2-тармақтың 5) тармақшасындағы «Парламенттің және» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы «шет елдердің Заңды тұлғалары мен», «республикадағы сайлауды қаржыландыруға қатысуына» деген сөздер тиісінше «шетелдік заңды тұлғалар мен шетел азаматтары, сондай-ақ», «Қазақстан Республикасындағы сайлаумен байланысты іс-шараларды қаржыландыруға және өзгедей қамтамасыз етуге қатысуына» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 34-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Президенттікке, мәслихат депутаттығына кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіті осы Конституция лық заңда белгіленген тәртіппен құрылатын сайлау қорларының қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау қорларынан басқа қаржыландыруды тартуына немесе өзге де материалдық көмекті қабылдауына тыйым салынады.»;
3-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кандидаттардың жеке қаражатынан, саяси партиялардың қаражатынан;
2) кандидатқа оны ұсынған Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестігі бөлген қаражаттан;»;
3) тармақшаның бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырмалдықтарынан құралады.»;
4-тармақта:
бірінші абзацтағы «бес күн» деген сөздер «он жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац алып тасталсын;
6-тармақтағы «комиссиясы банк мекемелерінде ашатын арнаулы уақытша шоттарға түсіріледі» деген сөздер «комиссиясының жазбаша ақпараты негізінде Орталық сайлау комиссиясы айқындаған банктерде кандидаттар, саяси партиялар ашатын арнаулы уақытша шотқа есепке жатқызылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бірінші сөйлемі «ақша қаражаты» деген сөздерден кейін «осы Конституциялық заңға сәйкес тиісті шешімге шағым жасау кезеңі өткеннен кейін» деген сөздермен толықтырылсын;
30) 35-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Президент, Құрылтай, мәслихаттар депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде сайлау іс-шараларын қаржыландыруды, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған мәслихаттар депутаттарын кері шақырып алуды Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.»;
1-тармағының 31) тармақшасының бірінші - үшінші абзацтары 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
31) 38-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасына қарайтын және сайлау күні жүзуде жүрген кемелерде, әскери бөлімдерде, шалғай және қатынасу қиын аудандарда, шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелерінде, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісі бар ұйымдарда, демалыс үйлерінде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, стационарлық жағдайда емделіп жатқан, жұмысты вахталық әдіспен ұйымдастыру орындарында, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан құрылған сайлау учаскелерінде учаскелік сайлау комиссиясы, егер тізімге енгізілген сайлаушылардың бәрі дауыс берсе, дауыс беруді аяқталды деп кез келген уақытта жариялауы мүмкін. Мұндай учаскелердің тізбесін тиісті сайлау комиссиясы сайлауға дейін жеті күннен кешіктірмей, мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды өткізу кезінде үш күннен кешіктірмей бекітеді.»;
4-тармақ алып тасталсын;
32) 39-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Президентті, Құрылтайдың, мәслихаттардың депутаттарын, әкімді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда дауыс беру арнайы бөлінген үй-жайларда өткізілуге тиіс, оларда жасырын дауыс беруге арналған кабиналар жеткілікті мөлшерде жабдықталуға, сайлау бюллетеньдерін беретін орындар белгіленуге және дауыс беруге арналған жәшіктер дауыс беретін адамдар оларға міндетті түрде жасырын дауыс беруге арналған кабиналар арқылы өтіп келетіндей етіп қойылуға тиіс. Бұл ретте байқаушыларға, сенім білдірілген адамдарға, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен сайлау комиссиясының мүшелеріне сайлау жәшіктерін, жасырын дауыс беруге арналған кабиналарға кіруді және шығуды бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.»;
1-1-тармақтағы «мүмкіндігі шектеулі» деген сөздер «мүгедектігі бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 40-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
34) 41-бапта:
3-тармақтағы «(таңдаушылар тізімдері)» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтың үшінші бөлігіндегі «жәшіктерді» деген сөз «жәшікті» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Жалпы жұрттың танысуы» деген сөздер «Танысу» деген сөзбен ауыстырылсын;
35) 43-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3-1-тармақтың екінші бөлігінде:
үшінші сөйлемдегі «сайлау бюллетеньдерінің саны жазбаша өтініштердің тиісті санынан артық болып шықса, онда бұл жәшіктегі барлық» деген сөздер «сайлау бюллетеньдерінің саны жазбаша өтініштер санынан артық болып шықса, онда бұл жәшіктегі тиісті сайлау бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші сөйлемдегі «барлық» деген сөз «тиісті» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) учаскедегі сайлаушылардың жалпы санын;»;
7-1-тармақтағы «(Сенат депутаттарын сайлау кезінде аумақтық сайлау комиссиясы)» деген сөздер алып тасталсын;
8-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1. Сайлау округі бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесі жалпы жұрттың танысуы үшін округтік сайлау комиссиясының үй-жайында ілінеді және үй-жайда үш күн бойы тұрады.»;
9-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тиісті жоғары тұрған сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларында қателерді, сәйкессіздіктерді анықтаған болса, сондай-ақ дауысты есептеудің дұрыстығына күмәнданатын болса, бұл комиссия тиісті учаскелік сайлау комиссиясының сайлаушылардың дауыстарын қайта санауы туралы шешім қабылдауға құқылы.»;
36) 44-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1 және 2-1-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Егер дауыс беру барысында немесе дауыстарды санау не дауыс беру нәтижелерін айқындау кезінде учаскеде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, Орталық сайлау комиссиясы Президент, Құрылтай депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау кезінде тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша жекелеген сайлау учаскелеріндегі немесе әкімшілік-аумақтық бірліктердегі сайлауды өткізуді жарамсыз деп тануы мүмкін.»;
«2-1. Егер дауыс беру барысында немесе дауыстарды санау не дауыс беру нәтижелерін айқындау кезінде учаскеде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, аумақтық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарын, әкімді, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау қорытындыларын анықтау кезінде жекелеген сайлау учаскелеріндегі сайлауды өткізуді тиісті төмен тұрған сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.»;
5-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Орталық сайлау комиссиясының хабарында мыналар көрсетіледі: сайлау күні, сайлаушылар тізімдеріне енгізілген және дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы саны; Президенттікке сайлауға түскен кандидаттардың жалпы саны; есептен шығару куәліктері бойынша дауыс берген сайлаушылардың саны; дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны; сайлауға қатысқан саяси партиялардың саны; қайта дауыс беру өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің саны; Президенттікке әрбір кандидат үшін, әрбір саяси партия үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша берілген дауыстардың саны; «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер саны; сайланған Президент туралы мәліметтер - тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылы, атқаратын лауазымы (қызмет түрі), тұрғылықты жері, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы, ұлты туралы мәліметтер.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тиісті аумақтық сайлау комиссиясының хабарында мыналар көрсетіледі: сайлау күні, сайлаушылар тізімдеріне енгізілген және дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы саны; сайлау округтерінің жалпы саны, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын, сайланған мәслихат депутаттары; сайлауға түскен кандидаттардың жалпы саны; есептен шығару куәліктері бойынша дауыс берген сайлаушылардың саны; дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны; мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысқан саяси партиялардың саны; қайта дауыс беру өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің (сайлау округтерінің) саны; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын мәслихат депутаттығына, әкім болуға, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға кандидаттардың әрқайсысы үшін, әрбір саяси партия үшін берілген дауыстар саны; «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер саны; бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын, сайланған мәслихат депутаттары, әкімдер, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері туралы мәліметтер - тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылы, атқаратын лауазымы (қызмет түрі), тұрғылықты жері, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы, ұлты туралы мәліметтер.»;
37) 48-баптың 2-1-тармағындағы «мүмкіндігі шектеулі» деген сөздер «мүгедектігі бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармағының 38) тармақшасының бірінші - үшінші абзацтары 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
38) 50-баптың 2-тармағында:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) азаматтардың сайлаушылар тізіміндегі өздері туралы деректерді тексеру құқығын бұзған;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) сайлау қорларынан басқа қаржыландыруды тартқан немесе өзге де материалдық көмекті қабылдаған;»;
39) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«51-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы
1. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы жеті жылда бір рет оның өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей өткізіледі және Құрылтайдың жаңа құрамын сайлау мерзімімен тұспа-тұс келмеуге тиіс.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 51-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы осы Конституциялық заңда белгіленген қағидаларға сәйкес Құрылтай сайлау өткізу туралы жариялаған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі. Сайлау іс-шараларын өткізу мерзімдерін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.»;
40) 51-1-бап алып тасталсын;
41) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«53-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын жариялау
1. Президенттің сайлауын Президенттің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бес ай бұрын Құрылтай жариялайды.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 51-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда Президенттің сайлауы Президент өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін атқаруға тұрақты қабілетінің болмауына немесе Президенттің қызметінен кетірілуіне байланысты мерзімінен бұрын лауазымынан босатылған не қайтыс болған күннен бастап жегі күн ішінде жарияланады.»;
42) 54-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Президент болып сайлану үшін азамат Конституцияның 43-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сай болуға, сондай-ақ Конституцияның 35-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайлау құқығына ие болуға тиіс.»;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «және осы Конституциялық заңда» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөлікте:
«ал кандидаттың» деген сөздер «кандидаттың» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Республика Конституциялық Кеңесінің Конституцияның 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы шешіміне сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөлік алып тасталсын;
43) 56-бапта:
4-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жеке сәйкестендіру нөмірі;»;
44) 59-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы «әкесінің атын» деген сөздерден кейін «(егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса)» деген сөздермен толықтырылсын;
45) 65-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сайланған Қазақстан Республикасының Президенті болып:
1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайыздан астам дауысын;
2) қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатпен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көбірек дауыс санын жинаған кандидат саналады.»;
46) 66-1-бап алып тасталсын;
47) 68-баптың 1-тармағындағы «Сенат Төрағасының,» деген сөздер алып тасталсын;
48) 11-тарау алып тасталсын;
49) 85-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «сайлауды;» деген сөз «сайлауды тағайындауға негіз болады.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақша және 4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтағы «41-бабының» деген сөздер «43-бабы» деген сөздермен ауыстырылсын;
50) 86-баптағы «51-бабының 4-тармағында», «33-бабының» деген сөздер тиісінше «54-бабының 3-тармағында», «35-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
51) 87-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құрылтай депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға тиесілі.»;
2-тармақта:
үшінші бөлік «адам» деген сөзден кейін «мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бір адам Құрылтай депутаттығына кандидат және партиялық тізімдер бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидат ретінде бір мезгілде ұсынылуы мүмкін.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлаудан алпыс күн бұрын басталады және қырық күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
52) 88-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
53) 89-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеуді Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.»;
4-1, 4-2 және 4-3-тармақтар алып тасталсын;
7-тармақтағы «, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидатты» деген сөздер алып тасталсын;
54) 90-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын;
55) 92-1-бапта:
тақырыптағы «, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта:
бірінші бөліктің 1) және 2) тармақшаларындағы «бес», «он» деген сөздер тиісінше «он бес», «отыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «жүз», «бес жүз» деген сөздер тиісінше «үш жүз», «бір жарым мың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
56) 93-2-бап алып тасталсын;
57) 94-бапта:
1-тармақтағы «немесе округтік» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпентолықтырылсын:
«1-1. Учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде тиісті аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасайды, оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды және ол дауыс беру күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде тиісті аумақтық сайлау комиссияларына жіберіледі.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасайды, оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды және ол дауыс беру күнінен бастап үш күннен аспайтын мерзімде Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.»;
3-тармақтағы «және округтік» деген сөздер алып тасталсын;
58) 95-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не учаскелердің немесе сайлау нәтижелерін анықтау кезінде әкімшілік-аумақтық бірліктердің жалпы санының кемінде төрттен бір бөлігінде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, Орталық сайлау комиссиясы тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы немесе азаматтардың өтініштері бойынша жекелеген сайлау учаскелеріндегі немесе әкімшілік-аумақтық бірліктердегі Құрылтай депутаттарының сайлауын жарамсыз деп тануы мүмкін. Мұндай жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиісті сайлау учаскесінде немесе әкімшілік-аумақтық бірлікте қайта дауыс беруді тағайындайды.»;
2-тармақтағы «және сол кандидаттар» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын;
59) 96-баптың 1-тармағының бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер Құрылтай депутаттарының сайлауы жарамсыз деп танылса, Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын қайта сайлауды өткізу туралы шешім қабылдайды.»;
60) 99-бапта:
тақырыптағы «Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын және шығып қалған депутаттар орнына сайлау» деген сөздер «Құрылтай депутаттарының кезектен тыс сайлауын» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы және шығып қалған депутаттар орнына сайлау» деген сөздер «Құрылтай депутаттарының кезектен тыс сайлауы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
61) 100-бапта:
1-тармақтағы «Сенат Төрағасының, Мәжіліс» деген сөздер «Құрылтай» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «немесе сайлау округтерінің» деген сөздер алып тасталсын;
62) 101-баптың 5-тармағындағы «сайлауына, Парламент Сенаты сайлауына» деген сөздер «сайлауымен» деген сөзбен ауыстырылсын;
63) 102-баптағы «86-бабының», «33-бабының» деген сөздер тиісінше «88-бабының», «35-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
64) 103-баптың 6-тармағындағы «Ешкім» деген сөз «Мәслихаттар депутаттарының сайлауында ешкім» деген сөздермен ауыстырылсын;
65) 104-баптың 1-1-тармағының екінші бөлігінде:
«депозит ретінде» деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
66) 106-баптың 3-тармағының бірінші абзацындағы «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың» деген сөздер «Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
67) 108-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аудандық, қалалық сайлау комиссиялары дауыс беру нәтижелері бойынша округтік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау күнінен бастап екі күн мерзімнен кешіктірмей аудандық және қалалық мәслихаттар депутаттарын сайлаудың дауыс беру нәтижелерін анықтайды.
3. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық, округтік сайлау комиссиялары астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттарын сайлау барысында дауыс беру нәтижелері бойынша учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларын жоғары тұрған сайлау комиссияларына дереу жібереді.
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиялары көрсетілген хаттамалар негізінде сайлау күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттарын сайлаудың дауыс беру нәтижелерін анықтайды.»;
1-тармағының 68) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
68) 113-1-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші сөйлем алып тасталсын;
екінші сөйлемдегі «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздер «Әкімді» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әкімді сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған, оның шекаралары өзгерген (қосылған, бөліп шығарылған немесе бөлінген) күннен бастап екі ай ішінде тағайындайды және ол сайлау тағайындалған күннен бастап қырық күн ішінде өткізіледі.»;
1-тармағының 69) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
69) 113-3-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бір адам мәслихат депутаттығына және әкім болуға, сондай-ақ әртүрлі сайлау округтері бойынша әкім болуға кандидат ретінде бір мезгілде ұсыныла алмайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және әкімдерді сайлау өткізілетін күннен жиырма бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.»;
1-тармағының 70) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
70) 113-4-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкім болуға кандидат өзін-өзі ұсынған кезде, сайлау округінде елді мекендер (әкімшілік-аумақтық бірлік) болған жағдайда, олардың кемінде жартысын білдіретін, дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кемінде бір пайыз дауысының қолдауын алуға тиіс.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жеке сәйкестендіру нөмірі;»;
1-тармағының 71) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
71) 113-5-баптың 2 және 14-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Саяси партия ұсынған кандидатты қоспағанда, кандидат өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.
Кандидатты ұсынған саяси партия ұсынылған әрбір кандидат үшін өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.
Егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат әкім болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, енгізілген жарна кандидатқа немесе саяси партияға қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылмайды және жергілікті бюджет кірісіне аударылады.»;
«14. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, кандидатты тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және әкімдерді сайлау өткізілетін күннен жиырма күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.»;
1-тармағының 72) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
72) 113-6-бапта:
1-тармақтағы «тіркелген күннен бастап және» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «тіркеуге» деген сөз «дауыс беруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
73) 113-9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«113-9-бап. Әкімді сайлау кезінде қайта дауыс беру, әкімді қайта сайлау
1. Егер кандидаттар ең көп бірдей дауыс санын жинаса, аумақтық сайлау комиссиясы қайта дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.
2. Қайта дауыс беру тиісті аумақтық сайлау комиссиясы белгілеген мерзімдерде, бірақ бір айдан аспайтын мерзімде сол бір сайлау учаскелерінде және осы Конституциялық заңның талаптарын сақтай отырып, бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сайлаушылардың сол бір тізімдері бойынша өткізіледі. Қайта дауыс беруді өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
3. Егер сайлау жарамсыз деп танылса, аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлауды өткізу туралы шешім қабылдайды.
4. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейін бір ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Дауыс беру сол бір сайлау учаскелерінде және бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сайлаушылардың сол бір тізімдері бойынша өткізіледі.
Қайта сайлау кезінде жүзеге асыру көзделген сайлау іс-шаралары осы Конституциялық заңға сәйкес аумақтық сайлау комиссиясы айқындайтын мерзімдерде өткізіледі.»;
74) 13-2-тараудың тақырыбындағы «Парламент Мәжілісі мен» деген сөздер алып тасталсын;
75) 113-12-баптағы «депутатты» деген сөз «мәслихат депутатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
76) 113-13-баптағы «депутатты» деген сөз «мәслихат депутатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
77) 113-14-баптың 1-тармағындағы «депутатты» деген сөз «мәслихат депутатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
78) 113-15-бапта:
1-тармақтағы «депутатты» деген сөз «мәслихат депутатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «депутатқа» деген сөз «мәслихат депутатына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «депутатты» деген сөз «мәслихат депутатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тиісті сайлау комиссиясы дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдаған кезден бастап бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған мәслихат депутатына және оны кері шақырып алудың бастамашысына кері шақырып алуға қатысты күнтізбелік үш күн ішінде үгіт жүргізу құқығы беріледі.»;
79) 113-16-бапта:
тақырыптағы «депутатты» деген сөз «мәслихат депутатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Парламент Мәжілісінің немесе» деген сөздер алып тасталсын;
80) орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
81) 115-баптағы «33-бабының» деген сөздер «35-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
82) 129-бап алып тасталсын;
1-тармағының 83) тармақшасының күші 2023 ж. 19 наурыздағы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында сайлаушылар дауысының белгіленген пайызын алған, Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының бірінші сайлауына қатысатын саяси партияларға қолданылады
83) 133-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Конституциялық заңның 88-бабының 2 және 3-тармақтарының күші 2023 жылғы 19 наурыздағы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында сайлаушылар дауысының белгіленген пайызын алған, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының бірінші сайлауына қатысатын саяси партияларға қолданылады деп белгіленсін.».
2. «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Жалпыхалықтық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы»;
2) бүкіл мәтін бойынша:
«республикалық референдумды», «Республикалық референдум», «Республикалық референдумды», «Республикалық референдумға», «республикалық референдумға», «республикалық референдум», «Республикалық референдумның», «республикалық референдумның» деген сөздер тиісінше «жалпыхалықтық референдумды», «Жалпыхалықтық референдум», «Жалпыхалықтық референдумды», «Жалпыхалықтық референдумға», «жалпыхалықтық референдумға», «жалпыхалықтық референдум», «Жалпыхалықтық референдумның», «жалпыхалықтық референдумның» деген сөздермен ауыстырылсын;