4. «Кең алаңды жиілік модуляция» (КЖМ) әдісін пайдаланатын, пайдаланушы бағдарламалайтын арна жасауы немесе код беруі (скремблирлеуші) бар радиожабдық;
5. Мынадай барлық сипаттамаларға ие цифрлық басқарылатын радиоқабылдағыштар:
а. 1000-нан астам арнасы бар;
b. «Жиілікті қосу уақыты» 1 мс-ден кем;
с. Электрмагниті жиіліктер саласында автоматты іздеу немесе сканирлеу; және
d. Қабылданған сигналды бірдейлендіру немесе беруші түрінің мүмкіндігі; немесе
Ескерту: 5А001.b.4 тармақ бойынша азаматтық жиіліктерде жұмыс істейтін ұялы байланыс жабдығы бақыланбайды;
6. 2400 бит/с-тен кем жылдамдықтағы сөзді кодтауды қамтамасыз етуге арналған «сигналды цифрлық өңдеу» функциясын пайдаланады;
Техникалық ескерту: Айнымалы жылдамдықтағы сөзді кодтауды қамтамасыз ету үшін 5А001.b.6. тармағы сөзді кодтау үшін үздіксіз сөздік шықпаны пайдаланады.
с. Мыналар секілді оптоталшықты байланыс кабелдері, оптикалық талшықтар мен керек-жарақтар:
1. Ұзындығы 500 м-ден астам және дайындаушының ерекшелеуіне сәйкес бақылаулық тестте 2 x 109 №/m2 және одан жоғары созылу кернеуіне төзетін оптикалық талшықтар;
Техникалық ескерту:
Бақылау тесті - бұл диаметрі шамамен 150 мм жетекші біліктердің арасынан өту кезінде 0,5-тен 3 м-ге дейінгі ұзындықтағы талшыққа 2-ден 5 м/с-ге дейінгі жүріс жылдамдығында берілген кернеу түсіру болып табылатын дайындау сатыларында немесе дайындаудан кейінгі тексеру. Бұл ретте қоршаған ортаның температурасы 293 К (20oС) тең және салыстырмалы ылғалдылық 40%-ке тең. Бақылау тестті жүргізу кезінде тиісті ұлттық стандарттар пайдаланылуы мүмкін.
2. Су астында пайдалану үшін әзірленген оптоталшықты кабелдер мен керек-жарақтар.
Ескерту: 5А001.c.2 тармақ бойынша азаматтық пайдалануға арналған стандартты телекоммуникациялық кабелдер мен керек-жарақтар бақыланбайды.
1-ерекше ескерту: Су астындағы құбырлық кабельдер мен олардың ажыратпаларына қатысты 8А002.а.3 тармақты қараңыз.
2-ерекше ескерту: Оптоталшықты корпустық ажыратпалар мен қосылыстарына қатысты 8А002.c тармақты қараңыз.
d. 31 ГГц-ден жоғары жиіліктерде жұмыс істейтін «сәулені электронды сканирлейтін антенналы фазаланған торлар».
Ескерту: 5А001d тармақ бойынша СВЧ-диапазондағы қону жүйелерін жабатын, Азаматтық авиацияның халықаралық стандартын (ИКАО) қанағаттандыратын аппаратурасы бар қону жүйелеріне арналған «антенналы фазаланған торлар» бақыланбайды.
5А001 а. 1. 5А001 а. 2. 5А001 а. 3. 5А001 b. 1 5А001 b. 2. 5А001 b. 3. А001 b. 4. 5А001 b. 5 5А001 b. 6. 5А001 c. 1. 5А001 с. 2. 5А001 d. | 8517 8525 60 000 0; 8527 99 000 0; 8543 70 900 9 8517; 8525 60 000 0 8527 99 000 0; 8543 70 900 9 8517; 8525 60 000 0 8527 99 000 0; 8543 70 900 9 9014 80 000 0; 9015 80 910 0 8525 60 000 0 8525 60 000 0 8525 60 000 0 8527 8525 60 000 0 8544 70 000 0; 9001 10 900 8544 70 000 0; 9001 10 900 8529 10 900 0 (азаматтық авиациядан басқа) |
5А101 «Реактивті снарядтар» үшін әзірленген немесе модификацияланған жерүсті жабдығын қоса алғанда, телеметриялық және телебақылау жабдығы».
Техникалық ескертпе:
5А101-тармақта «реактивтік снаряд» ұзақтығы 300 км асатын зымыран жүйелерін және пилотсыз әуе ұшу аппараттарын білдіреді.
Ескертпе: 5A101-тармақ бойынша мыналар бақылауға жатпайды:
a. басқарылатын ұшу аппараттары немесе спутниктерге арналған немесе модификацияланған жабдық;
b. жерде және теңізде қолдануға арналған немесе модификацияланған жерүсті жабдығы;
c. коммерциялық, азаматтық қолдану үшін әзірленген немесе ҒНЖЖ «қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған» жабдық (мысалы, деректердің толықтығы, ұшу қауіпсіздігі).
5A101 8525
8543 70 900 0
9030 40 000 0
5В1 Сынақ, бақылау және өндірістік жабдық
5В001 а. 5А001, 5В001, 5С001, 5D001 және 5Е001 тармақтар бойынша бақыланатын жабдықтарды, материалдарды, функцияларды немесе қасиеттерді «әзірлеуге», «өндіруге» немесе «пайдалануға» арналған жабдық және арнайы әзірленген компоненттер мен керек-жарақтар.
Ескерту: 5В001.а. тармақ бойынша оптикалық талшықтарға тест жүргізуге арналған жабдық бақыланбайды.
b. Қабылдау-беру телекоммуникациялық аппаратурасының немесе коммутациялық жабдықтың кез келген келесі түрлерін «әзірлеуге» арналған жабдық және арнайы әзірленген компоненттер немесе керек-жарақтар:
1. «Цифрлық деректерді берудің жиынтық жылдамдығы» 15 Гбит/с-ден асатын жұмысқа есептелген цифрлық техниканы пайдаланатын жабдық;
Техникалық ескерту: Коммутациялық жабдық үшін «цифрлық деректерді берудің жиынтық жылдамдығы» порттың жоғары жылдамдығымен немесе деректер беру желісімен есептеледі.
2. «Лазерді» пайдаланатын және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие жабдық:
а. Толқындардың жұмыс ұзындығы 1750 мм-нен астам;
b. «Оптикалық күшейтуді» жүзеге асыратын;
с. Когорентті оптикалық беру немесе когорентті оптикалық детектрлеу техникасын (сондай-ақ оптикалық гетеродин немесе гомодин техникасы ретінде де белгілі) пайдаланатын; немесе
d. Аналогті және өткізу белдеуінің ені 2,5 ГГц-ден астам техниканы пайдалану;
Ескерту: 5В001.b.2.d тармақ бойынша коммерциялық теледидарлық жүйелерді «әзірлеу» үшін арнайы жобаланған жабдық бақыланбайды.
3. «Оптикалық коммутацияны» пайдаланатын жабдық;
4. 256 деңгейден жоғары квадратуралық амплитудалық модуляциясын (КАМ) пайдаланатын радиоаппаратура, немесе
5. Келісілмеген режимде жүзеге асырылатын «ортақ арна бойынша сигналды беруді» пайдаланатын аппаратура.
5В001
5С1 Материалдар
Жоқ
5D1 Бағдарламалық қамтамасыз ету
5D001 а. 5А001 немесе 5В001 тармақтар бойынша бақыланатын жабдықтарды, операцияларды немесе құрылғыларды немесе қасиеттерді «әзірлеу», «өндіру» немесе «пайдалану» үшін арнайы жасалған немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету».
b. 5А001 тармақ бойынша бақыланатын «технологияларды» қолдау үшін арнайы жасалған немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету».
с. Мына секілді арнайы «бағдарламалық қамтамасыз ету»:
1. 5А001 немесе 5В001 тармақтар бойынша бақыланатын сипаттамаларды, функцияларды немесе қасиеттерді қамтамасыз ету үшін арнайы жасалған немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
2. Пайдаланылмайды;
3. «Динамикалық адаптивті маршруттау» үшін арнайы әзірленген машина коды нысанындағы емес «бағдарламалық қамтамасыз ету».
d. Қабылдау-беру телекоммуникациялық аппаратурасының немесе коммутациялық жабдықтың келесі түрлерінің кез келгенін «әзірлеу» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету»:
1. «Цифрлық деректерді берудің жиынтық жылдамдығы» 15 Гбит/с-ден асатын жұмысқа есептелген цифрлық техниканы пайдаланатын жабдық;
Техникалық ескерту: Коммутациялық жабдық үшін «цифрлық деректерді берудің жиынтық жылдамдығы» порттың ең жоғары жылдамдығымен немесе деректер беру сызығымен өлшенеді.
