2. Жеке тұлға күнтізбелік жыл басталғаннан кейін дара кәсіпкер ретінде тіркелген кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік жыл соңына дейінгі уақыт кезеңі ол үшін бірінші салықтық кезең болып табылады.
3. Дара кәсіпкерді күнтізбелік жылдың соңына дейін дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарған кезде күнтізбелік жыл басталғаннан бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін соңғы салықтық кезең болып табылады.
4. Жеке тұлғаны күнтізбелік жыл басталғаннан кейін дара кәсіпкер ретінде тіркеген және осы жылдың соңына дейін дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарған кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін салықтық кезең болып табылады.
5. Дара кәсіпкер күнтізбелік жыл ішінде кәсіпкерлік қызметін шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған кезде салықтық кезеңге кәсіпкерлік қызметі шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде жүзеге асырылған уақыт кезеңі кірмейді.
362-бап. Салықты төлеу мерзімдері
2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен 812 абзац өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 814 абзац жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы Кодекстің 365-бабының 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, салықтық кезеңнің қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны:
1) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам - тұрған жері бойынша;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға - тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсыруы үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей дербес жүзеге асырады.
2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен 815 абзацпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Бұл ретте осы Кодекстің 71-тарауына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру тәсілдеріне қарай оны тапсыру үшін осы Кодекстің 635-бабында белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жеке табыс салығын төлеуді жүргізеді.
2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен 812-абзац өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер көрсетілген арнаулы салық режимдері шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеуді осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес жүргізеді.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 805, 806 абзацтармен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Салық төлеуші осы Кодекстің 364-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығын төлеуді жүзеге асырады.
Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың және (немесе) бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығына қолданылмайды.
363-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация
1. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мынадай резидент-салық төлеушілер тапсырады:
1) дара кәсіпкерлер;
2) жеке практикамен айналысатын адамдар;
3) мүліктік кіріс алған жеке тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден кірістер алған жеке тұлғалар;
5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес салық агентіне қатысты емес кірістер алатын үй жұмыскерлері;
6) салық агенттері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiмен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскер кірісін алатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
7) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған, халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскер кірісін алатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
8) еңбекші көшіп келушіге рұқсат негізінде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша кірістерді алатын (алуға жататын), Қазақстан Республикасының резидент-еңбекші көшіп келушілері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер;
9) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпқой медиаторларды қоспағанда, салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алатын медиаторлар;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 816, 817 абзацтармен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен 829 абзац жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7), 9), 10), 11), 11-1) және 12) тармақшаларының ережелері осы Кодекстің 71-тарауына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген тұлғаларға қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 11) және 12) тармақшаларының ережелері осы Кодекстің 71-тарауына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген тұлғаларға қолданылмайды.
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін, салық салуға жататын, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаның салық агентіне анық емес мәліметтерді ұсынуына байланысты төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу жүргізілмеген кірістерді алатын жеке тұлғалар;
11) 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен 833 абзацпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
12) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мынадай мүлік бар Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар:
шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында (құқықтары және (немесе) мәмілелері) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын жылжымайтын мүлік;
эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген бағалы қағаздар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 840 абзацпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12-1) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншігінде цифрлық активтері бар Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 822, 823 абзацтармен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13) осы тармақтың 1) - 10) тармақшаларда көрсетілмеген, жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірістерді алған жеке тұлғалар.
Осы тармақшаның ережелері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру міндеттемесі жүктелген тұлғаларды қоспағанда, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерге қолданылмайды.
2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен тармақша 839 абзацпен толықтырылсын (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Бұл ретте осы тармақта аталған, оның ішінде оқу, тағылымдамадан немесе практикадан өту мақсатында Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде жүрген адамдар осы тармақта көзделген негіздер болмаған жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация ұсынбайды.
2. 2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.06.02. № 196-VІІ ҚР Заңымен абзац өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 681-бабының 2 және 2-1-тармақтарында көрсетілген, осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсырмайды.
364-бап. Декларацияны тапсыру мерзімдері
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салық органына есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей тапсырылады.
2. Осы Кодекстің 360-бабында көзделген кірістерді алған, Қазақстан Республикасының резидент-үй жұмыскерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып кеткен жағдайда тапсырады.
Осы Кодекстің 360-бабында көзделген кірістер бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының резидент-үй жұмыскерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер болатын жері бойынша салық органына есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей тапсырады.
Бұл ретте осы Кодекстің 360-бабында көзделген кірістерді алған резидент-еңбекші көшіп келуші салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адам Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кететін күніне дейін тапсырылады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 830 абзац жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Егер жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру күніне бекітілген қаржылық есептілік болмаған жағдайда, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасын есептеу қаржылық есептілік бекітілген күннен кейінгі алпыс жұмыс күні ішінде, бірақ есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсырылатын жеке табыс салығы бойынша қосымша декларацияда осы Кодекстің 211-бабының ережелері ескеріле отырып жүргізіледі.
9-бөлім. Жеке практикамен айналысатын адамның және дара кәсіпкердің кірістерінен жеке табыс салығы
40-тарау. Жеке практикамен айналысатын адамның және жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірісі
365-бап. Жеке практикамен айналысатын адамның кірісі
1. Жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісі жеке практикамен айналысатын адамның осы Кодекстің 336-бабына сәйкес айқындалған кірісінің мөлшерінде айқындалады.
2. Жеке практикамен айналысатын адамдардың кірістері бойынша жеке табыс салығының сомасы жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кіріс сомасына осы Кодекстің 320-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы әр айдың қорытындысы бойынша бір айға алынған кірістер бойынша есептеледі.
3. Есептелген салық сомасы кірістер бойынша салық есептелген айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмей ай сайын төлеуге жатады.
366-бап. Дара кәсіпкердің кірісі
1. Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын дара кәсіпкердің салықтық кезеңдегі салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
дара кәсіпкердің осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын кірісі,
алу
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 288-бабында белгіленген салық салынатын кірісті азайтуды айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған дара кәсіпкердің салық салынатын кірісін азайту,
қосу
бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің осы Кодекстің 340-бабына сәйкес айқындалатын жиынтық пайдасы,
алу
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 299 және 300-баптарында белгіленген залалдарды ауыстыру тәртібіне ұқсас тәртіппен ауыстырылатын залалдар.
2. Дара кәсіпкердің салықтық кезеңдегі салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
осы Кодекстің 226 - 240-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 225-бабында белгіленген жылдық жиынтық кірісті айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған дара кәсіпкер кірісі,
алу
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында, осы Кодекстің 241-бабы 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 241-бабының 1-тармағында белгіленген жылдық жиынтық кірісті түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, дара кәсіпкердің салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған кірісін түзету,
қосу (алу)
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 241-бабының 3-тармағында белгіленген жылдық жиынтық кірісті түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, дара кәсіпкердің салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған кірісін түзету.
алу
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 242 - 276-баптарында белгіленген шегерімдерге жатқызылатын шығыстарды айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған шегерімдер
қосу (алу)
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 287-бабында белгіленген кірістер мен шегерімдерді түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған кірістер мен шегерімдерді түзету.».
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 33-1-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
33-1-бап. Салық кодексінің 486-бабы 3-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қазаннан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«3. Бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы есептелген әлеуметтік салық пен «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасын айқындау кезінде микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарының мөлшерлемелеріне 0 түзету коэффициенті белгіленген қызмет түрлерінің тізбелері бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке практикамен айналысатын тұлғалар әлеуметтік аударымдар сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген 0 түзету коэффициентінсіз ескереді.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы есептелген әлеуметтік салықтың сомасынан асып кеткен немесе олардың сомалары тең болған кезде бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.
34-бап. Салық кодексінің 288-бабы 2-тармағы 8) тармақшасы үшінші бөлігінің қолданысы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 35 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.»;
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 40 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.»;
3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 50 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.».
35-бап. Салық кодексінің 300-бабы 4-тармағы үшінші бөлігінің қолданысы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 35 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.»;
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 40 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.»;
3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 50 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.».
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 35-1-баппен толықтырылды; 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 35-1-бап өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35-1-бап. Салық кодексінің 369-бабы 1-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Мыналар салық салынатын айналым болып табылады:
1) осы Кодекстің 370-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеуші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша жасайтын айналым.
Осы Кодекстің 197-бабында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, бұрын мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде босатылған айналым өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап ретроспективті түрде салық салынатын айналым деп танылады;
2) осы Кодекстің 373-бабына сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым;
3) осы Кодекстің 370-бабының 3) тармақшасында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым.
Егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, өздері бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығы ретінде есепке алынған және қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен:
қосылған құн салығы бойынша таратудың салықтық есептілігі ұсыныла отырып шығарылған кезде - осындай есептілік ұсынылған күннің алдындағы күнге;
салық органының шешімі бойынша шығарылған кезде - осы Кодекстің 85-бабының 6-тармағында көрсетілген күнге оған меншік құқығымен тиесілі болатын тауарлар тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым деп танылады.
Осы тармақшаның ережелері сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде бұрын бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде пайда болған заңды тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару күніне бар болған, бұрын беру актісі бойынша алынған тауарлардың қалдықтары бойынша қосылған құн салығы бойынша есепке қойғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның ережесі бірігу нәтижесінде жаңадан құрылған барлық заңды тұлғалар немесе өзіне басқа заңды тұлға (заңды тұлғалар) қосылған заңды тұлға қайта ұйымдастырудан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады деген шарт орындалған кезде, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде қолданылмайды;
4) жаңадан пайда болған заңды тұлға бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастырудан кейін қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелмеген жағдайда, осындай қайта ұйымдастыру кезінде беру актісінде көрсетілген берілетін тауарлар бойынша айналым.
Қайта ұйымдастырылатын тұлға осы тармақшаның ережелерін беру актісінде көрсетілген, өздері бойынша қосылған құн салығын осындай тұлға есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығы ретінде есепке алған тауарларға қолданады.
Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген салық салынатын айналым бойынша қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 215-бабына сәйкес салықтық тіркелімді жасайды.