Конституциялық Сот Төрағасы Қазақстан Республикасының Президентін хабардар ете отырып, Конституциялық Сот Төрағасы орынбасарының өкілеттігін тоқтата тұрады немесе қайта бастайды.
Конституциялық Сот Төрағасы Конституциялық Соттың өзге де судьяларының өкілеттігін тоқтата тұрады немесе қайта бастайды.
Өкілеттіктерді тоқтата тұру туралы шешім өкілеттіктерді тоқтата тұруға негіздер анықталған күннен бастап он күннен кешіктірілмей қабылданады.»;
7) 9-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларының өкілеттігін тоқтатады.
Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық Сот Төрағасы орынбасарының өкілеттігін тоқтатады.»;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
8) 11-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларын қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда жерде ұстау жағдайларын қоспағанда, оларды өз өкілеттігі мерзімі ішінде тиісінше Президенттің не Құрылтайдың келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, үйқамаққа алуға, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталу себебі Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен кейін Конституциялық Сот Төрағасына немесе судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімімен ғана жалғастырылуы мүмкін, ол тиісінше Қазақстан Республикасының Президентіне немесе Құрылтайға Конституциялық Сот Төрағасын немесе судьясын ұстауға, қамауда ұстауға, күштеп әкелуге, қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы ұсыну енгізеді. Конституциялық Соттың Төрағасы немесе судьясы қылмыс орнында ұсталған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін, бірақ ол бір тәулік ішінде міндетті түрде хабардар етіле отырып жалғастырылуы мүмкін. Істі тергеп-тексеру барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.
Конституциялық Сот судьясына қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының санкциясымен жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларының қол сұғылмау кепілдігінен айыруды тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті не Құрылтай жүзеге асырады.»;
9) 14-бапта:
1-тармақтағы «66-бабының 9-1) тармақшасында» деген сөздер «65-бабының 8) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Осы Конституциялық заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетілмеген, судьяға байланысты емес және теріс сипаты жоқ өзге де негіздер бойынша өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған Конституциялық сот судьясына Конституциялық Соттағы судьялық жұмыс өтілі кемінде үш жыл болған кезде бір айлық орташа жалақы мөлшерінде жұмыстан шыту жәрдемақысы төленеді.»;
10) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Конституциялық Соттың құзыреті
1. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес даулы жағдайда:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын;
2) Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын;
3) жалпыхалықтық референдумды өткізудің дұрыстығы туралы мәселені шешеді.
2. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғанға дейін Қазақстан Республикасының Құрылтайы қабылдаған заңдардың;
2) Қазақстан Республикасының Құрылтайы қабылдаған қаулылардың;
3) ратификацияланғанға дейін халықаралық шарттардың;
4) халықаралық ұйымдар мен олардың органдары шешімдерінің орындалуының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды.
3. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларына және 6-тармағына сәйкес:
1) Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына ресми түсіндірме;
2) Қазақстан Республикасы Конституциясының 50 және 51-баптарында белгіленген жағдайларда қорытынды береді.
4. Конституциялық Сот:
1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабының 14) тармақшасына сәйкес конституциялық іс жүргізу практикасын жинақтап қорыту нәтижелері бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасының Құрылтайына Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдау жібереді;
2) Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 11) тармақшасында көзделген жағдайда - Қазақстан Республикасы Президентінің өтінішін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 79-бабында көзделген жағдайда соттың өтініштерін қарайды;
3) Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін олардың өтініштері бойынша қарайды;
4) Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өтініштерін қарайды;
5) Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініштерін қарайды.
5. Конституциялық Сот тек қана құқық мәселелерін шешеді және жүгінуге себеп болған нақты мән-жайларға, лауазымды адамдар мен судьялардың әрекеттеріне және (немесе) әрекетсіздігіне баға бермейді.»;
11) 25-баптың 5-тармағындағы «72-бабының» деген сөздер «73-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 27-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында» деген сөздер «Құрылтайының отырысында» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 36-баптың 1-тармағындағы «орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең» деген сөздер «қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми түрде» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 38-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Конституциялық іс жүргізу:»;
15) 39-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Конституциялық Сот отырысының хаттамасы жасалады. Конституциялық Соттың Регламентінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен оның отырысында аудио-, бейнежазба қолданылуы мүмкін.»;
16) 40-бап алып тасталсын;
17) 42-бапта:
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Конституциялық іс жүргізуге қатысушының:»;
5) тармақшадағы «беруге құқығы бар.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) өтініштің негізін өзгертуге, оның көлемін ұлғайтуға немесе азайтуға, қосымша процестік әрекеттерді жүргізу қажеттілігі болмаған кезде және судьялар құрамы кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін өзі берген өтінішті кері қайтарып алуға;
7) өтініште мәлімделген талаптарды толық немесе ішінара мойындауға не оларға қарсылық білдіруге құқығы бар.»;
3-тармақ алып тасталсын;
18) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Конституциялық Сотқа келіп түсетін өтініштердің түрлері
Конституциялық Сотқа келіп түсетін өтініштердің түрлері - Қазақстан Республикасы Конституциясының 50, 51, 73 және 79-баптарында көрсетілген мәлімдеме, өтініш және соттардың ұсынуы.»;
19) 44-бапта:
2-тармақта:
4) тармақшадағы «91-бабының 3-тармағында» деген сөздер «93-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «Парламенті депутаттарының сайлауларын және республикалық» деген сөздер «Құрылтайы депутаттарының сайлауын және жалпыхалықтық» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған» деген сөздер алып тасталсын;
7) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның Палаталары» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылтайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) егер өтініште халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының шешімдерін орындаудың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы мәселе қойылса, халықаралық ұйымдар және олардың органдары шешімдерінің атауы, қабылданған күні;»;
12) тармақшада:
«47-бабының 1-тармағына» деген сөздер «50-бабының 2-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Парламенті», «Парламентінің» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Құрылтайы», «Құрылтайының» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) Қазақстан Республикасының Президентін лауазымынан кетіру туралы мәселеге бастама жасаған депутаттар және олардың саны туралы мәліметтер; Құрылтайда дауыс берудің нәтижелері туралы мәліметтер; Қазақстан Республикасының Президентіне қарсы тағылған айыпты тергеп-тексеру нәтижелері туралы мәліметтер; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тағылған айыптың негізділігі жөніндегі қорытындысы туралы мәліметтер; Құрылтайдың Қазақстан Республикасының Президентін лауазымынан кетіру туралы мәселені қарауымен байланысты актілердің атауы, қабылданған күні және мазмұны;»;
мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2) және 15-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 1-тармағында көзделген өз құқығын іске асыруы туралы мәліметтер;
13-2) Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда, адамның Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаудан бас тартуы туралы мәліметтер;»;
«15-1) сот арқылы қорғалу құқығын қоса алғанда, азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада белгіленген басқа тәсілдерін пайдаланғаны туралы мәліметтер (олар болған кезде);»;
4-тармақта:
2) тармақшадағы «құжаттар» деген сөз «сенімхат немесе өзге құжат» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) егер ұйымның уәкілетті адамы өтініш субъектісінің өкілі болса, жарғының, ереженің, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері;»;
20) 45-бапта:
тақырыптағы «азаматтардың жолданымдары» деген сөздер «өтініштер» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы азаматтарының жүгінуі бойынша олардың Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, олардың жекелеген ережелерінің Конституцияға сәйкестігін қарайды.»;
2-тармақта:
бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы азаматының өтініші жол берудің мынадай:
1) соттың дау айтылып отырған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні қолдануы және оның жүгінуші субъект қатысатын нақты істе құқықтар мен бостандықтарды тікелей қозғауы және іс бойынша апелляциялық сатыдағы күшіне енген сот актісінің болуы;»;
2) тармақшадағы «жолданым», «берілсе, азаматтың жүгінуіне жол беріледі.» деген сөздер тиісінше «өтініштің», «берілуі;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) жүгінген субъектінің құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы белгілерінің болуы шарттарына сай келуге тиіс.»;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
21) 46-бапта:
1) тармақшада:
«72-бабы» деген сөздер «73-бабы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Парламентінің», «республикалық» деген сөздер тиісінше «Құрылтайының», «жалпыхалықтық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «72-бабы», «3) тармақшаларында» деген сөздер тиісінше «73-бабы», «4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «78-бабында» деген сөздер «79-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 47-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өтініштердің Конституциялық Соттың құзыретіне, тиісті субъект, нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкестігін сырттай (формальды) тұрғыдан тексеру мақсатында оларды алдын ала қарауды осы Конституциялық заңға және Конституциялық Соттың Регламентіне сәйкес Конституциялық Соттың Аппараты қамтамасыз етеді.»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер анықталған сәйкессіздік анық (айқын) болса және жеке талдауды және (немесе) сараптаманы талап етпесе, өтініш қайтарылуға тиіс. Өтініш Конституциялық Сот Аппаратының хабарламасы негізінде мынадай негіздер бойынша:»;
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өтінішті беру шарттары анық сақталмаған болса, қайтарылады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы «2) және 4) тармақшаларында» деген сөздер «2) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 48-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«48-бап. Конституциялық Сот судьясының (судьяларының) өтінішті алдын ала зерделеуі
1. Төраға белгіленген талаптарға сай келетін өтінішті алдын ала зерделеу үшін бір немесе бірнеше судьяға береді.
