5. Төлеуші кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтегеннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органы кеден органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.
127-бап. Төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу
1. Мынадай:
1) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі он бес жұмыс күнi өткен соң - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек өтелмеген;
2) төлеушіге тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар бойынша сомалар есепке жазылған жағдайларда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімнің негізінде төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу жүргізіледі.
Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда, кеден органы шектеуді тексеру нәтижелері туралы хабарлама төлеушіге табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
2. Төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімді кеден органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек сомасына шығарады.
3. Төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығында тиесілі, сондай-ақ осы төлеушінің балансында тұрған мүлікке қатысты шығарылады.
Мыналар:
тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
электр, жылу және өзге де энергия түрлері;
сақтау және (немесе) жарамдылық мерзімі бір жылдан аспайтын тамақ өнімдері немесе шикізат билік етілуін шектеуге жатпайды.
Төлеушінің билік етілуі шектелген, қаржы лизингіне берілген (алынған) не кепілге берілген мүлкін лизинг және (немесе) кепіл шартының қолданылуы тоқтағанға дейін кеден органының алып қоюына тыйым салынады.
Төлеушінің:
кеден органы мүлікке билік етуге шектеу қойған күннен бастап және оныңкүшін жойғанға дейін шарт талаптарын (шарттың қолданылу мерзімін ұзарту, қосалқы лизинг және (немесе) қайта кепілге қою) өзгертуіне;
төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім шығарылған кезде кеден органы осы мүлікке қатысты шешім шығарған кезден бастап және оның күші жойылғанға дейін, қаржы лизингі мен кепілді қоса алғанда, жалға берілген мүлікке меншік құқығын жалға алушы мен кепіл ұстаушыға беруіне тыйым салынады.
4. Егер мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім өзіне құқықтар немесе өзі бойынша мәмілелер мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікке не мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікке қатысты қабылданса, кеден органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім төлеушіге табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осындай шешімнің көшірмесін мүлікке құқықтар ауыртпалығын тіркеу үшін Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына жібереді.
Кеден органы мұндай шешімді Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді.
5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешім төлеушіге табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң кеден органы төлеушіге мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескерте отырып, төлеушінің қатысуымен, уәкілетті орган белгіленген нысан бойынша мүлікті тізімдеу актісін жасау арқылы, билік етілуі шектелген мүлікке тізімдеу жүргізеді.
Төлеушінің меншік құқығында өзіне құқықтар немесе өзі бойынша мәмілелер мемлекеттік тіркелуге жататын мүлкі не мемлекеттік тіркелуге жататын мүлкі бар болған кезде, бірінше кезекте, осындай мүлік тізімдеуге ұшырайды.
Билік етілуі шектелген мүлікті тізімдеу төлеушінің бухгалтерлік есепке алу деректерінің немесе нарықтық құнының негізінде айқындалатын мүлікті тізімдеу актісінде көрсетілген баланстық құн көрсетіле отырып жүргізіледі. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.
6. Төлеуші билік етілуі шектелген мүлікті тізімдеу актісін жасау кезінде осындай мүлікке меншік және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын, бухгалтерлік теңгерімді растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін кеден органының лауазымды адамдарына танысу үшін ұсынуға міндетті. Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері билік етілуі шектелген мүлікті тізімдеу актісіне қоса беріледі.
Төлеуші осы тармақта көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімді шығарған кеден органы Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына осындай төлеушінің меншік және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығында осы баптың 4-тармағында көрсетілген мүліктің бар немесе жоқ болу фактісін растау туралы сұрау салу жібереді. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының осы тармақта көрсетілген сұрау салуға жауаптарының көшірмелері билік етілуі шектелген мүлікті тізімдеу актісіне қоса беріледі.
Билік етілуі шектелген мүлікті тізімдеу актісі екі данада жасалады және оған оны жасаған тұлға, сондай-ақ төлеуші және (немесе) оның лауазымды адамы қол қояды. Бұл ретте осындай актінің бір данасы осы баптың 9-тармағында белгіленген тәртіппен төлеушіге табыс етіледі.
