6) теміржол көлік құралдарымен уақытша әкелінген контейнерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін тасымалдау шартына сәйкес алушыдан қабылдаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысын қоспағанда, тасымалдаушыда - тасымалдау шартына сәйкес көрсетілген контейнерді тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап туындайды.
2. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған тұлғаларда мынадай:
1) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын әкеткенге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кері әкету;
2) осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алғаннан кейін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралын кері әкету және (немесе) осы баптың 11-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу және өндіріп алу;
3) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру;
4) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын мұндай кедендік рәсіммен орналастыруға дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастыру;
5) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастыру және осы баптың 12-тармағына сәйкес айқындалған мөлшерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу;
6) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды осы баптың 10-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу;
7) осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалтуға дейін осы халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы уақытша енгізілген халықаралық тасымалдау көлік құралының тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының тануы;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру;
9) осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын кеден органының кідіртуі;
10) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және оған қатысты, егер бұрын мұндай уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын шығару жүргізілмесе, оны қайтару туралы шешім қабылданған уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын уақытша сақтауға қою немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастыру мән-жайлары басталған кезде тоқтатылады.
3. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлердің декларанты болып әрекет ететін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысында уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет халықаралық тасымалдаудың көрсетілген теміржол көлік құралын және (немесе) контейнерлерді белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің басқа теміржол тасымалдаушысына, көліктің әр түрімен тасымалдаудың бірыңғай шартының шеңберінде тасымалдау кезінде басқа тасымалдаушыға не тасымалдау шартына сәйкес алушыға мұндай беруге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда берілген кезде тоқтатылады.
4. Осы баптың 1-тармағының 2 және 3-тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет уақытша әкелінген теміржол көлік құралын немесе теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің басқа теміржол тасымалдаушысына, көліктің әр түрімен тасымалдаудың бірыңғай шартының шеңберінде тасымалдау кезінде басқа тасымалдаушыға не тасымалдау шартына сәйкес алушыға мұндай беруге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда берілген кезде тоқтатылады.
5. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғада уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралын немесе теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысына не мұндай беруге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін өзге тасымалдаушыға берген кезде тоқтатылады.
6. Осы баптың 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет мынадай:
1) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді мұндай әкетуге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда кері әкету;
2) осы баптың 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын кері әкету және осы баптың 11-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу;
3) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысына не мұндай беруге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін өзге тасымалдаушыға беру;
4) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру;
5) мұндай кедендік рәсіммен орналастыруға дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастыру;
6) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастыру және осы баптың 12-тармағына сәйкес айқындалған мөлшерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу;
7) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды осы баптың 10-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу;
8) осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалтуға дейін осы халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралының аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы уақытша енгізілген халықаралық тасымалдау көлік құралының тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының тануы;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру;
10) осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын кеден органының кідіртуі;
11) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алынған немесе тыйым салынған және оған қатысты, егер бұрын мұндай уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын шығару жүргізілмесе, оны қайтару туралы шешім қабылданған уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын уақытша сақтауға қою немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастыру мән-жайлары басталған кезде тоқтатылады.
7. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.
8. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) осы Кодекстің 358-бабының 4-тармағында көрсетілген әрекеттер жасалған жағдайда - көрсетілген әрекеттерді жасаудың бірінші күні, ал егер бұл күн анықталмаса - уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде осындай тауарларды шығарған күні;
2) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары жоғалған жағдайда - халықаралық тасымалдаудың мұндай көлік құралдарының жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса - уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде осындай тауарларды шығарған күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.
9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет осы Кодекстің 358-бабының 4-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасаған не уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын жоғалтқан тұлғаның орындауына жатады.
10. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, егер осы баптың 11 және 12-тармақтарында өзгеше мөлшер көзделмесе, тарифтік преференцияларды және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылмай уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай төлеуге жатады.
Кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін кеден органы көлік құралына арналған декларацияны тіркеу күніне қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер кеден органында тауарлар (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда төлеуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтердің негізінде айқындалады, ал тауарлардың сыныпталуы осы Кодекстің 40-бабының 3-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Егер тауар коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес оннан аз белгі санымен топтау деңгейінде айқындалған жағдайда:
кедендік әкелу баждарын есептеу үшін мұндай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
салықтарды есептеу үшін оларға қатысты кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарысы белгіленген мұндай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің ең жоғарысы және акциздер мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы тармақтың бесінші бөлігі ескеріле отырып, мұндай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 5-тарауына сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу мақсаттары үшін расталған тауарлардың шығарылған жері негізге алына отырып есептеледі. Егер осындай тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттардың болмауына байланысты тауарлардың шығарылған жерін айқындау мүмкін болмаған жағдайда арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының сол кодының тауарларына (егер тауарды сыныптау он белгі деңгейінде жүзеге асырылса) не топтауға кіретін тауарларға (егер тауар коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес оннан аз белгі санымен топтау деңгейінде айқындалса) қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы негізге алына отырып есептеледі.
Кейіннен тауарлар туралы нақты мәліметтер анықталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мұндай нақты мәліметтер негізге алына отырып есептеледі және осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару) не осы Кодекстің 86 және 137-баптарына сәйкес әрекеттер жүзеге асырылады, осы Кодекстің 12-тарауына және 142-бабына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.
11. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары кері әкетілген жағдайда, егер кедендік әкелу баждары, салықтар, осындай тауарлар уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде осындай тауарларды шығарған күннен кейінгі күннен бастап олардың іс жүзінде әкетілген күні арасындағы кезең үшін кедендік әкелу баждары, салықтар ішінара төлене отырып, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылса, төлеуге жататындай кедендік әкелу баждарының, салықтардың тиісті сомаларына сәйкес келетін мөлшерлерде төлеуге жатады.
12. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары кедендік рәсімдермен орналастырылған жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар, осындай тауарлар уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде осындай тауарларды шығарған күннен кейінгі күннен бастап олардың кедендік рәсіммен орналастырылған күні арасындағы кезең үшін кедендік әкелу баждары, салықтар ішінара төлене отырып, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылса, төлеуге жататындай кедендік әкелу баждарының, салықтардың тиісті сомаларына сәйкес келетін мөлшерлерде төлеуге жатады.
13. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толық немесе ішінара) бойынша міндетті орындағаннан кейін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралы ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес есепке жатқызылуға (қайтарылуға) тиіс.
363-бап. Уақытша әкетілетін (уақытша әкетілген) халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу
1. Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып табылатын уақытша әкетілетін халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет көлік құралына арналған декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап осындай халықаралық тасымалдау көлік құралдарының декларантында туындайды.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып табылатын уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет осындай халықаралық тасымалдау көлік құралдарының декларантында мынадай:
1) уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кері әкелу;
2) уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын экспорт кедендік рәсімімен орналастыру;
3) осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде кедендік әкету баждарын төлеу және (немесе) өндіріп алу бойынша міндетті орындау;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру;
5) осындай кідіртуге дейін туындаған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты - кеден органының осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кідіртуі;
6) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алынған немесе тыйым салынған және оларға қатысты, егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын уақытша сақтауға қою немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастыру мән-жайлары басталған кезде тоқтатылады.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып табылатын уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындалуға жатады.
4. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып табылатын уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары жоғалған жағдайда - осындай жоғалу күні, ал егер мұндай күн анықталмаса - уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде осындай тауарларды шығару күні;
2) шетелдік тұлғаға осы Кодекстің 359-бабының 5-тармағына сәйкес осындай көлік құралдары экспорт кедендік рәсімімен орналастырылмай, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып табылатын уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына меншік құқығы берілген жағдайда - осындай беру күні, ал егер мұндай күн анықталмаса - уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде осындай тауарларды шығару күні кедендік әкету баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкету баждары кедендік әкету баждарын төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылмай, уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатындай төлеуге жатады.
Кедендік әкету баждарын есептеу үшін кеден органы көлік құралына арналған декларацияны тіркеген күнге қолданыста болатын кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер кеден органында тауарлар (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда төлеуге жататын кедендік әкету баждарын есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтердің негізінде айқындалады, ал тауарларды сыныптау осы Кодекстің 40-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Егер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды кедендік әкету баждарын есептеу үшін оннан аз белгілер санымен топтау деңгейінде айқындалса, мұндай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік әкету баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады.
Кейіннен тауарлар туралы нақты мәліметтерді белгілеу үшін кедендік әкету баждары мұндай нақты мәліметтер негізге алына отырып есептеледі және осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған кедендік әкету баждарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару) жүзеге асырылады не осы Кодекстің 86-бабына сәйкес әрекеттер, осы Кодекстің 12-тарауына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.
6. Кедендік әкету баждарын төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толық немесе ішінара) бойынша міндетті орындағаннан кейін уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кері әкелінген не мұндай уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары экспорт кедендік рәсіммен орналастырылған жағдайда осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкету баждары осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес қайтаруға жатады.
41-тарау. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
364-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы керек-жарақтарды өткізудің тәртібі мен шарттары туралы жалпы ережелер
1. Керек-жарақтар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде - осы тарауда белгіленген тәртіппен, ал осы тарауда реттелмеген бөлігінде - осы Кодекстің өзге тарауларында белгіленген тәртіппен өткізіледі және пайдаланылады.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу және пайдалану не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде пайдалану үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін керек-жарақтар кедендік рәсімдермен орналастырылмай, осы тарауда көзделген тәртіппен және шарттарда кедендік декларациялауға және шығаруға жатады.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген, керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын шетелдік тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.
4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкелінетін керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары кеден органы оларды сәйкестендірген жағдайда Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін сақтайды.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары ретінде кеден органының сәйкестендіруі мүмкін болмаған кезде осындай тауарлар шетелдік тауарлар ретінде қаралады.
5. Егер бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар су немесе әуе кемелерінің борттарына Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан мұндай көлік құралдары кететін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан бажсыз сауда дүкендерінен тиелсе, осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін керек-жарақтар ретінде декларациялануы және шығарылуы мүмкін. Осындай тауарлар керек-жарақтар ретінде кедендік декларацияланғаннан және шығарылғаннан кейін шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.