Алдын ала зерделеу шеңберінде Конституциялық Сот судьясы өтініштің мәніне, негіздеріне және талаптарына жататын қосымша құжаттар мен анықтамалық ақпаратты талап етуге, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың уәкілетті өкілдеріне алдын ала сұрау жүргізуге құқылы. Көрсетілген әрекеттер баяндамашы судьяның ұйғарымы негізінде жүргізіледі.
Алдын ала зерделеу нәтижелері Конституциялық Соттың отырысында баяндалады. Баяндаманы қарау нәтижелері бойынша Конституциялық Соттың өтінішті конституция лық іс жүргізуге қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қаулысы қабылданады.»;
24) 53-бапта:
бірінші бөліктегі «Бұл ретте азаматтардың» деген сөздер «Азаматтардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «соңғы жолданым келіп түскен» деген сөздер «оларды біріктіру туралы шешім қабылданған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес берілген мәлімдеме бойынша Конституциялық Сот күнтізбелік үш күн ішінде қорытынды шешім шығарады.»;
25) 57-бапта:
1-тармақта:
9) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сайлауларын немесе республикалық» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының сайлауын немесе жалпыхалықтық» деген сөздермен ауыстырылсын;
11), 12), 13) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Конституциялық Сот қараған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулардың мазмұны;
12) сақталуы немесе болуы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес тексерілген рәсімдер, мән-жайлар мен фактілер;
13) Конституциялық Сот ұйғарған шешімнің (қорытындының) пайдасына келтірілген құқықтық сипаттағы дәлелдер;»;
«15) шешімнің (қорытындының) қарар бөлігі;»;
2-тармақта:
2) тармақшадағы «Конституциялық Сот берген түсіндірмеде» деген сөздер «Конституциялық Соттың түсіндірмесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша «ережелерін» деген сөзден кейін «толық немесе жекелеген бөлігінде» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының шешімдерін, осы шешімдердің жекелеген ережелерін орындаудың конституциялылығын тексеру туралы өтініштерді қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Сот:
1) халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының шешімдерін, осы шешімдердің жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп тану туралы;
2) халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының шешімдерін, осы шешімдердің жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп тану туралы нормативтік қаулылардың бірін қабылдайды.»;
26) 62-баптың 2-тармағындағы «осы баптың 1-тармағында көрсетілген» деген сөздер алып тасталсын;
27) 63-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабының 7-тармағында және 43-бабының 1 және 5-тармақтарында белгіленген талаптарға сай келмейді деп танылған, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар жалпыхалықтық референдумға шығарылмайды.»;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «күші жойылады» деген сөздер «қолданысы тоқтатылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «құқық қолдану органдарының», «белгіленген тәртіппен» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік органдардың», «заңда белгіленген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «белгіленген тәртіппен күшін жоюға» деген сөздер «белгіленген тәртіппен қолданысын тоқтатуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Конституциялық Сот берген түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылған заңдар және өзге де құқықтық актілер, олардың жекелеген ережелері осы түсіндірмедегідей қолданылуға тиіс.