2. «Лазерді» пайдаланатын және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие жабдық:
а. Толқындардың жұмыс ұзындығы 1750 нм-нан астам;
b. Аналогті және өткізу белдеуінің ені 2,5 ГГц-ден астам техниканы пайдалану;
Ескерту: 5В001.b.2d тармақ бойынша коммерциялық теледидарлық жүйелерді «әзірлеу» үшін арнайы жобаланған жабдық бақыланбайды.
3. «Оптикалық коммутацияны» пайдаланатын жабдық; немесе
4. 256 деңгейден жоғары квадратуралық амплитудалық модуляцияны (КАМ) пайдаланатын радиоаппаратура.
5В001
5А001 тармағында көрсетілген аппаратураны «пайдалану» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету».
5D101 5А101-тармақта көрсетілген жабдықты «қолдану» үшін арнайы әзірленген модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету
5D101
5Е1 Технологиялар
5Е001 а. Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес, 5А001, 5А001 немесе 5D001 тармақтар бойынша бақыланатын жабдықтарды, функцияларды, қасиеттер немесе «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «әзірлеуге», «өндіруге» немесе «пайдалануға» (орындалатын операциялар) арналған «технологиялар».
b. Мыналар секілді «технологиялардың» арнайы түрлері:
1. Телекоммуникациялық жабдықты «әзірлеу» немесе «өндіру» үшін «қажетті» спутниктердің бортында пайдалануға арнайы әзірленген «технология»;
2. Сыртқы атмосфера арқылы немесе сұйықтың (судың) қабаты арқылы сигналды автоматты ұстау және қадағалау және байланысты қолдау қабілетімен «лазерлік» байланыстың әдістерін «әзірлеуге» немесе «пайдалануға» арналған «технология»;
3. БС қабылдау мүмкіндіктері көпалаңды, көпарналы,
көпрежимді, көп кодты алгоритмді немесе көп хаттамалық маршруттауды
қамтамасыз ете алатын, «бағдарламалық қамтамасыз етуге» өзгерістер енгізу арқылы модификациялана алатын БС цифрлық ұялы радиожүйелерді «әзірлеуге» арналған «технология»; немесе
4. «жиіліктерді секірмелі түрде қайта реттеу» әдістерін қоса алғанда, «спектрді кеңейту» әдісін пайдаланатын аппаратураны «әзірлеуге» арналған «технология».
с. Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес, қабылдау-беру телекоммуникациялық аппаратурасының немесе коммутациялық жабдықтың, функциялардың немесе қасиеттердің келесі түрлерінің кез келгенін «әзірлеуге» арналған «технология»:
1. «Цифрлық деректерді берудің жиынтық жылдамдығы» 1,5 Гбит/с-ден асатын жұмысқа есептелген цифрлық әдістерді пайдаланатын жабдық;
Техникалық ескерту:
Коммутациялық жабдық үшін «цифрлық деректерді берудің жиынтық жылдамдығы» порттың ең жоғары жылдамдығымен немесе деректер беру сызығымен өлшенеді.
2. «Лазерді» пайдаланатын және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие жабдық:
а. Толқындардың жұмыс ұзындығы 1750 мм-нен астам;
b. Легирленген прзеолимді фторидті талшықты күшейткіштерді пайдалана отырып «оптикалық күшейтуді» жүзеге асыру;
с. Когорентті оптикалық беру немесе когорентті оптикалық детекторлау техникасын (сондай-ақ оптикалық гетеродин немесе гомодин техникасы ретінде де белгілі) пайдалану;
d. Бір оптикалық ұяда 8 оптикалық тасымалдаушыдан жоғары толқынның ұзындығын мультплекстік бөлу техникасын пайдалану; немесе
е. Аналогті және өткізу белдеуінің ені 2,5 ГГц-ден астам техниканы пайдалану;
Ескерту: 5Е001с.2.е. тармақ бойынша коммерциялық теледидарлық жүйелерді «әзірлеу» үшін арнайы жобаланған жабдық бақыланбайды.
