229) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерімен қамтамасыз етілуін талдауды жүргізеді және оның нәтижелерін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
230) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар етеді, насихаттау және насихаттауға қарсы қызметті жүргізеді;
231) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;
232) ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді;
232-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
232-2) көрсетілетін қызметті алушылардың агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді;
232-3) көрсетілетін қызметті алушылардың агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
232-4) агроөнеркәсіптік кешен облысындағы уәкілетті органмен келісілген ақпараттандыру сферасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру мен автоматизациялау процесстері бойынша шара қолданылады;
232-5) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалауды өткізу, сонымен қоса ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын реті мен мерзіміне сәйкес өткізу, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген ішкі бақылау нәтижелері үшін агроөнеркәсіптік кешен облысындағы мемлекеттік қызмет көрсетуге баға беру мен сапасын бақылау уәкілетті органға ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
232-6) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, халыққа қызмет көрсету орталықтарына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұсынады;
232-7) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат береді;
232-8) көрсетілетін қызметті берушілердің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын сақтауын қамтамасыз етеді;
233) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептілік, тексеру парақтары, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері нысандарына қатысты актілерді әзірлейді және бекітеді;
234) реттелетін салада кадрларға қажеттілікті айқындайды;
235) салалық жұмыс берушілер бірлестіктерімен және салалық жұмыскерлер бірлестіктерімен бірлесіп кәсіптік стандарттарды әзірлейді;
236) республикалық жұмыс берушілер бірлестіктерінің және жұмыскерлер бірлестіктерінің пікірін ескере отырып, мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау және оны беру тәртібін бекітеді;
237) салалық жұмыс берушілер бірлестіктерінің және салалық жұмыскерлер бірлестіктерінің пікірін ескере отырып, салалық біліктілік шеңберлерін бекітеді;
238) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
238-1) «Қазақстан республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізу жоспарын әзірлейді және бекітеді;
239) орман, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су ресурстарын басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
240) халықаралық шарттарды іске асыруды қоса алғанда, орман қатынастары, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту, пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су ресурстарын басқару саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
241) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
242) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
243) су ресурстарын басқару, ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
244) биоәртүрлілікті сақтау, жерлердің шөлейттенуі саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
245) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
246) жануарлар санын реттеу тәртібін әзірлейді;
247) нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін бекітеді;
248) өз құзыреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысады;
249) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су қатынастарын реттеу, трансшекаралық суды ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері бойынша шектес мемлекеттермен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
250) Қазақстан Республикасының Үкіметіне биоәртүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту бойынша ұсыныстар енгізеді;
251) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді алу көлемі бойынша ұсыныстар енгізеді;
252) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік орман қорын санаттар бойынша бөлу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
253) Қазақстан Республикасының орман қорын сақтау, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы нормативтік құқықтық актілерін бекітеді;
254) Өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
255) Орман шаруашылығы саласындағы көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
256) білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша Мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
257) орман дақылдарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алаңдарды түгендеуді жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
258) орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;
259) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
260) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу; орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және айқындау; орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және көлемін айқындау бойынша әдістемелік нұсқауларды, орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
261) елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
262) арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш нысанын бекітеді;
263) бассейн ішіндегі су объектілері жай-күйінің нысаналы көрсеткіштеріне кезең-кезеңмен көшу мерзімдерін айқындау әдістемесін бекітеді;
264) бассейндер мен облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бөлінісінде су пайдалану лимиттерін бекітеді;
265) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекітеді;
266) су объектілері мен ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану режимін бекітеді;
267) Қазақстан Республикасының Үкіметіне сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алу жөнінде ұсыныс енгізеді;
268) жануарлар дүниесін пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
269) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
270) жануарлар дүниесін және орманды қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
271) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет нәтижесінде балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдiстемелерiн бекiтедi;
272) аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру тәртібін айқындайды;
273) ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау тәртібін бекітеді;
274) балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын белгілейді;
275) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
276) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін әзірлейді және бекітеді;
277) су алу құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзірлеп бекітеді және оларды орнатуды келіседі;
278) балық аулауға уылдырық шашу кезеңінде тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін әзірлейді және бекітеді;
279) сыртқы нарықта сату үшін бекіре тұқымдас балықтар түрлерінің уылдырығы маркасының нысанын әзірлеп, бекітеді және ішкі нарықта оларды сату үшін марка беруді жүзеге асырады;
280) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу жөнінде ұсыныс енгізеді;
281) аңшылық шаруашылықтары, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері шекараларының аншлагтары үлгілерін, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын әзірлейді және бекітеді;
282) Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
283) қорықшының төсбелгісі мен айырым белгілері бар арнайы киім нысанын әзірлейді және бекітеді;
284) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
285) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
286) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
287) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
288) Су қоймаларына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
289) қай жерден ауланғаны туралы анықтама нысанын әзірлейді және бекітеді;
290) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын әзірлейді және бекітеді;
291) аңшылық минимумды әзірлейді және бекітеді;
292) Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық маңызы бар табиғаттың мемлекеттік ескерткіштері аумағының шекарасын және оларды қорғау режимінің түрін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
293) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету тәртібін бекітеді;
294) Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
295) Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
296) Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
297) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын балықтың қырылуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
298) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
299) Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
300) ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялардың құрамы мен ережелерін әзірлейді және бекітеді;
301) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
302) Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың және орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлеп, бекітеді және олардың жүргізілуін қамтамасыз етеді;
303) гидромелиоративтік жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарын паспорттандыруды жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорт нысанын белгілейді;
304) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар қызметкерлердің тізбесін әзірлейді;
305) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгi ережені әзiрлейді және бекітеді;
306) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
307) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi әзiрлейдi;
308) жолдаманың үлгi нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін әзiрлейді;
309) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiнiң тізбелерін айқындайды және оларды бiр санаттан екiншiсiне ауыстырады;
310) Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидаларын әзірлейді;
311) дериваттар тізбесін әзірлейді;
312) Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу қағидаларын әзірлейді, оларды аккредиттеуді жүргізеді;
313) жануарлар дүниесі объектілерін алу лимиттерін әзірлейді;
314) Жануарлар дүниесі объектілерін алу квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді;
315) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін әзірлейді;
316) Су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларын әзірлейді;
317) Аң аулау, балық аулау қағидаларын әзірлейді;
318) Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын және Балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын әзірлейді;
319) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшерін әзірлейді;
320) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізбесін әзірлейді және оларды басқа санаттарға ауыстырады;
321) Мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның табиғи мекендеу ортасынан алынған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын өткізу қағидаларын әзірлейді;
322) Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді;
323) Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді;
324) жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережені әзірлейді;
325) Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидаларын әзірлейді;
326) Жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді;
327) Зоологиялық коллекцияларды жасау және мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді;
328) Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
329) аңшылық пен балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың бағалы түрлерінің тізбесін әзірлейді;
330) Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидаларын әзірлейді;
331) Аңшылықта пайдаланылатын аң аулайтын жыртқыш құстарды есепке алуды және тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлейді;
332) Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын әзірлейді;
333) Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидаларын әзірлейді;
334) әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді;
335) Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ерекше құнды объектілер қатарына жатқызу, олардың шекараларын белгілеу қағидаларын әзірлейді;
336) орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су ресурстары саласындағы кадрларға қажеттілікті айқындайды;
337) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
338) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану тәртібін және агент көрсететін қызметтерге төленетін ақының мөлшерін бекітеді;
339) астық өндіруді мемлекеттік қолдау саласында саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асуын ұйымдастырады;
340) астық экспорттаушылардың мемлекеттік астық ресурстарына экспортталатын көлемге пайыздық арақатынаста есептелетін астықты жеткізу мөлшерін айқындайды;
341) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтауды, беруді, астық қолхаттары айналымы және өтеу, нан қабылдау өнеркәсібін уақытша басқаруды жүргізу, электрондық астық қолхаттары жүйесін пайдалану қағидаларын бекітеді;
342) аса қауіпті зиянды организмдердің тізбесін бекітеді;
343) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндірістік сынау мен мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын бекітеді;
344) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну тәртібін бекітеді;
345) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекітеді;
346) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларын бекітеді;
347) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау тәртібін бекітеді;
348) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қағидаларын бекітеді;
349) шектеу іс-шаралары мен карантинді белгілеу және алып тастау қағидаларын бекітеді;
350) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ережені бекітеді;
351) биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібін бекітеді;
352) тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді экспорттауға, импорттауға және транзиттеуге рұқсат беру тәртібін бекітеді;
353) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін бекітеді;
354) Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бекітеді;
355) оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
356) әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарды бекітеді;
357) уәкілетті органның ұсынысы бойынша тұқымның мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану тәртібін, олардың құрылымы мен көлемін айқындайды;
358) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген бірегей және элиталық тұқымдардың сорттарын өндіруді, өткізуді және сатып алуды субсидиялау тәртібін айқындайды;
359) сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді;
360) тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекітеді;
361) мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекітеді;
362) акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекітеді;
363) басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидаларын бекітеді;
364) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекітеді;
365) топырақты агрохимиялық зерттеп тексеру жүргізу қағидаларын бекітеді;
366) мақта талшығы сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру қағидаларын бекітеді;
367) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын бекітеді;
368) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын бекітеді;
369) биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу және қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
370) алғаш өндірілген (дайындалған) және Қазақстан Республикасының аумағына алғаш әкелінетін (импортталатын) жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу тәртібін бекітеді;