1. Салықтық есепке алу мақсаттары үшін:
қатысу үлесі мен акциялардан басқа, сенімгерлік басқарудағы мүлік бойынша, бейрезидент-сенімгерлік басқарушы жұмсаған шығындар сомасына азайтылған, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы акті және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебі негізінде өтелген (өтеуге жататын) кіріс сенімгерлік басқару құрылтайшысының кірісі болып табылады;
мұндай мүлікті сенімгерлік басқарудан түсетін мүлік сенімгерлік басқару құрылтайшысының мүлкі болып табылады;
мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде көзделген, сенімгерлік басқарушыға төлеуге жататын сыйақы сенімгерлік басқару құрылтайшысының шығындары болып табылады.
Сенімгерлік басқарушының қатысу үлесі мен акциялардан басқа, мүлікті сенімгерлік басқарудан түсетін кірісіне:
мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде көзделген сыйақы;
сенімгерлік басқарушы жұмсаған, өтелуі мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебінде көзделген шығындар сомасы қосылады.
Сенімгерлік басқарушы жұмсаған, өтелуі мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебінде көзделген қатысу үлесі мен акциялардан басқа, мүлікті сенімгерлік басқарудың шығындары осындай сенімгерлік басқарушының шығындары болып табылады.
Мұндай шығындар сенімгерлік басқарудағы мүлік бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысының кірісін азайтады және сенімгерлік басқару құрылтайшысында шығындар ретінде есепке алынбайды.
2. Сенімгерлік басқару құрылтайшысы қатарына осындай құрылтайшы жататын тұлғалар үшін осы Кодексте айқындалған тәртіппен сенімгерлік басқарудан түсетін кіріс пен сенімгерлік басқарудан түсетін мүлік бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық міндеттемені орындайды.
3. Сенімгерлік басқарушы қатарына осындай сенімгерлік басқарушы жататын тұлғалар үшін осы Кодексте айқындалған тәртіппен сенімгерлік басқарудың кірістері, шығындары мен мүлкі бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық міндеттемені орындайды.
46-бап. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салықтық міндеттемесін орындау
1. Жеке тұлғаның салықтық міндеттемесі соттың күшіне енген шешімі негізінде оны хабарсыз кеткен деп таныған кезден бастап тоқтатыла тұрады.
2. Сот хабарсыз кеткен деп таныған жеке тұлғаның салықтық берешегін хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкіне қорғаншылық жасау жөніндегі міндет жүктелген адам өтейді.
3. Егер хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкі салықтық берешекті өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда оның салықтық берешегінің өтелмеген бөлігін салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы сот шешімі негізінде есептен шығарады.
4. Сот адамды хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімнің күшін жойған кезде бұрын салық органы есептен шығарған салықтық берешектің күші осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзіміне қарамастан, сот тәртібімен қайта басталады.
47-бап. Қайтыс болған жеке тұлғаның салықтық берешегін өтеу
1. Жеке тұлғаның қайтыс болған күніне немесе соттың күшіне енген шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялау күніне жиналып қалған салықтық берешегін оның мұрагері (мұрагерлері) мұраға қалдырылған мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнге ондағы үлесіне пропорционалды түрде өтейді.
Егер қайтыс болған жеке тұлғаның, сондай-ақ соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған жеке тұлғаның мүлкі салықтық берешекті өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда салықтық берешектің өтелмеген бөлігін салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы сот шешімі негізінде есептен шығарады.
2. Егер мұрагер (мұрагерлер) кәмелетке толмаған (кәмелетке толмағандар) болса, онда жеке тұлғаның қайтыс болған күніне немесе оны қайтыс болды деп жариялау күніне жиналып қалған салықтық берешегін өтеу жөніндегі міндеттеме соттың күшіне енген шешімі негізінде ғана мұндай мұрагерге (мұрагерлерге) мұраға қалдырылған мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнге ондағы үлесіне пропорционалды түрде жүктеледі.
3. Жеке тұлғаның қайтыс болған күніне немесе соттың күшіне енген шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялау күніне жиналып қалған салықтық берешегі, егер:
1) кәмелетке толмаған мұрагер (мұрагерлер) соттың күшіне енген шешімі негізінде осындай берешекті өтеу жөніндегі салықтық міндеттемеден босатылған;
2) мұрагері (мұрагерлері) жоқ болған жағдайларда, өтелген болып саналады.
Сот жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімнің күшін жойған кезде бұрын салық органы есептен шығарған салықтық берешектің күші осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзіміне қарамастан, сот тәртібімен қайта басталады.
4. Осы баптың ережелері дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам қайтыс болған немесе соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған күніне жиналып қалған салықтық берешекті өтеу кезінде қолданылады.
48-баптың қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 7-бабының редакциясында қолданылды
48-бап. Салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзімдері
1. Мынадай:
1) салық органы салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы болатын;
2) салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті ұсынуға міндетті, салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, салықтық есептілікті кері қайтарып алуға құқылы болатын;
3) салық төлеуші (салық агенті) салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы болатын уақыт кезеңі салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі деп танылады.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, талап қоюдың ескіру мерзімі үш жылды құрайды.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Талап қоюдың ескіру мерзімі осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, салық төлеушілердің мынадай санаттары:
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес субъектілердің осындай санатына жатқызылған ірі кәсіпкерлік субъектілері;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратындар;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) осы Кодекстің 30-тарауының шарттарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденттері үшін бес жылды құрайды.
4. Талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі осы баптың 5, 6, 7, 8 және 12-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.
5. Мынадай жағдайда:
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) инвестициялық басым жобаны немесе инвестициялар туралы келісімді іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшартта көрсетілген салықтар бойынша осы Кодекстің 80 және 80-1-тарауларын қолданған кезде - осындай келісімшарттың немесе келісімнің қолданылу кезеңі ішінде және инвестициялық келісімшарттың немесе келісімнің қолданылу мерзімі өткен немесе қолданылуы өзгеше тоқтатылған күннен бастап бес жыл бойы;
2) осы Кодекстің 288-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын қолданған кезде - жеке тұлғаның оқу кезеңінде және жеке тұлға оқуын аяқтаған күннен бастап бес жыл бойы салық төлеуші салықтар сомасын есептеуге, ал салық органы есептеуге және есепке жазуға құқылы.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша салық органы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін бес жыл бойы мынадай салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді:
үстеме пайда салығын;
өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін;
есептеу әдістемесінде мынадай көрсеткіштердің бірі: рентабельділіктің ішкі нормасы (РІН) немесе пайданың ішкі нормасы немесе R-фактор (кірістілік көрсеткіші) пайдаланылатын салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы.
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жасалған инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданылу кезеңі үшін осындай келісімнің қолданылу кезеңі ішінде және инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданылу мерзімі өткен немесе қолданысы өзгедей тоқтатылған күннен кейін бес жыл ішінде, осындай келісімнің қолданысы тоқтатылған жылдан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан бастап салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің сомасын есептеуге, ал салық органы есептеуге және есепке жазуға құқылы.
7. Талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі:
1) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайларды салу кезеңіндегі салықтық міндеттеме және қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап бойынша осы Кодекстің 432-бабының 1-тармағы қолданылған жағдайда - Қазақстан Республикасының аумағында мұндай ғимараттар мен құрылысжайлар алғаш рет пайдалануға берілген салықтық кезең аяқталғаннан кейін;
2) геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңіндегі салықтық міндеттеме және қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап бойынша осы Кодекстің 432-бабының 2-тармағы қолданылған жағдайда - кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалар экспортының басталуы тұспа-тұс келетін салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.
Егер экспорт 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылса, талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі 2016 жылғы 1 қаңтардан басталады;
3) осы Кодекстің 432-бабында көрсетілген қосылған құн салығының расталған асып кету сомасын осы Кодекстің 104-бабына сәйкес қайтару және (немесе) есепке жатқызу жүргізілген жағдайда - қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомасының анықтығы, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеру нәтижелеріне шағым жасау қорытындысы бойынша расталған салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.
