6. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өз бетінше әкету кезінде заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер осы Кодекстің талаптарын сақтауға, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен шарттар жасасуға міндетті.
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері немесе тұрмыстық қатты қалдықтарды өз бетінше әкетуді жүзеге асыратын қалдықтардың меншік иесі мұндай қалдықтардың тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жеткізілуін қамтамасыз етеді.
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7-1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптауды жүзеге асыратын кəсіпкерлік субъектілері осы Кодекстің талаптарына сəйкес қалдықтарды қалпына келтіруге жібереді, ал қалдықтарды энергетикалық кəдеге жарату объектілеріне жəне (немесе) тұрмыстық қатты қалдықтарды көму полигондарына қалған қалдықтарды жібереді.
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Осы Кодекстің 351-бабында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, тұрмыстық қатты қалдықтарды көму полигонына қалдықтарды тікелей әкету тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау мен қалдықтарды энергетикалық кəдеге жаратуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері болмаған немесе осы елді мекендегі осындай субъектілердің өндірістік қуаты жеткіліксіз болған жағдайда жүргізіледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 368-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
368-бап. Коммуналдық қалдықтарды тасымалдауға қойылатын талаптар
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Коммуналдық қалдықтарды тасымалдау (оның ішінде әкету) осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарымен жүзеге асырылуға тиіс.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Коммуналдық қалдықтарды тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері көліктің қозғалысы туралы толық навигациялық ақпаратты «Қазақстан Республикасы қоршаған ортасының және табиғи ресурстарының жай-күйі туралы ұлттық дерекқор» цифрлық жүйесіне беруге міндетті.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Коммуналдық қалдықтарды әкетуді жүзеге асыратын көлік құралдарының қозғалысын спутниктік навигациялық жүйелердің деректері бойынша қадағалау үшін «Қазақстан Республикасы қоршаған ортасының және табиғи ресурстарының жай-күйі туралы ұлттық дерекқор» цифрлық жүйесінің тиісті кіші бөлімін әзірлеуді және жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Коммуналдық қалдықтарды тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері тиісті қызметтер көрсету кезінде мынадай талаптарды сақтауға:
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) коммуналдық қалдықтарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған көлік құралдарын пайдалануға;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын «Қазақстан Республикасы қоршаған ортасының және табиғи ресурстарының жай-күйі туралы ұлттық дерекқор» цифрлық жүйесіне қосылған спутниктік навигациялық жүйелермен жабдықтауға және бұл жүйелерді үнемі жұмыс жағдайында ұстауға;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларында белгіленген үлгілік нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың меншік иелерімен шарттар жасасуға;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауға тиіс.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Коммуналдық қалдықтарды тасымалдауға, көлік құралдарының боялуына, арнайы айырым белгілерімен жабдықталуына және жабдықтарына, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарына қойылатын талаптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарында белгіленеді.
28-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
369-бап. 2026.07.07. № 336-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
370-бап. Радиоактивті қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар
1. Жеке және заңды тұлғалар атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган белгілеген радиоактивті материалдарды өндіру, сақтау, тасымалдау, пайдалану, кәдеге жарату және жою қағидаларын сақтауға, радиациялық әсер етудің шекті жол берілетін деңгейі нормативтерінің бұзылуына жол бермеуге, қоршаған ортаның радиациялық ластануының алдын алу және оны жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
2026.07.07. № 336-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау және көму жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2026.07.07. № 336-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Радиоактивті материалдарды тасу кезінде төтенше жағдайлар туындаған жағдайда азаматтардың денсаулығын, олардың мүлкін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасының, халықтың радиациялық қауіпсіздігі мен техникалық регламенттердің талаптары сақталуға тиіс.
371-бап. 2026.07.07. № 336-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
372-бап. 2026.07.07. № 336-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
373-бап. 2026.07.07. № 336-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
374-бап. 2026.07.07. № 336-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
375-бап. 2026.07.07. № 336-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29-тарау. ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
376-бап. Құрылыс қалдықтарын басқару саласындағы экологиялық талаптар
1. Құрылыс қалдықтары деп ғимараттарды, құрылысжайларды, өнеркәсіптік объектілерді, жолдарды, инженерлік және басқа да коммуникацияларды бұзу, бөлшектеу, реконструкциялау, жөндеу (оның ішінде күрделі жөндеу) немесе салу процесінде түзілетін қалдықтар түсініледі.
