құрылтайшы, қатысушы жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлікті қоспағанда, резидент-заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн пропорционал азайту жолымен не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капитал азайтылған кезде,
сондай-ақ резидент-заңды тұлғаға қатысу үлесін құрылтайшы, қатысушы алып қойған кезде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде алынған дивидендтерге ғана қолданылады.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға активтерінің құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;
6) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер;
7) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында немесе шетелдік қор биржасында осы қор биржасының ресми тізімдерінде өткізу күні болатын бағалы қағаздарды ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер;
8) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғалардың кірістерін қоспағанда, егер осы тармақтың 7) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеуші осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленеді;
осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға немесе осындай консорциумға қатысу үлесін өткізетін осындай консорциум қатысушысы жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды;
жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтерінің құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциум қатысушылары активтерінің жалпы құнында осындай өткізу күніне 50 пайыздан аз болады деген шарттар орындалған кезде осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген, заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғаға немесе консорциумға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер.
Салық төлеушінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иеленудің осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімі, егер мұндай акцияларды немесе қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алса, бұрынғы меншік иелерінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрде айқындалады.
Үшінші бөліктің қолданысы 2022 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 46-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 35 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.
Көмірді қоса алғанда, кейінгі қайта өңдеуге жіберілген минералды шикізаттың көлемін айқындаған кезде:
бастапқы қайта өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей жіберілген;
бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта өңдеуде оны одан әрі пайдалану мақсатында өндіруде пайдаланылған шикізат ескеріледі.
Бұл ретте акциялары немесе қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлға немесе консорциум активтерінің құнындағы жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;
9) резидент-сатып алушылар борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезінде төлеген жинақталған (есепке жазылған) сыйақылар сомасы;
10) халықаралық қаржы лизингі шарттары бойынша негізгі құралдарды қаржы лизингіне беруден түсетін кірістер;
11) осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кірістер;
12) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге бiрыңғай құбыржолдары жүйесi арқылы тасымалданатын шикi мұнайды өткізу сапасы бойынша құнды түзетуге байланысты төлемдер;
13) тармақша 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
13) борышты кешіру осы Кодекстің 232-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша, осындай кредиттерге 2012 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда есепке жазылған сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, берешек сомасы;
14) тармақша 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
14) борышты кешіру осы Кодекстің 232-бабы 5-тармағының 11) тармақшасында айқындалған тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша, осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, берешек сомасы.
646-бап. Төлем көзінен табыс салығының мөлшерлемелері
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістері мынадай мөлшерлемелер бойынша төлем көзінен салық салуға жатады:
1) осы тармақтың 2) - 5) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 644-бабында айқындалған кірістер - 20 пайыз;
2) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары - 15 пайыз;
3) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары - 5 пайыз;
4) халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түсетін кірістер - 5 пайыз;
5) құн өсімінен түсетін кірістер, дивидендтер, сыйақылар, роялти - 15 пайыз.
2. Осы Кодекстің 644-бабында айқындалған, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның кірістері 20 пайыз мөлшерлеме бойынша төлем көзінен салық салуға жатады.
647-бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын аудару тәртібі мен мерзімдері
1. Бейрезиденттің кірістерінен ұсталатын төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салық агентінің бюджетке:
1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайдан басқа кезде, кірістің есепке жазылған және төленген сомалары бойынша - кірісті төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, кіріс төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша;
2) кірістің есепке жазылған, бірақ шегерімге жатқызу кезінде төленбеген сомалары бойынша - корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, бейрезиденттің кірістері шегерімге жатқызылған корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда, осы Кодекстің 314-бабында белгіленген салықтық кезеңнің соңғы күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша аударуына жатады.
Осы тармақшаның ережесі өтеу мерзімдері корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң басталатын борыштық бағалы қағаздар мен депозиттер бойынша сыйақыларға қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады;
3) алдын ала төлем төленген жағдайда - төленген алдын ала төлем сомасы шегінде бейрезиденттің кірісі есепке жазылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, кіріс есепке жазылған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша аударуына жатады.
2. Егер бейрезидент кірісінің есепке жазылған сомасы осы Кодекстің 314-бабында белгіленген салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда шегерімге жатқызылса, бірақ бұл ретте бейрезидентке мұндай кірісті төлеу осындай кезең өткеннен кейін жүргізілсе, онда төлем көзінен табыс салығы салық агентінің осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімдерде бюджетке аударуына жатады.
3. Төлем көзінен бейрезиденттің кірісінен табыс салығының сомасын бюджетке аударуды тұрған жері бойынша салық агенті жүзеге асырады.
648-бап. Салықтық есептілікті ұсыну
Салық агентi өзiнің тұрған жеріндегі салық органына бейрезиденттiң кірісінен төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп-қисапты мынадай мерзiмдерде:
1) бірінші, екінші және үшінші тоқсандар үшін - бейрезидентке кірісті төлеу жүргізілген тоқсаннан кейінгі екiншi айдың 15-күнінен кешiктiрмей;
2) төртінші тоқсан үшін - бейрезидентке кірісті төлеу жүргізілген және (немесе) бейрезиденттің есепке жазылған, бірақ төленбеген кірісі шегерімге жатқызылған, осы Кодекстің 314-бабында белгіленген есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынуға мiндеттi.
649-бап. Салықтық есептілікті ұсыну ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында қызметін халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 220-бабының 6-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезидент корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тұрған жерiндегі салық органына осы Кодекстің 315-бабында белгіленген мерзімде тапсырады.
650-бап. Қазақстан Республикасындағы мүлікті және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты акцияларды, қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістерден салықты есептеу, ұстау және аудару
1. Осы бап мыналарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістеріне қолданылады:
1) құқығы немесе мәмілелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлік;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлік;
3) резидент шығарған акциялар және жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент-заңды тұлғаның немесе қатысушысы (қатысушылары) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын консорциумдағы жарғылық капиталына қатысу үлестерін;
4) осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 8) тармақшасында немесе 654-бабының 7) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген кезде, резидент-заңды тұлға шығарған акциялар және резидент-заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерi;
5) осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 8) тармақшасында немесе 654-бабының 7) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген кезде, бейрезидент-заңды тұлға шығарған акциялар және бейрезидент-заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерi.
Бұл ретте құн өсiмi мынадай тәртіппен айқындалады:
1) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген мүлікті өткiзу кезінде - мүлікті өткiзу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретiнде;
2) акцияларды және қатысу үлестерiн өткiзу кезінде - осы Кодекстiң 228-бабына сәйкес.
Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақтың мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.
2. Осы баптың және осы Кодекстің 288, 341, 645 және 654-баптарының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкінің акциялар (қатысу үлестері) өткізілетін немесе дивидендтер төленетін күнге заңды тұлға активтерінің құнындағы үлесі оның (олардың) акцияларын немесе оған (оларға) қатысу үлестерін дивидендтер төлейтін немесе оның (оған) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкінің құны (құндары) сомасының осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құнына арақатынасы ретінде айқындалады.
Осы баптың және осы Кодекстің 288, 341, 645 және 654-баптарыныңмақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкінің қатысу үлестері өткізілетін күнге консорциумға қатысушылар активтерінің жалпы құнындағы үлесі оның (олардың) акцияларын немесе оған (оларға) қатысу үлестерін оған (оларға) қатысу үлестері өткізілетін консорциумға қатысушылар иеленетін жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкінің құны (құндары) сомасының осындай қатысушылар активтерінің жалпы құнының сомасына арақатынасы ретінде айқындалады.
Жер қойнауын пайдаланушы (оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай) мүлкінің құны мыналардың баланстық құны деп танылады:
1) дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, осындай жер қойнауын пайдаланушыдағы қатысу үлесі;
2) дивидендтер төлейтін немесе оның (оған) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, осындай жер қойнауын пайдаланушы шығарған акциялар.
Дивидендтер төлейтін немесе оның (оған) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға активтерінің жалпы құны деп осындай заңды тұлғаның барлық активтерінің баланстық құнының сомасы танылады.
Активтердің баланстық құны дивидендтер төлейтін немесе оның (оған) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлғаның немесе оған қатысу үлестері өткізілетін консорциум қатысушыларының осындай заңды тұлға немесе осындай консорциум құрылған мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және бекітілген:
1) дивидендтер төленген немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күнге;
2) дивидендтер төленген немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күнге жеке қаржы есептілігі болмаған кезде - дивидендтер төленетін немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілетін күннің алдындағы соңғы есепті күніне жеке қаржы есептілігінің деректері негізінде айқындалады.
3. Осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген кірістерді қоспағанда, бейрезиденттің осы баптың 1-тармағында көрсетілген кірістері осы Кодекстің 646-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.
4. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мыналарды көрсете отырып, осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алу-сату жөніндегі мәміле туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады:
1) сәйкестендіру нөмірі және (немесе) резиденттік еліндегі оның аналогы және көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) өткізетін және сатып алатын заңды тұлғаның атауы және (немесе) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
2) көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бағалары;
3) жасалған мәміле бойынша кірісті төлеу күні;
4) мәміле жасасқан жылдың алдындағы соңғы үш жылда өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, сатып алушының алдыңғы қызметі туралы мәліметтер;
5) мүлікті өткізетін тұлғаның басқа тұлғалармен үлестестігі туралы мәліметтер (тікелей немесе жанама қатысу мөлшері).
5. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан мәліметтер алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өзіне сатылы тұрғыда тікелей бағынысты салық органына бір мезгілде хабарлай отырып, осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның тұрған жеріндегі салық органына жібереді.
6. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның тұрған жеріндегі салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осындай заңды тұлғаға акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алушы туралы, сондай-ақ мұндай акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бағасы туралы мәліметтерді жіберуге міндетті.
7. Акцияларды, қатысу үлестерін, жылжымайтын мүлікті өткізетін тұлға сатып алушы салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті.
Салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжат ұсынылмаған жағдайда, өткізу құны төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.
8. Төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік кіріс төлейтін салық агентіне жүктеледі.
Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің, сондай-ақ қызметі осы Кодекстің немесе халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтін құрылымдық бөлімшесінің болуына немесе болмауына қарамастан, салық агенті деп танылады.
9. Салық агенті болып табылатын бейрезидент осы Кодекстің 76-бабында айқындалған тәртіппен салық органында салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады.
10. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті кіріс төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, бейрезидентке кіріс төлеу кезінде ұстайды.
11. Салық агенті болып табылмайтын тұлғадан осы баптың 1-тармағында көрсетілген құн өсімі түрінде кіріс алатын бейрезидент осы Кодекстің 646-бабында белгіленген мөлшерлемені осындай кіріс сомасына қолдану арқылы табыс салығын есептеуді дербес жүргізеді.
12. Табыс салығының сомасын бюджетке аударуды салық агентi осы Кодекстiң 647-бабында белгiленген мерзiмдерде жүргiзедi.
Осы баптың 11-тармағына сәйкес есептелген табыс салығын бюджетке аудару салықтық есептілікті ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салықтық есептілікті салық агенті осы Кодекстің 648 және 657-баптарында белгіленген мерзімдерде өзінің Қазақстан Республикасындағы тіркелу есебі орнындағы салық органына ұсынады.
Табыс салығын осы баптың 11-тармағына сәйкес есептейтін бейрезиденттер табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекстің 315 немесе 659-баптарында белгіленген мерзімде тапсырады.
13. Табыс салығын жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент-заңды тұлға салық агентiнiң (салық төлеушінің) қаражаты есебiнен төлеуi мүмкiн. Бұл ретте табыс салығын осындай резидент-заңды тұлға салық агентінен (салық төлеушіден) табыс салығының сомасы алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде бюджетке аударуға тиіс. Бейрезиденттiң кірістерінен төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салықтық есептілікті осындай резидент-заңды тұлға салық агентінен (салық төлеушіден) табыс салығының сомасы алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей резидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрған жеріндегі салық органына ұсынады.
Салық агентi (салық төлеуші) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент-заңды тұлғаға аударған табыс салығының сомасы осындай резидент-заңды тұлғаның кірісі деп танылмайды.
14. Салық агентi (салық төлеуші) осы баптың 12 және 13-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент-заңды тұлғаның осы баптың 6-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде бейрезидент үшiн құн өсiмiнен түсетін кірістерден табыс салығын төлеудi өз қаражаты есебiнен дербес жүргiзуге құқығы бар.
Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген резидент-заңды тұлға осы тармаққа сәйкес табыс салығын төлеген кезде өзінің тұрған жеріндегі салық органына бейрезиденттің кірістерінен төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салықтық есептілікті осы баптың 6-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
Бұл ретте бейрезидент үшiн төленген салық сомасы жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның салық салынатын кірісін айқындаған кезде шегерiмге жатқызылмайды.
15. Салық агентi (салық төлеуші), осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент-заңды тұлға осы баптың 10, 12, 13 және 14-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, мұндай міндеттемені орындау осы Кодекстің 13 және 14-тарауларында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент-заңды тұлғаға жүктеледі.
73-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЗМЕТТІ ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН БЕЙРЕЗИДЕНТ-ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ КІРІСТЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ
651-бап. Салық салынатын кірісті айқындау
1. Егер осы Кодекстің осы бабында және 653-бабында өзгеше белгіленбесе, бейрезидент-заңды тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау, тұрақты мекемесінің кірісінен корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеу осы Кодекстің осы бабының және 224 - 293, 299 - 315-баптарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
2. Бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің жылдық жиынтық кірісін Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап алынған (алынуға жататын), осындай тұрақты мекеменің қызметімен байланысты кірістердің мынадай түрлері:
1) осы Кодекстің 644-бабының 1-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын кірістер;
2) осы Кодекстің 226-бабының 1-тармағында көрсетілген, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына енгізілмеген кірістер;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден, оның ішінде жұмыскерлер немесе басқа да жалданған персонал арқылы алынған кірістер;
4) бейрезидент-заңды тұлғаның басқа мемлекеттердегі құрылымдық бөлімшелерінің кірістерін қоса алғанда, осы бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асырылатын қызметіне ұқсас немесе біртектес Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асырудан алатын кірістері құрайды.
Бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің жылдық жиынтық кірісіне:
1) осы Кодекстің 644-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айқындалған кірістер;
2) бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің осындай бейрезидент-заңды тұлғаның бас кеңсесі немесе басқа құрылымдық бөлімшелері алдындағы міндеттемелері бойынша халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес туындайтын оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі қосылмайды.
3. Бейрезидент кәсіпкерлік қызметті Қазақстан Республикасындағы өзінің тұрақты мекемесімен бірлесіп орындалатын бір жобаның немесе байланысты жобалардың шеңберінде Қазақстан Республикасында да, оның шегінен тыс жерлерде де жүзеге асыратын жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаға қарамастан әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін кіріс осындай тұрақты мекеменің кірісі болып есептеледі.
4. Бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі өндірген тауарларды бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан басқа құрылымдық бөлімшесі өткізетін болса, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаға қарамастан әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін кіріс бейрезидент-заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемесінің кірісі деп танылады.