9. Халықаралық жүргізуші куәлігі үш жылға дейінгі, бірақ ұлттық жүргізуші куәлігінің қолданылуы мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
Қазақстан Республикасында берілген халықаралық жүргізуші куәлігі көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында басқару үшін жарамсыз болып табылады.
10. Басқа мемлекеттерде беріліп, жоғалған (ұрланған) шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктерінің орнына ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктерін беру жүргізілмейді.
11. Ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктерінің үлгілерін уәкілетті орган бекітеді.
12. Егер жүргізуші куәлігінде көлік құралдарын басқаруға шектеулер көрсетілген жағдайда, осы жүргізуші куәлігі онда көрсетілген шектеулер сақталған жағдайда жарамды деп есептеледі.
13. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын, сондай-ақ уақытша болатын адамдарға ұлттық жүргізуші куәліктері негізінде, ал мұндайлары болмаған кезде осы баптың 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарында санамаланған шарттар мен шектеулер сақталған кезде жарамды халықаралық немесе шетелдік ұлттық жүргізуші куәліктері негізінде көлік құралдарын басқаруға рұқсат беріледі.
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметті немесе көлік құралдарын тікелей басқару жөніндегі жұмыстарды орындауға байланысты өзге де еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде халықаралық немесе шетелдік жүргізуші куәліктері негізінде көлік құралдарын басқаруға жол берілмейді.
15. Шет мемлекетте берілген халықаралық жүргізуші куәлігі тиісті ұлттық жүргізуші куәлігімен бірге көрсетілетін жағдайда ол жарамды деп танылады.
16. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сай келмейтін шетелдік жүргізуші куәлігі жарамсыз деп танылады.
17. Шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктері олардың иелері көлік құралдарының тиісті санаттары мен кіші санаттары үшін осы Заңның 74-бабында көзделген жасқа толған кезде Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын басқару үшін жарамды деп танылады.
18. Көлік құралы халықаралық жол жүрісіне қатысқан жағдайларда осы баптың 14 және 17-тармақтарында көзделген ережелер қолданылмайды.
19. Шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктері шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын олардың иесі тұруға ықтиярхат алған күннен алпыс күн өткен соң не Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын олардың иесі Қазақстан Республикасына келген күннен бастап алпыс күн өткен соң Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын басқару үшін жарамсыз деп танылады.
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
20. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сай келмейтін шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктері Қазақстан Республикасының ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктеріне алмастыруға жатпайды.
Ескертулер.
1. «В», «С» санаттарындағы және «С1» кіші санатындағы көлік құралдарына жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын, тиісті санаттарға (кіші санаттарға) жатқызлатын көлік құралдарының өздігінен жүретін шассилері теңестіріледі.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы бапта санамаланған көлік құралдарының және олардың өздігінен жүретін шассилерінің сыныптамасы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалады.
74-бап. Көлік құралдарын басқару құқығын алу шарттары
1. Осы бапта белгіленген жасқа толған және көлік құралдарын басқаруға қарсы айғақтардың жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға тиісті даярлықтан кейін көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыруға рұқсат беріледі.
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Көлік құралдарын басқару құқығы:
«А1» кіші санатындағы көлік құралдарын - он алты жасқа толған адамдарға;
«А», «В» санаттарындағы және «В1», «С1» кіші санаттарындағы көлік құралдарын - он сегіз жасқа толған адамдарға;
«С» санатындағы және «D1» кіші санатындағы көлік құралдарын - жиырма бір жасқа толған, кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл «С1» санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар адамдарға;
«Tm» санатындағы көлік құралдарын - жиырма бір жасқа толған адамдарға;
«D» және «Tb» санаттарындағы көлік құралдарын жүргізу - жиырма бес жасқа толған, кемінде бес жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде «D1» санатына жатқызылатын көлік құралдарын кемінде үш жыл басқару өтілі бар адамдарға;
«ВЕ», «СЕ», «DЕ» санаттарындағы көлік құралдарының құрамдарын - кемінде он екі ай бойы тиісінше «В», «С» немесе «D» санаттарындағы көлік құралдарын басқаруға құқығы бар адамдарға;
«С1Е», «D1Е» кіші санаттарындағы көлік құралдарының құрамдарын - кемінде он екі ай бойы тиісінше «С», «D» санаттарындағы не «С1», «D1» кіші санаттарындағы көлік құралдарын басқаруға құқығы бар адамдарға беріледі.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. «В», «С» санаттарындағы, сондай-ақ «С1» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихандар тапсыруға он жеті жасқа толған жəне жергілікті əскери басқару органдарының жолдамалары бойынша көлік құралдарының жүргізушілерін тиісті даярлаудан өткен, жүргізушілік жұмыс өтілі жəне «С1» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі жоқ адамдар жіберіледі.
Аталған адамдарға ұлттық жүргізуші куəліктері олар он сегіз жасқа толғанда беріледі.
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Әскери қызметшілерге тиісті даярлықтан кейін «D» санатындағы және «D1» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыруға он сегіз жасқа толғаннан кейін рұқсат етіледі.
Аталған адамдар жиырма бір жасқа толғанға дейін оларға емтихан тапсыру нәтижелері бойынша берілген ұлттық жүргізуші куәліктері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына ғана тиесілі «D» санатындағы және «D1» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын растайды.
75-бап. Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату
1. Мыналар көлік құралдарын басқару құқығын тоқтатуға негіздер болып табылады:
1) жүргізуші куәлігі қолданысының белгіленген мерзімінің өтуі;
2) медициналық қорытындымен расталған, көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін жүргізуші денсаулығының нашарлауы.
Механикалық көлік құралы жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруге мерзімінен бұрын жіберу көлік құралын басқару құқығын тоқтата тұруға негіз болып табылады;
3) жүргізушіні жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырмау;
4) көлік құралдарын басқару құқығынан айыру.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату уәкілетті органның (лауазымды адамның) қуынымы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.
2. Көлік құралын басқару құқығы тоқтатылған кезде:
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша - медициналық қарап тексеруден өткеннен кейін;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша - егер көлік құралдарын басқару құқығын тоқтатудың себебі жойылатын болса, сот шешімі бойынша;
3) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша - осы Заңның 73-бабында белгіленген тәртіппен;
4) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша қайта медициналық қарап тексеруден, емтихан тапсырғаннан және көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі өткеннен кейін осы құқық қайта қалпына келтіріледі.
3. Жауаптылық шаралары ретінде көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға не осындай құқықты шектеуге әкеп соғатын құқық бұзушылықтардың түрлері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
76-бап. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12-тарау. КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІН ДАЯРЛАУ
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 77-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
77-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарына қойылатын талаптар
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар құрады және өз қызметін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы хабарлама берген күннен бастайды.
2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы хабарлама жіберген кезде мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген оқу ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген және оқу-материалдық база ретінде пайдаланылатын жылжымайтын мүлкіне меншік немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;
3) оқу-материалдық база ретінде пайдаланылатын өзге де мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды;
4) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің тізімдерін (тізімде «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері» және «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі);
5) оқытылатын тақырыптар, сабақтардың кестесі және жоспарланып отырған оқыту әдістері көрсетілетін даярлау бағдарламаларын ұсынады.
3. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымынан уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы келіп түскен хабарлама уәкілетті органның осындай ұйымдардың ішкі есебін жүргізу үшін негіз болып табылады.
4. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының басшысында «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері» және «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәліктерінің болуы міндетті.
5. Оқытушының, өндірістік оқыту шеберінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберінің тиісінше «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері» және «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәліктерінің болуы міндетті және олар өз қызметін көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі бір оқу ұйымының құрамында ғана жүзеге асырады.
6. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда көлік құралын жүргізуге оқыту уәкілетті органмен келісілген маршруттар бойынша ғана жүзеге асырылады.
Жүргізуді үйренуші адам басқарып отырған оқу көлік құралымен жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.»;
78-бап. 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 79-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
79-бап. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер
1. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ ортақ мүдделерді білдіру және қорғау мақсатында көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер құра алады.
2. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер оқу ұйымдарын біріктіретін коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және өз мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданатын жарғының негізінде әрекет етеді.
3. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді құру, басқару, олардың жұмыс істеуі және қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 80-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
80-бап. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері
1. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер:
1) оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі кустарды өткізуге, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен курстардан өту туралы сертификаттар беруге;
2) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жұмысының тәжірибесін талдауға, жинақтап қорытуға және таратуға;
3) соттарда, мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде және халықаралық ұйымдарда көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға;
4) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының өз қызметін жүзеге асыруға байланысты дауларын қарауға;
5) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының рейтингін жүргізуге және оның нәтижелерін мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға;
6) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға;
7) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау саласында оқу әдебиетін, әдістемелік ұсынымдарды, мерзімді баспасөз басылымдарын әзірлеуге, басып шығаруға және таратуға;
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау стандарты бойынша ұсынымдар беруге құқылы.
9) 2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер:
1) Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын сақтауға және көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының сақтауын қамтамасыз етуге;
2) өз мүшелерін Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы нормативтік құқықтық актілерімен қамтамасыз етуге;
3) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті дамытуға, оның тиімділігін арттыруға, оқу ұйымдарының қызметін ұйымдастыруға және үйлестіруге жәрдемдесуге міндетті.
81-бап. 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
82-бап. «Оқытушы», «өндірістік оқыту шебері», «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілігін беруге кандидаттарды аттестаттау
1. Аттестаттауға жоғары техникалық немесе орта техникалық білімі, өздері оқытуды жүргізетін санаттағы жүргізуші куәлігі, кемінде бес жыл жүргізуші өтілі бар адамдар жіберіледі.
2. Аттестаттаудан өткен адамдар біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіле отырып, «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері», «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алады.
3. Аттестаттаудан өтпеген адамдарға біліктілік комиссиясы шешім қабылдаған кезден бастап үш ай өткеннен кейін одан қайта өтуге рұқсат етіледі.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 83-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
83-бап. Біліктілік комиссиялары
1. Біліктілік комиссиясын уәкілетті орган бекіткен Қағидаларға сәйкес көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестік құрады.
