Қазақстан Республикасының
Заңы
Дене шынықтыру және спорт туралы
(2023.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 4 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясаттың қағидаттары мен міндеттері
3-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасы
4-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк қолдау
5-бап. Жеке адамдардың дене шынықтыру және спорт саласындағы құқықтары
2-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң дене шынықтыру және спорт саласындағы құзыретi
7-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
8-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, кент және ауыл әкімдерінің құзыреті
9-бап. Дене шынықтыру мен спортты насихаттау
3-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ ЖҮЙЕСІ
10-бап. Дене шынықтыру мен спорт субъектілері
11-бап. Спорт федерацияларын аккредиттеу
12-бап. Аккредиттелген спорт федерацияларының құқықтары мен міндеттері
13-бап. Ұлттық олимпиадалық қозғалыс. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi
13-1-бап. Ұлттық паралимпиадалық қозғалыс. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті
13-2-бап. Ұлттық сурдлимпиадалық қозғалыс
14-бап. Арнайы олимпиадалық қозғалыс, арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер
15-бап. Білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесi және спорт
16-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарында әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы және басқа да спорт түрлерін дамыту
17-бап. Еңбек ұжымдарындағы дене шынықтыру және спорт
18-бап. Халықтың тұрғылықты жерi бойынша және көпшілік демалатын орындардағы дене шынықтыру және спорт
19-бап. Бейімдік дене шынықтыру және спорт, мүгедектігі бар адамдарды физикалық оңалту және әлеуметтік бейімдеу
20-бап. Түзеу мекемелеріндегі дене шынықтыру және спорт
4-тарау. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІН ДАМЫТУ
21-бап. Ұлттық спорт түрлері
22-бап. Ұлттық спорт түрлері бойынша бірлестіктерді, спорт клубтарын құру құқығы
5-тарау. СПОРТ РЕЗЕРВІ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕР СПОРТЫ
23-бап. Спортшылардың құқықтары мен міндеттері
24-бап. Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау
25-бап. Жоғары дәрежелі спортшылар даярлаудың ерекшеліктері
26-бап. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командалары және оларды жасақтау тәртібі
6-тарау. КӘСІПҚОЙ СПОРТ
27-бап. Кәсіпқой спортпен айналысу құқығы
28-бап. Кәсіпқой спортшылар мен жаттықтырушылар, дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандар құқықтарының кепілдіктері
29-бап. Кәсіпқой спорт федерациясының құқықтары мен міндеттері
30-бап. Кәсіпқой спорт клубтарының құқықтары мен міндеттері
7-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ НОРМАТИВТІК ТАЛАПТАР
31-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілері
32-бап. Спортшыны тіркеу туралы куәлік
33-бап. Мүгедектігі бар спортшыларды сыныптау, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және арнаулы олимпиадалық спорт түрлері бойынша сыныптаушылар мен спорт төрешілерін даярлау
34-бап. Спорт түрлерін және спорт салаларын тану. Спорт түрлерінің тізілімі
35-бап. Бірыңғай спорттық сыныптама. Спортшылардың спорттық атақтары, разрядтары және жаттықтырушының спорттық атағы. Әскери қызметшілердің дәрежелері және жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, әдіскерлердің, нұсқаушы-спортшылардың, спорт төрешілерінің біліктілік санаттары
35-1-бап. Спорттық атақтан, разрядтан және біліктілік санатынан айыру
36-бап. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі
37-бап. Спорт түрі бойынша қағидалар
38-бап. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары
39-бап. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорттық жарыстарды және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтау, жеке адамдардың денсаулығын қорғау
8-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫН КАДРЛЫҚ, ҒЫЛЫМИ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ДОПИНГ-БАҚЫЛАУ
40-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында мамандар даярлау
41-бап. Жаттықтырушыларды, спорт төрешілерін аттестаттау
42-бап. Дене шынықтыру мен спортты дамытуды ғылыми-әдістемелік және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету
43-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы медициналық қамтамасыз ету
44-бап. Спортта допингті, спортта допингтік субстанцияларды және (немесе) әдістерді пайдалануға қарсы іс-қимыл
44-1-бап. Ұлттық допингке қарсы ұйым
44-2-бап. Допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін шаралар
9-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР ЖҮЙЕСІ
45-бап. Спортшылардың, жаттықтырушылардың және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) мүшелерінің әлеуметтік қорғалуы
46-бап. Спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік әлеуметтік қолдау
47-бап. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны сатып алу тәртібі
48-бап. Дене шынықтыру саласындағы жеңілдікпен көрсетілетін қызметтер
10-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТТЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
49-бап. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздері
50-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы қайырымдылық және кәсіпкерлік қызмет
50-1-бап. Бірыңғай оператор
51-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары
52-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімі
11-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
53-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастық
54-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында ерікті негізде жұмыс жүргізетін ұйымдастырушылар (спорт еріктілері)
55-бап. Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дене шынықтыру мен спорт саласындағы құқықтары
12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
56-бап. Алып тасталды
57-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
58-бап. Өтпелі ережелер
59-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқой және кәсiпқой спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) ардагер спортшы - спорттық мансабын аяқтаған жоғары дәрежедегі спортшы;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) арнаулы спорттық мүкәммал – жаттығу және жарыс әрекетінің қажетті құрамдасын білдіретін, мүгедектігі бар спортшы организмінің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын спорттық мүкәммал;
2) әуесқой спорт - жеке адамдарға спорттық шеберлiгiн жетiлдiруге және әртүрлі спорт түрiнде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкiндiк беретiн бұқаралық спорт қозғалысы;
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциясы - жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы немесе дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы өткізетін, тұрақты негізде ұйымдастырылатын, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға және спорттық қабілеттерін дамытуға арналған сабақ;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) бейімдік дене шынықтыру және спорт – мүгедектігі бар адамдарды оңалтуға және қалыпты әлеуметтік ортаға бейімдеуге, олардың толыққанды өмірді сезінуіне кедергі келтіретін психологиялық тосқауылдарды еңсеруіне, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік дамуына өзінің жеке үлес қосуының қажеттігін сезінуіне бағытталған спорттық-сауықтыру сипатындағы шаралар кешені;
4) бұқаралық спорт - халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететін спорт қозғалысы;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) бірыңғай спорттық сыныптама - спортшылардың, жаттықтырушылардың шеберлік деңгейін немесе жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, спорт төрешілерінің, нұсқаушы-спортшылардың, дене шынықтыру және спорт жөніндегі әдіскерлердің біліктілігін айқындайтын спортшылардың спорттық атақтары, разрядтары, жаттықтырушының спорттық атағы, жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, спорт төрешілерінің, нұсқаушы-спортшылардың, дене шынықтыру және спорт жөніндегі әдіскерлердің біліктілік санаттары жүйесі;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) бірінші жаттықтырушы - жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлаудың бастапқы (ерте) кезеңдерінде спортшыны даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері - дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды медициналық қамтамасыз етуге, дәрігерлік бақылауға, емдік дене шынықтыруға және оңалтуға арналған спорттық медицина ұйымы;
6) дене тәрбиесi - денi сау, дене бiтiмi және рухани жағынан жетiлген өскелең ұрпақты қалыптастыруға бағытталған педагогикалық процесс;
7) дене шынықтыру - мәдениеттiң құрамдас бөлiгi, адамның дене бітімін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, дене тәрбиесі мен дене бітімін дамыту арқылы оның қозғалыс белсенділігін жетілдіру және саламатты өмір салтын қалыптастыру, әлеуметтік бейімдеу мақсатында қоғам жасайтын және пайдаланатын рухани және материалдық құндылықтар жиынтығын білдіретін әлеуметтiк қызмет саласы;
8) дене шынықтыру даярлығы - адамның дене шынығуы қасиеттерін тәрбиелеуге және функционалдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған педагогикалық процесс;
9) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi әдiскер (бұдан әрi - әдiскер) - кәсіптік білімі бар, оқу-жаттығу процесін әдiстемелiк қамтамасыз етудi және оған басшылық жасауды, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуді жүзеге асыратын жеке адам;
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы - кәсіптік білімі бар, оқу-жаттығу процесін практикалық қамтамасыз етуді, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде бейімдік дене шынықтыруды және спортты жүргізуді жүзеге асыратын жеке тұлға;
10) дене шынықтыру және спорт жүйесi - халыққа дене тәрбиесiн беру және дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;
11) дене шынықтыру және спорт саласындағы маман - дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке адам;
12) дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi орган - дене шынықтыру мен спорт саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
13) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары - жеке адамдардың дене жаттығуларымен, спортпен айналысуына және спорттық іс-шараларды өткізуге арналған, арнайы жабдықталған (соның ішінде спорттық мүкаммалмен) объектiлер (алаңдар, үйлер, ғимараттар);
14) дене шынықтыру-спорт ұйымы - негізгі қызмет түрі ретінде дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
15) Дүниежүзілік универсиада - әртүрлі спорт түрлерi бойынша студенттер арасында өткiзiлетiн кешенді халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы - спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның сайыс әрекетіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) жаттықтырушыны, жаттықтырушы-оқытушыны, спорттық медицина жөніндегі маманды, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманды, спорт төрешісін дисквалификациялау - спорт түрлерінің қағидаларын бұзғаны үшін және (немесе) спорттық жарыстар ережесін (регламентін) бұзғаны үшін және (немесе) допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін және (немесе) спорттық әдепті бұзғаны үшін және (немесе) халықаралық спорт ұйымдары және (немесе) аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерациялары бекіткен нормаларды бұзғаны үшін аккредиттелген спорт федерациясы жүзеге асыратын, жаттықтырушыны, жаттықтырушы-оқытушыны, спорттық медицина жөніндегі маманды, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманды, спорт төрешісін спорттық жарыстарға қатысудан және (немесе) оқу-жаттығу жиындарынан және (немесе) дене шынықтыру және спорт саласындағы еңбек (кәсіптік) қызметінен шеттету;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды
17-1) жеке жаттықтырушы - спортшыны спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасынан (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командадан) тыс болған кезеңінде оның жеке-дара даярлау жоспарын орындауына бағытталған даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;
18) жоғары дәрежедегі спортшы - спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) мүшесi болып табылатын және (немесе) «Қазақстан Республикасының спорт шеберінен» төмен емес спорттық атағы бар спортшы;
19) жоғары жетiстiктер спорты - спортшылардың спорттық жарыстарда барынша жоғары спорттық нәтижелерге немесе жеңістерге қол жеткiзуiн көздейтін спорт саласы;
20) кәсiпқой спорт - спорттық ойын-сауық іс-шараларын (жарыстарды) ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған, оларға дайындалғаны және қатысқаны үшін спортты кәсіби қызметі ретінде таңдаған спортшылар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сыйақы алатын спорттың құрамдас бөлігі;
21) кешендi ғылыми топ - спортшының функционалдық жай-күйін, резервтік мүмкіндіктерін, даярлығының психологиялық және техникалық деңгейін бағалауға бағытталған ғылыми-әдiстемелiк, медициналық-биологиялық, психологиялық зерттеулер жүргiзу үшiн құрылатын бiлiктi мамандар тобы;
22) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілері - балалардың, жастардың және ересек тұрғындардың дене шынықтыру даярлығына қойылатын нормативтік талаптардың жиынтығы;
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
23) мектеп спорты - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында білім алушылардың дене тәрбиесіне, оларды спорттық іс-шараларға қатысуға даярлауға бағытталған дене шынықтыру мен спорттың бір бөлігі;
24) мектептегі спорттық лига - мақсаты мектеп спортын кеңінен таратуға және бір немесе бірнеше спорт түрін дамытуға жәрдемдесу, мектеп оқушыларымен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылатын мектеп оқушылары арасындағы спорттық қозғалыс;
25) мемлекеттiк жаттықтырушы - Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша функциялар мен іс-шараларды жүзеге асыратын жаттықтырушы;
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
25-1) мемлекеттік спорттық тапсырыс - мемлекет қаржыландыратын, мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес айқындалатын және өнім берушілерде олардың меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан орналастырылатын, балалар мен жасөспірімдер үшін дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін қызметтер көлемі;
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 25-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
25-2) мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі - балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары үшін дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік кепілдендірілген құнының қаржылық қамтамасыз ету нормативі;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26) мүгедектігі бар спортшы – тыныс-тіршілігінің шектелуіне алып келетін аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, бұзылулардан организм функциялары үнемі бұзылып, денсаулығы нашарлаған және спорттың қолжетімді түрімен (қолжетімді түрлерімен) айналысатын жеке тұлға;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27) мүгедектігі бар спортшыларды сыныптау – мүгедектігі бар спортшыларға функционалдық мүмкіндіктер деңгейі ұқсас мүгедектігі бар басқа спортшылармен жарысқа түсу мүмкіндігін жасау мақсатында сыныптаушының немесе сыныптаушылар тобының олардың дәрежесін (сыныптамалық санатын) айқындау процесі;
28) нұсқаушы-спортшы - спорттық қызметін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлемі шартымен жүзеге асыратын спортшы;
29) оқу-жаттығу жиыны - спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған орталықтандырылған іс-шара;
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 29-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29-1) олимпиадалық емес спорт түрі - Олимпиадалық ойындар бағдарламасына кірмеген, әлемдік спорт қоғамдастығында кеңінен дамыған және халықаралық спорт федерациялары басқаратын спорт түрі;
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 29-2) тармақшамен толықтырылды
29-2) олимпиадалық спорт түрі - Олимпиадалық ойындар бағдарламасына кірген, Халықаралық олимпиада комитетінің Олимпиадалық хартиясына сәйкес Халықаралық олимпиада комитеті таныған спорт түрі;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 29-3) тармақшамен толықтырылды
29-3) паралимпиадалық емес спорт түрі - Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына кірмеген, әлемдік спорт қоғамдастығында кеңінен дамыған және халықаралық спорт федерациялары басқаратын спорт түрі;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 30) тармақша жаңа редакцияда
30) Паралимпиадалық ойындар – тірек-қимыл аппараты, көру органдары зақымданған және интеллектуалдық дамуы бұзылған мүгедектігі бар спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды
30-1) паралимпиадалық спорт түрі - Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына кірген, Халықаралық паралимпиада комитетінің Қағидалар жиынтығына сәйкес Халықаралық паралимпиада комитеті таныған спорт түрі;
31) спорт - спорттық жарыстар және адамды оған даярлаудың арнайы нысанында қалыптасқан, спорт түрлерінің жиынтығы ретіндегі әлеуметтік-мәдени қызмет саласы;
32) спорт саласы - айырым белгілері бар және өзінде бір немесе бірнеше спорттық жарыстар түрі (бағдарламалары) қамтылатын спорт түрінің бір бөлігі;
33) спорт резерві - жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге әлеуеті бар жас және жасөспірім жастағы спортшылар;
34) спорт төрешiсі - арнайы даярлықтан өткен және тиiстi бiлiктiлiк санатын алған, спорттық iс-шараны ұйымдастырушы спорт түрiнiң қағидаларына және спорттық iс-шараның ережелерiне (регламенттеріне) сәйкес төрелікті қамтамасыз етуге уәкiлеттiк берген жеке адам;
35) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) - халықаралық спорттық жарыстарға даярлықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы астында қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, отандық және шетелдік мамандар ұжымдары;
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 35-1) тармақшамен толықтырылды
35-1) спорт түрлерін саралау - халықаралық спорттық жарыстардағы спорт жетістіктеріне, спорт түрінің ұлттық-мәдени дәстүрлілігіне, кадр әлеуетінің, материалдық-техникалық базаның болуына, бұқаралығына қарай және өңірдің климаттық жағдайларына байланысты спорт түрінің ерекшеліктеріне қарай спорт түрлерінің даму деңгейін айқындау;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 35-2) тармақшамен толықтырылды
35-2) спорттық әдеп - спортшылар, жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілері үшін белгіленген мінез-құлық қағидалары;
36) Қазақстан Республикасының штаттық құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық штаттық құрама командалар) - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген қаржылық шарттармен спорттық қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы астында халықаралық спорттық жарыстарға қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, отандық және шетелдік мамандар ұжымдары;
37) спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) бас жаттықтырушысы - спорт түрi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасына (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командаға) басшылық жасауға, оның даярлығына, қалыптастырылуына және әлем чемпионаттарына, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға қатысуына жауап беретiн жаттықтырушы;
38) спорт түрлерінің тізілімі - Қазақстан Республикасының аумағында дамып отырған спорт түрлері мен спорт салалары туралы қағаз және электрондық жеткізгіштерде тіркелген мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;
39) спорт түрi - жаттығу ортасы, жарыстастық қызметіндегі дене шынықтыру жаттығуларының немесе интеллектуалдық қабілеттердің жиынтығы және жарыстар қағидалары айырым белгiлерi болып табылатын спорттың құрамдас бөлiгi;
40) спорттағы тыйым салынған субстанциялар және (немесе) әдістер (бұдан әрі - допинг) - Допингке қарсы дүниежүзілік ұйымның және Допингке қарсы дүниежүзілік ұйымның халықаралық стандартының тыйым салынған тізіміне енгізілген химиялық қоспалар (заттар, дәрілер) мен әдістер, оның ішінде спортта пайдалануға тыйым салынған субстанциялар және (немесе) әдістер тізбелеріне енгізілген субстанцияларды және (немесе) әдісті пайдалану немесе пайдалануға әрекеттену;
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 40-1) тармақшамен толықтырылды
40-1) спорттық-бұқаралық іс-шаралар - адамның дене бітімін және зияткерлік қабілеттерін дамытуға, саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, спорт құрылыстары мен объектілерінде, сондай-ақ спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ашық жерлерде өткізілетін, осы іс-шараларда екі жүз және одан көп көрерменнің бір мезгілде болуы көзделетін іс-шаралар;
41) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай күнтiзбесi - халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлердегі жыл сайынғы жарыстардың, сондай-ақ жарыстарға дайындық жөніндегі іс-шаралардың тізбесі;
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 41-1) тармақшамен толықтырылды
41-1) спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындар - спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге ыңғайластырылған объектілер мен құрылыстар, сондай-ақ осы мақсаттар үшін арнайы жасалмаған өзге де орындар (демалыс аймақтары, ипподромдар, цирктер, саябақтар, гүлзарлар, алаңдар, көшелер);
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 41-2) тармақшамен толықтырылды
41-2) спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақыт - спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алғашқы көрермен кірген (келген) кезден бастап іс-шаралар аяқталғанға және осы орындардан соңғы көрермен шыққанға (кеткенге) дейінгі уақыт;
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 41-3) тармақшамен толықтырылды
41-3) спорттық-бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы - бастамасы бойынша спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілетін жеке немесе заңды тұлға;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 42) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
42) спорттық жарыс - бекітілген ереже (регламент) бойынша өткізілетін сайыстың үздік қатысушысын анықтау мақсатында спорт түрі (түрлері) бойынша спортшылар немесе командалар арасындағы сайыс;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 42-1) тармақшамен толықтырылды
42-1) спорттық жарысқа қатысатын жануарларды дисквалификациялау - жануарларды оларға қатысты допинг пайдаланылғаны үшін спорттық жарыстарға қатысудан, оқу-жаттығу жиындарынан шеттету;
43) спорттық қызмет туралы шарт - спортшы, жаттықтырушы немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маман мен дене шынықтыру-спорт ұйымы арасында жасалатын азаматтық-құқықтық шарт;