Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда азамат төрт мамандықты көрсете алады.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 5 - 10 тамыз аралығында қабылданады.
26. Конкурсқа қатысу үшін шығармашылық емтихандар тапсыруды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, ұлттық ЖОО-ға түсуге тестілеу нәтижелері бойынша - кемінде 65 балл, «Білім беру» «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтары топтары бойынша - кемінде 60 балл, басқа ЖОО-ға - кемінде 50 балл, «Жалпы медицина» мамандықтарының топтары бойынша - кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы - оқыту тілі бойынша - кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл жинау қажет.
Шығармашылық емтихандар тапсыруды талап ететін мамандықтар бойынша конкурсқа қатысу үшін ұлттық ЖОО-ға түсуге тестілеу және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша - кемінде 65 балл, ал «Білім беру» мамандық тобы бойынша - кемінде 60 балл, басқа ЖОО-ға кемінде - 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы - оқыту тілі бойынша - кемінде 5 балл және әрбір шығармашылық емтихан бойынша - кемінде 5 балл жинау қажет.
Қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін - кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтихан бойынша - кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша - кемінде 5 балл.
Шығармашылық емтихандарды тапсыруды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас шығармашылық мамандықтарға түсушілерге конкурсқа қатысу үшін тестілеу нәтижелері бойынша - кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша - кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша - кемінде 5 балл жинау қажет.
27. Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер білім беру грантын беруге арналған конкурсқа бір мамандық бойынша қатысады және шығармашылық емтихан тапсырған ЖОО-ны ғана көрсетеді.
Педагогикалық мамандықтарды таңдаған және арнайы емтиханнан «өткен» талапкерлер білім беру грантын беруге арналған конкурсқа арнайы емтиханды тапсыру орнына қарамастан, бейіндік пәндерге сәйкес болған жағдайда төрт мамандық бойынша қатысады.
28. ЖАО қаражаты есебінен білім беру гранты иегерімен «ЖАО-студент-ЖОО» үшжақты шарт жасалады.
29. ЖАО комиссиясы шешімінің негізінде тиісті бұйрық шығарылады және жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау туралы куәлік ресімделеді.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранты иегерлерінің тізімі өңірлік бұқаралық ақпараттық құралдарында жарияланады.
30. Грант иегері жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантынан бас тартқан жағдайда білім беру грантын беру туралы куәліктің күші жойылады, білім беру гранты осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қабылдау күнінен күнтізбелік отыз күн ішінде конкурстық негізде беріледі.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру туралы куәлік қайтарылмаған жағдайда ЖОО-ның қабылдау комиссиясы күнді және білім беру грантынан бас тартқан адамның деректерін көрсете отырып, оның күшін жою туралы акті жасайды және ЖОО-ның мөрімен бекітілген актіні күнтізбелік үш күн ішінде ЖАО-ға тапсырады.
ЖАО жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру туралы куәлікті азаматтардың конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 25 тамыздан кешіктірмей береді.
31. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен бос білім беру гранттарын тағайындауды ЖАО комиссиясы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 23 қаңтардағы
№ 58 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Мемлекеттік білім гранты туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 52, 512-құжат);
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы №1781 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 мамырдағы № 807 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 24, 206-құжат);
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы №1781 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қарашадағы № 1517 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 40, 522-құжат);
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 703 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 20, 214-құжат).