8. Осы баптың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын есепке жазу немесе оның есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау мақсаттары үшін талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі салық төлеуші қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талабы бар қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсырған салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.
9. Талап қоюдың ескіру мерзімі:
1) салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу және (немесе) олардың есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпей өтетін кезеңдегі қосымша салықтық есептілікті ұсынған жағдайда - күнтізбелік бір жылға;
2) бюджетке төленетін корпоративтік табыс салығын есепке жазу және (немесе) оның есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпей өтетін кезеңдегі шығындарды ауыстыру бөлігінде өзгерістері және толықтырулары бар қосымша салықтық есептілікті ұсынған жағдайда - күнтізбелік үш жылға;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мынадай:
салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарламаға, сондай-ақ шағым жасалатын бөлігінде - салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасаған;
бейрезиденттің халықаралық шарт негізінде бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтініші қаралған;
халықаралық шарт негізінде бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтінішті қарау нәтижелері бойынша салық органы шығарған шешімге бейрезидент Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен шағым жасаған;
салық органының осы тармақшаның төртінші абзацында көрсетілген шешіміне бейрезиденттің шағымын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган шығарған шешімге бейрезидент шағым жасаған жағдайларда, шағымды (өтінішті) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін;
4) уәкілетті орган осы Кодекстің 221-бабына сәйкес өзара келісу рәсімін жүргізген жағдайда - уәкілетті органның және (немесе) шет мемлекеттің құзыретті органының өзара келісу рәсімінің қорытындылары бойынша қабылдаған шешімі орындалғанға дейін;
5) анықталған бұзушылықтар бөлігінде, талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін жіберілген және табыс етілген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалғанға дейін;
6) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) деңгейлес мониторингтің нәтижелері бойынша ұсынымдар тапсырылған күннен бастап деңгейлес мониторингтің нәтижелері бойынша шешім орындалғанға дейін;
7) егер инвестор халықаралық төрелікте талқылауға бастамашылық жасаған жағдайда, онда салық органы инвестор талқылауға бастамашылық жасаған, инвестор шағым жасаған кезден бастап және осы төрелік талқылау бойынша түпкілікті шешім шығарылған кезге дейінгі кезеңдегі салық төлеушінің салықтарын және бюджетке төленетін төлемдерін есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы - осындай төрелік талқылау аяқталғаннан кейін бес жыл бойына;
8) коллекторлық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушінің салықтарын және бюджетке төленетін төлемдерін есепке жазу және (немесе) олардың есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген берешекті өндіріп алу туралы шарт бойынша берешекке қатысты коллекторлық қызмет жөніндегі қызмет көрсету аяқталған күннен бастап күнтізбелік үш жылға ұзартылады.
10. Салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде талап қоюдың ескіру мерзімі:
Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексерудің алдын ала актiсiне жазбаша қарсылық дайындап, берген және оны салық органы қараған;
Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес салықтық тексеруді жүргізу уақытында сұрау салулар жолданған және олар бойынша құжаттар және (немесе) ақпарат алынған кезеңге тоқтатыла тұрады. Бұл ретте салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде талап қоюдың ескіруінің жалпы мерзімі оның тоқтатыла тұруы ескеріле отырып, жеті жылдан аспауға тиіс;
сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілген салықтық тексеру жағдайында, салықтық тексеру аяқталған күннен бастап қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
11. Жеке кәсiпкерлік субъектiсiмен іс жүзінде тауарлар тиеп-жөнелтілмей, жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей жасалған, шот-фактураны жазып беру әрекеті (әрекеттері) бойынша салықтарды және бюджетке төленетiн төлемдердi есепке жазуды немесе олардың есептелген сомасын қайта қарауды салық органы соттың заңды күшіне енген шешімі, үкiмi, қаулысы негізінде салықтық мiндеттеме және (немесе) талап бойынша - талап қоюдың ескіру мерзімі шегiнде жүргiзедi.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Салықтың және бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық (қате) төленген сомасы осы Кодекстің 108-бабында белгіленген жағдайды қоспағанда, осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде ағымдағы жылдың және алдыңғы күнтізбелік жылдардың ішінде төленген сомалар мөлшерінде есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға жатады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-тарау. САЛЫҚТАРДЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ТӨЛЕМАҚЫЛАРДЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУ МЕРЗІМДЕРІН ӨЗГЕРТУ. САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІ ТОҚТАТУ НЕГІЗІ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЛЫҚ КРЕДИТІ
49-бап. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы жалпы ережелер
2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодексте белгіленген төлену мерзімін неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру не салықтық берешекті өтеу мерзімдерін ұзарту салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту деп танылады. Осы тармақтың ережелері айыппұлдар сомасына қатысты қолданылмайды.
