2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарға пайдаланылмаған нысаналы аударымдар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нұсқамасы шығарылғаннан кейін үш айдан кешіктірілмей тиісті бюджетке міндетті түрде қайтарылуға жатады.
5. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасау арқылы жүзеге асырылады.
6. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
245-бапқа сәйкес 40-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 40-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
40-бап. Жедел-іздестіру қызметін, барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің шығыстарын сыныптау
Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнаулы мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің шығыстары мынадай бюджеттік бағдарламалар:
мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді орындауға, трансферттер беруге және күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бір бюджеттік бағдарлама;
бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың экономикалық сыныптамасының бір өзіндік ерекшелігі бойынша көрсетіле отырып, бір функционалдық топ бойынша жіктеледі.
Арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға арналған шығыстары шығыстардың экономикалық сыныптамасының бір өзіндік ерекшелігі бойынша көрсетіле отырып, күрделі шығыстарды және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған шығыстарды қоспағанда, мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді орындауға бағытталған бір функционалдық топ бойынша, бір бюджеттік бағдарлама бойынша сыныпталады.
41-бап. Мемлекеттік тапсырма
2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.01.02. № 551-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, дербес кластерлік қорға, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс мемлекеттік тапсырма болып табылады.
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын бөлу осы заңды тұлғалардың жарғылық капиталы ұлғайтылмай жүзеге асырылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Мемлекеттік тапсырманы жоспарлау бюджетті әзірлеу кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталып:
1) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы тұрғысынан Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан монополияға қарсы органның оң қорытындылары ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік тапсырманы орындау бекітілген республикалық үш жылдық бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле жасау арқылы іске асыру шеңберінде, онда нәтижелер көрсеткіштері көрсетіле отырып, жүзеге асырылады.
Мемлекеттік тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсімдер сақталмай жүзеге асырылады.
Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның мемлекеттік тапсырманы қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) мемлекеттік тапсырманы орындауға бөлінетін тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты сомасының елу пайызынан аспайтын көлемде беруіне жол беріледі.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік тапсырмалардың, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғалардың тізбесін жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
41-1-бап. 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7-тарау. Бюджетаралық қатынастар
42-бап. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бюджет процесінде республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет процесінде республикалық бюджеттің аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттермен, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен, облыстық бюджеттердің аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен өзара қатынастарына және бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бірімен-бірінің өзара қатынастарына жол берілмейді.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған реттерде, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің өтініштері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар өткізілген жағдайларда, бюджет процесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерімен өзара қатынастарына жол беріледі.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктер аражігінің айқын ажыратылуына, республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері арасында түсімдер мен шығыстардың біркелкі бөлінуіне, сондай-ақ бюджетаралық трансферттерді айқындау әдістерінің бірлігі мен ашықтығына негізделген.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдардың - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджет процесіне, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының - аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет процесіне және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджет процесіне араласуына жол берілмейді.
6. Осы Кодекстен басқа, Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерінде, есебінен шығыстар қаржыландырылуға тиіс және түсімдер есептелуге тиіс болатын бюджет деңгейін белгілеуге жол берілмейді.
Тек осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде ғана шығыстарды немесе түсімдердің жекелеген түрлерін бюджеттің бір деңгейінен басқасына беру жүзеге асырылады.
7. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылу кезеңінде шығыстардың ұлғаюына және (немесе) кірістердің азаюына әкеп соғатын жоғары тұрған органдардың нормативтік құқықтық актілерді қабылдауынан туындайтын, төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеу міндетті түрде жоғары тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі.
8. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне беруге байланысты шығыстардың ұлғаюына әкеп соғатын заңнамалық актілер қабылдануынан туындайтын шығындарын өтеу міндетті түрде төмен тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі.
43-бап. Бюджетаралық қатынастардың принциптері
Бюджетаралық қатынастар мынадай принциптерге негізделеді:
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің - республикалық бюджетпен өзара қатынастардағы, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің - жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастардағы, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жоғары тұрған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетпен өзара қатынастардағы теңдігі;
2) аражігін ажыратудың мынадай өлшемдерінің бір мезгілде сақталуын ескеретін түсімдерді тиімді бөлу:
тұрақты сипаттағы, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер төмен тұрған бюджеттерге бекітіледі;
мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер ақысы болып табылатын салық түсімдері және салықтық емес түсімдер аталған көрсетілетін қызметтер қаржыландырылатын бюджет кірісіне түседі;
қайта бөліну сипатындағы, сондай-ақ салық базасы әркелкі орналастырылған салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғары тұрған бюджеттер деңгейлеріне бекітіледі;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бюджетке бекіткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне артықшылық беріледі;
нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергілікті бюджеттерге бекітіледі;
3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру;
4) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсетудің бірдей деңгейін ұсынуын қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсынудың тиімділігі мен нәтижелілігі - мемлекеттік қызметтер көрсетуді неғұрлым тиімді әрі нәтижелі қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейіне мемлекеттік қызметтер көрсетуді бекіту;
6) мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну деңгейін оны алушыларға барынша жақындату - алушылардың қажеттерін барынша дәл есепке алу және мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру мақсатында қызметтер көрсетудің атқарылуын бюджет жүйесінің мүмкіндігінше төмен деңгейіне беру.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
44-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары
1. Бюджетаралық қатынастар:
1) республикалық және облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң арасында:
трансферттермен;
бюджеттік кредиттермен;
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:
трансферттермен;
бюджеттік кредиттермен;
кiрiстердi бөлу нормативтерімен;
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің арасында:
трансферттермен;
бюджеттік кредиттермен реттеледі.
