1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысымен келісу бойынша Ұлттық ұланның жедел мақсаттағы құрамалары мен әскери бөлімдерінің, арнайы моторландырылған әскери бөлімдерінің күштері мен құралдарын көрсетілген құрамалар мен әскери бөлімдердің қызметтік мақсатын және жеке құрамның оқуына және демалуына жағдай жасауды ескере отырып, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігінің шекаралары шегінде қоғамдық тәртіпті сақтауға ішкі істер органдарымен бірлесіп қатысу үшін тартады;
2) құрамалар мен әскери бөлімдердің командирлерiмен бiрлесiп Ұлттық ұланның жедел мақсаттағы құрамалары мен әскери бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi үшiн олардың санына қарай қызметтiк мiндеттердiң көлемiн айқындайды;
3) Ұлттық ұланның жедел мақсаттағы құрамалары мен әскери бөлімдері және арнайы моторландырылған бөлiмдерi командирлерiнiң қызметтiк-жауынгерлік іс-қимыл нәтижелерi туралы ақпаратын тыңдайды;
4) Ұлттық ұланның құрамалары мен әскери бөлімдерінің командирлеріне Ұлттық ұланның құрамалары мен әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің), оның ішінде Ұлттық ұланға жүктелген міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының басқа да өңірлерінен келетіндердің қызмет етуі үшін тиісті жағдайлар жасауда, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін және олардың отбасы мүшелерін құқықтық қорғау кепілдіктерін сақтауда жәрдем көрсетеді.
5-тарау. ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ
16-бап. Ұлттық ұланның кадрлары
1. Ұлттық ұланның кадрлары әскери қызметшілерден және азаматтық персонал адамдарынан тұрады.
2. Ұлттық ұланда әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшiлердiң әскери атақтары, айырым белгiлері және олар үшiн белгiленген киім нысаны болады. Оларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнде қызмет өткеру жағдайларын регламенттейтін нормативтiк-құқықтық актiлердің күші және осы Заңда көзделген ерекшеліктер мен толықтырулар ескерiлген, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларының талаптары қолданылады.
3. Ұлттық ұланның азаматтық персоналының еңбек қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі.
17-бап. Ұлттық ұландағы әскери қызмет
1. Ұлттық ұлан «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ аумақтан тыс қағидат бойынша әскери қызметке шақыру арқылы жеке құраммен жасақталады.
2. Ұлттық ұланға әскери қызметке тұрған азаматтар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларында айқындалған тәртіппен әскери ант қабылдайды.
18-бап. Ұлттық ұланның әскери қызметшiлерiнiң құқықтық жағдайы
1. Ұлттық ұланның әскери қызметшiлерi осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық актілерінде айқындалған, өздеріне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде мемлекет қорғауында бола отырып билік өкiлi болып табылады, заң бойынша өздерінің құзыретіне жататын шешімдерді дербес қабылдайды және оларды орындауды жүзеге асырады.
2. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің заңды талаптары азаматтар мен лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті.
3. Осы Заңның талаптарын орындамау, Ұлттық ұланның өздеріне жүктелген міндеттерін орындауына кедергі келтіру, әскери қызметшілердің абыройы мен қадір-қасиетіне тіл тигізу, әскери рәміздерді қорлау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
4. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері өздеріне жүктелген міндеттерді орындау кезінде тікелей бастықтарына ғана бағынады.
19-бап. Ұлттық ұланның кадрларын даярлау және олардың кәсіби деңгейін арттыру
1. Ұлттық ұланға офицерлер даярлауды Қазақстан Республикасының жоғары оқу және әскери оқу орындары, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және келісімшарттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелде оқыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес шет мемлекеттердің жоғары оқу және әскери оқу орындары жүзеге асырады.
2. Сарбаздар мен сержанттарды даярлау және қайта даярлау Ұлттық ұланның және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының оқу әскери бөлімдерінде (орталықтарында), сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және келісімшарттарға сәйкес шет мемлекеттердің әскери оқу орындарында жүзеге асырылады.