Осы тараудың мақсаттары үшін төлемақылар деп:
жер учаскелерін пайдаланғаны;
жер беті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны;
қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақылар түсініледі.
2. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту ұсынылған салықтық есептілікке сәйкес салық төлеуші есептеген, сондай-ақ салықтық тексеру нәтижелері бойынша, уәкілетті мемлекеттік органдардың деректері бойынша салық органы есепке жазған салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту нысанында жүзеге асырылады.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімі салықтың және (немесе) төлемнің төленуге тиіс бүкіл сомасына не оның бір бөлігіне қатысты өзгертілуі мүмкін.
3. Төлем көзінен ұсталатын салықтар, акциздер, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін салықтар бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдері өзгертілуге жатпайды.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту осы баптың 9 және 10-тармақтарында айқындалған тәртіппен осы Кодекске сәйкес таңбалауға жататын импортталатын тауарлар бойынша акцизді қоспағанда, қосылған құн салығы мен акциз бойынша жүргізіледі.
4. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдері салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш берген күннің алдындағы үш жылдың ішінде салықтық міндеттемені орындау графигін салық төлеушінің бұзуына байланысты салық органы салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы бұрын шығарылған шешімнің қолданылуын тоқтатқан жағдайда өзгертілмейді.
5. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қоюмен және (немесе) банк кепілдігімен жүргізіледі.
6. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы салықтық өтінішті салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеудің болжамды графигін қоса бере отырып, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.
7. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе мерзімін ұзартуды беру жағдайын қоспағанда, осы Кодекстің 117-бабына сәйкес салық төлеушіні өсімпұлды уақтылы төлемегені үшін оларды төлеуден:
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген берешекті қайта құрылымдау рәсімі шеңберінде;
осы Кодекстің 51-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша босатпайды.
8. Осы тараудың ережелері өсімпұл төлеу бойынша кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды берген кезде де қолданылады.
9. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына ұсынылған, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларация импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгертуге негіз болып табылады.
Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту:
1) осындай импортталатын тауарларды толық көлемде кедендік тазарту үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттар кеден органына ұсынылған;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) егер тұлғалар уәкілетті орган белгілеген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде тәуекел дәрежесі төмен тұлғалар санатына жатқызылған жағдайда жүргізіледі.
Осы бапқа сәйкес импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ішкі тұтыну үшін импортталатын тауарларды шығару жүргізілген айдан кейінгі айдың 20-күнгі мерзімі бойынша жеке шотта есептелген салық сомасын салық органының көрсетуі арқылы беріледі.
10. Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту:
1) осындай импортталатын тауарларды толық көлемде кедендік тазарту үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттар кеден органына ұсынылған;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) тауарды импорттайтын тұлға Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор болып табылған;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) тауарды порттық арнайы экономикалық аймақтың немесе логистикалық арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импорттаушы тұлға порттық арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе логистикалық арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылған жағдайда жүргізіледі.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен екінші бөлікпен толықтырылды
Кемінде 167 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салықтар төлеуді қамтамасыз етудің болуы осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгертудің қосымша негізі болып табылады.