82-бап. Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануды жүзеге асыратын ұйымның оқыс оқиға, авария кезіндегі іс-қимылы
1. Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдалануды жүзеге асыратын ұйым оқыс оқиға кезінде:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) қауіпті өндірістік факторлардың туындағаны және болған оқыс оқиға туралы жұмыскерлерге, төтенше жағдайдың есепті аймағына жататын халыққа, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органдарға дереу хабар береді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) бір тәулiк iшiнде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне хабар береді;
3) оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді жүргiзедi;
4) оқыс оқиғаларды болғызбау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
5) болған оқыс оқиғаларды есепке алуды жүргiзедi.
2. Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануды жүзеге асыратын ұйым авария кезінде:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) орын алған авария туралы жұмыскерлерге, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметіне, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органдарға, ал қауіпті өндірістік факторлар туындаған кезде төтенше жағдайдың есепті аймағына жататын халыққа дереу хабарлайды;
2) аварияны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияға өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру үшін қажеттi барлық ақпаратты береді;
3) комиссия жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн iс-шараларды жүзеге асырады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 83-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
83-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру міндеттері
1. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексерудің міндеттері оларға алып келген мән-жайларды анықтау, олардың себептерін, техникалық құрылғыларды, технологиялық процестерді пайдалану шарттарының бұзылу, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылу сипатын анықтау, осындай авариялардың немесе оқыс оқиғалардың салдарын жою және оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды, авариядан немесе оқыс оқиғадан келтірілген материалдық залалды айқындау болып табылады.
2. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді тиісті комиссия жүргізеді.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 84-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
84-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны құру
1. Аварияны тергеп-тексеру үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі өзінің өкілі басшысы болатын комиссияны құрады.
Аварияға тергеп-тексеру жүргізетін комиссияның құрамына:
жергілікті атқарушы органның;
қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның;
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметінің өкілдері кіреді.
Комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне аварияның туындағаны туралы ақпарат алынған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылады.
2. Қауіпті өндірістік объектідегі бестен көп адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиға орын алған аварияны тергеп-тексеруді Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын мемлекеттік комиссия жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қауіпті өндірістік объектідегі аварияны тергеп-тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны өзге негіздер бойынша да құруға құқылы.
3. Оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның комиссиясы жүргізеді, оны өзінің техникалық басшысы басқарады.
Оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның өкілдері, сондай-ақ оның басшысының шешімімен өзге де адамдар кіреді.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 85-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
85-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия, оның өкілеттігі
1. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысы төраға бекіткен бұйрыққа (өкімге) сәйкес жүргізіледі, ол ұйымдастырушылық іс-шараларын орындайды және аварияны немесе оқыс оқиғаны уақтылы, сапалы тергеп-тексеруді және оның нәтижелерін ресімдеуді қамтамасыз етеді.
2. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерінің:
1) авария немесе оқыс оқиға орнына, қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға және ондағы жұмыстарға тартылған жұмыскерлерге қатысты құжаттар мен материалдарға кедергісіз қол жеткізуге;
2) авария немесе оқыс оқиға орнын қарап-тексеруді және одан әрі зерттеп-қарауды жүргізуге;
3) көзімен көргендерден, жұмыскерлерден және аварияға немесе оқыс оқиғаға қатысы бар өзге де адамдардан сұрауға;
4) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын орындауға және қамтамасыз етуге қатысты құжаттар мен материалдарды зерделеуге;
5) тиісті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан авария немесе оқыс оқиға бойынша құжаттар мен материалдарды сұратуға;
6) аварияларды немесе оқыс оқиғаларды болғызбау, олардың салдарын азайту мақсатында ұсынымдар беруге;
7) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның жұмыскерлері аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияға сұратылатын ақпаратты беруге міндетті.
4. Комиссия төрағасының шешімі бойынша аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруге техникалық есептеулер, зертханалық зерттеулер, сынақтар, сараптамалар және өзге де іс-шаралар жүргізу үшін мамандар тартылуы мүмкін.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 86-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
86-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелерін ресімдеу
1. Аварияға тергеп-тексеруді жүргізу қорытындысы бойынша комиссия ол тағайындалған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде аварияны тергеп-тексеру актісін жасайды және аварияны тергеп-тексерудің өзге де материалдарын дайындайды.
Аварияға тергеп-тексеруді жүргізу мерзімін комиссияны тағайындаған орган басшысы комиссия төрағасының қызметтік жазбасы негізінде ұзарту себептерін көрсете отырып, бұйрықпен (өкіммен) бір рет қана, бірақ он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
2. Аварияны тергеп-тексеру актісіне комиссия мүшелері қол қояды.
Комиссия мүшесі аварияны тергеп-тексеру актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда комиссия төрағасы аварияны тергеп-тексеру актісіне комиссия мүшелерінің қатысуымен тиісті жазба жүргізеді. Комиссия мүшесінің өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқығы бар, бұл комиссия төрағасы актіге қол қойғанға дейін аварияны тергеп-тексеру актісіне қоса беріледі.
3. Аварияны тергеп-тексеру актісі және өзге де материалдар комиссияның шешімімен қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымға қол қою және осы Заңның 87-бабының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ комиссияның барлық мүшелеріне жіберу үшін ұсынылады.
4. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы тергеп-тексеру нәтижелеріне әсер еткен, тергеп-тексеру тәртібін бұзу фактілері немесе комиссияның тұжырымдары мен қорытындысын қате деп есептеуге негіздер анықталған жағдайда, аварияны тергеп-тексеру актісін қайта қарау туралы шешім қабылдауға құқылы.
5. Оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу қорытындысы бойынша комиссия оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісін жасайды.
6. Оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісіне комиссия мүшелері қол қояды.
Комиссия мүшесі оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, комиссия төрағасы оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісіне комиссия мүшелерінің қатысуымен тиісті жазба жүргізеді. Комиссия мүшесінің өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқығы бар, бұл комиссия төрағасы актіге қол қойғанға дейін оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісіне қоса беріледі.
7. Оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісін және өзге де материалдарды комиссияның шешімімен қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым осы Заңның 87-бабының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ комиссияның барлық мүшелеріне жібереді.
8. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісінде мыналар көрсетіледі:
қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым туралы мәліметтер (заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері, дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайы);
қауіпті өндірістік объектінің атауы, оның орналасқан жері;
аварияның немесе оқыс оқиғаның себептері мен мән-жайлары;
келтірілген зиянның (залалдың) мөлшері;
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының жол берілген бұзушылықтары;
аварияны немесе оқыс оқиғаны және оның салдарын оқшаулау мен жою бойынша қабылданған шаралар;
аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жүргізілуге тиіс іс-шаралар;
қауіпті өндірістік объектіні пайдалану кезінде осындай аварияларды немесе оқыс оқиғаларды болғызбау жөніндегі ұсыныстар;
комиссияның шешімі бойынша авария немесе оқыс оқиға туралы өзге де мәліметтер.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 87-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
87-бап. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның аварияға тергеп-тексеру жүргізілгеннен кейінгі іс-қимылы
1. Аварияны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым күнтізбелік он күн ішінде аварияның салдарын жою және мұндай аварияларды болғызбау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді.
2. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым бес жұмыс күні ішінде аварияның салдарын жою және мұндай аварияларды болғызбау жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
3. Авария техникалық құрылғылардың конструкциялық кемшіліктерінен туындаған жағдайда, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым дайындаушыға - рекламацияны, ал оның көшірмесін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
4. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым комиссияның шешімі бойынша аварияны тергеп-тексеру актісін және өзге де материалдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшесіне, сондай-ақ заңды негіздер болған кезде құқық қорғау органдары мен мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.
88-бап. Аварияны тергеп-тексеру бойынша шығыстар
Аварияны тергеп-тексеруге байланысты барлық шығыстарды қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым көтереді.
7-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК РЕЗЕРВ
16-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК РЕЗЕРВ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 89-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 89-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
89-бап. Мемлекеттiк резерв жүйесi
Мемлекеттiк резерв жүйесiн мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік резерв саласындағы құрылымдық бөлімше және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары құрайды.
90-бап. Мемлекеттiк резервтiң мақсаты
Мемлекеттiк резерв:
1) жұмылдыру мұқтаждарын қамтамасыз ету;
2) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау;
3) нарыққа реттеушiлiк ықпал ету;
4) босқындарға көмек көрсету;
5) гуманитарлық көмек көрсету мақсатында құрылады және пайдаланылады.
91-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының құқықтық мәртебесi
1. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының запастары, олардың сақталу орнына қарамастан, республикалық меншiк болып табылады.
2. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары орналастырылған сақтау пункттеріне және (немесе) объектілеріне шетел қатысатын ұйымдардың құқықтарымен болжамды ауыртпалық түскен жағдайда, материалдық құндылықтар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құпиялылық режимі сақтала отырып, басқа сақтау пункттеріне орналастырылады.
92-бап. Мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтарды қоюға тапсырыстарды орналастыру
1. Мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтарды қоюға тапсырыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен өнім берушілер арасында орналастырылады.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс құрамына кіретін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын беру Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Заңның 96-1-бабының 2-тармағында көзделген ережені қоспағанда, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтарды беруге тапсырыс берушi ретінде әрекет етеді.
3. Мемлекеттiк резервке қойылатын материалдық құндылықтар бүкiл сақталу мерзiмiнде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік резервке берілетін және онда сақтауда тұрған материалдық құндылықтарға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне зерттеулер (сынақтар) жүргізуді ұйымдастырады.
Тамақ өнімдеріне зерттеулер (сынақтар) жүргізуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырады.
Мемлекеттік резервтің өзге материалдық құндылықтарына зерттеулер (сынақтар) жүргізуді аккредиттелген сынақ зертханалары жүзеге асырады.
Материалдық құндылықтарды зерттеулерді (сынақтарды) қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы әзірлейді.
93-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын орналастыру
1. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында және мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiнде сақталады.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары, мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттік резервтің сақтауға берілген материалдық құндылықтарының сапасы мен саны жағынан сақталуына жауапты болады.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне қойылатын өлшемшарттар мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында айқындалады.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесі, осы құндылықтардың атауы мен оларды сақтау көлемі мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасына және сақтау көлемдерінде айқындалады.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жұмылдыру тапсырыстарына сәйкес сақтауды, олардың орнын ауыстыруды, уақтылы жаңартылуын, сондай-ақ оларды өткізу кезінде босатуды қамтамасыз етуге міндетті.
Кейіннен өздерінен жұмылдыру тапсырыстары алынған және жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары броньнан шығарылған жағдайда, оларды сақтау мемлекеттік резервтен толық шығарылғанға дейін жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және олардың қозғалысы туралы есептер береді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар өздерінің бейіні өзгерген, қайта ұйымдастырылған, жекешелендірілген не таратылған жағдайларда, көрсетілген рәсімдерді жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган мен тиісті орталық атқарушы органдарды хабардар етеді.
17-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК РЕЗЕРВТІ ПАЙДАЛАНУ
94-бап. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды пайдалану негiздерi және шығару тәртiбi
1. Мемлекеттiк резервтi жұмылдыру мұқтаждары үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың тиісті жоспарлары негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік резервті нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар қабылдау үшін пайдалану мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды шығару:
1) оларды жаңартуға байланысты;
2) қарызға беру тәртiбiмен;
3) броньнан шығару тәртiбiмен жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртiбiмен шығарған кезде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiк беруi міндетті шарт болып табылады.
6. Егер материалдық құндылықтарды алушының:
1) бюджет алдында берешегі болған;
2) өзі бұрын алған мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын қайтармаған;
3) банкроттық сатысында тұрған жағдайларда, мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары қарызға беру тәртiбiмен шығарыла алмайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртiбiмен шығарған кезде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган алушымен шарт (келiсiмшарт) жасасады.
8. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртібімен шығарған кезде алушы қарызға беру шартының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кепіл салым бағасы жалпы сомасының үш пайызының ақысын төлейді.
9. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен шығару, оларды төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету, гуманитарлық көмек көрсету, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін шығару жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді
10. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк резерв тауарларын сатып алуы мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органда немесе мемлекеттік резерв саласындағы оның құрылымдық бөлімшесінде жүргiзiледi.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 10-1-тармақпен толықтырылды
10-1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасына және сақтау көлемдеріне сәйкес материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке кейіннен сала отырып, шарттық негізде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жаңартуды жүзеге асырады.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 10-2-тармақпен толықтырылды
10-2. Мемлекеттік резервтің жаңартуға жататын материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына беру алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік резервтің жаңартуға жататын материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына беру тәртібі мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында айқындалады.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Материалдық құндылықтарды броньнан шығару тәртiбiмен шығару - номенклатурасы өзгерген және кәдеге жаратылған немесе жойылған жағдайларда кейіннен салынбай, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін - кейіннен салына отырып жүзеге асырылады.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. Материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен шығарған кезде оларды өткізуден алынған қаражат мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган шарттың толық орындалғаны туралы растауды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бюджет есебіне жатқызылуға жатады.
13. Төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шараларды қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету кезiнде пайдаланылған мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады.
Гуманитарлық көмекті жеткізу және оны беру бойынша шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жүзеге асырылады.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 94-1-баппен толықтырылды
94-1-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату
1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату туралы шешімді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.
2. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Кәдеге жаратылған тауарларды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларына сәйкес өткізуге тиіс.
95-бап. Нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшiн мемлекеттiк резервті пайдалану
Ішкі нарықта сұраныс пен ұсыныстың арасында дағдарыс құбылыстары мен қатер төндіретін диспропорциялар туындаған жағдайда, мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi негiзiнде нарыққа реттеушілiк ықпал ету үшiн пайдаланылады.
96-бап. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшін шығару тәртiбi