Конституциялық Сот берген түсіндірмеде Конституцияға сәйкес келеді деп танылған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге не олардың жекелеген ережелеріне негізделген соттардың және өзге де мемлекеттік органдардың шешімдері, егер Конституциялық Сот өзгеше белгілемесе, заңда белгіленген жағдайларда және тәртіппен қайта қаралады.»;
6-тармақтағы «Парламенті Сенаты мен Мәжілісі» деген сөздер «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «республикалық» деген сөз «жалпыхалықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «47-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің» деген сөздер «50-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9, 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
«9. Қазақстан Республикасы Президентінің орнынан түсу туралы мәлімдемені өзі және өз еркімен бергенін растау туралы қорытынды оның өз еркімен орнынан түсуіне байланысты лауазымынан мерзімінен бұрын босатылғанын білдіреді.
10. Адамның Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту туралы мәлімдемені өзі және өз еркімен бергенін растау туралы қорытынды Конституцияға сәйкес Президент өкілеттігінің одан әрі өтуі бойынша рәсімдерді бастауға алып келеді.
11. Конституциялық Сот орындалуын Конституцияға сәйкес келмейді деп таныған халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының шешімдері, осы шешімдердің жекелеген ережелері орындалуға жатпайды.»;
28) 64-баптың 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылтайына» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 65-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарына», «министріне» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Құрылтайына», «министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «заңнамалық актілерді» деген сөздер «заңдарды» деген сөзбен ауыстырылсын;
30) 66-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қарауындағы өтініштер жүгінуші субъектілер оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіргеннен кейін осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен қаралады.».
7. «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:
1) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамақта ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.»;
2) 3-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздер «осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-бапта:
тақырыптағы «сайлау» деген сөз «тағайындау» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді Қазақстан Республикасының Президенті бес жыл мерзімге тағайындайды.»;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «сайланатын» деген сөз «тағайындалатын» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 5-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді Қазақстан Республикасының Президенті лауазымынан босатады.»;
2-тармақта:
7) тармақша алып тасталсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) осы Конституциялық заңда белгіленген лауазымда болу мерзімінің аяқталуы.»;
5) 6-бапта:
бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы «педагогтік, ғылыми және өзге де» деген сөздер «оқытушылық, ғылыми,» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
«сайланған» деген сөз «тағайындалған» деген сөзбен ауыстырылсын;
«өзінің оларға мүшелігін тоқтатуға тиіс» деген сөздер «олардан шығуға міндетті» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 7-бапта:
1) тармақшадағы «Парламентіне» деген сөз «Құрылтайына» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ахуал және қабылданып жатқан шаралар туралы баяндаманы дайындауды және үш жылда бір рет таратуды қамтамасыз етеді;»;
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырыстарына, Қазақстан Республикасы Құрылтайының жұмыс органдарының отырыстарына және Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының қатысуымен өтетін өзге де іс-шараларға шақыру бойынша қатысады;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары сессиясының жалпы отырыстарына қатысуға құқылы;»;
7) тармақшадағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ұлттық баяндамашының функцияларын жүзеге асырады;»;
7) 8-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тиісті ұсынымдармен Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ахуал және қабылданатын шаралар туралы баяндаманы дайындауды және үш жылда бір рет таратуды қамтамасыз етеді.»;
8) 17-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылтайына» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 18-баптың 3 және 4-тармақтарындағы «облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы» деген сөздер «астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 5-тараудың тақырыбындағы «облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы» деген сөздер «астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 19-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы «облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы» деген сөздер «астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Прокуратура туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:
1) 4-баптың 3) тармақшасындағы «қылмысқа» деген сөз «қылмыскерлікке» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «(республикалық маңызы бар қалалардың және астананың)» деген сөздер «(астананың және республикалық маңызы бар қалалардың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармағының 3) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
3) 6-бапта:
1) тармақшада:
бірінші абзац «заңдарына» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«инвестициялар және инвестициялық қызмет саласындағы;»;
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: