105-11) ветеринариялық препараттарды және азықтық қоспаларды байқаудан өткізу қағидаларын бекітеді;
105-12) жануарлармен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді;
105-13) шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу және алып тастау қағидаларын әзірлейді;
105-14) ветеринариялық іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді;
105-15) диагностикалық зерттеулерді жүргізу қағидаларын бекітеді;
105-16) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекітеді;
106) ветеринария саласындағы нұсқамалардың нысандарын, оларды жасау мен беру тәртібін бекітеді;
107) аумақтарды аймақтарға бөлу тәртібін айқындайды;
108) ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөптік қоспалар қауіпсіздігінің мониторингін жүргізу тәртібін белгілейді;
109) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
110) ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киім (погонсыз) үлгісін және оны киіп жүру тәртібін бекітеді;
111) ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөптік қоспалар қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
112) ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді;
113) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуі кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;
114) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ережені әзірлейді;
115) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктері, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (партияларының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібін белгілейді;
116) селекция, сорттық сынау және тұқым шаруашылығы жөніндегі ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлейді;
117) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын өндіру және өткізу көлемдерін болжайды;
118) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
119) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі қолданыстағы мемлекеттік стандарттарды және басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
120) бірегей және элиталық тұқымды, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымды өндірушілерді, тұқым өткізушілерді, тұқым сараптамасы жөніндегі зертханаларды аттестаттау тәртібін әзірлейді;
121) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынау немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктер тектері мен түрлерінің тізбелерін әзірлейді;
122) сорттық егістерді байқаудан өткізуді жүргізу тәртібін бекітеді;
123) тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндірудің және элиталық тұқымдарды өткізудің жыл сайынғы квоталарын белгілеу тәртібін бекітеді;
124) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынауды жүргізу әдістемелерін бекітеді;
125) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынау мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені бекітеді;
126) сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынауларды, тұқым сапасын сараптауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;
127) сорттық сынау, тұқым шаруашылығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді және тұқымға арналған құжаттама нысандарын әзірлейді және бекітеді;
128) тұқым шаруашылығы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
129) бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізудің схемалары мен әдістерін әзірлейді және бекітеді;
130) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекітеді;
130-1) жергілікті атқарушы органдардан ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты сұратады;
130-2) республика бойынша тұқым теңгерімін жасайды;
131) Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулының нысандарын бекітеді;
132) сорттардың оригинаторларын тіркеу қағидаларын бекітеді;
133) тұқымдарды өндірудің технологиялық талаптарын, схемаларын, олардың сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ететін тұқымдарды сақтау және өткізу қағидаларын бекітеді;
134) сорт жаңарту және сорт ауыстыру тәртібі мен мерзімдерін белгілейді;
135) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
136) патент беруге арналған қорытындымен қоса, сорт сипаттамасының, сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын белгілейді;
137) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері сәйкес болуы тиіс біліктілік талаптарын белгілейді;
138) тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъекті үшін бірегей тұқымдар бойынша субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша айқындайды;
139) әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша айқындайды;
140) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
141) бақылау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті ақпарат пен құжаттардың нысаны мен сақтандырушының, сақтанушының, агенттің және қоғамның оларды ұсыну мерзімдерін белгілейді;
142) өсімдік шаруашылығын дамыту үшін құқықтық және экономикалық жағдайларды жетілдіреді;
143) республикадағы және шетелдегі өсімдік шаруашылығы саласы жай-күйінің ахуалын зерделейді;
144) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
145) егістердің жойылу алаңдарын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
146) техникалық регламенттерді әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды өзекті ету және біріздендіру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дайындайды және енгізеді;
146-1) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сәйкестігін растау жөніндегі органдарды және сәйкестігін міндетті растауға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
146-2) техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу, Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшін сараптамалық кеңестер құрады;
146-3) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзірлеу және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үндестіру жөніндегі жоспарларды дайындау мен іске асыруды жүзеге асырады;
146-4) техникалық регламенттердің және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейін талдауды жүзеге асырады;
146-5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды өзекті ету және оларды біріздендіру туралы ұсыныстар дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;
146-6) техникалық регламенттерді және ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
146-7) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттердің, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын жүргізуді жүзеге асырады;
146-8) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуге қатысуды жүзеге асырады;
146-9) үкіметтік емес стандарттар базасында ұлттық стандарттарды әзірлеуге бастамашылық етуді жүзеге асырады;
146-10) стандарттарды, нормативтерді, нұсқаулықтары, әдістемелер мен ұсынымдары әзірлеу арқылы агроөнеркәсіптік кешенді нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
147) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;
148) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестер құрады;
149) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру жөніндегі ақпаратты ұсынады;
150) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетеді;
151) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын әзірлейді;
152) агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және кадрларды даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
153) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, бағалық, техникалық, кедендік, салықтық, кредиттік, сақтандыру қызметі, сондай-ақ техникалық реттеу және мемлекеттік саясат саласындағы мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
154) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
155) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
156) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
157) агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
158) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
159) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін техникалық жарақтау және ауыл шаруашылығы машина жасауды дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
160) азық-түлік тауарларының бағалары мен нарықтарының мониторингін жүргізеді;
161) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингін жүргізеді;
162) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мониторингін жүргізеді;
163) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
164) Қазақстан Республикасының Үкіметіне нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы және мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға қатысатын ұйымдардың тізбесі, шығарылатын материалдық құндылықтардың көлемі мен бағалары бойынша ұсыныстар енгізеді;
165) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
166) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастырады;
166-1) суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің жүргізуін ұйымдастырады;
166-2) ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 901 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
167) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
168) ауыл шаруашылығы өнімінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын оңтайлы пайдалану бойынша ұсынылатын өңірлердің мамандану схемаларын бекітеді;
168-1) өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының запастарын есепке алу және есептілік ұсыну нысандарын бекітеді;
168-2) ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу өнімдерін өндіру үшін оларды сатып алуға қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді;
168-3) олар бойынша кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізбесін әзірлейді;
168-4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын әзірлейді;
168-5) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері инвестициялық салымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлейді;
169) ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 901 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
170) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді;
171) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді;
172) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу қағидаларын әзірлейді;
173) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларын әзірлейді;
173-1) топырақты агрохимиялық зерттеп тексеруді өткізу қағидаларын әзірлейді;
173-2) ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын әзірлейді;
173-3) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеуді өткізу қағидаларын әзірлейді;
173-4) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
173-5) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
173-6) ауыл шаруашылығы өнімдерінің және оны қайта өңдеу өнімдерінің табиғи көму, кебу, нығыздалу, бүліну нормаларын әзірлейді;
173-7) ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін әзірлейді;
174) салалық көтермелеу жүйесін бекітеді;
174-1) «Агроөнеркәсіптік кешендегі кәсібі бойынша үздік» конкурсын өткізу қағидаларын әзірлейді;
174-2) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің республикалық көрмелерін, жәрмеңкелерін ұйымдастырады;
175) субсидия алушы міндеттемесінің нысанын бекітеді;
176) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін әзірлейді;
177) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді;
177-1) мыналарды:
жоғары құнды өсімдіктердің және ауыл шаруашылығы жануарлары, құстары мен балықтар тұқымдарының гендік қорын сақтауды және дамытуды;
тұқым шаруашылығын дамытуды;
мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын дамытуды;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды;
аквадақыл (балық өсіру) өнімдерінің өнімділігі мен сапасын көтеруді;
басым дақылдар өндірісін субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өсімділігі мен сапасын жоғарлатуды, көктемгі егіс және астық жинау жұмыстарын өткізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдарының және басқа тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын;
тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда);
өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын;
жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу және өсіру (соның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын;
ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеу шығындарының құнын;
отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыруды;
технологиялық жабдық кредиттері мен лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін;
шитті мақтаның және мақта талшығының сапасын сараптауға шығындардың құнын;
ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін басқару жүйесін дамытуды;
ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлейді;
178) ауыл шаруашылығы өнімінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша ұсынылатын өңірлердің мамандану схемаларын әзірлейді;
179) уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстармен өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету тәртібін айқындайды;
180) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлейді және уәкілетті органмен келіседі;
181) «электрондық үкіметті» қалыптастыруды, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамытуды, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
182) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелердің есепке алынуы мен тіркелуін, сондай-ақ депонирленуін қамтамасыз етеді;
183) мақта нарығының мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді;
184) мақта қолхатының нысаны (үлгісі) мен сипатын әзірлейді және бекітеді;
185) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі және сараптама ұйымы бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
186) шитті мақта сапасын сараптауды жүргізу және шитті мақта сапасы туралы куәлік беру қағидаларын әзірлейді;
187) шитті мақта сапасы туралы куәліктің нысандарын (үлгілерін) әзірлейді
188) мақта талшығы сапасы паспортының нысандарын (үлгілерін) әзірлейді;
189) мақта саласындағы мемлекеттік инспектор туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
190) мақта қолхаттарын бере отырып, қоймалық қызмет бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын сақтау мәселелері бойынша есеп құжаттарының, есептілік ұсыну мерзімдерінің тізбесі мен нысандарын әзірлейді;
191) шитті мақтаны сақтау және шитті мақтаны мақта талшығына қайта өңдеу шарттарының үлгі нысандарын әзірлейді;
192) мақта талшығының сапасын сараптауды жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру қағидаларын әзірлейді;
193) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының қызметі мен оларды тарату қағидаларын әзірлейді;
194) мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысуы қағидаларын әзірлейді;
195) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының кепілдік алу қағидаларын әзірлейді;
196) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу қағидаларын әзірлейді;
197) мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын әзірлейді;
198) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалануды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
199) мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасын сараптауды субсидиялау қағидаларын әзірлейді;
200) шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді;
201) мақта өңдеу ұйымдарын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын әзірлейді;
202) мақта қолхаттарын беру, оның айналымы, күшін жою және өтеу қағидаларын әзірлейді;
203) кепіл туралы мәліметтері бар қойма куәлігін ұстаушының талабы бойынша мақтаны босату тәртібін айқындайды;
204) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
205) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
206) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдарын құрады;
207) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен нормативтерді, ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді, нормативтік құжаттарды әзірлейді;
208) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу тәртібін бекітеді;
209) техникалық регламентті бекітуді қоспағанда, машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
210) өз құзыреті шегінде машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
211) гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
212) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру бойынша уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
213) биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттылықтардың шекті көлемдерін айқындау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
214) биоотын өндірісі саласындағы ғылымды көп қажет ететін технологияларды әзірлеу жөніндегі ұсыныстар енгізеді;
214-1) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1002 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
215) өз құзыреті шегінде биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
216) биоотын өндірісінің паспортын бекіту үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді;
217) биоотын өндірісі және айналымы саласында техникалық регламенттерді әзірлейді;
218) биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпаратты автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін есепке алудың бақылау аспаптарын қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
219) азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотынға қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу тәртібін әзірлейді;
219-1) биоотын өндіру паспортын әзірлеу және бекіту тәртібін белгілейді;
220) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы ұсыныстарды әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға, тиісті салада ғылыми зерттеулерді жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысады;
221) тиісті салада іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
222) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастырады және оларды тиісті салада іске асыруды жүзеге асырады;
223) «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұлттық ғылыми кеңестердің құрамына енгізу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстарды уәкілетті органға енгізеді;
224) «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес базалық қаржыландыру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті органға енгізеді;
225) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, тиісті салада орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерді бекітеді;
226) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәнін және мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;
227) республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды дамыту жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерді «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
227-1) Министрлік реттейтін салада акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының және даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
228) Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіге ие болудың басым құқығын іске асыру туралы шешімінің жобасын әзірлейді;
228-1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірге ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге жеткізу үшін қажет мұнай өнімдерінің көлемін айқындайды;
228-2) мұнай өнімдерін ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге жеткізу көлемдері туралы ұсыныстарды мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға енгізеді;