1) құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі;
2) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті өткізген кезде мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
3. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жария етілген, сатып алу бағасы (құны) болмаған және жария еткені үшін алым төлеу жөніндегі міндеттеме орындалған мүлікті жария еткен адам оны өткізген жағдайларда, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өткізілетін мүлікті жария еткені үшін алымды есептеуге теңгемен айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 292-абзац жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жеке тұлғаның цифрлық активті, борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткізген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі өткізу құны мен сатып алу құнының арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
5. Жеке тұлғаның борыштық бағалы қағаздар өткізген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі дисконттың амортизациясы және (немесе) өткізу күнге сыйлықақы ескеріле отырып, купонды есепке алмай өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
6. Жеке тұлғаның қатысу үлесін өткізген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі өткізу құны мен сатып алу (салым) құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
7. Осы баптың 2-тармағының ережесі мынадай жағдайларда:
1) жылжымайтын мүлік жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында болса;
2) жылжымалы мүлікке құқықтар немесе жылжымалы мүлік бойынша мәмілелер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің құзыретті органында тіркелген болса, қолданылмайды.
8. Егер осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген кірістер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттегі көздерден алынса, осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері қолданылмайды.
9. Осы баптың 2, 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері:
1) мүлікті сатып алу құнын (салым құнын);
2) мүлікті өткізу құнын;
3) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органының мүлікті және (немесе) мүлікке меншік құқығын және (немесе) мүлік бойынша мәмілені тіркегенін растайтын құжаттар негізінде қолданылады.
333-бап. Жеке тұлғаның мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беруі кезінде құн өсімінен түсетін кіріс
1. Жеке тұлғаның мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беруі кезінде құн өсімінен түсетін кіріс мынадай мүлікті берген кезде туындайды:
1) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары, гараждар, жеке қосалқы шаруашылық объектілері;
2) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық, бақ шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған жер учаскелері және (немесе) жер үлестері;
3) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық, бақ шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған жер учаскелері және (немесе) жер үлестері;
4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген нысаналы мақсаты бар жер учаскелері және (немесе) жер үлестері;
5) инвестициялық алтын;
6) осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілгенді қоспағанда, жылжымайтын мүлік;
7) мемлекеттік тіркеуге жататын, бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған механикалық көлік құралдары және тіркемелер;
8) бағалы қағаздар, қатысу үлестері, сондай-ақ туынды қаржы құралдары (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы орындалатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда).
2. Осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған мүлік құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма жеке тұлғаның құн өсімінен түсетін кірісі болып табылады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкес айқындалатын өтеусіз алынған мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен түсетін кіріске қолданылмайды.
3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы сатып алынған жылжымайтын мүлік жарғылық капиталға салым ретінде берілген кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беру нәтижесінде сатып алынған жылжымайтын мүлік жарғылық капиталға салым ретінде берілген кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен салық төлеуші тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
5. Жеке тұлға осы баптың 1-тармағында көрсетілген, бұрын осы Кодекстің 681-бабының 2-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген немесе бұрын осы Кодекстің 238-бабына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс айқындалған мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген жағдайда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен өтеусіз алынған мүліктің бұрын кіріске енгізілген құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
6. Жеке тұрғын үйді беретін тұлға салған жеке тұрғын үйді, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген, мұра, қайырымдылық көмек түрінде алынған, мүлік жарғылық капиталға салым ретінде берілген кезде (осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен меншік құқығы туындаған күнге жарғылық капиталға салым ретінде берілетін мүліктің нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші мүлік жарғылық капиталға салым ретінде берілген салықтық кезең үшін жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыруға белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.
7. Мүлікті жария еткен адам «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жария етілген, сатып алу бағасы (құны) болмаған және жария еткені үшін алым төлеу жөніндегі міндеттеме орындалған мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен берілетін мүлікті жария еткені үшін алымды есептеуге теңгемен айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
8. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайда, осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген мүліктің меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны болмаған кезде не нарықтық құнды айқындаудың осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзімі сақталмаған кезде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілмеген, мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған басқа да жағдайларда, мыналар құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталға салым құны негізге алына отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен бағалау құны арасындағы оң айырма. Бұл ретте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;
2) осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны арасындағы оң айырма. Бұл ретте мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы неғұрлым кеш күндердің біріне:
жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күнге;
жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннің алдындағы соңғы күнге айқындаған құн кадастрлық құн (бағалау құны) болып табылады;
3) осы баптың 1-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген мүлік бағасы (құны) мөлшерінде.
Тұрғын емес үйді (ғимаратты) беретін, дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға салған тұрғын емес үйдің (ғимараттың) мүлкі жарғылық капиталға салым ретінде берілген кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген осындай мүліктің бағасы (құны) мен осындай тұрғын емес үйді (ғимаратты) салу үшін сатып алынған жер учаскесінің құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын, бұрын тұрғын үйден (ғимараттан) реконструкцияланған тұрғын емес үй (ғимарат) жарғылық капиталға салым ретінде берілген жағдайда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен оны тұрғын үй (ғимарат) ретінде сатып алу құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
9. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мүлік жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде мыналар құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады:
1) сатып алу бағасы (құны) болған жағдайда - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен сатып алу құны арасындағы оң айырма. Бұл ретте жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздар жарғылық капиталға салым ретінде берілген кезде сатып алу құны опционды орындау бағасы мен опционның сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады;
2) мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнының мөлшерінде айқындалған мүлік бағасы (құны).
10. Сенім білдірілген өкіл иеліктен шығару құқығымен механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені басқаруға арналған сенімхат негізінде алынған механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені өткізген, жарғылық капиталға салым ретінде берген жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімге дейін мүліктік кірісті айқындау үшін көлік құралының (тіркеменің) меншік иесіне көлік құралының (тіркеменің) өткізілген, жарғылық капиталға салым ретінде берілген құнын және олардың өткізілген, жарғылық капиталға салым ретінде берілген күнін хабарлайды немесе көлік құралы (тіркеме) меншік иесінің атынан жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру және жеке табыс салығын төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындайды, бұл көлік құралы (тіркеме) меншік иесінің салық міндеттемесін орындау болып табылады.
334-бап. Шағын бизнес субъектілері үшін не шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің өзге активтерді өткізуі кезінде құн өсімінен түсетін кіріс
1. Осы баптың мақсатында өзге активтерге тауар-материалдық қорлар және талаптар болып табылмайтын мынадай активтер:
1) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын негізгі құралдар;
2) аяқталмаған құрылыс объектілері;
3) орнатылмаған жабдық;
4) материалдық емес активтер;
5) биологиялық активтер;
6) 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес құны толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар, егер осындай негізгі құралдар дара кәсіпкер бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған салықтық кезеңдерде тіркелген активтер болып табылса және актив тіркелген актив болып табылса;
7) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген, құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер, егер дара кәсіпкер бұрын бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырса және актив тіркелген актив болып табылса, жатады.
2. Шағын бизнес субъектілері үшін не шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер өзге активтерді өткізген кезде өсім әрбір актив бойынша өткізу бағасы (құны) мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы баптың мақсатында, осы Кодекстің 264-бабының 1) - 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа, сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығындар жиынтығы өзге активтердің бастапқы құны болып табылады.
Бұл ретте реконструкциялауды, жаңғыртуды тану осы Кодекстің 269-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Егер өзге актив өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсатында осы Кодекстің 681-бабының 2-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген, осы активтің құны бастапқы құн болып табылады.
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мұра, қайырымдылық көмек түрінде алынған өзге актив өткізілген кезде шағын бизнес субъектілері үшін не шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің осы активке меншік құқығы туындаған күнге мұндай активтің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен дара кәсіпкер арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған нарықтық құны бастапқы құн болып табылады.
Бұл ретте өзге активтің нарықтық құны осындай активтер өткізілген салықтық кезең үшін жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыруға белгіленген мерзімнен кешіктірілмей айқындалуға тиіс.
6. Өзге активтің бастапқы құны мынадай жағдайларда:
1) өзге активтің меншік құқығы туындаған күнге айқындалатын нарықтық құны болмаған кезде;
2) нарықтық құнды айқындаудың осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімі сақталмаған кезде;
3) осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында көзделген шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған жағдайларда;
4) осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген активтер бойынша нөлге тең болады.
335-бап. Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс
1. Талап ету құқығын басқаға беру құны мен жеке тұлға осындай құқықты сатып алған құн арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
2. Талап ету құқығын басқаға беру құны мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
3. Талап ету құқығын басқаға беру құны мен жеке тұлға бұрын осындай құқықты сатып алған құн арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру жолымен бұрын сатып алынған, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
336-бап. Жеке практикамен айналысатын адамның кірісі
Жеке практикамен айналысатын адамның кірісіне мыналар жатады:
1) жекеше нотариустың кірісі;
2) жеке сот орындаушысының кірісі;
3) адвокаттың кірісі;
4) кәсіпқой медиатордың кірісі.
Заңгерлік көмек көрсеткені, нотариаттық әрекеттерді жасағаны үшін тиісінше ақы төлеуді қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық қызметті, кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асырудан алған кірістердің барлық түрі, сондай-ақ қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден алынған сомалар жеке практикамен айналысатын адамдардың кірісі болып табылады.
337-бап. Дара кәсіпкердің кірісі
1. Жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданатын дара кәсіпкердің кірісі осы Кодекстің 366-бабына сәйкес айқындалады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 356 абзац жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы Кодекстің 20-бөлімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе, арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірісі осы бапқа сәйкес айқындалады.
338-бап. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден түсетін басқа да кірістер
Осы Кодекстің 321-бабының 1) - 16) тармақшаларында көрсетілмеген, салық төлеуші салық агенті болып табылмайтын тұлғадан есепті салықтық кезең ішінде алған (алуға жататын) және төленген жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірістер болып табылмайтын кірістердің барлық түрі Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден түсетін басқа да кірістер деп танылады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 359 - 367 абзацтар жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
339-бап. Бақыланатын шетелдік компания бойынша жалпы ережелер
Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына екі рет салық салынбауға тиіс.
Қосарланған салық салу мынадай ережелерді қолдану арқылы жойылады:
1) осы Кодекстің 340-бабының 2-тармағына сәйкес салық салудан босату;
2) осы Кодекстің 297-бабының 3-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келген кезде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын түзету;
3) осы Кодекстің 340-бабының 3-тармағына сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын азайту;
4) осы Кодекстің 359-бабының 2-тармағында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын төлеу есебіне жатқызу.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 368 - 370 абзацтар алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
340-бап. Бақыланатын шетелдік компанияның пайдасына салық салу
1. Бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің осы баптың және осы Кодекстің 297-бабының ережелері ескеріле отырып есептелген жиынтық пайдасы резидент-жеке тұлғаның жылдық кірісіне кіреді және оған Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығы салынады.
Бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің мұндай жиынтық пайдасы жеке табыс салығы бойынша декларацияға енгізуге жатады.
2. Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы мынадай шарттардың бірі орындалған кезде:
1) басқа резидент арқылы жүзеге асырылатын бақыланатын шетелдік компанияға резидент жанама қатысқан немесе жанама бақылау жасаған кезде;
2) бақыланатын тұлға болып табылмайтын тұлға арқылы жүзеге асырылатын бақыланатын шетелдік компанияға резидент жанама қатысқан немесе жанама бақылау жасаған кезде;
3) егер бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекетте пайда салығы 10 және одан көп пайызды құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша салынса;
4) егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына сол арқылы резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иеленетін немесе жанама бақылау жасайтын бақыланатын тұлға тіркелген мемлекетте салық 10 және одан көп пайызды құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша салынса;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 379 абзац жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) егер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерді қоспағанда, бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің пассив кірістерінің үлесі 20 пайыздан аз болса;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 380 абзацпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті бақыланатын шетелдік компанияны тікелей және (немесе) жанама иеленген және (немесе) бақылаған кезде Қазақстан Республикасында салық салудан босатылады.
Осы тармақты қолдану мақсаттары үшін резидент-жеке тұлғаның осы Кодекстің 296-бабының 2-тармағында көрсетілген растайтын құжаттары болуға тиіс.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 381 - 413 абзацтар жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Резидент-жеке тұлға бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын мынадай сомаларға азайтуға құқығы бар:
1) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту
сомасы:
А = ҚП × (К(1)/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К(1) - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген салық салынатын кірісті ескеретін болса, бақыланатын шетелдік компанияның филиал, өкілдік, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметінен түскен, Қазақстан Республикасында 20 және одан көп пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, филиалдың салық салынатын кірісі шегіндегі салық салынатын кірісі;