3. «Оптикалық коммутацияны» пайдаланатын жабдық;
4. Келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие радиоаппаратура:
а. Квадратуралық амплитудалық модуляциясы (КАМ) 256-дан жоғары; немесе
b. 31,8 ГГц-ден жоғары кіру немесе шығу сигналының жиілігінде жұмыс істейтін, немесе
Ескерту: 5Е001.с.4.b тармақ бойынша Халықаралық телекоммуникация одағы радиокоммуникациялық қызмет саласы үшін бөлген, бірақ радио табу қызметіне арналмаған стандартты жиілік диапазонындағы жұмыс үшін арнайы жобаланған немесе модификацияланған аппаратураны «әзірлеу» немесе «өндіруге» арналған «технология» бақыланбайды.
5. Келісілмеген жүзеге асырылатын «сигналды ортақ арна бойынша беруді» пайдаланатын аппаратура.
5Е101
5Е101 5А101-тармақта көрсетілген жабдықты «әзірлеу», «өндіру» немесе «қолдану» үшін жалпы техникалық ескертпелерге сәйкес «технологиялар.
5Е101
2-Бөлім
«Ақпарат қорғау»
1-ескерту: «Ақпаратты қорғаудың» «жабдыққа», «бағдарламалық қамтамасыз етуге», арнайы қолданудың жүйелеріне, «электронды жинауларына», модулдерге, интегралдық схемаларға, компоненттерге немесе функцияларға қатысты бақылау мәртебесі олар басқа аппаратураның компоненттері немесе «электронды жинамалары» болған күннің өзінде 5-санаттың 2-бөлімі бойынша айқындалады.
2-ескерту: 5-санаттың 2-бөлімі бойынша пайдаланушының жеке өзі пайдалануы мақсатында әкелетін өнімдері бақыланбайды.
3-ескерту: Криптография бойынша ескерту.
5 А002 және 5D002 тармақтар бойынша келесі сипаттамаларға ие тауарлар бақыланбайды:
а. Ашық бөлшек саудада шектеусіз сатылатын және мынадай жолмен сатып алынатын:
1. Тұрған жерінде сатып алу;
2. Почта арқылы тапсырыс беру;
3. Электрондық тапсырыс;
4. Телефон арқылы тапсырыс беру;
b. Криптографиялық қасиеттерін пайдаланушы оңай өзгерте алмайды;
с. Пайдаланушының беруші тарапынан одан әрі елеулі көмексіз орнату үшін жобаланған; және
d. Тауардың осы ескертудің а-дан бастап с-ға дейінгі тарауларына сәйкестігін растау үшін фирма-экспортер орналасқан мүше елдің құзыретті органының талап етуі бойынша қажет болғанда тауардың тәптіштемесіне қол жетімді болады және ұсыныла алады.
Техникалық ескерту: 5-санаттың 2-бөлімінде бит кілттің ұзындығына қосылмаған.
5А2 Жүйелер, жабдық және компоненттер
5А002 а. Ақпаратты қорғау үшін қолданылатын жүйелер, жабдық, арнайы қолданылатын «электронды жинамалар», модулдер немесе интегралды схемалар және осы үшін арнайы әзірленген компоненттер:
Ерекше ескерту: Қабылдау аппаратурасы бар және дешифровканы пайдаланатын (GPS немесе ГЛОНАСС) кең ауқымды спутниктік жүйелерді бақылауға қатысты 7А005-ті қараңыз.
1. Жеке басын немесе цифрлық қолын куәландырудан басқа, цифрлық әдістерді қолдана отырып кез келген криптографиялық функцияларды орындайтын, «криптографияларды» пайдалану үшін әзірленген немесе модификацияланған, келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие жабдықтар:
Техникалық ескерту:
1. Жеке басты немесе цифрлық қолды куәландыру функциялары оларға байланысты кілттерді басқару функцияларын қамтиды;
2. Жеке басты куәландыру қол жеткізудің барлық аспектілерін қамтиды және цифрлық файлдарды немесе рұқсат етілмеген қол жеткізуді болдырмау үшін парольдерді қорғауға, дербестендірілген бірдейлендіру нөмірлеріне (ДБН-кодтары) немесе осы секілді деректерге тікелей байланыстылардан басқа мәтіндерді қамтымайды;
3. Криптография деректердің немесе кодтаудың «тіркелген» компреccияларын қамтымайды:
Ескерту: 5А002.а.1. тармақ цифрлық әдістердің көмегімен іске асырылған аналогті алгоритмдерді пайдалана отырып, «криптографияларды» пайдалану үшін арнайы әзірленген және модификацияланған жабдықты қамтиды.
