2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Парламент қабылдаған заңдар қабылданған күнiнен бастап он күннiң iшiнде Парламент Палаталарының әрқайсысы Төрағасының қолдарымен, сондай-ақ егер заң жобасын Үкiмет енгiзсе, Премьер-Министрдiң қолымен алдын ала бекемделiп, Республика Президентiнiң қол қоюына ұсынылады, ол Парламент ұсынған заңға бір ай iшiнде қол қояды, оны жариялайды не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайта талқылау және дауысқа салу үшiн Парламентке қайтарады. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарға қол қоюы үшін берілетін бір айлық мерзім Қазақстан Республикасының Президенті заңды алған күннен бастап есептеледі және келесі айдың тиісті күнінде (күн санында) аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мерзiмнiң iшiнде қайтарылмаған заң қол қойылды деп саналады.
4. Егер Парламент сессиясы заңды Президенттiң қайтаруы ықтимал мерзiм бiткенше жабылған болса, Президент заңды Парламенттiң кезектi сессиясының алғашқы күнi қайтарады.
2007.19.06 № 266-III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.03.10. № 133-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 20-бап өзгертілді
20-бап. Республика Парламентінің Республика Президентінің қарсылықтарын қарауы
1. Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қайта талқылау және дауысқа салу бір ай мерзім ішінде өткізіледі, бұл мерзім қарсылықтар жіберілген күннен басталады және келесі айдың тиісті күнінде (күн санында) аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады. Қазақстан Республикасы Конституциясы 59-бабының 4-тармағында және 61-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір айлық мерзім, егер ол уақыты жағынан Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 3-тармағында белгіленген Парламент жұмысының сессия өтетін кезеңімен сәйкес келмейтін болса, үзіледі.
Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді.
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Республика Президентінің қарсылықтарымен қайтарылған заң немесе оның баптары Мәжілістің тиісті тұрақты комитеті қорытынды әзірлегеннен кейін Палатаның шешім қабылдауы үшін Мәжілістің жалпы отырысына шығарылады.
Егер Мәжіліс дауыс беру қорытындылары негізінде Президенттің қарсылығын еңсермесе, онда Президент қарсылықтарын Парламент Палаталарының одан әрі қарауы тоқтатылады және заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі.
Егер Мәжіліс Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен Президенттің қарсылығын еңсерсе, онда заң Президент қарсылықтарын қоса әрі қарай қарау үшін Сенатқа беріледі.
Сенаттың тиісті тұрақты комитеті қорытынды әзірлегеннен кейін заң немесе оның баптары Мемлекет басшысының қарсылықтарын қоса Сенаттың жалпы отырысына шығарылады. Егер Сенат дауыс беру қорытындылары негізінде Президенттің қарсылығын еңсермесе, онда заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі.
Егер Сенат Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен Президенттің қарсылығын еңсерсе, онда Президенттің заң бойынша қарсылығы еңсерілді деп есептеледі. Бұл жағдайда заң немесе тиісінше оның баптары Парламент бірінші рет қабылдаған редакциясында қабылданды деп есептеледі және Президент осы заңға ол қол қоюға ұсынылған кезден бастап бір ай ішінде қол қояды.
3. Қарсылықтарды Мәжілісте қарау барысында Республика Президенті депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, өзі қарсылықтарда ұсынған заңның тұтастай не оның тиісті жекелеген баптарының редакциясын өзгертуге құқылы.
4. Парламент Палаталарының отырыстарында заң немесе оның жекелеген баптары қайтадан талқыланған және дауысқа салынған кезде дауысқа салу, егер Президенттің қарсылықтары заңға тұтастай туындаған болса, - заң бойынша тұтас, не Республика Президентінің қарсылықтарын туғызған баптар бойынша өткізіледі.
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Егер Республика Президентінің қарсылығы Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға енгізілген болса, онда Парламент қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде Палаталардың бірлескен отырысында Республика Президентінің қарсылығын туғызған конституциялық заңдар немесе конституциялық заңның баптары бойынша қайта талқылау мен дауысқа салуды жүргізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент әр Палата депутаттары жалпы санының төрттен үш көпшілік даусымен Президенттің қарсылығын еңсерсе, Президент бір ай ішінде конституциялық заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, конституциялық заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі.
2007.19.06 № 266-III ҚР Конституциялық Заңымен IV тарау жаңа редакциядаі (бұр. ред. қара); 2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен IV тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
IV тарау. Парламент Палаталарының Президентке Республиканың лауазымды адамдарын қызметке тағайындауға келісім беру, қызметке сайлау, тағайындау және оларды қызметтен босату жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы, Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау үшін кандидатуралар бойынша Парламент Мәжілісімен консультациялар өткізу
21-бап. Парламент Палаталарының келісімімен Президент қызметке тағайындайтын, Парламент Палаталары қызметке сайлайтын, тағайындайтын және қызметтен босататын лауазымды адамдар
Парламент Палаталарының келісімімен Республика Президенті қызметке тағайындайтын, Парламент Палаталары қызметке сайлайтын, тағайындайтын және қызметтен босататын Республика лауазымды адамдарының тізбесі Республика Конституциясында айқындалады.
22-бап. Парламент Палаталарының Республиканың лауазымды адамдарын қызметке тағайындау, қызметке сайлау және қызметтен босату жөнінде Республика Президентіне келісім беру тәртібі
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Республика Президенті Премьер-Министрді қызметке тағайындауға Парламент Мәжілісінің келісімін, сондай-ақ Республиканың Конституциялық Соты Төрағасын, Ұлттық Банкі Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындауға Сенаттың келісімін алу үшін, Сенаттың Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын, судьяларын және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қызметке сайлауы және қызметтен босатуы үшін Парламент Палаталарына тиісті жазбаша ұсынулар енгізеді, солардың негізінде тиісті мәселені Парламенттің тиісті Палатасының таяудағы отырысының күн тәртібіне енгізу туралы шешім қабылданады.
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Премьер-Министрді тағайындауға Парламент Мәжілісінің келісімі Палата отырысында беріледі.
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Республика Президенті Республиканың Конституциялық Соты Төрағасын, Ұлттық Банкі Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауға Сенаттың келісімі алдын ала не кейінгі сипатта болады және Палата отырысында беріледі.
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сенаттың Жоғарғы Сот Төрағасын, судьяларын және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қызметке сайлауы мен қызметтен босатуы үшін ұсынылған кандидатуралар мәселе Палатаның отырысында қаралғанға дейін Сенат Бюросының шешімімен белгіленген Сенаттың тиісті комитетінің отырысында талқылануға тиіс. Кандидатураларды қараудың нәтижелері негізінде комитет әрбір талқыланған кандидатура бойынша Палата отырысында жария етілетін қорытынды шығарады.
4. Тиісті Палата отырысында қызметке тағайындауға келісім беру туралы, қызметке сайлау және қызметтен босату туралы мәселе қаралған кезде қызметке кандидатураларды Республика Президенті немесе ол уәкілеттік берген Республиканың лауазымды адамы таныстырады.
5. Тиісті Палатаның отырысында:
1) кандидатқа және кандидатты таныстырушы адамға сұрақтар қойылуы;
2) депутаттар ұсынылған кандидатты «жақтап» немесе «қарсы» пікірлер білдіруі мүмкін.
6. Егер депутаттар ұсынылған кандидатура бойынша жарыссөз ашуды талап етпесе, жарыссөз ашылмауы мүмкін.
7. Егер Парламенттің тиісті Палатасы Президент ұсынған кандидатуралар бойынша қызметке тағайындауға келісім беру туралы, қызметке сайлау туралы шешімдер қабылдамаған жағдайда, Президент тиісті Палатаға нақ осы адамдарға немесе жаңа кандидатураларға жазбаша ұсынулар енгізеді.
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Егер Сенат Жоғарғы Сот Төрағасын, судьяларын және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қызметтен босату туралы шешім қабылдамаған жағдайда, Президент Сенатқа осы мәселе бойынша қайта ұсыну енгізуге хақылы.
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 22-1-баппен толықтырылды
22-1-бап. Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау үшін кандидатуралар бойынша Парламент Мәжілісімен консультациялар өткізу
1. Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау үшін Республика Президентіне ұсынылатын кандидатуралар бойынша Парламент Мәжілісімен оның тиісті бейінді тұрақты комитеттерінде консультациялар өткізіледі.
2. Тиісті комитеттің отырысында консультациялар өткізу кезінде қызметке кандидатураларды Республиканың Премьер-Министрі немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам ұсынады.
3. Консультациялардың қорытындысы бойынша тиісті комитет талқыланатын әрбір кандидатура бойынша консультативтік (ұсынымдық) сипатта болатын қорытынды шығарады.
23-бап. Парламент Палаталарының ұсынылған кандидатуралар бойынша шешімдер қабылдауы
1. Парламент Мәжілісі мен Сенаты қызметке тағайындауға, қызметке сайлауға және қызметтен босатуға келісім беру туралы шешімдерді Парламенттің тиісті Палатасы депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен қабылдайды.
2. Егер тиісті Палата дауыс берудің өзгеше тәртібін белгілемесе, шешімдер әр кандидатура бойынша ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
3. Шешімдер тиісті Палатаның қаулыларымен әр кандидатура бойынша жеке ресімделеді.
4. Қызметке тағайындауға, қызметке сайлауға және қызметтен босатуға келісім беру үшін Президент ұсынған кандидатуралар қабылданбаған жағдайда тиісті Палатаның шешімінде қабылдамаудың толық дәлелдемесі болуға тиіс.
23-1-бап. Парламент Палаталарының Республика лауазымды адамдарын қызметке тағайындау тәртібі
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз Конституциялық Соттың үш судьясын қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды қызметке тағайындау Палатаның отырысында жүзеге асырылады. Палатаның қызметке тағайындауы үшін осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың ұсынылған кандидатуралары мәселе Палатаның отырысында қаралғанға дейін Палата Бюросының шешімімен белгіленген Палатаның тиісті комитетінің отырысында талқылануға тиіс.
Кандидатураларды қараудың нәтижелері негізінде комитет әрбір талқыланған кандидатура бойынша Палата отырысында жария етілетін қорытынды шығарады.
3. Тиісті Палата отырысында қызметке тағайындау туралы мәселе қаралған кезде қызметке кандидатураларды тиісті Палатаның Төрағасы таныстырады.
4. Тиісті Палатаның отырысында:
1) кандидатқа және кандидатты таныстырушы адамға сұрақтар қойылуы;
2) депутаттар ұсынылған кандидатты «жақтап» немесе «қарсы» пікірлер білдіруі мүмкін.
5. Егер депутаттар ұсынылған кандидатура бойынша жарыссөз ашуды талап етпесе, жарыссөз ашылмауы мүмкін.
6. Егер Парламенттің тиісті Палатасы ұсынылған кандидатуралар бойынша қызметке тағайындау туралы шешімдер қабылдамаған жағдайда, Төраға тиісті Палатаға нақ осы адамдарға немесе жаңа кандидатураларға жазбаша ұсынулар енгізеді.
7. Парламент Мәжілісі мен Сенаты осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды қызметке тағайындау туралы шешімдерді Парламенттің тиісті Палатасы депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен қабылдайды.
8. Егер тиісті Палата дауыс берудің өзгеше тәртібін белгілемесе, шешімдер әр кандидатура бойынша ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
9. Шешімдер тиісті Палатаның қаулыларымен әр кандидатура бойынша жеке ресімделеді.
10. Қызметке тағайындау үшін Палата Төрағасы ұсынған кандидатуралар қабылданбаған жағдайда тиісті Палатаның шешімінде қабылдамаудың толық дәлелдемесі болуға тиіс.
V тарау
Республика Парламентi депутаттарының мәртебесi
1999.06.05. № 377-1 ҚР Конституциялық Заңымен 24-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 266-III ҚР Конституциялық Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара )
24-бап. Республика Парламентінің депутаты
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Парламент депутатының өкілеттігі оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген кезден басталады. Депутаттар Қазақстан халқына мынадай ант береді: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін». Ант қабылдауды Президент өзі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
2. Парламент депутатының басқа өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмысты атқаруға, кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы ереженің бұзылуы Республика Орталық сайлау комиссиясының ұсынуымен депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады.
3. Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен осы Конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Партиялық тізім бойынша сайланған Парламент Мәжілісі депутаты саяси партияның басшы органының шешімімен кері шақырылып алынған жағдайда, оның өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
5. Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық мәслихаттары атынан өкілдік ететін депутаттар болып табылатын таңдаушылардың бірлескен отырысында сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттігі осы таңдаушылардың шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
6. Парламент депутаты:
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Парламент Мәжілісінің депутаты өз мандатынан:
1) конституциялық заңға сәйкес өзі партиялық тізім негізінде сайланған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сәйкес өзі партиялық тізім негізінде сайланған саяси партия қызметін тоқтатқан;
3) бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты сайлаушылар конституциялық заңда айқындалған тәртіппен кері шақырып алған кезде айырылады.
8. Парламент депутатының өкілеттігі осы баптың 3 және 6-тармақтарында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутатының өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғатын негіздердің басталу фактісін көрсетіп қаулы қабылдайды және Парламенттің тиісті Палатасына Парламент депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыну енгізу туралы шешім қабылдайды.
Орталық сайлау комиссиясының ұсынуы негізінде Парламент Палатасы тиісті Парламент депутатының өкілеттігін тоқтатады.
9. Парламент депутатының өкілеттігі осы баптың 4, 5 және 7-тармақтарында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде Орталық сайлау комиссиясы тиісті адамның Парламент депутатының өкілеттігін жоғалтқаны жөніндегі фактіні көрсетіп қаулы қабылдайды.
10. Парламент және Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігі тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайларда тоқтатылады.
2007.19.06 № 266-III ҚР Конституциялық Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр. ред. қара )
25-бап. Республика Парламентi депутатының өкiлеттiгi
1. Депутат Парламент сессиясында және өзi құрамына кiретiн оның органдарының отырыстарында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
2. Парламент депутаты:
1) Парламент пен оның Палаталарының үйлестiрушi және жұмыс органдарын сайлауға және оларға сайлануға;
2) сессияның күн тәртібі, талқыланатын мәселелердi қарау тәртібі мен олардың мәнi жөнiнде ұсыныстар мен ескертпелер енгізуге;
3) Парламент Палаталары сайлайтын немесе тағайындайтын не Парламент Палаталары тағайындауға келісім беретiн лауазымды тұлғалардың кандидатуралары жөнiнде өз пiкiрiн айтуға;
4) Парламент Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстарында қарау үшiн ұсынылатын мәселелер бойынша Палаталар Бюросына ұсыныстар енгізуге, ал оның ұсыныстары қабылданбаған жағдайда оларды Палаталардың пленарлық отырыстарының қарауына енгізуге;
5) Парламент пен оның Палаталары органдарының отырыстарында қарау үшiн мәселелер ұсынуға;
6) Парламент Палаталарына есептi лауазымды тұлғалардың есебiн немесе хабарламасын Парламент сессиясында тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге;
7) заңда белгiленген тәртiппен депутаттық сұрау салуға;
8) жарыссөздерге қатысуға, баяндамашыларға, сондай-ақ отырысқа төрағалық етушiге сауалдар беруге;
9) дауысқа салу себептерi бойынша өзiнiң ұсыныстарын негiздеп сөйлеуге, анықтама беруге;
10) Парламент қабылдайтын заңдардың, қаулылардың, басқа да актiлердiң жобаларына түзетулер енгізуге;
11) Парламент депутаттарын азаматтардың қоғамдық маңызы бар үндеулерiмен таныстыруға;
12) Парламент отырыстарының стенограммалары мен хаттамаларындағы депутаттардың сөйлеген сөздерiнiң мәтiндерiмен танысуға;
13) осы Конституциялық заңға, Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiне сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыруға хақылы.
26-бап. Депутаттың Парламент сессияларына, оның Палаталарының отырыстарына қатысуы
1. Депутат Парламенттiң және өзi құрамына сайланған оның органдарының жұмысына қатысуға мiндеттi. Парламентте дауыс берудi депутаттың жеке өзi ғана жүзеге асырады.
2. Палатаның Төрағасы, не тиiсiнше депутат мүшесi болып табылатын органның басшысы регламентпен белгiленген мерзiмде депутатқа сессиялардың, орган отырыстарының өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы, сондай-ақ олардың қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутатқа хабарлайды, оған осы мәселелер бойынша қажеттi материалдарды бередi.
3. Депутат мәжіліске келуге мүмкiндiгi болмаған жағдайда бұл туралы Палатаның Төрағасына не тиiсiнше Парламент органының немесе оның Палатасының басшысына күнiбұрын хабарлайды.
4. Депутаттың Палаталар мен олардың органдарының отырыстарына дәлелдi себептерсiз үш реттен артық қатыспауы, сол сияқты дауыс беру құқығын басқаға беруi депутатқа осы Конституциялық заңда белгiленген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.
5. Палаталар Бюроларының, олардың тұрақты комитеттерiнiң, Парламент комиссияларының және оның Палаталарының құрамына кiретiн депутат кез келген мәселелер мен ұсыныстарды қарауға енгізуге, мәселелердi қарауға әзiрлеуге, олар бойынша шешiмдердi талқылап, қабылдауға, сондай-ақ қабылданған шешiмдердiң жүзеге асырылуын ұйымдастыруға, олардың орындалуын бақылауға қатысуға хақылы.
6. Өзi құрамына кiретiн Парламент органының шешiмiмен келiспеген депутат Парламент сессиясында өз көзқарасын баяндауға немесе ол туралы төрағалық етушiге жазбаша түрде хабарлауға хақылы.
7. Палаталар Бюроларының, олардың тиiстi тұрақты комитеттерiнiң, Парламент комиссияларының және оның Палаталарының құрамына кiрмейтiн депутат аталған органдардың отырыстарына қатысып, ұсыныстар енгiзе алады, қаралатын мәселелердi талқылауға және кеңесшi дауыс құқығымен шешiмдердi қабылдауға қатыса алады. Депутат Палаталар Бюроларының, тұрақты комитетiнiң немесе комиссиясының шешiмiмен келiспеген жағдайда өз ұсыныстарын заң жобасына, қаулы жобасына түзетулер ретiнде енгiзе алады. Депутат енгiзген түзетулер Парламент сессиясында қаралады әрi оларды дауысқа салу өткiзiледi.
2014.04.07. № 232-V ҚР Конституциялық Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
27-бап. Депутаттық сауалдар мен сұрақтар
1. Депутаттық сауалдар Парламент Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстарында депутаттың мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларына осы органның немесе лауазымды тұлғаның құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiнде Парламент сессиясында негiзделген түсiнiктеме беруiн немесе өз көзқарасын баяндауын ресми сұраған талабы болып табылады.
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Парламент депутатының Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерiне, Ұлттық Банк Төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен мүшелерiне, Бас Прокурорға, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасына, Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы мен мүшелеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдеріне сауал жолдауға құқығы бар. Бұл ретте, Бас Прокурорға не құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жолданған сауал қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асырумен байланысты мәселелерге қатысты бола алмайды. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасына жолданған сауалдарды қарау Парламенттің немесе оның палаталарының жабық отырыстарында жүргізіледі.
3. Сауал жазбаша түрде енгiзiлуi мүмкiн және Парламент сессиясында жария етiлуге тиiс.
4. Өздерiне сауал жолданған лауазымды тұлғалар Парламент сессиясында ол жөнiнде ауызша немесе жазбаша жауап қайтаруға мiндеттi. Сауалға жазбаша жауап әрi кеткенде бiр ай мерзiмде табыс етiлiп, сессияда жария етiледi. Сауалға қайтарылған жауап бойынша жарыссөз өткiзiлуi мүмкiн. Депутат сауалға қайтарылған жауапқа өз пiкiрiн бiлдiруге хақылы.
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қажет болған кезде сауалға берiлген жауап пен оны талқылау нәтижелерi бойынша Парламенттiң немесе оның тиiстi Палатасының қаулысы қабылданады. Сауал мен оған берiлген жауап бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкiн.
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Депутаттар Палаталардың бiрлескен және бөлек отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен Үкiметi мүшелерiне, Ұлттық Банкi Төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен мүшелерiне, Бас Прокурорына, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасына, Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы мен мүшелерiне ауызша сұрақтар қоюға хақылы. Сұраққа жауап осы отырыста, ал жауап беру үшiн қосымша даярлық қажет болған ретте үш күн мерзiм iшiнде қайтарылады.
28-бап. Депутаттың лауазымды тұлғалармен кiдiрiссiз қабылдану құқығы
1. Депутаттық қызмет мәселелерi бойынша депутат мемлекеттік органдарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекеттік ұйымдарға бөгетсiз кіру құқығын, сондай-ақ олардың басшыларымен және басқа да лауазымды тұлғаларымен кiдiрiссiз қабылдану құқығын пайдаланады.
2. Қызметi мемлекеттік құпияларға байланысты ұйымдарға депутаттың кiрiп-шығу тәртібі заңмен белгiленедi.