7. Төлеуші билік етілуі шектелген мүліктің шектелуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алып тасталғанға дейін оның табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді және (немесе) қалыпты сақтау жағдайында табиғи кему нәтижесінде болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйде сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл ретте төлеуші көрсетілген мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Осы талаптарды сақтамаған кезде төлеуші билік етілуі шектелген мүлікті аукционға дайындау бойынша іс жүзінде шегілген шығындарды аукционды ұйымдастырушыға өтеуге міндетті.
8. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек өтелмеген және билік етілуі шектелген мүлік екі аукцион өткізілгеннен кейін өткізілмеген жағдайда, сондай-ақ мүлік шығып қалған жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен кеден органы бастапқы тізімдеу актісінің күшін жою және мүлікті тізімдеудің жаңа актісі жасалған күнге төлеушінің жеке шотында бар кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек сомасы туралы деректерді ескере отырып, мүлікті тізімдеудің жаңа актісін жасау арқылы төлеушінің басқа мүлкін тізімдеуге ұшыратуға, сонымен бір мезгілде бастапқы жасалған тізімдеу актісін кері қайтарып алуға құқылы.
9. Кеден органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлікті тізімдеу актісінің бір данасын төлеушіге қол қойғызып немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы табыс етеді.
10. Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) мүлікті тізімдеу актісін пошта операторы немесе байланыс операторы қайтарған жағдайда, осы Кодекстің 116-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен зерттеп-қарау актісі жасалған күн осындай шешім және (немесе) акті табыс етілген күн болып табылады
11. Кеден органы мынадай:
1) төлеуші кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің сомаларын өтеген жағдайда - осындай берешекті, өсімпұлды, пайыздарды өтеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоятын төлеушінің шағымын қараған уәкілетті орган шешім шығарған немесе сот актісі заңды күшіне енген жағдайда - осындай шешім шыққан немесе осындай сот актісі күшіне енген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм мен осындай шешімнің негізінде жасалған мүлікті тізімдеу актісінің күшін жояды.
12. Кеден органы осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда, уәкілетті мемлекеттік органдарға:
1) мүлікті тізімдеу актісі жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осындай актінің көшірмелерін қоса бере отырып - тізімдеу актісінде көрсетілмеген;
2) мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күшін жою туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осындай шешімнің көшірмелерін қоса бере отырып - осы баптың 11-тармағында көзделген жағдайларда күші жойылған билік етуді шектеу туралы шешімді;
3) сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осындай шарттың көшірмелерін қоса бере отырып - уәкілетті заңды тұлға, оның ішінде салықтық берешек есебіне өткізілген;
4) сот орындаушысы кеден органына жүгінген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мүліктің өткізілгенін және түскен соманың бөлінгенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Жалпы бөлім) көзделген мүлікке өндіріп алуды қолдану кезектілігі және Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасында көзделген мүлікті өткізуден түскен ақшаны бөлу тәртібі сақталған жағдайда, - сот актілерін орындау үшін көзделген тәртіппен атқарушылық iс жүргiзу органдары өткізген мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тоқтату үшін қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда хабар жібереді.
3-параграф. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары
128-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары
1. Кеден органдары төлеушi - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, жеке кәсіпкердің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.
2. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мына жағдайларда қолданылмайды:
1) банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалса - сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;
2) төлеушiге қатысты оңалту рәсімі қолданылса - сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;
3) екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мәжбүрлеп таратылса - соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
4) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді сот бекітсе - соттың осындай келісімді бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап.
3. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:
1) банктік шоттардағы ақша есебінен;
2) дебиторлар шоттарынан;
3) билік етілуі шектелген мүлікті өткізу есебінен жүргiзiледi.
4. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі оған кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілгеннен кейін қырық жұмыс күні ішінде кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтемеген жағдайда, кеден органы төлеушiге - осы құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлғаға мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану арқылы кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек сомасын өндіріп алады.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылғаннан кейін оның кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі өтелмеген жағдайда, заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық бөлімше болған кезде кеден органы мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелеріне бір мезгілде осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәжбүрлеп өндіріп алу шарасын қолданады.
5. Заңды тұлға оған кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілгеннен кейін қырық жұмыс күні ішінде берешекті өтемеген жағдайда, кеден органы төлеушiлерге - заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану арқылы кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің сомасын өндіріп алады.