а. Ұзындығы 56 бит-тен астам кілтті пайдаланатын «симметриялық алгоритм»; немесе
b. Алгоритмнің қауіпсіздігі келесі белгілердің біреуіне негізделген «аccиметриялық алгоритм»:
1. Бүтін сандарды факторлау 512 бит-тен жоғары (мысалы, RSА);
2. 512 бит-тен астам мөлшердегі түпкі өрістің мультипликативтік тобындағы дискретті логарифмдерді есептеу (мысалы, тобындағы Z/рZ Диффи-Неллман әдісі);
3. 5А002.а.1.b.2. тармақта көрсетілгеннен өзге 112 бит-тен жоғары топтағы дискретті логарифмдерді есептеу (мысалы, эллиптикалық қисықтағы Диффи-Неллман әдісі);
2. Криптографиялық функцияларды орындау үшін әзірленген немесе модификацияланған;
3. Пайдаланылмайды;
4. Денсаулықты, қауіпсіздікті немесе электр-магнитті сәулеленудің стандарттарын сақтау үшін қажеттіден тыс келетін ақпараттық сигналдардың жағымсыз шығып кетуін тұмшалау үшін әзірленген немесе модификацияланған;
5. «Жиіліктерді қайта құру» жүйелері үшін «спектрді кеңейту» немесе секірме түріндегі кодқа кеңейетін кодтың генерациясының криптографиялық әдістерін қолдану үшін әзірленген немесе модификацияланған;
6. Кең алаңды жиілік модуляциясы (КЖМ) жүйесін арна қалыптастыру мен кодтаудың (скремблирлеу) криптографиялық әдісін пайдалану үшін әзірленген немесе модификацияланған;
7. Пайдаланылмайды;
8. Рұқсат етілмеген қол жетімділікті табудың механикалық, электрлік немесе электрондық құралдарын пайдалана отырып әзірленген немесе модификацияланған байланыстың кабелді жүйелері.
Ескерту: 5А002 тармақ бойынша келесі жабдық бақыланбайды:
а. «Қондырылған компьютері бар дербес карточкалар»:
1. Криптографиялық мүмкіндіктері осы ескертудің b немесе f тармақтарына сәйкес бақыланбайтын аппаратурада немесе жүйелерде ғана пайдаланылумен шектелген; немесе
2. Криптографиялық мүмкіндігі пайдаланушы үшін жабық, жалпы қолжетімді қолдануға арналған;
Ескерту: Егер «қондырылған процеccорлары бар дербес карточкалардың» көптеген функциялары болса, онда әрбір функцияның бақылау мәртебесі жеке-дара айқындалады:
b. Радиохабары, ақылы телевидение немесе цифрлық шифрлаусыз және шифрлау бейне- немесе аудио арналардың ақылылығымен және басқарылумен шектелген санаулы аудиторияға арналған телехабарларын қабылдау аппаратурасы;
с. Криптографиялық мүмкіндігі пайдаланушы үшін қол жетімсіз және мынадай функцияларды орындау үшін арнайы жобаланған және шектелген аппаратура:
1. Көшіруден қорғалынған «бағдарламалық қамтамасыз етуді» пайдалану;
2. Келесі тізбенің кез келгеніне қол жеткізу:
а. көшіруден қорғалған, тек оқуға ғана қол жетімді ақпарат көзі; немесе
b. көзде сақталатын ақпарат ол ұқсас комплектісінде ашық сатуға қойылған ретте қорғалынған (мысалы, санаткерлік құқықтарды қорғауға байланысты); немесе
3. Патенттер қорғаған аудио/бейне деректерді бір мезгілде көшіру;
d. Банк операцияларын немесе «ақша транзакцияларын» орындау үшін арнайы жобаланған және шектелген криптографиялық жабдық;
Техникалық ескерту:
5А002 тармақта «ақша транзакциясы» d ескертуі төлемдерді жинау мен реттеуді және кредиттік функцияларды қамтиды.