3. Ұлттық ұланның офицерлік құрамының және сарбаздар мен сержанттар құрамдарының лауазымдарында келісімшарт бойынша қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілерінің кәсіби деңгейін арттыру Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдеріне және келісімшарттарға сәйкес шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында, оның ішінде әскери оқу орындарында жүзеге асырылады.
20-бап. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің әскери қызмет міндеттерін орындауы
1. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің лауазымдық және арнайы міндеттері және оларды орындау тәртібі осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде, жалпы әскери жарғыларда және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің қарауыл, гарнизон, шекара бөлімшесі, әскери наряд құрамында, сондай-ақ Ұлттық ұланға жүктелген міндеттерді орындау үшін тартылатын әскери бөлімдер (бөлімшелер) құрамында әскери қызмет міндеттерін орындауы жауынгерлік кезекшілікті атқару болып табылады.
3. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің жауынгерлік кезекшілікті атқару тәртібі және шарттары, сондай-ақ олардың жауынгерлік кезекшілікті атқарғаны үшін төленетін үстемеақылардың (қосымша ақшалай төлемдердің) мөлшерлері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің жауынгерлік кезекшілікті атқару ұзақтығы әскери қызметшінің қарауыл, гарнизон, шекара бөлімшесі, әскери наряд құрамында, сондай-ақ Ұлттық ұланға жүктелген міндеттерді орындау үшін тартылатын әскери бөлімдер (бөлімшелер) құрамында нақты болған уақытымен айқындалады.
6-тарау. ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУЫ
21-бап. Дене күшін, арнайы құралдарды, қаруды, әскери және арнайы техниканы қолдану шарттары мен шектері
1. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау кезінде қаруды, арнайы құралдарды алып жүруге, сақтауға, әскери және арнайы техниканы сақтауға, егер өздеріне жүктелген міндеттерді басқа тәсілдермен орындау мүмкін болмаса, оларды, сондай-ақ дене күшін қолдануға құқығы бар.
2. Дене күші, арнайы құралдар, қару, әскери және арнайы техника осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, қалыптасқан жағдай негізге алына отырып қолданылады.
3. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері дене күшін, арнайы құралдарды, қаруды, әскери және арнайы техниканы қолдануға байланысты әрекеттерге жарамдылығына және зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсете білуге арнайы даярлықтан, сондай-ақ кезең-кезеңмен тексеруден өтуге міндетті.
4. Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дене күшін, арнайы құралдарды, қаруды, әскери және арнайы техниканы қолдану кезінде:
1) дене күшін, арнайы құралдарды, қаруды, әскери және арнайы техниканы қолдануды кешіктіру азаматтардың, әскери қызметшілердің немесе ішкі істер органдары қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін, өзге де ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін болатын немесе қалыптасқан жағдайда мұндай ескерту орынсыз немесе мүмкін емес болып табылған жағдайларды қоспағанда, дене күшін, арнайы құралдарды, қаруды, әскери және арнайы техниканы қолдану ниеті туралы ескертуге, бұл ретте оларды қолдану көзделіп отырған адамдарға өзінің талаптарын орындау үшін жеткілікті уақыт беруге;
2) дене жарақатын алған адамдарға дәрігерге дейінгі көмек көрсетілуін қамтамасыз етуге;
3) дене күшін, арнайы құралдарды, қаруды, әскери және арнайы техниканы қолданудың салдарларынан жарақат алудың немесе қайтыс болудың барлық жағдайлары туралы кейіннен прокурорды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабардар ету үшін өзінің тікелей командиріне (бастығына) дереу баяндауға міндетті.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-бап. Дене күшін қолдану
Егер қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесудің өзге де тәсілдері Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің өз қызметтік міндеттерін орындауын қамтамасыз етпейтін болса, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің өзін-өзі қорғау, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды жасаған адамдарды ұстап алу, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің заңды талаптарына қарсылықты еңсеру үшін дене күшін, оның ішінде жауынгерлік күрес тәсілдерін қолдануға құқығы бар.
Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің осы Заңда арнаулы құралдарды, қызметтік иттерді, қаруды, әскери және арнаулы техниканы қолдану рұқсат етілген барлық жағдайда дене күшін қолдануға құқығы бар.
23-бап. Арнайы құралдарды қолдану
1. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің:
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жеке тұлғаларға жасалған шабуылды тойтару;
2) Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің және қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қызметтік міндеттерін немесе азаматтық борышын атқарып жүрген өзге де адамдардың заңды талаптарына бағынбаушылықтың немесе қарсылық көрсетудің жолын кесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу;
3) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау кезінде қолға түскен, жасырынуға немесе қарсылық көрсетуге әрекет жасаған адамдарды ұстап алу;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес адамдарды ұстап алу;
5) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген (айып тағылған) адамдарды, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың, олардың аумағындағы азаматтардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстап алу және аумақтық ішкі істер органдарына жеткізу, сондай-ақ бағынбаған немесе қарсылық көрсеткен, сондай-ақ қашып кетуі, айналасындағыларға және өзіне зиян келтіру мүмкін немесе Ұлттық ұланның әскери қызметшісіне қарсылық көрсетеді деп пайымдауға негіз болса, сотталғандарды, күзетпен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүру және күзету;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) әскери қалашықтарға, уақытша орналасу пункттеріне, әскери эшелондарға (көлікке) және көлік колонналарына, Ұлттық ұлан күзететін объектілерге жасалған шабуылдарды тойтару;
7) кепілге алынған адамдарды, басып алынған ғимараттарды, үй-жайларды, құрылыстарды, көлік құралдарын және жергілікті жердің учаскелерін босату;
8) меншік нысанына қарамастан көлік құралдарының, байланыс құралдарының, ұйымдардың жұмысын бұзатын, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жұмысына іріткі салатын жаппай тәртiпсiздiктер мен әрекеттердің жолын кесу;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) жүргізушілері полиция қызметкерлерінің немесе Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің тоқтау туралы заңды талаптарын орындамаған көлік құралдарын тоқтату;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) Ұлттық ұлан әскерлері күзететін объектілерді, құрылысжайларды қорғау, құқыққа қарсы әрекеттер жасайтын топтардың қозғалысын бұғаттау;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) әскери бөлімдер, мемлекеттік күзетуге жататын объектілер аумағының үстінен, сондай-ақ Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің міндеттерді орындау аудандарында пилотсыз әуе кемелерінің әуе кеңістігін бұзуының жолын кесу үшін арнаулы құралдарды қолдануға құқығы бар.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қолданатын арнаулы құралдар ретінде:
1) осы баптың 1-тармағының 1) - 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда - арнаулы таяқтар;
2) осы баптың 1-тармағының 1) - 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда - көзден жас ағызатын (тітіркендіретін) әсері бар құралдар;
3) осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) 5) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда - қол кісендері қолданылуы мүмкін. Қол кісендері болмаған кезде әскери қызметшілер байлау үшін қолда бар құралдарды пайдалануға құқылы;
4) осы баптың 1-тармағының 1), 4), 6), 7) және 8)тармақшаларында көзделген жағдайларда - назар аударту әсері бар жарық-дыбыс құралдары;
5) осы баптың 1-тармағының 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда - тосқауылдарды бұзу құралдары;
6) осы баптың 1-тармағының 6), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда - көлікті мәжбүрлеп тоқтату құралдары;
7) осы баптың 1-тармағының 6), 8) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда - Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күзететін объектілерді (аумақтарды) қорғау, құқыққа қарсы әрекеттер жасайтын топтардың қозғалысын бұғаттау құралдары;
8) осы баптың 1-тармағының 6), 7), 8) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда - жарық және акустикалық арнаулы құралдар;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) осы баптың 1-тармағының 6), 8) және 11) тармақшаларында көзделген жағдайларда - пилотсыз әуе кемелеріне қарсы іс-қимылдың арнаулы техникалық құралдары қолданылуы мүмкін.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Қызметтік иттер осы баптың 1-тармағының 1) - 10) тармақшаларында көзделген жағдайда қолданылады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Арнаулы құралдардың барлық түрі және қызметтік иттер осы Заңның 24-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда да қолданылуы мүмкін.
4. Арнайы құралдың түрі, оны қолдануды бастау уақыты және қарқыны қалыптасқан жағдайды, құқық бұзушылықтың сипатын және құқық бұзушының жеке басын ескере отырып айқындалады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Жүктілік белгілері көрініп тұрған әйелдер, анық мүгедектiк белгiлері бар адамдар және жас балалар топтасқан немесе өзге де шабуыл жасаған, қарсылық көрсеткен, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірген жағдайларды қоспағанда, оларға қатысты арнайы құралдарды және қызметтік иттерді қолдануға тыйым салынады.
24-бап. Қару қолдану
1. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің:
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жеке тұлғаларды олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін шабуылдан қорғау;
2) судьяларға, әскери қызметшілерге, ішкі істер, сот және прокуратура органдарының қызметкерлеріне жасалған, олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін шабуылды тойтару, сондай-ақ олардың қаруын және әскери техниканы иелену әрекетінің жолын кесу;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) әлеуметтік сипаттағы, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі, тергеу изоляторларындағы, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету кезіндегі төтенше жағдайды тоқтату үшін;
4) кепілге алынған адамдарды, басып алынған күзетілетін объектілер мен коммуникацияларды, арнайы жүктерді, әскери техниканы босату;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына не меншікке қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасау кезінде қолға түскен, жасырынуға әрекет жасаған, сондай-ақ қарулы қарсылық көрсеткен адамдарды ұстап алу;
6) өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған адамдардың; бас бостандығынан айыруға сотталғандардың күзетпен ұстаудан қашуының жолын кесу, сондай-ақ оларды күшпен босату әрекеттерiнің жолын кесу;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) егер жүргізушісі өз әрекеттерімен жеке тұлғалардың немесе Ұлттық ұланның жеке құрамының өміріне немесе денсаулығына қатер төндірсе не ішкі істер органдары қызметкерлерінің немесе Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің заңды талаптарына қарамастан, тоқтаудан бас тартса, сондай-ақ егер сотталған адам көлік құралын қашу үшін пайдаланса, көлік құралын зақымдау арқылы тоқтату;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) жеке тұлғаларға немесе Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне қарсы қару пайдаланған немесе қолданған жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларды бейтараптандыру;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) әскери қалашықтарға, уақытша орналасу пункттеріне, әскери эшелондарға (көлікке), көлік колонналарына, күзетілетін объектілерге және коммуникацияларға, арнайы жүктерге, күзетшілерге, қарауылдың (әскери нарядтың) басқа да адамдарына немесе қарауылдың үй-жайына, жеке тұлғалардың тұрғынжайларына, мемлекеттік билік органдары, меншік нысанына қарамастан ұйымдар орналасқан үй-жайларға топтасқан немесе қарулы (оның ішінде көлік құралдары пайдаланылатын) шабуылды тойтару;
10) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы қарулы жанжалдарды және басқа да арандатушылықтарды тоқтату;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің құқыққа қарсы әрекеттерді тоқтату және осы адамдардың қолындағы қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, жарылатын құрылғыларды немесе оларды имитациялайтын құрылғыларды, арнайы жасалған техникалық құралдарды, оңай тұтанатын және жанатын сұйықтықтарды, улы және радиоактивті заттарды, арнайы құралдарды және әскери техниканы немесе қолданылуы жеке тұлғалардың немесе Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің өміріне немесе денсаулығына қатер төндіруі мүмкін, дене жарақатын салу үшін арнайы бейімделген басқа да нәрселерді тапсыру туралы заңды талаптарын орындаудан бас тартқан қарулы адамдардың қарсылығын басу;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) жеке тұлғаларды қару қолдану ниеті туралы ескерту, дабыл сигналын беру және көмекке шақыру;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) жеке тұлғалардың өміріне немесе денсаулығына тікелей қатер төндіретін жануарды залалсыздандыру;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14) адамдардың күзетілетін объектілердің, бекеттердің және басқа да жауынгерлік қызмет атқару орындарының аумақтарына құқыққа қарсы тәсілмен кіру немесе олардан шығып кету әрекеттерінің жолын өзге тәсілдермен кесу мүмкін болмаса, бұл әрекеттердің жолын кесу;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) әскери бөлімдер, мемлекеттік күзетуге жататын объектілер аумағының үстінен, сондай-ақ Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің міндеттерді орындау аудандарында, егер олардың әуе кеңістігінде болуын өзге құралдармен тоқтату мүмкін болмаса, пилотсыз әуе кемелерінің әуе кеңістігін бұзуының жолын кесу үшін қару қолдануға құқығы бар.
2. Қаруды, жарылғыш заттарды, жарылатын құрылғыларды немесе оларды имитациялайтын құрылғыларды, арнайы жасалған техникалық құралдарды, оңай тұтанатын және жанатын сұйықтықтарды, улы және радиоактивті заттарды, әскери және арнайы техниканы, көлік құралдарын, ұшу аппараттарын, теңіз немесе өзен кемелерін пайдалана отырып жасалған шабуылды тойтару кезінде, күзетпен ұстаудан қарумен не көлік құралдарымен, ұшу аппараттарымен, теңіз немесе өзен кемелерімен қашқан кезде, сотталған адам (күзетпен қамауға алынған адамдар) түнгі мезгілде немесе көрінуі шектеулі болған жағдайда күзетпен ұстаудан қашқан, жүріп келе жатқан көлік құралдарынан, теңіз немесе өзен кемелерінен қашқан кезде, топтасқан немесе өзге де қарулы шабуыл жасалған, қарулы қарсылық көрсетілген кезде, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген кезде қару ескертусіз қолданылады.
3. Әйелдер, анық мүгедектiк белгiлері бар адамдар және жас балалар топтасып немесе өзге де қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірген жағдайларды қоспағанда, оларға қатысты қару қолдануға тыйым салынады.
25-бап. Әскери және арнайы техниканы қолдану
1. Ұлттық ұлан қаруланған әскери және арнайы техника:
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) кепілге алынған адамдарды, басып алынған күзетілетін объектілер мен коммуникацияларды, арнайы жүктерді және әскери мүлікті босату;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) өзге тәсілмен жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін шабуылдың жолын кесу мүмкін болмаған жағдайда, бұл әрекеттен оларды қорғау;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Ұлттық ұланға жүктелген міндеттерді орындау кезінде, егер жүргізуші ішкі істер органдары қызметкерлерінің немесе Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің заңды талаптарына қарамастан тоқтаудан бас тартса, көлік құралын тоқтату;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) әскери қалашықтарға, уақытша орналасу пункттеріне, әскери эшелондарға (көлікке), көлік колонналарына, күзетілетін объектілер мен коммуникацияларға, арнайы жүктерге, жеке тұлғалардың тұрғынжайларына, мемлекеттік билік органдары, меншік нысанына қарамастан ұйымдар орналасқан үй-жайларға топтасқан немесе қарулы (оның ішінде көлік құралдары пайдаланылатын) шабуылдарды тойтару;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің құқыққа қарсы әрекеттерді тоқтату және осы адамдардың қолындағы қаруды және әскери техниканы тапсыру туралы заңды талаптарын орындаудан бас тартқан қарулы адамдардың қарсылығын басу;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)