындалмаудың себептері туралы жазбаша ақпарат беруге тиіс. Сот шешімінің орындалмау себептері туралы ақпарат электрондық құжат нысанында ұсынылуы мүмкін.
Аткарушылық құжат мәжбүрлеп орындатуға ұсынылғанға дейін сот шешімін орындаған борышкер шешім шығарған сотты бұл туралы үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге тиіс.
Сот атқарушылық құжатты аумағы бойынша тиісті әділет органына жіберген жағдайда немесе егер атқарушылық құжат өндіріп алушыға сот шешімінің орындалғаны туралы оған хабардар етілгенге дейін берілсе борышкер өндіріп алушыны хабардар етеді.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 237-бап өзгертілді
237-бап. Дереу орындауға жататын шешімдер
Мынадай:
1) алимент алып беру туралы;
2) қызметкерге жалақы, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа алып беру туралы;
3) жұмысқа қайта орналастыру туралы;
4) мертігуден немесе денсаулықты өзгедей зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысынан айрылуынан келген зиянды, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа өтеу туралы;
5) ереуілді заңсыз деп тану туралы;
6) қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы;
7) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы;
8) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы шешімдер дереу орындалуға жатады.
238-бап. Соттың шешімді дереу орындауға жіберу құқығы
1. Егер айрықша жағдайлардың салдарынан шешімді орындаудағы кідіріс өндіріп алушыны елеулі зиянға әкеп соғуы мүмкін болса немесе шешімді орындау мүмкін болмаса, сот талап қоюшының өтінуі бойынша шешімді дереу орындауға жібере алады.
2. Шешім дереу орындауға жіберілген кезде сот талап қоюшыдан сот шешімінің күші жойылған жағдайда шешімнің кері орындалуын қамтамасыз етуді талап ете алады.
3. Шешімді дереу орындау туралы мәселе, шешімі шығарылған кезде шешілмесе, сот отырысында қаралады. Іске қатысушы адамдарға отырыстың уақыты мен орны хабарланады, алайда олардың келмеуі сот шешімін дереу орындау туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.
4. Шешімді дереу орындау туралы мәселе жөніндегі сот ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін. Шешімді дереу орындау туралы ұйғарымға жеке шағым, наразылық беру бұл ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрады.
239-бап. Шешімнің орындалуын қамтамасыз ету
Сот дереу орындауға жіберілмеген шешімді орындауды осы заңда белгіленген ережелер бойынша қамтамасыз ете алады.
Сот бұл іс-әрекеттерді сот қаулыларын орындауға құқығы бар органға атқару парағын орындау үшін жібергенге дейін жүргізеді.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.01. № 402-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 240-бап өзгертілді
240-бап. Сот шешімінің орындалуын кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту, оны орындау әдісі мен тәртібін өзгерту, бітімгершілік келісімді бекіту
1. Іс бойынша шешімге қаулы қабылдаған немесе бұйрық шығарған сот, сондай-ақ сот қаулысы орындалатын жердегі сот өндіріп алушысы мемлекет болып табылатын атқарушылық іс жүргізу бойынша мемлекеттік сот орындаушысының өтінішхаты бойынша және атқарушылық іс-әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкін емес ететін мән-жайлар болған кезде атқарушылық іс жүргізудегі тараптардың өтініші бойынша оны орындау тәсілін немесе тәртібін өзгерте алады.
Сот атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініші бойынша сот қаулысын орындауды кейінге қалдыра алады немесе мерзімін ұзарта алады, сондай-ақ бітімгершілік келісімді бекіте алады.
2. Сот орындаушысының өтініші немесе атқару ісін жүргізудегі тараптардың арызы сот отырысында қаралады. Іске қатысушы тұлғаларға отырыс өтетін уақыт және орын хабарланады, алайда олардың келмеуі соттың алдына қойған мәселені шешуіне кедергі болмайды.
3. Орындауды кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ оның орындалу әдісі мен тәртібінің өзгеруі туралы мәселе бойынша соттың ұйғарымына жеке шағым жасалуы немесе наразылық келтірілуі мүмкін.
4. Осы баптың ережелері бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту немесе тараптардың сот бекіткен бітімгершілік келісім немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім әдісін өзгерту жүргізілуі мүмкін.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 240-1-баппен толықтырылды
240-1-бап. Сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару
Заңды күшiне енiп, толық немесе iшiнара орындалған сот шешiмiнiң күшi жойылған және сот талап қоюдан толық немесе бір бөлiгiнде бас тарту туралы жаңа шешiм шығарған не iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы немесе талап қоюды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарған жағдайда талапкерден күшi жойылған шешiм бойынша алғанының бәрi өндiрiлiп алынады (шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару).
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 240-2-баппен толықтырылды
240-2-бап. Сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселенi қарау
1. Күшi жойылған шешiмдi орындау орын алған iс бойынша жаңа шешiм шығарған сот жауапкердiң жазбаша арызы бойынша орындауды қайта бұрып атқару туралы мәселенi қарайды және бұл мәселенi жаңа шешiммен шешедi.
2. Егер сот iстi жаңадан қараған кезде күшi жойылған шешiм бойынша орындауды қайта бұрып атқару мәселесiн шешпесе, жауапкердiң шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы арызы iске қатысушы адамдарды, ал қажет болған жағдайда күшi жойылған шешiмдi орындаған органды да хабарландыра отырып, соттың бөлек отырысында қаралады. Аталған адамдар шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы арызды қараудың орны мен уақыты туралы хабарландырылады, алайда олардың сот отырысына келмей қалуы орындауды қайта бұрып атқару туралы мәселенi шешу үшiн кедергi болмайды.
3. Шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағым немесе наразылық келтiрiлуi мүмкiн.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 240-3-баппен толықтырылды; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 240-3-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 240-3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
240-3-бап. Апелляциялық, кассациялық сатылардағы немесе қадағалау сатысындағы соттың сот актісінің орындалуын бұру туралы мәселенi шешу
Апелляциялық, кассациялық тәртіппен немесе қадағалау тәртібімен күші жойылған немесе өзгертілген сот актісінің орындалуын бұру туралы мәселені қарауды, егер осы мәселе апелляциялық, кассациялық сатылардағы немесе қадағалау сатысындағы соттарда қаралмаса, күші жойылған немесе өзгертілген сот актісін орындау жері бойынша немесе күші жойылған, өзгертілген сот актісін шығарған бірінші сатыдағы сотта істің қаралған жері бойынша бірінші сатыдағы сот жүргізеді.
2006.22.06 № 147-III ҚР Заңымен 240-4-баппен толықтырылды; 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 240-4-бап жаңа редакцияда (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
240-4-бап. Сот орындаушысының ұсынуларын қарау
1. Судья сот орындаушысының ұсынуын сотқа келіп түскен күннен бастап он күн ішінде шешеді. Сот борышкерді және өндіріп алушыны сот орындаушысының ұсынуы келіп түскені туралы хабардар етеді, сот отырысының өткізілетін уақыты мен орнын хабарлайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген борышкердің немесе өндіріп алушының келмей қалуы істі қарауға кедергі болмайды. Судья сот орындаушысының ұсынуын қарап, ұйғарым шығарады.
Сот ұйғарымының көшірмесі борышкер мен өндіріп алушыға үш күн мерзімде жіберіледі.
2. Соттың ұйғарымына осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы немесе наразылық білдірілуі мүмкін.
2006.22.06 № 147-III ҚР Заңымен 240-5-баппен толықтырылды
240-5-бап. Сот орындаушысының шешімді орындау кезіндегi әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
1. Өндіріп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу процесіндегі әрекетіне (әрекетсіздігіне) не осындай іс-әрекеттер жасаудан бас тартуына шағым жасауы мүмкін. Шағым іс-әрекет жасалған (іс-әрекет жасаудан бас тартылған) күннен бастап немесе сот орындаушысының іс-әрекет жасау уақыты, орны туралы хабардар етілмеген өндіріп алушыға немесе борышкерге ол туралы белгілі болған күннен бастап он күн ішінде сот орындаушысы қызмет көрсететін учаскедегі аудандық сотқа беріледі.
Жоғары тұрған органдарға және жоғары тұрған лауазымды тұлғаға бағыныштылық тәртібімен алдын ала жүгіну сотқа шағымды беру мен оны соттың қарауға қабылдауы үшін міндетті шарт болып табылмайды.
2. Сот шағымды он күн мерзімде қарайды. Сот өндіріп алушыны, борышкерді және сот орындаушысын сот отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етеді, алайда олардың келмей қалуы шағымды шешу үшін кедергі болып табылмайды.
3. Сот шағымды негізді деп тауып, сот орындаушысы іс-әрекетінің күшін жою немесе оны жарамсыз деп тану туралы не сот орындаушысының жіберілген қателікті толық көлемде жоюға міндеттілігі туралы не өндіріп алушының немесе борышкердің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын өзгеше тәсілмен қалпына келтіру туралы шешім шығарады.
Егер аталған іс-әрекеттерді тек қана сот орындаушысы жасай алатын болса, сот шешімде мерзім белгілеуі мүмкін, шешім сол мерзім ішінде орындалуға тиіс.
4. Сот, егер шағым жасалған әрекет (әрекетсіздік) сот орындаушысының өкілеттігі шегінде заңға сәйкес жасалғанын және өндіріп алушы мен борышкердің құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылмағанын анықтаса, шағымды қанағаттандырудан бас тартады.
Соттың шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешіміне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
5. Егер сот шешімде өзгеше мерзім белгілемесе, шешімнің орындалғаны туралы сотқа, өндіріп алушыға немесе борышкерге сот шешімін алған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей хабарлануға тиіс.
2006.22.06 № 147-III ҚР Заңымен 240-6-баппен толықтырылды
240-6-бап. Шешімді орындаған кезде басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау
1. Сот орындаушысы мүлікке тыйым салу ісін жүргізу кезінде мүліктің борышкерге немесе басқа тұлғаларға тиесілі болуына қарамастан тыйым салудың күшін жоюға негіз болып табылатын заң бұзушылыққа жол берген жағдайда, сот борышкердің немесе басқа тұлғалардың мүлікке тыйым салудың күшін жою туралы өтінішін осы Кодекстің 240-5-бабында көзделген тәртіппен қарайды. Осындай өтініш тыйым салынған мүлікті сатқанға дейін берілуі мүмкін.
Сот өндіріп алу қолданылған мүліктің тиесілігіне байланысты азаматтық құқық туралы басқа тұлғалар мәлімдеген дауды талап қою бойынша іс жүргізу ережелері бойынша қарайды.
2. Мүліктің меншік иелері немесе мүлікке шаруашылық жүргізу, оралымды басқару, тұрақты жер пайдалану құқығымен не заңнамалық актілерде немесе шартта көзделген өзге де негіз бойынша иелік ететін тұлғалар мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар қоя алады.
3. Мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар борышкерге және өндіріп алушыға қойылады.
4. Егер мүлікке тыйым салу мүлікті тәркілеуге байланысты жүргізілсе, сотталған адам және республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және оны одан әрі пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыруға уәкілетті тиісті орган жауапкер ретінде тартылады. Талап қою талаптары негізді деп танылған жағдайда, егер тәркіленуге тиіс мүлік республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және оны одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға уәкілетті органда тұрған болса және ол оны сауда ұйымдарына, басқа ұйымдарға сату, қайта өңдеу үшін не өтеусіз берген болса, онда ол мүлік заттай түрде қайтарылуға тиіс. Бұл жағдайда республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және оны одан әрі пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыруға уәкілетті органнан басқа аталған ұйымдар іске қатысуға тартылады және оларға мүлікті қайтару жөнінде міндет жүктеледі.
Егер мүлікті тәркілеуге байланысты тыйым салу жүргізілген мүлік сатылған немесе қайта өңдеуге жіберілген болса, мүлікті сатудан түскен сома талапкерге өтеледі.
5. Судья осы баптың бірінші бөлігіндегі аталған мүдделі тұлғалардың өтінішіне қарамастан, мән-жайды белгілеп, мүлікке тыйым салудың күшін жоюға міндетті.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 240-7-баппен толықтырылды (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 240-7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
240-7-бап. Сот орындаушысының қаулысын санкциялау
1. Заңмен белгіленген жағдайларда сот орындаушысы соттың санкциялауына жататын атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулы шығарады. Қаулыда санкцияланатын әрекеттерді қабылдау қажеттілігін туғызған дәлелдер мен негіздер жазылуға тиіс.
2. Санкциялауға жататын атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулыны сот орындаушысы сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында ұсынады. Қаулыға санкцияланатын әрекеттерді қолданудың негізділігін растайтын атқарушылық іс жүргізу материалдары қоса беріледі.
3. Сот орындаушысының қаулысын сотқа материалдар түскен күні сот қарауға тиіс.
4. Сот орындаушысының қаулысын және оған қоса тіркелген атқарушылық іс жүргізу материалдарын қарап, сот атқарушылық әрекеттерді жасауға санкция береді немесе санкция беруден бас тартады.
Санкция беру сот орындаушысының қаулысына судьяның қолымен расталатын «Санкциялаймын» деген сот мөртаңбасын қою арқылы жүзеге асырылады.