Егер сот отырысына тараптар қатысып отырса, істі қарау кейінге қалдырылған кезде сот келген куәлардан жауап алуға құқылы. Бұл куәларды жаңа сот отырысына екінші рет шақыруға қажет болған жағдайларда ғана жол беріледі.
191-бап. Сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру
Төрағалық етуші сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, сарапшыға көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді, ол туралы сарапшыдан қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.
2011.28.01. № 402-IV ҚР Заңымен 192-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 192-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
192-бап. Істі мәні бойынша қараудың басталуы
Iстi мәнi бойынша қарау төрағалық етушiнiң қуынушы өз талаптарын қолдайтыны-қолдамайтыны, жауапкер қуынушының талаптарын мойындайтыны-мойындамайтыны және тараптар iстi бiтiмгершiлiк келiсiммен аяқтауды немесе iстi төрелікке немесе аралық сотқа қарауға берудi не дауды медиация тәртібімен шешуді қалайтыны-қаламайтыны туралы мәселелердi анықтауынан басталады.
2011.28.01. № 402-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 193-бап өзгертілді
193-бап. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы, жауапкердің талап қоюды мойындауы, тараптардың бітімгершілік келісімі және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім
1. Талапкердің талап қоюдан бас тартуы туралы арызы, жауапкердің талап қоюды мойындауы немесе тараптардың татуласу келісімінің шарттары не дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің шарттары жазбаша түрде беріледі, олар іс материалдарына қоса тіркеледі, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.
2. Талап қоюдан бас тарту қабылданғанға не талап қою мойындалғанға немесе тараптардың бітімгершілік келісімі, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілгенге дейін сот талап қоюшыға, жауапкерге немесе тараптарға тиісті іс жүргізу әрекеттерінің салдарын түсіндіреді.
3. Талап қоюдан бас тартуды қабылдау, тараптардың бітімгершілік келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарым шығарады, сол арқылы осымен бір мезгілде іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады. Ұйғарымда тараптардың сот бекітетін бітімгершілік келісімінің немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің шарттары көрсетілуге тиіс.
4. Жауапкер талап қоюды мойындағанда және оны қабылдаған кезде сот мәлімденген талаптарды қанағаттандыру туралы шешім шығарады.
5. Сот осы Кодекстің 49-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша талапкердің талап қоюдан бас тартуын, талап қоюды мойындауды қабылдамаған, татуласу келісімін немесе тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітпеген жағдайларда, сот бұл туралы ұйғарым шығарады және істі мәні бойынша қарауды жалғастырады.
2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 194-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
194-бап. Іске қатысушы адамдардың түсініктемелері
1. Сот талап қоюшының және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның, жауапкердің және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның, сондай-ақ іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктемелерін тыңдайды. Прокурор, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері, сотқа басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға жүгінген азаматтар бірінші болып түсініктемелер береді. Іске қатысушы адамдар бір-біріне сұрақтар қоюға құқылы.
2. Іске қатысушы адамдардың жазбаша түсіндірмелерін, сондай-ақ сот осы Кодекстің 73 және 76-баптарында көзделген тәртіппен алған түсіндірмелерді төрағалық етуші жария етеді.
3. Сот іске қатысатын адамдардың түсініктемелерін осы адамдар орналасқан жердегі сот арқылы нақты уақыт режимінде бейнебайланыс арқылы алуы мүмкін.
195-бап. Дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгілеу
Сот іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тыңдап және олардың пікірлерін ескеріп, өзге дәлелдемелерді зерттеудің тәртібін белгілейді.
196-бап. Жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған жауап бергені үшін жауапкершілік жөнінде куәға ескерту
2007.29.06. № 270-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Куәдан жауап алынғанға дейін төрағалық етуші куәнің жеке басын анықтайды, оның міндеттері мен құқықтарын түсіндіреді және оған айғақтар беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді. Куәға, сондай-ақ өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден, ал діни қызметшілерге тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға да қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екені түсіндіріледі. Куә мынадай мазмұнда ант береді: «Сотқа іс бойынша өзіме белгілі болған барлық мән-жайды, тек қана шындықты, барлық шындықты айтуға және шындықтан басқа ешнәрсе айтпауға ант етемін.». Куәдан оған өз міндеттері мен жауаптылығының түсіндірілгені туралы қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына тіркеледі.
2. Он алты жасқа толмаған куәға судья оған іс бойынша мәлім нәрсенің бәрін шынайы айтып беру міндетін түсіндіреді, бірақ оған жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескертілмейді.
197-бап. Куәдан жауап алу тәртібі
1. Әрбір куәдан жауап жеке-жеке алынады. Әлі айғақ бермеген куәлар істі қарау кезінде сот отырысы залында бола алмайды.
2. Төрағалық етуші куәнің іске қатысушы адамдарға қатысын анықтайды және іс бойынша оған өзіне мәлім нәрсенің бәрін сотқа хабарлауды ұсынады.
3. Бұдан кейін куәға сұрақтар қойылуы мүмкін. Бірінші болып арызы бойынша куә мен оның өкілі шақырылған адам, содан соң іске қатысушы басқа адамдар мен өкілдер сұрақ қояды. Судья куәдан жауап алудың кез келген сәтінде оған сұрақ қоюға құқылы.
4. Қажет болған жағдайда сот осы немесе келесі отырыста куәдан екінші рет жауап ала алады, сондай-ақ олардың айғақтарындағы қайшылықтарды айқындау үшін куәлар арасында беттестіру жүргізеді.
5. Егер сот оған ертерек кетуге рұқсат бермесе, жауап алынған куә істі қарау аяқталғанға дейін сот отырысы залында қалады.
198-бап. Куәнің жазбаша материалдарды пайдалануы
1. Жауап әлдеқандай цифрлармен немесе есте сақтау қиын басқа деректермен байланысты болған жағдайларда, куә жауап беру кезінде жазбаша материалдарды пайдалана алады. Бұл материалдар сотқа және іске қатысушы адамдарға көрсетіледі және соттың ұйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін.
2. Куәға оның айғақтарына қатысты оның қолында бар құжаттарды оқуына рұқсат етіледі. Бұл құжаттар сотқа көрсетіледі және оның ұйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін.
2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 199-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
199-бап. Кәмелетке толмаған куәдан жауап алу
1. Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрттен он алты жасқа дейінгі куәдан жауап алу да сотқа шақырылатын педагогтың және заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Көрсетілген адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен куәға сұрақтар қоя алады.
2. Істің мән-жайын анықтау үшін қажет болатын ерекше жағдайларда, кәмелетке толмаған куәдан жауап алынған уақытта сот ұйғарымы бойынша сот отырысы залынан іске қатысушы қандай да бір адам шығарылуы мүмкін. Бұл адам сот отырысы залына қайта келгенде оған кәмелетке толмаған куәнің айғақтарының мазмұны хабарланып, куәға сұрақтар қою мүмкіндігі берілуге тиіс.
3. Он алты жасқа толмаған куә сот бұл куәні сот отырысы залында болуы қажет деп таныған жағдайларды қоспағанда, куә одан жауап алу аяқталған соң сот отырысы залынан шығарылады.
200-бап. Куәнің жауаптарын жария ету
Куәлардың осы Кодекстің 73, 74, 190-баптарында көзделген тәртіппен жиналған айғақтары сот отырысында жария етіледі, осыдан соң іске қатысушы адамдар осы айғақтарға өз көзқарастарын білдіруге және олар бойынша түсініктемелер беруге құқылы.
201-бап. Құжаттарды зерттеу
Осы Кодекстің 73, 74, 75, 76-баптарында және 170-бабының 9) тармақшасында көзделген тәртіппен жасалған құжаттар немесе оларды қарау хаттамалары сот отырысында жария етіледі және - іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетіледі. Осыдан соң іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады.
202-бап. Азаматтардың жеке хат алысуын және телеграфтық хабарларын жария ету және зерттеу
Азаматтардың жеке хат алысу және жеке телеграфтық хабар беру құпиясын қорғау мақсатында хат алысу мен телеграфтық хабарлар ашық сот отырысында тек хат алысқан немесе телеграфтық хабарлар алысқан адамдардың келісімімен ғана жария етілуі және зерттелуі мүмкін. Бұл адамдар келісім бермесе, олардың жеке хат алысулары мен жеке телеграфтық хабарлары жабық сот отырысында жария етіледі және зерттеледі. Осыдан соң іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады.
203-бап. Заттай дәлелдемелерді зерттеу
1. Заттай дәлелдемелерді сот қарайды және олар - іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетіледі. Заттай дәлелдемелер көрсетілген адамдар қарап шығуға байланысты қандай да бір мән-жайларға сот назарын аудара алады. Бұл арыздар сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
2. Осы Кодекстің 73, 76, 88, 89-баптарында және 170-бабының 9) тармақшасында көзделген тәртіппен жасалған заттай дәлелдемелерді қарау хаттамалары сот отырысында жария етіледі, осыдан соң іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады.
204-бап. Орналасқан жерінде қарау
1. Сотқа ұсынылуы қиын немесе жеткізуге болмайтын құжаттар мен заттай дәлелдемелер олар орналасқан жерде қаралады және зерттеледі. Орналасқан жерінде қарау туралы сот ұйғарым шығарады.
2. Қарау уақыты мен орны туралы іске қатысушы адамдарға, олардың өкілдеріне хабарланады, алайда олардың келмеуі қарауды жүргізуге кедергі келтірмейді. Қажет болған жағдайларда сарапшылар, мамандар және куәлар шақырылады.
3. Қарау нәтижелері сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Хаттамаға қарау кезінде жасалған немесе тексерілген жоспарлар, тәсімдер, сызбалар, есептеулер, құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ қарау кезінде жасалған құжаттардың және заттай дәлелдемелердің фотосуреттері, бейнежазбалар мен киноматериалдар қоса тіркеледі.
205-бап. Дыбыс жазбаларын жария ету, бейнежазбаларды, киноматериалдарды көрсету және оларды зерттеу
1. Жеке сипаттағы дыбыс жазбаларын жария ету, бейнежазбаларды, киноматериалдарды көрсету кезінде, сондай-ақ оларды зерттеу кезінде осы Кодекстің 202-бабында көзделген ережелер қолданылады. Дыбыс жазбаны жария ету, бейнежазбаны, киноматериалдарды көрсету сот отырысы залында не осы мақсат үшін арнайы жабдықталған үй-жайда жүргізіледі, сот отырысының хаттамасында материалдың ерекше белгілері және жария ету уақыты көрсетіледі. Осыдан соң сот іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тыңдайды.
2. Қажет болған жағдайда дыбыс жазбасын жария ету және бейнежазбаны, киноматериалдарды көрсету толығымен немесе олардың әлдеқандай бөліктері қайталануы мүмкін.
3. Дыбыс және бейнежазбалардағы, киноматериалдардағы мәліметтерді анықтау мақсатында сот маманды іске тартуы, сондай-ақ сараптама тағайындауы мүмкін.
206-бап. Сарапшы қорытындысын зерттеу
1. Сарапшы қорытындысы сот отырысында жария етіледі. Қорытындыны түсіндіру және оны толықтыру мақсатында сарапшыға сұрақтар қойылуы мүмкін.
2. Арызы бойынша сараптама тағайындалған адам және оның өкілі бірінші болып, ал содан соң - іске қатысушы басқа адамдар мен өкілдер сұрақтар қояды. Сот тағайындаған сараптама жүргізу тапсырылған сарапшыға бірінші болып талап қоюшы мен оның өкілі сұрақ қояды. Сот сарапшыға одан жауап алудың кез келген сәтінде сұрақтар қоюға құқылы.
3. Осы Кодекстің 98-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот қосымша сараптама тағайындай алады.
4. Осы Кодекстің 98-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот қайталама сараптама тағайындай алады.
5. Қосымша сараптама тағайындау және жүргізу осы Кодекстің 98-бабының екінші және алтыншы бөліктерінде, қайталама сараптама - осы Кодекстің 98-бабының төртінші, бесінші, алтыншы бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2006.04.07. № 151-III ҚР Заңымен 207-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
207-бап. Маманның консультациясы (түсіндірмесі)
1. Арнайы зерттеулер жүргізу талап етілмейтін жағдайларда маман coтқa ауызша немесе жазбаша нысанда консультация (түсіндірме) береді.
Маманның жазбаша нысанда берілген консультациясы сот отырысының (тиісті іс жүргізу әрекетінің) хаттамасына қосымша түрінде тіркеледі және сот отырысында жария етіледі. Ауызша консультация тікелей сот отырысының (ic жүргізу әрекетінің) хаттамасына енгізіледі.
2. Консультацияны түсіндіру және толықтыру мақсатында маманға сұрақтар қойылуы мүмкін. Арызы бойынша маманды тартқан адам және оның өкілі бірінші болып, ал содан соң іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер сұрақтар қояды. Сот шақырған маманға бірінші болып талап қоюшы және оның өкілі сұрақ қояды. Сот маманға кез келген сәтте сұрақ қоюға құқылы.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 208-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
208-бап. Дәлелдеменің жалғандығын мәлімдеу
1. Істегі дәлелдеменің жалған екені мәлімделген жағдайда осы дәлелдемені ұсынған адам соттан оны дәлелдемелер қатарынан алып тастап, істі өзге дәлелдемелердің негізінде шешуді өтіне алады.
2. Дәлелдеменің жалғандығы туралы мәлімдеуді тексеру үшін сот сараптама тағайындай алады, сондай-ақ тараптарға өзге дәлелдемелер беруді ұсына алады.
3. Егер ұсынған дәлелдемесі жалған деп танылған адамның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, сот материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық жасау үшін прокурорға жібереді.
209-бап. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындысы
Осы Кодекстің 57-бабының негізінде сот іске қатысуға жіберген мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындысы сот отырысында жария етіледі. Сот, сондай-ақ іске қатысушы адамдар мен өкілдер қорытындыларды түсіндіру және толықтыру мақсатында осы органдардың уәкілетті өкілдеріне сұрақтар қоя алады.
210-бап. Істі мәні бойынша қарауды аяқтау
Барлық дәлелдемелер қаралғаннан кейін судья іске қатысушы адамдар мен өкілдерден олардың іс материалдарын әлденелермен толықтыруға ниеттерінің бар-жоғын анықтайды. Мұндай мәлімдеулер болмаған жағдайда төрағалық етуші істі зерттеу аяқталды деп жариялап, сот соттағы жарыссөздерге көшеді.
211-бап. Сот жарыссөздері
1. Сот жарыссөздері іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сөздерінен тұрады.
2. Алдымен талап қоюшы және оның өкілі, ал содан соң - жауапкер мен оның өкілі сөз сөйлейді. Басталып кеткен процесте даудың нысанасы бойынша дербес талаптар қойған үшінші тұлға мен оның өкілі тараптар мен олардың өкілдерінен кейін сөз сөйлейді. Даудың нысанасы бойынша өз бетінше талаптар қоймаған үшінші тұлға мен оның өкілі талап қоюшыдан немесе үшінші тұлға іске өзі қатысатын жақтағы жауапкерден кейін сөз сөйлейді.
3. Прокурор, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері және басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген азаматтар сот жарыссөздерінде соңынан сөз сөйлейді.
212-бап. Репликалар
Жарыссөзге қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болған соң олар сөздерінде айтылғандарға байланысты екінші рет сөз сөйлей алады. Соңғы реплика құқығын үнемі жауапкер мен оның өкілі иеленеді.
213-бап. Прокурордың қорытындысы
Іс бойынша тарап болып табылмайтын және осы Кодекстің 55-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен процеске қатысушы прокурор сот жарыссөздерінен кейін жалпы істің мәні бойынша қорытынды береді.
214-бап. Істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру
1. Егер олар бұл мән-жайлар мен дәлелдемелерді істің мәні бойынша қарау аяқталмай тұрып өз мәлімдемелерінде көрсетпесе, сот жарыссөздеріне қатысушылар өз сөздерінде сот анықтамаған мән-жайларға, сондай-ақ сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқығы жоқ.
2. Егер сот сот жарыссөздері кезінде немесе одан кейін іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайларды анықтау немесе жаңа дәлелдемелерді зерттеу қажет деп тапса, ол істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады. Істі мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін сот жарыссөзі жалпы тәртіппен жүргізіледі.
215-бап. Соттың шешім шығару үшін кетуі
Сот жарыссөздерінен кейін, ал осы Кодекстің 213-бабында көзделген жағдайда прокурор іс бойынша қорытынды бергеннен кейін сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді, төрағалық етуші, бұл туралы сот отырысы залында отырғандарға хабарлайды.
2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 216-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 216-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
216-бап. Шешiмді жария ету
1. Сот шешімі қабылданғаннан және оған қол қойылғаннан кейін судья сот отырысы залына қайта оралады және сот шешімінің қарар бөлігін жария етеді, шешімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімдерін түсіндіреді.
2. Шешімнің қарар бөлігін жария еткеннен кейін судья іске қатысатын адамдар мен өкілдердің сот шешімінің көшірмесін қашан алуына болатынын хабарлауға міндетті.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер жасалғаннан кейін төрағалық етуші сот отырысын жабық деп жариялайды.
18-тарау. Сот шешімі және оны атқару тәртібі
2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 217-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
217-бап. Шешім шығару
1. Бірінші сатыдағы соттың істі мәні бойынша шешетін актісі шешім нысанында бес жұмыс күні ішінде шығарылады. Шешімнің қарар бөлігі іс материалдарына қоса тіркеледі.
2. Шешім кеңесу бөлмесінде шығарылады. Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына жол берілмейді. Жұмыс уақытының аяқталуына қарай, сондай-ақ жұмыс күні ішінде сот (судья) кеңесу бөлмесінен шығып демалу үшін үзіліс жариялауға құқылы.
218-бап. Шешімнің заңдылығы және негізділігі
1. Сот шешімі заңды және негізді болуға тиіс.
2. Сот шешімді сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негіздейді.
2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 219-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
219-бап. Шешім шығарған кезде шешілетін мәселелер
1. Шешім шығарған кезде сот дәлелдемелерге баға береді, іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанын және қандай мән-жайлардың анықталмағанын, тараптардың құқықтық қатынастарының қандай екенін, осы іс бойынша қандай заң қолданылуға тиісті екенін және қойылған талаптың қанағаттандырылуға жататынын-жатпайтынын айқындайды.
2. Сот істі талапкер мәлімдеген талап қоюлардың шегінде шешеді.
3. Сот іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайларды анықтауды немесе дәлелдемелерді қосымша зерттеуді қажет деп тапса, істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады. Сот істі мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін сот жарыссөздерін, ал осы Кодекстің 213-бабында көзделген жағдайда прокурордың қорытындысын да қайта тыңдайды.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 220-бап өзгертілді
220-бап. 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 221-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
221-бап. Шешімнің мазмұны
1. Шешім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.
2. Шешім кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады.
3. Шешімнің кіріспе бөлігінде шешімнің шығарылған күні мен орны; шешім шығарған соттың атауы; соттың құрамы; сот отырысының хатшысы; тараптар; іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер; даудың нысанасы немесе мәлімделген талап көрсетіледі.
4. Шешімнің сипаттау бөлігі талап қоюшының талаптарын, жауапкердің наразылығын және іске қатысушы басқа адамдардың түсініктемелерін қамтуға тиіс.
5. Шешімнің дәлелдеу бөлігінде істің сот анықтаған мән-жайлары, құқықтар мен міндеттер туралы соттың қорытындылары негізделген дәлелдемелері; сот қабылдамай тастаған белгілі бір дәлелдемелердің негіздері, және сот басшылыққа алған заңдар көрсетіледі. Жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда дәлелдеу бөлігінде талап қоюдың танылғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі мүмкін.
6. Шешімнің қарар бөлігі талап қоюды қанағаттандыру туралы немесе талап қоюдан толық немесе оның бір бөлігінен бас тарту туралы сот қорытындысын, сот шығындарының бөлінуін, шешімге шағым беру мерзімдері мен тәртібін көрсетуді, сондай-ақ өзге де қорытындыларды қамтуға тиіс.
