Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің кейбір мәлелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 480 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары - «Ақмола облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы» және «Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - «Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне, Астана қаласы, бірігу жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары - «Ақтөбе облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы» және «Қостанай облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - «Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне, Қостанай қаласы, бірігу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - «Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - «Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы, болып;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - «Қарағанды облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - «Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы, болып қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекемелерді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлімде:
«Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік инспекциялары және облыстық аумақтық инспекциялары:» деген жолда «және облыстық аумақтық инспекциялары» деген сөздер алынып тасталсын;
«
Ақмола облыстық | 5 |
Ақтөбе облыстық | 4 |
Жамбыл облыстық | 4 |
Қостанай облыстық | 4 |
Қарағанды облыстық | 4 |
Солтүстік Қазақстан облыстық | 4 |
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
Есіл облысаралық бассейндік | 9 |
Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік | 8 |
Шу-Талас облысаралық бассейндік | 4 |
Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік | 4 |
»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы су көлігінің тиесілілік табелінде:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлімде:
«Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік инспекциялары және облыстық аумақтық инспекциялары:» деген жолда «және облыстық аумақтық инспекциялары» деген сөздер алынып тасталсын;
«
Ақмола облыстық | - | 3 | 7 |
Ақтөбе облыстық | - | 2 | 6 |
Жамбыл облыстық | - | 2 | 6 |
Қостанай облыстық | - | 2 | 6 |
Қарағанды облыстық | - | 2 | 6 |
Солтүстік Қазақстан облыстық | - | 2 | 6 |
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
Есіл облысаралық | - | 5 | 13 |
Тобыл-Торғай облысаралық | - | 4 | 12 |
Шу-Талас облысаралық | - | 2 | 6 |
Нұра-Сарысу облысаралық | - | 2 | 6 |
»;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 7 сәуірдегі
№ 480 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 6 сәуірдегі
№ 310 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы
комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы, Қызылорда қаласы.
2. Балқаш-Алакөл облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы, Қапшағай қаласы.
3. Зайсан-Ертіс облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы, Өскемен қаласы.
4. Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы, Атырау қаласы.
5. Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Астана қаласы.
6. Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Қостанай қаласы.
7. Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Тараз қаласы.
8. Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Қарағанды қаласы.