2. Бюджет деңгейлерi арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы трансферттерге, ағымдағы нысаналы трансферттерге, нысаналы даму трансферттерiне бөлiнедi.
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді жергілікті атқарушы органдар, осы Кодекстің 46-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жергілікті бюджеттер кірістерінің қысқаруына алып келетін шығындарды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоспағанда, тиісті бюджеттік бағдарламаларда айқындалған олардың нысаналы мақсатына сәйкес қана пайдаланады.
Осы Кодекстің 46-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жергілікті бюджеттер кірістерінің қысқаруына алып келетін шығындарды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер төмен тұрған бюджеттердің түсімдерінде ғана көрсетіледі.
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Нысаналы трансферттердің және бюджеттік кредиттердiң нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған сомалары мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға сәйкес осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға қол қойылғаннан кейiн үш айдан кешіктірілмей міндетті түрде қайтарылуға жатады.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен бөлiнгендерiн қоспағанда, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесi қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкiн.
Облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен бөлiнгендерiн қоспағанда, облыстық бюджеттен бөлiнген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесi қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкiн.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының резервiнен бөлiнгендерiн қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлiнген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесi қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкiн.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Өткен қаржы жылында республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерін пайдалану кезінде үнемдеу пайда болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үнемдеудің тиісті сомасын ағымдағы қаржы жылының соңына дейін жоғары тұрған бюджеттен берілген нысаналы даму трансферттерін пайдалану жүзеге асырылған бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсарту үшін пайдалануға құқылы.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Өткен қаржы жылында бөлінген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен пайдалануға (толық пайдалануға) рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке ағымдағы қаржы жылының соңына дейін қайтарылуға жатады.
Республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлінген, олар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы ағымдағы қаржы жылында одан әрі пайдалану (толық пайдалану) туралы шешім қабылдамаған нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Өткен қаржы жылында республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлінген, ағымдағы нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған сомалары жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары және осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке төмен тұрған бюджеттен қайтару сомалары, пайдаланылмаған ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.
45-бап. Жалпы сипаттағы трансферттер
1. Бюджет субвенциялары мен бюджеттік алып қою жалпы сипаттағы трансферттер болып табылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджеттік субвенциялар болып табылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджеттік алып қоюлар болып табылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі:
Қазақстан Республикасының заңымен — республикалық бюджет пен облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің арасында;
облыстық мәслихаттың шешімімен - облыстық бюджет пен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасында;
аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы шешімімен - аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің арасында жылдар бойынша бөліне отырып, үш жылдық кезеңге абсолюттік мәнде белгіленеді.
Сырғымалы негізде жыл сайын жоспарлы кезеңге белгіленетін аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін қоспағанда, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері әрбір үш жыл сайын өзгертуге жатады.
Ағымдағы қаржы жылы ішінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемдерін өзгертуге жол берілмейді.
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-1-тармақ өзгертілді; 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-1. Жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңға (облыстық мәслихат шешіміне) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы шешіміне тиісті саланың (аяның) орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарының ұсынысы бойынша шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері қоса беріледі.
Шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдерін тиісті саланың (аяның) орталық немесе жергілікті уәкілетті органдары айқындайды.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері белгіленетін шығыстар бағыттары олардың басымдылығы мен әлеуметтік маңыздылығы ескеріле отырып айқындалады.
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды; 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 4-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 4-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-2. Бюджетті атқару барысында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері белгіленген бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша қаражатты шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдерін айқындаған тиісті саланың (аяның) уәкілетті органымен келісу бойынша шығыстардың басқа бағыттарына қайта бөлуге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленген ең төмен көлемдерден төмен көлемде жергілікті бюджеттен қаржыландырған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оған енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, белгіленген соманың өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша тиісті қаржы жылының соңындағы төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарының жылдық сомасынан асып кеткен сомасы ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірілмей жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.
Жергілікті атқарушы органдар шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленген ең төмен көлемдерден төмен көлемде жергілікті бюджеттен қаржыландырған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
5. Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін осы Кодекспен бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну үшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.
2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әлеуеті, өңірдегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны және сол немесе өзге де өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі.