8. Аттестатталған ұйымдар туралы немесе аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы ақпаратты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында орналастырады және (немесе) ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган берілген және өз қолданысын тоқтатқан аттестаттардың тізілімін жүргізеді.
73-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасы
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасына:
1) осы Заңның 71-бабының 2-тармағында көрсетілген қауіпті техникалық құрылғылар;
2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын құрылыс материалдарын қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар;
3) 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) аттестат алу кезінде мәлімделген жұмыс түрлеріне, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне заңды тұлғалар;
6) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
7) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сараптамаға жататын жобалау құжаттары жатады.
2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын өтініш беруші ұйымға тәуелді емес аттестатталған ұйымдар өтініш беруші ұйымның қаражаты есебiнен жүргiзедi.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізудің нәтижесі сараптама қорытындысы болып табылады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 74-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
74-бап. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру
1. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат алу үшін өтініш беруші өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың мақсаты және олардың қолданылу саласы туралы қысқаша ақпаратпен электрондық құжат нысанындағы өтінішті, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының электрондық көшірмесін ұсынады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалары қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар алу үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға:
1) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың мақсаты және олардың қолданылу саласы туралы қысқаша ақпаратпен өтінішті;
2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысын ұсынады.
2. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, қауіпті техникалық құрылғылар өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган оларды қолдануға арналған рұқсатты жеті жұмыс күні ішінде береді.
3. Пайдалану процесінде қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган оларды қолдануға арналған рұқсатты кері қайтарып алады.
4. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға берілген, кері қайтарып алынған рұқсаттарды есепке алуды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берілген, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, қауіпті техникалық құрылғылар туралы ақпарат өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
6. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға арналған рұқсаттар Қазақстан Республикасының аумағында барлық нарық субъектiлерi үшiн қолданылады және оларды қайта алу талап етілмейді.
Техникалық құрылғылардың құрамына кіретін тораптарды, детальдарды, аспаптарды, жинақтаушы бұйымдарды, қосалқы бөлшектерді қолдануға, сондай-ақ сәйкестікті растау рәсімінен (сертификаттаудан) өткен техникалық құрылғыларға рұқсаттар беру талап етілмейді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 75-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
75-бап. Жарылғыш заттар мен олардың негiзiнде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға, жарылыс жұмыстарын жүргiзуге рұқсат беру
1. Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды, оның ішінде шетелде шығарылғандарын ұдайы қолдануға рұқсат алу үшін өтініш беруші өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға тәжірибелік партияны қабылдау сынақтары актісін және аттестатталған ұйымның сараптама қорытындысының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып электрондық құжат нысанындағы өтінішті береді.
2. Сынақтар жүргiзу жөнiндегi комиссияның құрамына өтініш берушінің, аттестатталған ұйымның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi органның өкiлдерi енгізілуге тиiс.
3. Жарылғыш заттар мен олардың негiзiнде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсатты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi орган мыналарды:
1) жарылғыш заттар мен олардың негiзiнде жасалған бұйымдардың оларды дайындауға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада белгiленген талаптарға, оның iшiнде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiне бақылау сынақтарын;
2) өндiрiстiк жағдайларда қабылдау сынақтарын қамтитын сынақтар кешенiн жүргiзгеннен кейiн бередi.
4. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі береді. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру тәртібін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
76-бап. Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздігін міндетті декларациялау
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялауға қауіпті өндірістік объектілерді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекіткен декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлеріне сәйкес келетін қауіпті өндірістік объектілер жатады.
2. Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсiптiк қауiпсiздiк декларациясы (бұдан әрi - декларация) жобаланатын және жұмыс істеп тұрған қауіпті өндірістік объектілер үшін әзірленеді.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Декларация әзiрлеудi қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым дербес жүзеге асырады.
4. Декларацияны қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның басшысы бекiтедi.
Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның басшысы декларацияның уақтылы ұсынылуына, онда қамтылған мәлiметтердiң толықтығына және анықтығына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
5. 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Декларацияға тіркеу шифрын беру үшін өтініш беруші өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға электрондық құжаттар нысанында өтініш пен декларацияны береді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарап шығып, декларацияны тіркеу туралы шешім қабылдайды не уәжді бас тартуды ұсынады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган тіркеген декларация өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда электрондық құжат нысанында сақталады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қауiптi өндірістік объектiнi өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган тіркеген декларациясыз пайдалануға тыйым салынады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары тіркелген қауіпті өндірістік объектілер туралы мәліметтер өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Қауіпті өндірістік объектіні жаңғырту немесе қайта бейіндеу жағдайларын қоса алғанда, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер ететін шарттар өзгерген жағдайда, декларация өзгертілуге жатады.
Декларацияға өзгерістер енгізілген кезде ол өзгерістер енгізілгеннен кейін үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде қайта тіркелуге жатады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 77-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
77-бап. Қауіпті техникалық құрылғыларды және қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою және есептен шығару
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою, есептен шығару үшін қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру жөніндегі ақпаратты қоса бере отырып өтініш береді.
Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару үшін қауіпті техникалық құрылғыны пайдаланатын ұйым басшысы:
өнеркәсіптік объектілерде - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтың бөлімшесіне өтініш береді;
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органға өтініш береді.
2. Өтініште есепке қою немесе есептен шығару үшін қауіпті техникалық құрылғыны сәйкестендіру негіздері көрсетіледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару туралы хабарлама беріліп, өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қауiптi техникалық құрылғыны есепке қойған, есептен шығарған кезде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнің немесе әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауiптi техникалық құрылғылардың қауiпсiз пайдаланылуына қадағалау функциясын жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің қауiптi техникалық құрылғыларды есепке алу журналында және қауіпті техникалық құрылғының паспортында тиісті жазба жасалады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару тәртібін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 78-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 78-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
78-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келiсу
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Екi және одан да көп облыстың шегiнде орналастырылатын қауiптi өндiрiстiк объектiнi, сондай-ақ стратегиялық объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторымен немесе оның орынбасарларымен келiсiледi.
Өзге де қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторымен немесе оның орынбасарларымен келiсiледi.
Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттiк инспекторымен келiсiледi.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Өтініш беруші жобалау құжаттамасын келiсу үшiн:
1) жобалау құжаттамасын келiсуге жiберу туралы өтiнiштi;
2) жобалау құжаттамасының көшiрмесiн ұсынады.
Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын қарау және келісу тәртібі қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларымен реттеледі.
3. 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Жобалау құжаттамасына өзгерiстер енгiзiлген кезде қайтадан келiсу жүргiзу мiндеттi.
79-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердің және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін даярлау, қайта даярлау
1. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердің мамандарын, жұмыскерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлауды, қайта даярлауды қамтамасыз ету қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың басшыларына жүктеледі.
Қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыстарға тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлауды, қайта даярлауды қамтамасыз ету осы ұйымдардың басшыларына жүктеледі.
Даярлау, қайта даярлау оқытуды жүргізу және білімін кейіннен тексеру (емтихандар) арқылы жүзеге асырылады.
2. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерiн оқыту және білімін тексеру (емтихандар) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығын беретін аттестаты болған кезде қауіпті өндірістік объектінің немесе оқу ұйымының оқу орталығында жүргізіледі.
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығына аттестатталған ұйымдар оқытуды жүргізу үшін оқу жоспарын және жұмыскерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына оқыту бағдарламасын әзірлейді, бұларды өздерінің басшысы бекітеді.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерді пайдаланатын, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, қауіпті өндірістік объектілерге жұмысқа кіретін, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардағы, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардағы техникалық басшылар, мамандар және жұмыскерлер:
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер - ұзақтығы кемінде он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, жыл сайын;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) техникалық басшылар, мамандар мен инженерлік-техникалық жұмыскерлер - ұзақтығы кемінде қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, үш жылда бір рет даярлауға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған адамдар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік бағдарлама бойынша оқытуды дербес жүзеге асыра алады.
5. Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерді пайдаланатын, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардағы, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардағы техникалық басшылар, мамандар және жұмыскерлер он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытылып, мынадай жағдайларда:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілері қолданысқа енгізілген кезде немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде;
2) егер жаңа міндеттер басшыдан немесе маманнан қауіпсіздік бойынша қосымша білімді талап ететін болса, лауазымға тағайындалған кезде немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бұзылған кезде;
4) жаңа жабдықты пайдалануға берген немесе жаңа технологиялық процестерді енгізген кезде;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын жеткілікті түрде білмейтінін анықтаған кезде олардың талабы бойынша қайта даярлануға жатады.
6. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарының, жұмыскерлерiнің білімін тексеруді (емтихандарды) ұйымдастыруды және өткізуді өздерінің басшылары бекітілген графиктерге сәйкес қамтамасыз етеді. Білімі тексерілуге жататын адамдар графикпен танысуға тиіс.
7. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланатын ұйымдардың, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарының, жұмыскерлерінің білімін тексеруді жүргізу үшін қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым немесе оқу ұйымы басшысының бұйрығымен (өкімімен) тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары құрылады, оларды қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымның оқу орталығының немесе оқу ұйымының басшысы немесе басшының орынбасары басқарады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен үш жылда бір рет емтихан тапсырады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды
8-1. Өзге заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының басшылары мен мүшелері оқу ұйымының немесе қауіпті өндірістік объектінің оқу орталығының комиссиясына оқу курсы аяқталғаннан кейін тәуелсіздік қағидатын сақтай отырып, үш жылда бір рет емтихан тапсырады.
9. Құрамы үш адамнан кем емтихан комиссиясының білімді тексеруіне жол берілмейді.
10. Емтихан билеттерін және (немесе) тестілеудің электрондық бағдарламаларын оқу ұйымдары әзірлейді және оны өздерінің басшылары бекітеді.
11. Бiлiмдi тексеру нәтижелерi хаттамалармен ресiмделедi. Бiлiмдi тексеру хаттамалары білімді кезекті тексергенге дейін сақталады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Емтихан тапсырған адамдарға емтихан комиссиясының төрағасы қолын қойған, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген бірыңғай үлгідегі куәлiк беріледi.
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшыларына, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиясының мүшелеріне сертификаттар беріледі.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13. Куәлік (сертификат) онда көрсетілген мерзімдер кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында жарамды.
14. Емтихан тапсырмаған адамдар бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде білімін қайта тексеруден өтеді.
15. Емтиханды тапсырмаған адамдар жұмысқа жiберiлмейдi.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Мерзiмi өткен куәліктері (сертификаттары) бар адамдар жұмысқа жiберiлгеннен кейiн бiр ай iшiнде емтихан тапсыруға тиiс.
17. Оқытуды ұйымдастыру жөніндегі, оның ішінде емтихан комиссиясы мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдарға, қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдарға, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдарға жүктеледі.
80-бап. Аварияларды жою жоспары
1. Қауіпті өндірістік объектіде аварияларды жою жоспары әзірленеді.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Аварияларды жою жоспарында адамдарды құтқару жөніндегі іс-шаралар, қауіпті өндірістік объекті басшылары мен жұмыскерлерінің, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің іс-қимылдары көзделеді.
3. Аварияларды жою жоспарында:
1) жедел бөлім;
2) аварияларды жоюға қатысатын жұмыскерлер арасында міндеттерді бөлу, іс-қимылдардың дәйектілігі;
3) авария болған жағдайда құлақтандырылатын және оны жоюға қатысатын лауазымды адамдар мен мекемелердің тізімі қамтылады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Аварияларды жою жоспарын қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым басшысы бекітеді және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметімен келісіледі.
81-бап. Оқу дабылдары және аварияларға қарсы жаттығулар
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қауіпті өндірістік объектіде ұйым басшысы бекіткен жоспар бойынша оқу дабылдары және аварияларға қарсы жаттығулар жүргізіледі.
Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым оқу дабылдарын өткізу туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне олар өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабарлайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Оқу дабылын қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның техникалық басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің өкілдерімен бірлесіп өткізеді.
Аварияға қарсы жаттығу жұмыскерлермен аварияны жою жоспарының әрбір позициясы бойынша өткізіледі.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Оқу дабылының, аварияға қарсы жаттығудың қорытындылары актімен ресімделеді. Актіде жазылған ұсыныстардың орындалуын бақылау қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым басшысына жүктеледі.
15-тарау. ҚАУІПТІ ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕРДЕГІ ОҚЫС ОҚИҒАЛАРДЫ, АВАРИЯЛАРДЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