е. Азаматтық пайдалануға арналған (мысалы, ұялы радиобайланыстық коммерциялық азаматтық жүйелерінде пайдалануға арналған), абоненттер үшін шифрлау функциясы жоқ портативті немесе ұтқыр радиотелефондар;
f. Абоненттер үшін шифрлау функциясы жоқ және дайындаушының ерекшелемесіне сәйкес күшейтілмеген сымсыз байланыстың ең жоғары тиімді қашықтығы (яғни, алып жүрмелі аппараттың релесіз байланысы үй телефонымен) 400 м.-ден кем.
5А002 а.1. 5А002 а.2. 5А002 а. 3 5А002 а. 4. 5А002 а. 5. 5А002 а. 6. 5А002 а. 7 | 8471 8543 70 900 9; 8471; 8543 70 900 9; 8471; 8543 70 900 9; 8471; 8543 70 900 9; 8471; 8543 70 900 9; 8471; 8517 69 390 0; 8543 70 900 9; |
5В2 Сынақ, бақылау және өндірістік жабдық
5В002 А Мыналар үшін арнайы әзірленген жабдық:
1. Өлшеулерге немесе сынақтарға арналған аппаратураны қоса алғанда 5А002, 5В002, 5D002 немесе 5Е002 тармақтар бойынша бақыланатын аппаратураларды немесе функцияларды «әзірлеу»;
2. Өлшеулерге, сынақтарға, жөндеуге немесе өндіруге арналған аппаратураны қоса алғанда 5А002, 5В002, 5D002 немесе 5Е002 тармақтар бойынша бақыланатын аппаратураларды немесе функцияларды «өндіру»;
f. 5А002 немесе 5D002 тармақ бойынша бақыланатын «ақпаратты қорғау» функцияларын бағалау және қолдау үшін арнайы әзірленген өлшеу аппаратурасы.
5В002 а. 5В002 b. | 8543 89 950 0 8543 89 950 0 |
5С2 Материалдар
Жоқ.
5D2 Бағдарламалық қамтамасыз ету
5D002 а. 5А002, 5В002 немесе 5D002 тармақтар бойынша бақыланатын «бағдарламалық қамтамасыз етуді» әзірлеу», «өндіру» немесе «пайдалану» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
b. 5Т002 тармақ бойынша бақыланатын «технологияларды» қолдауға арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету;
с. Мына секілді арнайы «бағдарламалық қамтамасыз ету»:
1. 5А002 немесе 5В002 тармақтар бойынша аппаратураның функциясын моделдейтін немесе қайта жаңғыртатын сипаттамаларға ие «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
5D002.c.1. тармақ бойынша бақыланатын «бағдарламалық қамтамасыз етуді» сертификаттау үшін қажетті «бағдарламалық қамтамасыз ету»
Ескерту: 5D002 тармақ бойынша:
а. 5А002 тармаққа Ескертуге сәйкес бақылауға жатпайтын аппаратурада «пайдалану» үшін қажетті «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
b. 5А002 тармаққа Ескертуге сәйкес бақылауға жатпайтын аппаратураның кез келген функциясын іске асыратын «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
5D002
5E2 Технологиялар
5Е002 Жалпы технологиялардың ескертуіне сәйкес, 5А002, 5В002 немесе 5D002 тармақтар бойынша жабдықты ие «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «әзірлеуге», «өндіруге» немесе «пайдалануға» арналған «технологиялар».
5D002
5Е002
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1372 Қаулысымен 6-санат өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-Санат
Бергіштер және лазерлер
6А Жүйелер, жабдық және компоненттер
6А001 Акустика:
а. Мыналар секілді теңіз акустикалық жүйелері, олар үшін арнайы әзірленген жабдық және компоненттер, олар мына:
1. Мыналар секілді белсенді (беретін және қабылдайтын-беретін) жүйелер, жабдық және олар үшін арнайы әзірленген компоненттер:
Ескерту: 6А001.а.1 тармақ бойынша мыналар бақыланбайды:
а. +/-20o-тен жоғары сәулені сканирлеу функциясына ие емес және суға түсірілген немесе тұңғиыққа тереңдетілген объектілерге немесе балық үйірлеріне дейінгі қашықтықтағы су тереңдігін өлшеу үшін шектеулі қолданылатын вертикалды іс-әрекет тереңдігінің гидролокаторлары;
b. Мыналар секілді акустикалық бүйірлер:
1. Авариялық акустикалық бүйлер;
2. Ультрадыбыстық импульстерді су астына түсіру немесе қайтару үшін арнайы әзірленген сәулелендіргіштер.
а. Теңіз түбін картографиялауға арналған, барлық келесі сипаттамаларға ие кең шолмалы батиметрикалық суретке түсіру жүйелері:
1. Вертикалдан 20o-тан астам ауытқу бұрышында өлшеу жүргізуге арналғандар;
2. Судың бетінен алғанда 6000 м-ден астам тереңдікті өлшеуге арналғандар; және
3. Келесі сипаттамалардың кез келгенін қамтамасыз етуге арналғандар:
а. Кез келгені 1,9oС-ге жеткен бірнеше сәулені біріктіру; немесе
b. Судың тереңдігін белдеу шектеріндегі жекелеген өлшеулердің орташа есебі жолымен алынған, 0,3%-тен жақсы өлшеу дәлдігін қамтамасыз ету;
b. Мынадай сипаттамаларға ие орналасқан жерін табу жүйелері:
1. Беру жиілігі 10 кГц төмен;
2. 10 кГц-ден бастап 24 кГц-ті қоса алғандағы диапазондағы жұмыс жиілігі бар жабдық үшін дыбыстық қысым деңгейі 224 дБ (1 м-ге 1 мкПа);
3. 24 кГц мен 30 кГц аралығындағы диапазондағы жұмыс жиілігі бар жабдық үшін дыбыстық қысым деңгейі 235 дБ (1 м-ге 1 мкПа);
4. Кез келген білік бойынша сәуле қалыптастыру 1oС-қа жеткен және жұмыс жиілігі 100 кГц-тен төмен;
5. 5120 м астам нысаналарды шешу қашықтығында жұмыс істеу мүмкіндігі; немесе
6. 1000 м астам тереңдікте қалыпты жұмыс істеуге арналғандар және кез келген мынадай сипаттамаларға ие түрлендіргіштері бар:
а. Қысыммен динамикалық қайта құрылатындар; немесе
b. Цирконаттың қорғасын титанатынан дайындалатындарға қарағанда басқа түрлендіруші элементтері барлар;
с. Түрлендіргіштерді қамтитын, пьезоэлектрлік, магнитті-стрикциондық, электр-стрикциондық, электр-динамикалық немесе гидравликалық элементтерді біріктіретін, жеке немесе белгілі бір комбинацияда жұмыс істейтін, келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие акустикалық прожекторлар:
1-ескерту: Басқа жабдық үшін арнайы әзірленген түрлендіргіштерді қамтитын акустикалық прожекторлардың бақылаулық мәртебесі осы басқа жабдықтың бақылаулық мәртебесімен айқындалады.
2-ескерту: 6001А.1 тармақ бойынша Тек вертикалды зондтауды жүзеге асыратын электронды көздер механикалық (мысалы, пневматикалық мылтықтар немесе бу-соққылық мылтықтар) немесе химиялық (мысалы, жарғыш) көздер.
1. 10 кГц-тен төмен жиіліктерде жұмыс істейтін аспаптар үшін 0,01 мВт/шаршы мм/Гц-тен асатын акустикалық қуатта қас қағымдық сәулеленетін тығыздық;
2. 10 кГц-тен төмен жиіліктерде жұмыс істейтін аспаптар үшін 0,01 мВт/шаршы мм/Гц-тен асатын акустикалық қуатта үздіксіз сәулеленетін тығыздық;
Техникалық ескерту:
«Акустикалық қуаттың тығыздығы» шығу акустикалық қуатын сәулеленетін үстіңгі бет пен жұмыс жиілігі алаңының қосындысына бөлудің нәтижесінде алынады.
3. 22 дБ-дан астам бүйірлік жапырақшаларды басып тастау;
d. 1000 метрден астам дистанцияда орналасуы 10 метрден кем дәлдікпен өлшеу кезіндегі орташа шаршылық ауытқуы - ОША) су үстіндегі және су астындағы аппараттардың күйін айқындауға арналған, мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие акустикалық жүйелер, жабдық пен олар үшін арнайы әзірленген компоненттер:
Ескерту: 6А001.А.1.а тармақ мыналарды қамтиды:
а. Екі немесе одан көп буйдың арасындағы когорентті «сигналдардың өңделуін» пайдаланатын жабдық және су үстіндегі кемелер мен су астындағы аппараттардың гидрофондық құрылғысы;
b. Орналасқан жерін анықтау үшін дыбыстық таралуының ақаулығын автотүзетуге ие жабдық.
2. Мыналар секілді паccивті (белсенді аппаратурамен байланысқа қарамастан штаттық режимде қабылдайтындар) жабдық және арнайы әзірленген компоненттер:
а. Келесі сипаттамалардың кез келгені бар гидрофондар (түрлендіргіштер):
Ескерту: Басқа жабдық үшін арнайы әзірленген гидрофондардың бақылау мәртебесі осы жабдықтың бақылау мәртебесімен айқындалады.
1. Диаметрі немесе ұзындығы 20 мм-ден кем және элементтердің арасындағы қашықтығы 20 мм-ден аз үздіксіз жұмыс істейтін икемді бергіштер қосқыштары немесе дискретті әрекет ететін бергіштер жинамалары;
2. Кез келген келесі сезімтал элементтерге ие:
а. Талшықты-оптикалық; немесе
b. Керамикалық материалдардан жасалған икемді пьезоэлектрлік;
3. Жеделдетуді өтеусіз кез келген тереңдікке арналған 180 дБ-ден жақсы гидрофондық сезімталдығы барлар;
4. 35 м-ден аспайтын тереңдіктегі іске арналған, жеделдетуді өтеумен 186 дБ-ден жақсы гидрофонды сезімталдықтағы; немесе
5. 1000 м астам тереңдіктегі жұмыс үшін әзірленгендер;
Техникалық ескерту:
«Гидрофондық сезімталдық» гидрофонды бергіш күшейткішсіз 1 мкПа орташа квадраттық қысымдағы тегіс толқынның акустикалық өрісіне орналастырылған кездегі орташа шаршылық шығу кернеуінің 1В тірек кернеуіне (ОША) қатынасының жиырма еселенген ондық логарифмі ретінде айқындалады. Мысалы, 180 дБ сезімталдықтағы гидрофон шығуында тек 10-9 В ғана берсе, 160 дБ (мкПп-ға тірек кернеуі 1В) гидрофон мұндай өрісте 10-8 В шығу кернеуін береді. Осылайша, 160 дБ 180 дБ-ге қарағанда жақсырақ.
b. Келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие тіркемелетін акустикалық гидрофондық торлар:
1. 12,5 м және одан кем қадаммен орналасқан немесе 12,5 мден кем немесе модификациялануға қабілетті гидрофондық топтарды орналастыру үшін «модификациялануға қабілетті» гидрофондық топтар;
2. 35 м-ден астам тереңдіктегі жұмыс үшін әзірленген немесе «модификациялануға қабілетті» гидрофондық топтар;
Техникалық ескерту:
6А0001а.2.b.2 тармақшада көрсетілген «модификацияға қабілеттілік» гидрофондық топтардың орналасқан жерін немесе жұмыс тереңдіктерінің шектерін өзгертуге арналған орамалардың немесе ішкі қосылыстардың болу мүмкіндігін білдіреді. Мұндай мүмкіндіктер ораманың жұмыс жіптері санының 10%-тен астам қосалқы жіптерінің, гидрофондық топтың конфигурациясын реттейтін блоктардың немесе біреуден астам гидрофондық топтарды реттеу мен бақылауды қамтамасыз ететін бату тереңдігін шектеу құрылғыларының болуын болып табылады.
3. 6А001А2d тармақ бойынша бақыланатын, басқарылатын бергіштері барлар;
4. Торлардың ұзына бойы бекітілген қосқышты кабелдері барлар;
5. Диаметрі 40 мм кем жиналған торлары барлар;
6. 35 м астам тереңдіктегі жұмыс үшін әзірленген немесе 35 м асатын тереңдікте жұмыс істеуге арналған реттелетін не ауысымды тереңдікті сезімтал құрылғысы барлар; немесе