2. 2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Біліктілік комиссиясының жұмысын қаржыландыруды кәсіптік бірлестік өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырады.
4. Біліктілік комиссияларының құрамына уәкілетті органнан бір өкілден кіреді.
5. Біліктілік комиссиясы оқытушыға кандидаттарды, өндірістік оқыту шеберін және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберін аттестаттау бағдарламасын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ оларды аттестаттауды өткізеді.
6. Біліктілік комиссиялары шешім қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде біліктілік куәлігінің нөмірін көрсете отырып, отырыс хаттамасын және «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері» және «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілігі берілген адамдар біліктілік комиссиясына ұсынған құжаттарының куәландырылған көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
7. Кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, уәкілетті орган біліктілік комиссияларының шешіміне сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
84-бап. «Оқытушы», «өндірістік оқыту шебері», «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәлігінен айыру
«Оқытушы», «өндірістік оқыту шебері», «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәлігінен айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган біліктілік куәлігінен айыру туралы шешімді кәсіптік бірлестіктерге хабарлайды.
Біліктілік куәлігінен айырылған адамдарға қайта аттестаттаудан өтуге кемінде үш жылдан кейін рұқсат беріледі.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 85-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
85-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын мемлекеттік бақылау
1. Мемлекеттік бақылау көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі талаптарды және стандарттарды сақтауына бағытталған.
2. Мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары көрсететін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау жүргізіледі.
4. Сапаны ішкі бақылауды көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау стандарттарына сәйкес дербес жүзеге асырады.
5. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары мемлекеттік бақылау қорытындыларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкес шағым жасауға құқылы.
86-бап. Оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің құқықтары мен міндеттері
1. Оқытушының, өндірістік оқыту шеберінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберінің:
1) кәсіптік қызмет үшін жағдайларды қамтамасыз ете отырып, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметпен айналысуға;
2) кәсіптік бірлестікке кіруге;
3) біліктілігін арттыруға;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) аттестаттау қорытындылары бойынша кәсіптік бірлестіктердің шешімдеріне сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.
2. Оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері:
1) Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасын сақтауға;
2) өзінің кәсіптік құзыреті саласында оқытудың тиісті теориялық және практикалық білімі мен дағдыларының болуы;
3) көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге;
4) оқып-үйренушілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
87-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының құқықтары мен міндеттері
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының:
1) кәсіптік бірлестікке кіруге;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттау қорытындылары бойынша кәсіптік бірлестіктің шешіміне сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.
2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары:
1) Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасын сақтауға;
2) өздерінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындауға;
3) сапаны сыртқы бақылауды жүргізуге, уәкілетті орган жүзеге асыратын тексерулерге кедергі келтірмеуге;
4) оқу бағдарламаларын көлік құралдары жүргізушілерін даярлаудың оқу жоспары мен жоспар-кестесіне сәйкес толық көлемде іске асыруға;
5) оқып-үйренушілерді даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге;
6) оқып-үйренушілердің, оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
7) көлік құралдарын техникалық жарамды күйде ұстауға және жүргізуге оқыту шеберлерін рейс алдындағы медициналық қарап тексеруді ұйымдастыруға;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз қызметі туралы ақпарат беруге міндетті.
9) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13-тарау. МІНДЕТТІ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАРАП ТЕКСЕРУ
88-бап. Міндетті техникалық қарап тексеру
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлiгi саласындағы кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлiк құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында жол жүрiсiне қатысатын және уәкiлеттi органда тiркелген механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерi мiндеттi техникалық қарап-тексеруге жатады.
М1 санатындағы көлік құралдарына жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын және жүргізушінің орнынан басқа, сегізден аспайтын отыратын орны бар көлік құралдары жатады.
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар көлік құралдарын пайдалануға тыйым салатын ақаулар орын алып, жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, көлік құралдары иелерін міндетті техникалық қарап тексеруден қайталап өтуге жібереді.
Уәкілетті органның лауазымды адамдары механикалық көлік құралының міндетті техникалық қарап тексеруден өтуі фактісін тексеруді механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді сұрату арқылы жүзеге асырады.
Техникалық байқаудың диагностикалық картасы халықаралық автомобиль қатынасында пайдаланылатын механикалық көлік құралының міндетті техникалық қарап-тексеруден өткенін және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжат болып табылады.
2. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiне енгiзген техникалық қарап тексеру операторлары көлiк құралының тiркелген жерiне және көлік құралы иесiнiң тұрғылықты жерiне қарамастан, мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткізеді.
Техникалық қарап тексеру операторлары жариялы шарт негiзiнде қызметтер көрсетедi.
3. Көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу және жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер көрсетуді қоса атқаруға жол берiлмейдi.
Техникалық қарап тексеру операторының аумағында көлiк құралдарын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер көрсетуге жол берiлмейдi.
Техникалық қарап тексеру операторының аумағында көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу, тазалау және жуу бойынша қызметтерді қоса атқаруға және көрсетуге жол беріледі.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Техникалық қарап тексеру операторы:
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) техникалық қарап-тексерудiң стационарлық және (немесе) ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып, мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзудi жүзеге асырады;