Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы
(2023.20.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 ж. 1 шілдеге дейін қолданылған редакция
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы және оның мақсаты
2-бап. Ұлттық ұлан қызметiнiң құқықтық негiзi
3-бап. Ұлттық ұлан қызметінің қағидаттары
2-тарау. ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
4-бап. Ұлттық ұланның міндеттері
5-бап. Ұлттық ұланның өкілеттіктері
3-тарау. ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
6-бап. Ұлттық ұланның құрамы
7-бап. Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы
8-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы
9-бап. Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы
10-бап. Ұлттық ұланды тұрақты орналасқан пункттерінен тыс жерлерде міндеттерді орындауға тарту
4-тарау. ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
11-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі
12-бап. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi
13-бап. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
14-бап. Жергілікті атқарушы, өзге де мемлекеттік органдар және ұйымдар
15-бап. Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың iшкi iстер департаменттерінің бастықтары
5-тарау. ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ
16-бап. Ұлттық ұланның кадрлары
17-бап. Ұлттық ұландағы әскери қызмет
18-бап. Ұлттық ұланның әскери қызметшiлерiнiң құқықтық жағдайы
19-бап. Ұлттық ұланның кадрларын даярлау және олардың кәсіби деңгейін арттыру
20-бап. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің әскери қызмет міндеттерін орындауы
6-тарау. ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУЫ
21-бап. Дене күшін, арнайы құралдарды, қаруды, әскери және арнайы техниканы қолдану шарттары мен шектері
22-бап. Дене күшін қолдану
23-бап. Арнайы құралдарды қолдану
24-бап. Қару қолдану
25-бап. Әскери және арнайы техниканы қолдану
26-бап. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелерінің жеке қауіпсіздігінің кепілдіктері
7-тарау. ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ, ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕРІ
27-бап. Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері
28-бап. Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің, олардың отбасы мүшелерінің тұрғынжай құқықтары
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
29-бап. Ұлттық ұланды қаржыландыру
30-бап. Ұлттық ұланды материалдық-техникалық қамтамасыз ету
31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы және оның мақсаты
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы (бұдан әрі - Ұлттық ұлан) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғауға арналған.
2. Ұлттық ұлан өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға тыйым салынады.
3. Ұлттық ұланның туы және рәмізі болады. Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының, құрамаларының, әскери бөлімдерінің және жоғары әскери оқу орнының белгіленген үлгідегі жауынгерлік жалаулары болады.
Ұлттық ұланның туы мен рәмізінің, өңірлік қолбасшылықтардың, құрамалар мен әскери бөлімдердің, жоғары әскери оқу орнының жауынгерлік жалауларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2-бап. Ұлттық ұлан қызметiнiң құқықтық негiзi
1. Ұлттық ұлан қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлер құрайды.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Ұлттық ұлан қызметінің қағидаттары
Ұлттық ұланның қызметі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет қағидаттары, сондай-ақ:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғаудың мiндеттiлiгi;
2) Ұлттық ұлан қатарында қызметтi ұйымдастырудағы көзқарастардың бiртұтастығы;
3) дара басшылық пен дәреже сатысы (бағыныстылық);
4) саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiнен тәуелсiз болу негізінде жүзеге асырылады.
2-тарау. ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
4-бап. Ұлттық ұланның міндеттері
1. Ұлттық ұланға мынадай міндеттер жүктеледі:
1) маңызды мемлекеттiк объектiлердi және арнайы жүктердi күзету;
2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) ішкі істер органдарымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті қорғауға, жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесуге, қоғамдық қауіпсіздікті және төтенше жағдай мен соғыс жағдайының, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимдерін қамтамасыз етуге қатысу, осы операцияға, сондай-ақ табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларға қатысу;
2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуіне арналған қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін, толық қауіпсіз мекемелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін күзету;
2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Ұлттық ұлан күзететін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың мінез-құлқын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
5) сотталғандарды және күзетпен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүру;
6) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау;
7) Қазақстан Республикасының аумағында қарулы қылмыскерлерді залалсыздандыру, заңсыз әскерилендірілген немесе қаруланған құралымдар (топтар), ұйымдасқан қылмыстық топтар (қоғамдастықтар) әрекетін тоқтату жөніндегі арнайы операцияларға қатысу;
8) ауыр және аса ауыр қылмыстардың, диверсиялардың, терроризм актілерінің, қарулы қақтығыстардың жолын кесуге қатысу және тайталасушы тараптарды ажырату;
9) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау.
2. Ұлттық ұланға өзге де міндеттер Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктеледі.
5-бап. Ұлттық ұланның өкілеттіктері
1. Ұлттық ұлан өз құзыреті шегінде:
1) адамның және азаматтың өмiрiн, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғауға;
2) маңызды мемлекеттiк объектiлердi және арнайы жүктердi күзетуді қамтамасыз етуге;
3) патрулдік-бекеттік қызмет атқару арқылы, оның ішінде көпшілік іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысуға;
4) қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары, төтенше қауіпсіз, қауіпсіздігі аралас мекемелерін күзетуді қамтамасыз етуге, олардың әкімшілігінің басшылығымен сотталғандарды бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға, сотталғандар мен күзетпен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүруге;
5) 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) жаппай тәртiпсiздiктердiң, топтасып бағынбаушылықтардың жолын кесуге және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі іс-шараларға қатысуға;
7) терроризмге қарсы операциялар мен күзет iс-шараларын жүргiзуге қатысуға;
8) заңсыз әскерилендірілген немесе қаруланған құралымдар (топтар), террористік ұйымдар, ұйымдасқан қылмыстық топтар (қоғамдастықтар) әрекетінің жолын кесу жөніндегі, сондай-ақ кепілге алынған адамдарды босату жөніндегі арнайы операцияларға қатысуға;
9) 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше және соғыс жағдайының құқықтық режимдерін қамтамасыз етуге қатысуға;
11) соғыс (ұрыс) қимылдарын жүргізуге, төтенше және соғыс жағдайы ахуалында, сондай-ақ қарулы жанжал ахуалында міндеттерді орындауға;
2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) ерекше маңызды мемлекеттiк объектiлердi қоспағанда, табиғи және техногендік сипаттағы, оның ішінде Ұлттық ұланның күзетілетін объектілеріндегі төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға қатысуға;
13) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою аймағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және карантиндер кезіндегі режимдік-шектеу іс-шараларына қатысуға;
14) 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірлескен шешімдерінде айқындалатын тәртіппен шекаралық іздестірулерге және операцияларға қатысуға құқылы;
16) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде күзеттен және қадағалаудан, айдауылмен алып жүру кезінде әскери қарауылдардан қашып кеткен адамдарды іздестіруге қатысуға;
17) мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерде өткізу режимін қамтамасыз ету кезінде адамдарға, олардың заттарына, көлік құралдарына жете тексеру жүргізуге;
18) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардан оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен және сот үкімімен жүктелген міндеттерді орындауын талап етуге;
19) төтенше жағдайлар, төтенше және соғыс жағдайының режимдерін енгізу ахуалында Ұлттық ұланға осы Заңда жүктелген міндеттер мүддесінде жауынгерлік қамтамасыз ету іс-шараларын жүзеге асыруға;
20) Ұлттық ұланның құрылысы және оны дамыту жоспарларын әзiрлеуге және іске асыруға, сондай-ақ оның ұйымдық-штаттық құрылымын жетілдіруге;
21) Қарулы Күштерді қолдану жоспарын әзірлеуге және Қарулы Күштермен бірлескен әрекеттерге дайындықты ұйымдастыруға Ұлттық ұланның құзыреті шегінде қатысуға;
22) Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің өздеріне жүктелген міндеттерді орындауына байланысты Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің және олардың отбасы мүшелерінің өміріне, денсаулығына, абыройына, қадір-қасиеті мен мүлкіне қолсұғушылықтардан олардың жеке басының қауіпсіздігін белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге;
23) Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін және олардың отбасы мүшелерін құқықтық және әлеуметтік қорғауды белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге, олардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, Ұлттық ұланда санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыруға;
24) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын Ұлттық ұланға қатысты бөлігінде іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындауға;
25) Ұлттық ұланның қызметі процесінде қалыптасатын, тұрақты сақталатын құжаттардың және өзге де құжаттық материалдардың жиналуын (жинақталуын), сақталуын, есепке алынуын қамтамасыз етуге;
26) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауды және құпиялылық режимiнiң сақталуын ведомстволық бақылауды қамтамасыз етуге;
27) ақпараттық қауiпсiздiк талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 28) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28) қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, арнайы құралдардың және Ұлттық ұлан пайдаланатын өзге де мүліктің пайдаланылуы мен жөнделуін ұйымдастыруға;
29) Ұлттық ұланның көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың мемлекеттік тіркелуін және оларға міндетті техникалық қарап-тексеру жүргізілуін жүзеге асыруға;
30) Ұлттық ұланның әскери бөлімдері мен бөлімшелерін жайластыруды, әскери объектілерін салуды және реконструкциялауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін және олардың отбасы мүшелерін тұрғын алаңмен қамтамасыз етуді жақсарту бойынша шаралар қолдануға;
31) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
2. Ұлттық ұланның өз құзыреті шегінде:
1) азаматтардан және лауазымды адамдардан қоғамдық тәртіпті сақтауды, Ұлттық ұланның өкілеттіктерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін құқық бұзушылықтарды және әрекеттерді тоқтатуды талап етуге, ал бұл талаптар орындалмаған жағдайда, осы Заңда көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға;
2) қылмыстық немесе өзге де құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген кезде жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге;
3) анықтау және алдын ала тергеу органдарының өкілдері келгенге дейін қылмыстық құқық бұзушылық іздерінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қолдануға;
4) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған немесе оларды жасауға оқталған адамдарды не олардың жеке басын анықтау мақсатында ұстап алуға және ішкі істер органдарына жеткізуге;
5) сотталғандарды және күзетпен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүру үшiн қабылдап алу кезінде және оларды iздестiру барысында ұстап алғаннан кейiн олардың жеке басына жете тексеру жүргiзуге;
2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Ұлттық ұлан күзететін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға, оларда ұсталатын адамдардан өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен және соттың үкімімен жүктелген міндеттерді орындауын талап етуге;
7) әкімшілік немесе қылмыстық заңнаманы қолдануға жататын іс-әрекеттер жасаған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесінің Ұлттық ұлан күзететін мекемесіне іргелес аумақта ұстап алуға және оларды ішкі істер органдарына жеткізуге, олардың жеке басын жете тексеруді жүзеге асыруға;
8) қылмыстық-атқару жүйесінің Ұлттық ұлан күзететін мекемесінің аумағында және оған іргелес, режимдік талаптар белгіленген аумақта жүрген адамдарға, олардың заттарына, көлік құралдарына жете тексеру жүргізуге, сондай-ақ мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделмеген, тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға;
9) ерекше жағдайлар режимін енгізу кезінде көлік құралдарының жүрісін уақытша шектеуге немесе оған тыйым салуға, қылмыстық-атқару жүйесінің Ұлттық ұлан күзететін мекемесінің аумағына және оған іргелес аумаққа азаматтарды кіргізбеуге немесе оларға сол жерде қалуды не сол жерден кетуді міндеттеуге;
10) қоғамдық тәртiпті бұзған әскери қызметшiлердi ұстап алуға және оларды осы елді мекенде әскери полиция органдары болмаған жағдайларда әскери коменданттарға немесе әскери бөлiмдердің командирлерiне тапсыруға;
11) көшпелі сот отырыстарына айдауылмен алып жүретін адамдарды және қашып кетіп ұстап алынған сотталғандарды немесе күзетпен ұсталатын адамдарды күзетпен ұстау орындарына және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне уақытша орналастыру үшін тапсыруға;
12) күзет іс-шаралары, көпшілік іс-шаралар өткізілетін орындарға шығу (кіру) кезінде жеке тұлғаларға, олардың заттарына, көлік құралдарына және тасымалданатын жүктерге, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып, жете тексеру жүргізуге, іс-шаралар өткізілетін орындарға тыйым салынған нәрселері мен заттары бар адамдарды және көлік құралдарын жібермеуге;
13) карантиндік, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысуға;
14) терроризмге қарсы операцияға және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу кезінде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдануға;
15) Ұлттық ұлан күзететін объектілерге және коммуникацияларға, арнайы жүктерге, қоймаларға, әскери базаларға, Ұлттық ұланның әскери басқару органдарына, Ұлттық ұланның құрамалары, әскери бөлімдері (бөлімшелері), жоғары әскери оқу орны, сондай-ақ олардың объектілері тұрақты немесе уақытша орналасқан аумақтарға, техникасы мен өзге де мүлкіне (бұдан әрі - Ұлттық ұлан күзететін объектілер) қол сұққан адамдарды үш сағатқа дейінгі мерзімге ұстап алуға және ішкі істер органдарына тапсырғанға дейін Ұлттық ұланның қызметтік үй-жайларында ұстауға, көрсетілген адамдардың жеке басына жете тексеру, олардың көлік құралдарына және заттарына жете тексеру жүргізуге, көрсетілген адамдардан сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құжаттарды және нәрселерді алып қоюға;
16) Ұлттық ұлан күзететін объектілерде белгіленген қағидаларды бұзған көлік құралдарына, жүзу құралдарына (кемелерге) жете тексеру жүргізуге;
17) Ұлттық ұлан күзететін объектілердің қызметкерлерін және көрсетілген объектілерге келетін азаматтардың жеке басына жете тексеру, сондай-ақ олардың заттары мен көлік құралдарына, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып жете тексеру жүргізуге;
18) жеке тұлғалардың қауiпсiздiгiне нақты қатер төнген кезде не ол жерде қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалды немесе жасалуда, жазатайым оқиға болды деп пайымдауға жеткілікті деректер болған кезде, төтенше жағдайлар кезінде жеке тұлғалардың жеке қауіпсіздігін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тұрғын және өзге де үй-жайларға, аумақтарға және жер учаскелерiне (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық иммунитетi бар өкiлдiктерiнен басқа) кедергiсiз кiруге, оларды қарап тексеруге;
19) егер жеке тұлғалардың тұрғынжайларда, жергілікті жердің белгілі бір учаскелерінде болуы адам өмірі мен денсаулығына, меншік объектілеріне қатер төндіретін болса, ұйымдардың жұмысын бұзатын болса, көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүрісіне кедергі келтіретін болса, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларын, тергеу әрекеттері мен көпшілік іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету жағдайларында олардың сол жерлерге кіруін немесе сонда болуын шектеуге, оған уақытша тыйым салуға;
20) қашып кетіп ұстап алынған сотталғандардың немесе күзетпен ұсталатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген (айып тағылған) адамдардың ізіне түсу үшін, егер қалыптасқан жағдай адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіретін болса, меншік иелеріне материалдық залалды өтей отырып, ұйымдарға тиесілі байланыс құралдарын, көлік құралдарын (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық иммунитетi бар өкiлдiктерiнің байланыс құралдарынан, көлік құралдарынан басқа) немесе азаматтардың көлік құралдарын олардың келісуімен кедергісіз пайдалануға;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 20-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-1) Ұлттық ұланға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында пилотсыз әуе кемелерін пайдалануға;
21) күзетілетін аумаққа құқыққа қарсы тәсілмен кірген немесе ол жерден кетіп қалған адамдардың ізіне түсу, күзетпен ұсталатын адамдарды және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген (айып тағылған) адамдарды іздестіру, жаппай тәртіпсіздіктердің және қоғамдық тәртіпті топтасып бұзудың және өзге де қоғамға қарсы әрекеттердің жолын кесу кезінде, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жергілікті жердің аудандарын, жекелеген құрылыстарды және объектілерді қоршауды (бөгет қоюды), қажет болған кезде жеке тұлғаларға, олардың заттарына, көлік құралдарына және тасымалданатын жүктерге, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып, жете тексеруді жүзеге асыруға;
22) төтенше жағдайлар кезінде азаматтардың өмірін, денсаулығын және мүлкін қорғау мақсатында көшелерде және жолдарда көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүрісіне уақытша тыйым салуға немесе оны шектеуге, оларды жете тексеруді жүзеге асыруға;
23) қаруды, оқ-дәрілерді, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды, сондай-ақ өзге де тыйым салынған нәрселер мен заттарды алып қоюға;
24) заңда тиісті ақпаратты алудың өзгеше тәртібі белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардан және меншiк нысанына қарамастан ұйымдардан Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің пайдалануы үшін қажетті ақпаратты және материалдарды өтеусіз және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып алуға;
25) коменданттық сағат аяқталғанға дейін оның режимін бұзған азаматтарды, ал өзімен бірге өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды олардың жеке басын анықтағанға дейін, бірақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімнен аспайтын мерзімге ұстап алуға;
26) 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
27) шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
28) Ұлттық ұлан қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды белгіленген тәртіппен енгізуге;
29) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Ұлттық ұланның әскери қызметшiлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiн бұзған жағдайда, Ұлттық ұлан бұл құқықтарды қалпына келтiруге, келтірілген залалды өтеуге, кінәлілердің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа тартылуын қамтамасыз етуге міндетті.
3-тарау. ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
6-бап. Ұлттық ұланның құрамы
1. Ұлттық ұлан:
1) Ұлттық ұланның әскери басқару органдарынан;
2) жедел мақсаттағы құрамалар мен әскери бөлімдерден;
3) маңызды мемлекеттік объектілерді және арнайы жүктерді күзету жөніндегі арнайы әскери бөлімдерден;
4) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін күзету және айдауылмен алып жүру жөніндегі құрамалар мен әскери бөлімдерден;
5) арнайы моторландырылған құрамалар мен әскери бөлімдерден;
6) 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)