7. Сот шешімді орындаудың белгілі бір тәртібі мен мерзімін белгілеген немесе шешімді дереу орындауға жіберген немесе оның орындалуын қамтамасыз етуге шаралар қолданған жағдайда, бұл туралы шешімде көрсетіледі.
8. Судья шешімді жазбаша түрде жазады және оған қол қояды. Шешімге түзету судьялардың қол қоюының алдында айтылуға тиіс.
2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 222-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
222-бап. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және лауазымды адамдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдерін заңсыз деп тану туралы шешім
1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және лауазымды адамдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдерін заңсыз деп тану туралы талап қоюды қанағаттандыру кезінде сот дау айтылып отырған әрекетті (әрекетсіздікті) немесе шешімді заңсыз деп таниды, жеке немесе заңды тұлғаның бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді міндеттейді. Нормативтік-құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы шешімнің қарар бөлігінде ол қабылданған кезден бастап осы актінің қолданылмайды деп есептелетіні көрсетілуге тиіс.
2. Соттың нормативтік-құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы шешімі немесе ол туралы хабарлама нормативтік-құқықтық акт жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында оны қабылдаған (шығарған) органның қаражаты есебінен жариялануға тиіс. Жариялау сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.
223-бап. Ақша сомаларын өндіріп алу туралы шешім
Сот ақша сомаларын өндіріп алу туралы шешім шығарған кезде шешімнің қарар бөлігінде өндірілетін ақша сомасының мөлшерін және валюта түрін цифрмен және сөздермен көрсетеді.
224-бап. Атқару құжатының немесе өзге құжаттың күші жойылды деп тану туралы шешім
Өндіріп алу даусыз (акцептсіз) тәртіппен, оның ішінде нотариустың атқарушы жазбасының негізінде жүргізілетін атқару құжатының немесе өзге құжаттың күші жойылды деп тану туралы дау бойынша талап арызды қанағаттандыру кезінде шешімнің қарар бөлігінде атқарылуға тиісті емес құжаттың атауы, нөмірі, күні және есептен шығарылуға жатпайтын сома көрсетіледі.
225-бап. Шартты жасасу немесе өзгерту туралы шешім
Шарт жасасу немесе өзгерту кезінде туындаған дау бойынша қарар бөлігінде шарттың әрбір даулы жағдайы бойынша шешім көрсетіледі, ал шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы дау бойынша шарттың түрі және тараптар шарт жасасуға міндетті талаптар көрсетіледі.
226-бап. Мүлікті немесе оның құнын алып беру туралы шешім
Мүлік заттай алып берген кезде сот шешімде оның дербес - белгілі бір белгілерін және, егер шешімді орындау кезінде алып берілетін мүлік болмай қалса, жауапкерден өндірілуге тиіс мүліктің құнын көрсетеді.
227-бап. Жауапкерді белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттейтін шешім
1. Жауапкерді мүлік немесе ақша сомаларын берумен байланысты емес белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттейтін шешім шығарған кезде сот сол шешімде, егер жауапкер шешімді белгіленген мерзім ішінде орындамаса, онда талап қоюшының бұл әрекеттерді соттың ұйғарымы бойынша жауапкердің есебінен қажетті шығындарды өндіріп ала отырып жасауға құқылы екенін көрсете алады.
2. Егер аталған әрекеттерді тек жауапкер жасай алатын болса, сот шешімде шешім орындалуға тиіс мерзімді белгілейді.
228-бап. Бірнеше талап қоюшының пайдасына немесе бірнеше жауапкерге қарсы шешім
1. Бірнеше талапкердің пайдасына шешім шығарғанда сот шешімнің олардың әрқайсысына қандай үлесі қатысты екенін көрсетеді немесе өндіріп алу құқығы ортақ болатынын көрсетеді.
2. Бірнеше жауапкерге қарсы шешім шығарғанда сот әр жауапкердің шешімнің қандай үлесін орындауға тиіс екенін көрсетеді немесе олардың жауаптылығының ортақ болатынын көрсетеді.
229-бап. 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
230-бап. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету