концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) республикалық меншікке жататын, орта мерзімді кезеңге концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) осы Заңның 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттаманы және концессия шарттарын, оның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде келiседi;
4) 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесін бекітеді;
6) 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде конкурсқа қатысушылар концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізген кезде ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптарды айқындайды;
7-1) концессиялық жобаларды ұйымдастыру саласында салааралық үйлестіруді және әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады;
7-2) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының тізіліміне деректерді енгізу үшін концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкілетті мемлекеттiк органға жібереді;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін қалыптастырады;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 7-4) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-4) концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-5) - 7-10) тармақшалармен толықтырылды
7-5) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын бекітеді;
7-6) концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидаларын бекітеді;
7-7) экономиканың әртүрлi салаларында (аясында) концессияның үлгiлік шарттарын бекiтедi;
7-8) концессия шарттарының мониторингін жүргізу, концессиялық жобалардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүргізу қағидаларын бекітеді;
7-9) концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалар санатына жатқызу критерийлерін бекітеді;
7-10) концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызу критерийлерін бекітеді;
8) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-бап. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілеттіліктері
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) республикалық меншікке жататын, орта мерзiмдi кезеңге концессияға ұсынылатын объектiлердiң тізбесін келіседі;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты конкурстық құжаттаманы және концессия шартының жобасын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде келіседі;
3) концессия шарттары бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің шарттарын жасасады, сондай-ақ концессия шарттары бойынша берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізеді;
4) 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркейді;
6) 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға берудің тәртібін айқындайды.
7-1) 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-2), 7-3), 7-4) және 7-5) тармақшалармен толықтырылды
7-2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жасалған концессиялық шарттардың және берiлген мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiтедi;
7-3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша пайдалану шығындарының өтемақысын төлеу қағидаларын бекітеді;
7-4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру қағидаларын бекітеді;
7-5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу қағидаларын бекітеді;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды
10-1-бап. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктеріне:
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) концессиялық жобаны консультациялық қолдап отыруды, конкурстық құжаттаманы әзірлеуді қаржыландыру жөніндегі мәселелерді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қабылдау жөніндегі мәселелерді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру кіреді.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктері
Республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
1) 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;
3) өз құзыреті шегінде республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингін жүзеге асырады және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келіседі;
5) концессия шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдайды;
6) концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау тәртібін айқындайды.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
12-бап. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының өкілеттіктерi
Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы:
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасына берілетін салалық қорытындыны дайындауды жүзеге асырады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурстың ұйымдастырушысы болады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) концессиялар жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - комиссия) шешімі негізінде республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілері бойынша концессия шартын жасасады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) концессиялық жобалардың іске асырылуы мониторингін жүзеге асырады және концессиялық жобаның іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру үшін мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
5) республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жасалған концессия шарттары бойынша ақпарат береді.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) концессия шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке беруді ұйымдастырады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша бұрын жасалған концессия шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты өткізу жолымен жаңа концессионерлерді тартуды ұйымдастырады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда
8) қажет болған жағдайда, қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тартады;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) осы заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді
13-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өкілеттіктерi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
1) 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) концессия шартын жасасу кезінде тиісті өңірдегі халықтың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталуына байланысты мәселелерді шешу үшін конкурсты ұйымдастырушыға республикалық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты ұсыныстар енгізеді;
3) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1) концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша, сондай-ақ осы баптың 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда сараптама жүргізу үшін заңды тұлғаларды айқындайды;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды; 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 3-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-2) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша, егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4000000 айлық есептік көрсеткішке дейінгіні құраған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар атынан мыналар:
конкурстық құжаттама бойынша, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде;
конкурсқа қатысушылар концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізген кезде ұсынған концессиялық өтінімдер бойынша;
концессия шарттарының жобалары бойынша, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде қорытындылар дайындайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, қажет болған жағдайда, осы тармақшада көзделген құжаттарға сараптама жүргізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғаларды тартуы мүмкін;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды
3-3) егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгіні құраған жағдайда, конкурстық құжаттаманы және концессия шарттарын, оның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган арқылы коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша келiседi;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты комиссияны құрады және ол туралы ережені бекітеді;
5) коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурстың ұйымдастырушысы болады;
6) комиссияның шешімі негізінде коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілері бойынша концессия шартын жасасады;
7) коммуналдық меншiкке жататын концессия объектiлерi бойынша концессия шарттарының мониторингін, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады және мониторинг пен бақылау нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) концессия шарттары негізінде құрылған объектілерді коммуналдық меншікке қабылдайды;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша бұрын жасалған концессия шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты өткізу жолымен жаңа концессионерлерді тартуды ұйымдастырады.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне орай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Концессионерлердің қызметін мемлекеттік қолдау
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Концессионерлердiң қызметiн қолдау мақсатында мемлекеттiк қолдаудың мынадай бір немесе бірнеше түрлерi ұсынылады:
1) концессия шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерліктері;
2) концессиялық жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) концессионерге мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектiлерiне ерекше құқықтардың берiлуi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай гранттар беру.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) концессиялық жобаның іске асырылу барысында өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігі;
7) 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік меншікке берілуге жатпайтын концессия объектісі құрылған кезде, концессионерге осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылмайды.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1-тармақ өзгертілді
2-1. Осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасымен реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. 7-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында және осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің жиынтық құны концессия шартының шеңберінде концессия объектісін құру (реконструкциялау) құнынан аспауға тиіс.
3-тарау. ОБЪЕКТІЛЕРДІ КОНЦЕССИЯҒА БЕРУ
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-бап. Объектілерді концессияға беру тәртібі
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Объектілерді концессияға беру үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) тізбені қалыптастыру;
2) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу;
3) концессионерді айқындау және концессия шартын жасасу.
2. Концессионерге мемлекет кепілгерліктерін берудің міндетті шарты Қазақстан Республикасының қор биржасында инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру болып табылады.
15-1-бап. 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 15-2-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 15-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 15-2-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-2-бап. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бюджет комиссиялары инвестициялық ұсыныстарға берілетін экономикалық қорытындыларға сәйкес мақұлдаған концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары бар, сондай-ақ техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер мен қайталап қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді.
Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеу немесе түзету шеңберінде немесе концессионер конкурстық құжаттама шарттарына сәйкес концессиялық жобаның маркетингтiк және қаржылық-экономикалық өлшемдерiн ескере отырып жүзеге асырады.
3. Техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөнiндегі конкурс өткізілген жағдайда әлеуетті концессионер не екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай концессионерді таңдау жөнiндегі конкурс өткізілген жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
4. Техникалық-экономикалық негіздеме пайдалар мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін концессиялық жобаның жүзеге асырылуы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.
Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға әкеп соғатын, концессиялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгертілген жағдайда, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамаларды кейіннен жүргізе отырып, техникалық-экономикалық негіздемеге түзету жасайды.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Концессиялық жобаның әзiрленген немесе түзетiлген конкурстық құжаттамасына қажеттi сараптамалар жүргiзiлгеннен кейiн тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, оны мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға сараптама жүргiзу үшiн жiбередi.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық жобаның әзiрленген немесе түзетiлген конкурстық құжаттамасына сараптама жүргiзу үшiн концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымды тартады.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйым және осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалар концессиялық жобаны iске асыру бойынша ұсынылатын шешiмдерге сараптаманың сапасы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
8. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісілген, тиісті саланың уәкiлеттi мемлекеттік органының өтінімі және осы баптың 6-тармағында көрсетілген, мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
10. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген, мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
11. Жоба бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде концессия шарты жасалмаған концессиялық жобаның әзірленген немесе түзетілген конкурстық құжаттамасына сараптамалар қорытындыларының күші жойылды деп есептеледі.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді
16-бап. Тізбені қалыптастыру
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Тiзбенi республикалық меншікке жататын объектілер бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкілетті органдары концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларына сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде және Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, республикалық және (немесе) жергiлiктi бюджеттердiң инвестициялық мүмкiндiктерiне сәйкес жылжымалы негiзде жыл сайын үш жыл мерзiмге қалыптастырады.
2. Тiзбе мынадай екi бөлiмнен тұрады:
1) реконструкциялануы және пайдаланылуы концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншiк объектiлерi;
2) құрылуы және пайдаланылуы концессия шарттары негiзiнде жүзеге асырылатын объектiлер.
3. 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Тiзбеге енгiзiлмеген объектiлер бойынша тиiстi хабарламалар тиiстi ұсыныстарды табыс еткен мемлекеттік органдарға олардың қабылданбауының дәлелдi негiздемесiмен бiрге жiберiледi.