Өкіл уәкілетті органдағы жұмысын тоқтатқаннан кейін бір жыл ішінде өзі өкілі болып табылған ұйымға жұмысқа қабылдана алмайды.
Өкіл өзі өкілі болып табылатын немесе болған ұйым органдарының отырыстары барысында қабылданатын (қабылданған) нәтижелер мен шешімдер үшін жауапты болмайды.
10. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды
9-2-бап. Қашықтықтан қадағалау
1. Қашықтықтан қадағалау өзге де бақылау және қадағалау нысандарының бірі болып табылады және уәкілетті орган қаржы ұйымдарына, олардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломераты мен сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға (бұдан әрі - қашықтықтан қадағалау субъектілері) қатысты жүзеге асырады.
2. Уәкілетті орган қашықтықтан қадағалауды қашықтықтан қадағалау субъектілерінің қызметін талдау және қашықтықтан қадағалау субъектілерінің органдарымен өзара іс-қимыл жасау арқылы тұрақты негізде:
1) Қазақстан Республикасының банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік, пошта, Қазақстан Даму Банкі туралы, инвестициялық қорлар туралы, мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау және қадағалау;
2) қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау, орын алған және ықтимал тәуекелдерді, олардың қашықтықтан қадағалау субъектілерінің орнықты қызметіне ықпал ету дәрежесін анықтау және бағалау мақсатында жүзеге асырады.
3. Қашықтықтан қадағалау субъектілерінің қызметін талдауды уәкілетті орган қашықтықтан қадағалау субъектілері ұсынатын есептіліктің және басқа да ақпараттың, оның ішінде ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастық шеңберінде алынған ақпараттың негізінде жүзеге асырады.
4. Қашықтықтан қадағалауды жүргізу шеңберінде уәкілетті орган қашықтықтан қадағалау субъектілері мен олардың лауазымды адамдарынан мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қашықтықтан қадағалау субъектілері органдарының қаржылық есептілігін және отырыстарының (сырттай өткізілгендерін қоса алғанда) материалдарын жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
Қашықтықтан қадағалау субъектілері уәкілетті органның сұрау салуында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде ұсынуға міндетті.
ҚР 2005.23.12. № 107-III Заңымен 10-бап толықтырылды; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді
10-бап. Банк қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
Уәкiлеттi орган банк қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
1) жеке және заңды тұлғалардың банктің және банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, банктердің және банк холдингтерінің еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру, сондай-ақ банктердің және банк холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуына ие болуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған келісімдерді және рұқсаттарды береді не беруден бас тартады;
2) банктердiң меншiктi капиталының ең аз мөлшерiн белгiлейдi;
3) банктердiң резервтiк капиталын қалыптастыру жөніндегі талаптарды белгiлейдi;
4) банк конгломераттары үшiн пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;
5) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) активтердi және шартты мiндеттемелердi сыныптау мен оларға қарсы провизиялар құру тәртібін белгiлейдi. Активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және сенiмсiз санаттарға жатқызу тәртібін мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттік органмен келiсе отырып айқындайды;
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
7) банктердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;
8) банктiң аффилиирленген тұлғаларына Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін айқындайды және оларды қолдану туралы шешiм қабылдайды;
9) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген жағдайларда банктi консервациялау туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (банктi уақытша басқарушыны) тағайындайды;
2008.23.10. № 185-IV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
9-1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда тұрақтандыру банкін құру және оның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды;
10) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасының банк заңдарында көзделген барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензиядан айыру туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындайды;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
10-1-бап. 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. Сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
Уәкiлеттi орган сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуына ие болуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған келісімдерді және рұқсаттарды береді не оларды беруден бас тартады;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін қалыптастыруына, сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды белгілейді;
3) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтерiн орналастыру және инвестициялау тәртібін айқындайды;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) сақтандыру полистерінің мазмұнына және оларды ресімдеу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді;
6) актуарийлiк қорытынды және оның мазмұнына талаптар негiзiнде аннуитет шарттарын қолдану кезеңiнде тұрақты сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерiн көбейту тәртібі мен талаптарын айқындайды;
7) жинақтаушы сақтандыру бойынша қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына заемдарды беру тәртібі мен талаптарын айқындайды;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы белгіленген (шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында) мерзімдерді бұза отырып орындаған шарттарды есепке алу тәртібін айқындайды;
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, актуарийлердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;
10) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарында белгiленген жағдайларда сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиядан айыру туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындайды;
11) мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру төлемдерiне мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру тәртібін айқындайды;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары нарығы субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
Уәкiлеттi орган бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары нарығы субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
1) қаржы рыногының активтерiн бағалы қағаздар ретiнде таниды;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін жүзеге асырады;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың, исламдық бағалы қағаздардың, туынды бағалы қағаздардың шығарылымдарын мемлекеттік тіркеуді, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар (облигациялық бағдарламалардың проспектілері), исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектілеріне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуді жүзеге асырады;
акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есептерді, исламдық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді, облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаларды қарайды және бекітеді;
акциялар мен облигациялар шығарылымдарының күшін жоюды жүргізеді;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) бағалы қағаздарды, оның ішінде туынды бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу шарттары мен тәртібін айқындайды;
4) бағалы қағаздарды, оның iшiнде туынды бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тiркеудiң, оларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ жоюдың қорытындылары туралы есептердi қараудың талаптары мен тәртібін белгiлейдi;
5) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) бағалы қағаздардың және туынды бағалы қағаздардың орналастырылуы мен айналысын тоқтату және қайта бастау талаптары мен тәртібін айқындайды;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9) тармақша өзгертілді
9) Бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiн, лицензиардың электрондық тізілімін және бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға берілетін рұқсаттардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-1) жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуіне келісімді беру және оны беруден бас тарту тәртібін, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды, мұндай келісімді береді не беруден бас тартады;
9-2) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерін, оны қалыптастыру тәртібін және оның құрамын белгілейді;
9-3) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бекітеді;
10) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру шарттары мен тәртібін, оның iшiнде бағалы қағаздармен операциялар жасау шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгiлейдi;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) инвестициялық портфельді басқарушының және институционалдық инвесторлардың инвестициялау тәртiбiн белгiлейдi;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) инвестициялық портфельді басқарушының салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды
11-2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат береді;
2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және кәсіптік ұйымдардың қызметiн жүзеге асыру тәртібін белгiлейдi;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
13) бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының, оның iшiнде туынды бағалы қағаздар мен шетел валюталарының бағаларымен (бағамдарымен) айла-шарғы жасауға, бағалы қағаздар нарығында инсайдер ақпаратын немесе қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты пайдаланып, мәмiлелер жасауға бақылауды жүзеге асырады;
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
14) инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеу мен бақылауды жүзеге асырады;
14-1) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды
14-2) бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуы жөніндегі талаптарды белгілейді;
14-3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда бағалы қағаздар рыногы субъектілеріне қатысты шектеулі шараларды және санкцияларды қолданады;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды
12-1-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингі
1. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін уәкілетті орган олардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан:
1) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті және акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту кезінде;
2) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің өз қызметі туралы ақпаратты ашуы бойынша жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін уәкілетті орган мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттері ұсынатын ақпарат және өзге де ақпарат, оның ішінде ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастық шеңберінде алынған ақпарат негізінде жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін жүргізу шеңберінде уәкілетті орган мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінен және олардың лауазымды адамдарынан мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттері органдарының қаржылық есептілігін және отырыстарының (сырттай өткізілгендерді қоса алғанда) материалдарын жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттері уәкілетті орган сұратып отырған мәліметтер мен құжаттарды ол белгілеген мерзімде ұсынуға міндетті.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
Уәкiлеттi орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсаттарында:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiне қойылатын талаптарды белгiлейдi;
2) салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
3) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиядан айырылған жағдайда, салымшылардың ерікті зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібін белгілейді;
4) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
13-1-бап. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 14 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкiлеттiктер
Уәкiлеттi органға жүктелген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан өзiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпаратты өтеусіз алуға құқылы, бұл ретте алынған мәлiметтер жария етуге жатпайды.
Уәкiлеттi органның қызметкерлерi өздерiнің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткені үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарымен және басқа мемлекеттердiң қаржы рыноктары мен қаржылық ұйымдарды реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын органдарымен өзара әрекетi
1. Уәкiлеттi орган өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заң актілерімен өзiне берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ешкiмге тәуелсiз. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар уәкiлеттi органның заң тұрғысында бекітілген өкiлеттiктерiн iске асыру жөніндегі қызметiне араласуға құқылы емес.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыретi шегiнде өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдармен үйлестiредi.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйымдарға осы бапта көзделген шарттармен береді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.
3. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-тарау. Қорытынды ережелер
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
17-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының