9) мыналарды:
осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 8) және 10) тармақшаларында;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан немесе әрекетсіз деп танылғандардан басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан басқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарынан және Қазақстан Республикасында өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылатын азаматтардан басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, жарналарды дербес төлейтін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі - дербес төлеушілер);
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
10) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар мен оралмандарды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жарналарды төлеушілер болып табылмайды.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және қорға аударуды жұмыс берушілер жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің кірістері есебінен жүзеге асырады.
4. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және қорға аударуды Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған салық агенттері (бұдан әрі - салық агенті) осындай жеке тұлғалардың кірістері есебінен жүзеге асырады.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-1. Жеке практикамен айналысатын адамдардың, дара кәсіпкерлердің, дербес төлеушілердің жарналарын есептеуді және аударуды олардың өздері не олардың пайдасына үшінші тұлға жүзеге асырады.
5. Төлеушілердің:
1) аударымдардың және (немесе) жарналардың қате төленген сомаларын және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтарып алуға;
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) алдыңғы кезең үшін берешегі болмаған кезде аударымдардың және (немесе) жарналардың артық төленген сомаларын қайтарып алуға;
2) аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы қажетті ақпаратты қордан сұратуға және тегін алуға;
3) осы Заңда көзделген өзге де құқықтарды іске асыруға құқығы бар.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Төлеушілер (осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2), 8), 9) және 10) тармақшаларында аталған тұлғаларды қоспағанда):
1) аударымдарды және (немесе) жарналарды, сондай-ақ аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды уақтылы және толық көлемде есептеуге (ұстап қалуға) және аударуға;
2) қорға төленетін аударымдардың және (немесе) жарналардың мөлшерлерін есептеу мен қайта есептеуді дербес жүзеге асыруға міндетті.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Жұмыс берушілер, салық агенттері жұмыскерлерді, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді және азаматтық-құқықтық шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларды жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің және азаматтық-құқықтық шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың ай сайынғы жүргізілген аударымдары, сондай-ақ ұстап қалған және аударылған жарналары туралы хабардар етуге міндетті.
15-бап. Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар
1. Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың:
1) уақтылы және сапалы медициналық көмек алуға;
2) осы Заңға сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымды таңдауға құқығы бар.
2. Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген пациенттердің құқықтарын пайдаланады.
3. Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 90 және 92-баптарында көзделген міндеттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді атқарады.
16-бап. Денсаулық сақтау субъектілері
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілерінің:
1) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін басқа да денсаулық сақтау субъектілерімен қордың келісуі бойынша шарттар жасасуға;
2) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарын түсіндіру үшін қорға өтініш жасауға құқығы бар.
2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілері:
1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйелері мен электрондық ақпараттық ресурстарына деректерді енгізудің уақтылығын, анықтығын және дұрыстығын;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйелері мен электрондық ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті;
3) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттаманы қордың сұрау салуы бойынша беруге;
4) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуын мониторингтеу үшін медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын медициналық ұйымға қордың талап етуі бойынша кіруді қамтамасыз етуге міндетті.
3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілері «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге міндеттерді атқарады.
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Мемлекеттік корпорация
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мемлекеттік корпорация мемлекеттік монополияға жатқызылатын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) төлеушілерден қорға түсетін аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдардың және (немесе) жарналардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды өңдеуді және аударуды банктік үш күн ішінде жүзеге асырады;
2) аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен төлеушілерге қайтаруды жүзеге асырады;
3) аударымдардың және (немесе) жарналардың артық (қате) төленген сомаларын осы қаражат қордан Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған күннен бастап банктік үш күн ішінде төлеушілерге аударуды жүзеге асырады;
4) осы Заңның 26-бабының 1-тармағында аталған адамдар үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарына арналған бюджет қаражатына ай сайынғы қажеттілікті қалыптастырады және уәкілетті органға қажеттілік туралы өтінімдер жібереді.
2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мемлекеттік корпорация мемлекеттік монополиямен технологиялық байланысты мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төленген, сондай-ақ осы Заңның 26-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттің жарналар төлеуі көзделген жеке тұлғалардың дерекқорын жаңартып отырады;
2) жеке сәйкестендіру нөмірлері негізінде аударымдарды және (немесе) жарналарды дербестендірілген есепке алуды және ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік кіріс органдарының ақпараттық жүйелерімен еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі негізінде аударымдардың және (немесе) жарналардың түсімдерін салыстыруды жүзеге асырады;
3) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің келіп түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға төлеушілердің түскен және қайтарып алған аударымдары мен жарналарының тізілімдерін ұсынады;
4) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушыларына Қазақстан Республикасы заңнамасының аударымдардың және (немесе) жарналардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік корпорация қызметінің түрлеріне сәйкес ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсынады;
5) қорға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі ақпараттық жүйелерден ақпарат береді;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа кезде, аударымдардың және (немесе) жарналардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді;
7) аударымдарды және (немесе) жарналарды аударуды, төлеуді, олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыру мәселелері бойынша қажетті түсініктемелер береді;
8) аударымдардың және (немесе) жарналардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыру үшін құжаттарды қалыптастырады және қорға береді;
9) өздері үшін мемлекет жарналар төлейтін адамдардың әлеуметтік мәртебесін жаңартып отыру жөніндегі мемлекеттік қызметтер көрсетуді «бір терезе» қағидаты бойынша қамтамасыз етеді.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы және мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптардың сақталуын ескере отырып, өздерінің қарамағындағы ақпараттық жүйелерге Мемлекеттік корпорацияның өз құзыреті шегінде қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы және мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігін іске асыру шеңберінде келіп түсетін мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдайлар жасауға міндетті.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын мәліметтерге Мемлекеттік корпорацияның қол жеткізуі және оларды пайдалануы уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қамтамасыз етіледі.
4. Мемлекеттік корпорация аударымдарды және (немесе) жарналарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша қормен өзара іс-қимыл жасайды.
4-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
18-бап. Қордың мәртебесі мен активтері
1. Қор жалғыз құрылтайшысы мен акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Қордың органдары:
1) жоғары орган - жалғыз акционер;
2) басқару органы - директорлар кеңесі;
3) атқарушы орган — басқарма;
4) қордың жарғысына сәйкес өзге де органдар болып табылады.
3. Қор ішкі аудит қызметін құрады.
4. Қордың активтері:
1) аударымдар, жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны шегергендегі инвестициялық кіріс;
2) қорға түсетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылады.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қордың активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған шоттарда орналастырылады және олар тек қана мынадай:
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу;
2) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы құралдарына орналастыру;
3) аударымдардың және (немесе) жарналардың артық төленген сомаларын, қате есепке жазылған өзге де қаражатты қайтару мақсаттарына пайдаланылуы мүмкін.
6. Қордың активтері:
1) кепіл нысанасы бола алмайды;
2) оларды кредиторлардың талабы бойынша өндіріп алуға болмайды;
3) мүлікке тыйым салу немесе өзгеше түрде ауыртпалық салу нысанасы бола алмайды;
4) оларды қордың және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша инкассолық өкіммен өндіріп алуға болмайды;
5) осы Заңның 21-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды сенімгерлік басқаруға беруге болмайды;
6) мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы бола алмайды.
19-бап. Қордың қызметі
1. Қор өзінің қызметін қордың активтерінен алынатын комиссиялық сыйақы есебінен жүзеге асырады. Комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қордың меншікті қаражаты (мүлкі) қордың жарғылық капиталынан, комиссиялық сыйақыдан және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, қорға түсетін өзге де түсімдерден құралады және солардан тұрады.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қор мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
1) аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді;
3) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қызметтің өзге түрлерін жүзеге асырады.
4. Қор мемлекеттік монополиямен технологиялық байланысты мынадай қызмет түрлерін:
1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізуді;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізуді;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйесі мен электрондық ақпараттық ресурстарын құру және дамыту жөніндегі жобаны басқаруды жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
6. Қордың қызметіне осы Заңда реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы қолданылады.
20-бап. Қордың құқықтары мен міндеттері
1. Қордың:
1) өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қордың активтерінен комиссиялық сыйақы алуға;
2) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттаманы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардан сұратуға және алуға;
3) медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісіне бару арқылы көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер құруға;
5) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек тізбесін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтердің мөлшерлерін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға;
6) халық пен денсаулық сақтау ұйымдарының арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық және түсіндіру жұмысын жүргізуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Қор:
1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;
2) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарымен денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне уақтылы ақы төленуін қамтамасыз етуге;
3) қордың уақытша бос тұрған қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;
4) жыл сайынғы тәуелсіз аудиттің жүргізілуін қамтамасыз етуге;
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыруға;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервті қалыптастыруға;
7) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке жұмсалатын шығындарды жоспарлауға;
8) денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізуге;
9) азаматтар мен денсаулық сақтау ұйымдарының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету мәселелері жөніндегі шағымдары мен өтініштерін қарауға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3. Қор:
1) осы Заңда көзделген жағдайлардан басқа, қордың активтеріне билік етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысуға құқылы емес.
21-бап. Қордың инвестициялық қызметі
1. Қор инвестициялық қызметті қор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалатын сенімгерлік басқару шартының негізінде қордың активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы қаржы құралдарына орналастыру арқылы жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қордың активтерін шоғырландыру және орналастыру, инвестициялық кіріс алу жөніндегі барлық операциялардың есебін жүргізеді және жасалған сенімгерлік басқару шартына сәйкес шоттардың және инвестициялық қызметтің жай-күйі туралы есепті қорға тоқсан сайын ұсынады.
22-бап. Есепке алу және есептілік
1. Қор Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бухгалтерлік есепті жүргізеді және қаржылық есептілікті қордың меншікті қаражаты мен активтері бойынша бөлек ұсынады.
2. Қор бухгалтерлік есепте және есептілікті жасау кезінде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесі және оларды сақтау мерзімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
23-бап. Қордың аудиті
1. Қордың аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым жүргізеді.
2. Қордың қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпияны құрамайды.
3. Қордың жыл сайынғы аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым:
1) қордың қаржылық есептілігі бойынша;
2) қордың активтері бойынша екі аудиторлық есеп жасайды.
Қордың активтері бойынша жыл сайынғы аудиторлық есеп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкескестік тұрғысында қор активтеріне қатысты бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібін тексеруді қамтиды.
Қордың жыл сайынғы аудиті бойынша шығыстар қордың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
24-бап. Қордың басшы жұмыскерлеріне қойылатын талаптар
1. Атқарушы органның бірінші басшысы және оның орынбасарлары қордың басшы жұмыскерлері болып табылады.
2. Қордың басшы жұмыскерлеріне мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары кәсіптік (медициналық немесе қаржылық-экономикалық) білімінің болуы;
бағалы қағаздар нарығындағы және қаржы нарығында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардағы кәсіптік қызметпен тікелей байланысты басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің не квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі не мемлекеттік қызметте кемінде он жыл өтілінің, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшы лауазымдарда кемінде бес жыл не денсаулық сақтау саласында басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.
3. Мыналар:
1) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
2) бұрын осы адам заңды тұлғаның бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері лауазымында болған кезеңде банкрот деп танылған немесе санацияға, консервацияға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған заңды тұлғаның бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері болған адам қордың басшы жұмыскері бола алмайды.
5-тарау. МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
25-бап. Қаржыландыру көздері
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландыру көздері:
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) аударымдар, жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімінің өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл және инвестициялық кіріс;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер болып табылады.
26-бап. Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары мынадай адамдар:
1) балалар;
2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
6) мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
9) тергеу изоляторларындағы адамдар;
10) жұмыс істемейтін оралмандар;
11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
12) мүгедектер;
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;