129-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті төлеушінің банктік шоттарындағы ақшасы есебінен өндіріп алу
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек өтелмеген жағдайда, кеден органы кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі жиырма жұмыс күні өткен соң төлеушінің банктік шоттарынан кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен өндіріп алады.
Осы тармақтың ережелері банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын, көрсетілген қарыздың өтелмеген негізгі борышы мөлшеріндегі ақша сомасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, банктер және банк қызметі, сақтандыру қызметі, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі, төлемдер және төлем жүйелері, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банктік шоттарға қолданылмайды.
2. Даусыз тәртіппен өндіріп алу туралы шешім төлеушінің банктік шоттары ашылған банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға кеден органының қажетті ақшаны төлеушінің банктік шоттарынан есептен шығаруға және бюджетке аударуға арналған инкассолық өкімін жіберу нысанында қабылданады.
Кеден органы инкассолық өкімді банктерге немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді. Инкассолық өкім электрондық нысанда жіберілген кезде мұндай инкассолық өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген форматта қалыптастырылады.
3. Банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым кеден органының кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті төлеушiнің бір банктік шотынан өндіріп алу туралы инкассолық өкімін орындаған кезде банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлеушiнің көрсетілген банкте немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банктік шоттарына кеден органы шығарған инкассолық өкімдерді, егер кеден органы төлеушінің осындай инкассолық өкімдерді берешектің дәл осы сомасына және түріне шығарған болса, кеден органының инкассолық шешімін орындау фактісін растайтын төлем құжатын қоса тіркей отырып, орындамай, кеден органына қайтарады.
4. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті шоттардан даусыз тәртіппен өндіріп алу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында және шетел валютасында жүргізіледі. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті шоттардан шетел валютасында өндіріп алу кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың төленуге жататын сомасына баламалы сомада кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек төлеушінің шоттарынан өндіріп алынған күнгі валюталар бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
5. Банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым кеден органының инкассолық өкімін орындауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырады.
130-бап. Төлеушiнің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегін оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу
1. Төлеушiнің банктік шоттарында ақша болмаған және қолма-қол ақша болмаған жағдайда, кеден органының төлеушi алдында берешегi бар үшiншi тұлғалардың (бұдан әрi - дебиторлардың) банктік шоттарындағы ақшаға кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша құралған берешек шегiнде өндіріп алуды қолдануға құқығы бар.
Төлеуші кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі он жұмыс күнiнен кешiктiрмей, хабарлама жiберген кеден органына дебиторлық берешек сомаларын көрсете отырып, дебиторлар тiзiмiн және бар болса, дебиторлармен бірлесіп жасалған және дебиторлық берешек сомаларын растайтын өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актілерін ұсынуға мiндеттi.
Төлеушi кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеген жағдайда дебиторлардың тiзiмi немесе өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актілері ұсынылмайды.
Өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актілері бар болған кезде кеден органы дебиторлардың банктік шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды қолдану туралы хабарламаны дебиторлар алған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң дебиторлардың банктік шоттарына кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу туралы инкассолық өкімдер шығарады.
Төлеушi дебиторлар тiзiмiн не дебиторлардың жоқ екендігі туралы мәліметтерді және (немесе) өзара есеп айырысулар актілерін ұсынбаған жағдайда кеден органы көрсетілген төлеушiге тексеру жүргiзедi. Бұл ретте кеден органы сотта дау айтылып жатқан дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес.
2. Дебиторлық берешек сомасын растайтын ұсынылған дебиторлар тiзiмiнiң негiзiнде кеден органы дебиторларға олардың банктік шоттарындағы ақшаға дебиторлық берешек шегiнде кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу есебіне өндiрiп алуды қолдану туралы хабарлама жiбередi. Дебиторлардың банктік шоттарындағы ақшаға өндiрiп алуды қолдану туралы хабарлама нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Дебитор хабарламаны алған кезден бастап жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiберген кеден органына хабарлама алған күнге төлеушiмен бiрлесiп жасалған өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсiн ұсынуға мiндеттi.
3. Төлеушi мен оның дебиторы арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсiнде мынадай мәлiметтер қамтылуға тиіс:
1) төлеушінің және оның дебиторының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы, төлеушінің және оның дебиторының тұрғылықты жері немесе тұрған жері, олардың сәйкестендіру нөмірлері;
2) төлеушi мен оның орналасқан жері бойынша тiркеу есебiнде тұрған дебиторы есепте тұрған кеден органының атауы;
3) төлеушi мен оның дебиторының банктік шоттарының деректемелерi;
4) дебитордың төлеушi алдындағы берешек сомасы;
5) төлеушiнің және оның дебиторының мөрi (бар болған кезде), сондай-ақ қолтаңбалары;
6) салыстырып-тексеру актiсiнiң жасалған күнi.
4. Дебиторлық берешек сомасын растайтын өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актісінің негізінде кеден органы дебитордың банктік шотына төлеушiнің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегін өндіріп алу туралы инкассолық өкім шығарады.
5. Төлеушiнің - дебитордың банкi немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымы кеден органы шығарған осы Кодекстiң 129-бабында айқындалған талаптарға сәйкес төлеушiнің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегінің сомасын өндiрiп алу туралы инкассолық өкiмдi орындауға мiндеттi.
131-бап. Төлеушiнің билік етілу шектелген мүлкін өткізу есебінен өндіріп алу
1. Төлеушiнің банктік шоттарында ақша, қолма-қол ақша және оның дебиторларының банктік шоттарында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайларда кеден органдары, егер төлеушiнің бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде айқындалатын, мүлікті тізімдеу актісінде көрсетілген билік етілуі шектелген мүліктің жалпы баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аз болатын жағдайларды қоспағанда, төлеушiнің билік етілуі шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулы шығарады.
2. Төлеушiнің билік етілуі шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, олардың біреуі мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлікті тізімдеу актісінің көшірмесі қоса беріле отырып, уәкілетті заңды тұлғаға жіберіледі.
132-бап. Төлеушiнің билік етілуі шектелген мүлкін кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек есебіне өткізу тәртібі
1. Билік етілуі шектелген мүлікті өткізуді уәкілетті заңды тұлға жүзеге асырады.
2. Төлеушінің билік етілуі шектелген мүлкін кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек есебіне өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
133-бап. Төлеушiні банкрот деп тану
1. Төлеуші осы тарауда көзделген барлық шаралар қабылданғаннан кейін кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек сомасын өтемеген жағдайда, кеден органы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қабылдауға құқылы.
2. Банкрот деп танылған төлеушiнi тарату тәртiбi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
134-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі бар төлеушiлердің тізімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
1. Кеден органдары кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек туындаған күннен бастап төрт ай ішінде өтемеген оларды төлеушiлердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Бұл ретте тізімдерде төлеушiнің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не төлеушінің атауы, төлеушінің сәйкестендіру нөмірі, төлеушiнің басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің жалпы сомасы көрсетіледі.
2. Уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған төлеушiлер тізімі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей, тоқсан сайын жаңартылып отырады.
13-тарау. ІШКІ НАРЫҚТЫ ҚОРҒАУ МАҚСАТЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН АРНАЙЫ, ДЕМПИНГКЕ ҚАРСЫ, ӨТЕМАҚЫ БАЖДАРЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ БАЖДАР
135-бап. Ішкі нарықты қорғау мақсатында арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын және өзге де баждарды қолдану
1. Еуразиялық экономикалық одақта арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары түрінде ішкі нарықты қорғау шаралары енгізілген кезде мұндай баждар осы Кодексте белгіленген тәртіппен төленуге жатады.
Өздеріне қатысты арнайы қорғау шарасы белгіленген тауарлар осындай квотадан тыс не осындай квотадан асатын көлемде әкелінген жағдайда, Еуразиялық экономикалық одақта арнайы квота енгізу арқылы ішкі нарықты қорғау шаралары енгізілген кезде арнайы баж осы Кодексте белгіленген тәртіппен төленуге жатады.
Еуразиялық экономикалық одақта ішкі нарықты қорғау шаралары Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес баж түрінде енгізілген кезде мұндай баждар, егер Комиссия өзгеше айқындамаса, осы Кодекске сәйкес кедендік баждар, салықтар төлеушілер болып табылатын тұлғалардың арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу үшін осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен төленуге жатады.