2. Құрылыс қалдықтары тікелей құрылыс алаңында немесе арнайы орында басқа қалдық түрлерінен міндетті түрде бөлуге жатады.
3. Бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес құрылыс қалдықтарын қалпына келтіру жағдайларын қоспағанда, құрылыс қалдықтарын басқа қалдық түрлерімен араластыруға тыйым салынады.
4. Құрылыс қалдықтарын арнайы белгіленген орындардан тыс жинақтауға тыйым салынады.
377-бап. Медициналық қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар
1. Медициналық қалдықтар - медициналық қызметтер көрсету және медициналық манипуляциялар жүргізу процесінде түзілетін қалдықтар.
2. Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
3. Медициналық қалдықтарды термиялық және (немесе) химиялық процестерді қолдана отырып өңдеу және жою осы Кодекстің талаптары сақтала отырып жүзеге асырылуға тиіс.
378-бап. Биологиялық қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар
1. Биологиялық қалдықтар Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
2. Биологиялық қалдықтармен жұмыс істеу тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
3. Биологиялық қалдықтарды термиялық және (немесе) химиялық процестерді қолдана отырып өңдеу және жою осы Кодекстің талаптары сақтала отырып жүзеге асырылуға тиіс.
379-бап. Құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар
1. Құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар қалдықтарды сақтау пункттері жойылуы қиын органикалық ластағыштардың қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына ықпалын болғызбауды қамтамасыз ететін қорғау құралдарымен жабдықталуға тиіс.
2. Құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар қалдықтарды есепке алу қатаң есептілік журналдарында жүргізіледі.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етпей, құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар қалдықтардың меншік иесі мен иеленушісін ауыстыруға тыйым салынады.
4. Құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар қалдықтардың кадастры қалдықтардың мемлекеттік кадастры шеңберінде жеке бөлім болып жүргізіледі.
5. Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластағыштар туралы халықаралық шарттарында көзделген құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар қалдықтарды көмуге тыйым салынады. Осындай қалдықтардың экспорты мен импортына оларды құрту мақсатында ғана рұқсат етіледі.
380-бап. Қалдықтардың жекелеген түрлерін және олардың тіршілік циклінің процестерін басқару саласындағы экологиялық талаптар
1. Қалдықтардың жекелеген түрлерімен жұмыс істеу кезінде қалдықтардың иелері экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген қалдықтардың жекелеген түрлерін басқару саласындағы ұлттық стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
2. Қалдықтар санатына өткен материалдар мен өнімдерді (шиналарды, электрондық және электр жабдықтарды, қаптаманы, қағазды, пайдаланылған майларды, химиялық ток көздерін, құрамында сынап бар қалдықтарды), сондай-ақ басқа да қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі арнайы экологиялық талаптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген қалдықтардың жекелеген түрлерін басқару саласындағы ұлттық стандарттарда белгіленеді.
381-бап. Ғимараттарды, құрылыстарды, құрылысжайларды және өзге де объектілерді жобалау кезінде қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар
Салынуы (көтерілуі, құрылуы) кезінде қалдықтардың түзілуі болжанатын ғимараттарды, құрылыстарды, құрылысжайларды және өзге де объектілерді жобалау кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган белгілейтін қалдықтарды басқару саласындағы қағидаларға, нормативтер мен талаптарға сәйкес осындай қалдықтарды жинауға арналған орындар (алаңдар) көзделуі қажет.
30-тарау. ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КАДАСТРЫ
382-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастры
1. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры қалдықтарды орналастырудың әрбiр объектiсi (олардың кеңiстiктегi орналасуын көрсете отырып) бойынша, сондай-ақ қалдықтардың түрлерi, олардың шығу көздерi мен физикалық-химиялық қасиеттерi (халыққа және қоршаған ортаға қауiптiлiгi ескерiле отырып), құрамдастық құрамы, сапалық және сандық көрсеткiштерi, сақтаудың, көму мен тастаудың техникалық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары, пайдаланылу мен залалсыздандырылу технологиялары бойынша біріздендірілген мәлiметтердің геоақпараттық жүйелер негізiнде жүйелендірілген, кезең-кезеңімен толықтырылып және нақтыланып отыратын жиынтығын білдіреді.
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қалдықтардың барлық түрi және қалдықтарды игеру объектiлерi калдықтардың мемлекеттiк кадастрында есепке алуға жатады.
Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.
Объектілердің операторлары өздерінің қызметі процесінде қалдықтарды тұрақты есепке алуды (түрі, саны, қасиеттері) жүргізуге міндетті. Қалдықтарды тұрақты есепке алу нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган бекітеді.
383-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрының мақсаттары мен міндеттері
1. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры мемлекеттiк органдарды, мүдделi жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге қатысты технологиялық, экономикалық, құқықтық және басқа да шешiмдердi бағалау, болжау, әзiрлеу үшiн ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ қалдықтарды жалпымемлекеттiк кешендi есепке алуды жүргiзу мақсатында жүргiзiледi.
2. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудiң негiзгi мiндетi жалпы мемлекеттiк, өңiрлiк және салалық ақпараттық-сараптамалық жүйелер мен дерекқорларды қалдықтар, оларды қайта өңдеу қасиеттерi мен технологиялары жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
384-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу
1. Объектілердің операторлары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттаманы ұсынады:
1) қауіпті қалдықтардың паспорты;
2) қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп;
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мыналарды:
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының жер учаскесін бөлу туралы шешімін;
жер пайдалану құқығына арналған актіні;
қалдықтарды орналастыру объектілерін құрудың техникалық-экономикалық негіздемесін жəне (немесе) уəкілетті органдармен келісілген жобалау-сметалық құжаттаманы;
қалдықтарды жинақтау жəне (немесе) қалдықтарды көму объектілерін құру жобасына мемлекеттік экологиялық жəне санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындысын қамтитын қалдықтарды жинақтау жəне (немесе) қалдықтарды көму объектісі бойынша кадастрлық іс.
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрының мəліметтеріне сəйкес ақпаратты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы қалдықтарды игеруді жүзеге асыратын тұлғалар ұсынатын қалдықтарды игеру саласындағы əкімшілік деректер негізінде, осы баптың 1-тармағында айқындалатын тəртіппен қалыптастырады жəне Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сəйкес мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органға жібереді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттардың нысанын, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттама есепті кезеңнен кейінгі кезеңнің 1-ші күніндегі жағдай бойынша есепті кезеңнен кейінгі кезеңнің үшінші айының 1-ші күніне дейінгі мерзімде оны Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесінде толтыру жəне объект операторының ақпаратты беруге жауапты лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы электрондық нысанда əрбір жартыжылдықта ұсынылады.
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттама өзгерген жағдайда оны Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі цифрлық жүйесінде толтыру және объект операторының ақпаратты беруге жауапты лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы электрондық нысанда қайта ұсынылады.
385-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу нәтижелері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жыл сайынғы ақпараттық шолуды жасайды.
2. Қалдықтардың мемлекеттік кадастры қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесінде, интернет-ресурсында орналастырылады және жаңартылып отырады.
31-тарау. ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ (ИМПОРТТАУШЫЛАРДЫҢ) КЕҢЕЙТІЛГЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
386-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауға қойылатын талаптар
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша өнімнің (тауарлардың) жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар мұндай өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды (бұдан әрі - өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері) қамтамасыз етуге міндетті.
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өндірушілер мен импорттаушылар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін мынадай тәсілдердің бірімен орындайды:
1) қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесін қолдану;
2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторымен қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт жасасу, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларына сәйкес кәдеге жарату төлеміне өтінім беру және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының банктік шотына берілген өтінім негізінде кәдеге жарату төлемі түрінде ақша енгізу.
Кәдеге жарату төлемі (бұдан әрі - кәдеге жарату төлемі) деп өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) және оның (олардың) қаптамасының тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндіруші (импорттаушы) жүзеге асыратын төлемақы түсініледі.
Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт деп өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) және оның (олардың) қаптамаларының тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы үлгілік шарт негізінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы мен өндіруші (импорттаушы) арасында жасалатын, нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган айқындайтын шарт түсініледі.
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген тәсіл автомобиль көлік құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер мен импорттаушыларға қолданылмайды.
4. Өндіруші немесе импорттаушы қолданатын қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесіне қойылатын талаптарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәсілді пайдаланған жағдайда өндіруші немесе импорттаушы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларына сәйкес өтінім береді және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының банктік шотына кәдеге жарату төлемін енгізеді. Көрсетілген кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Осы Кодекстің 388-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторымен шарт жасасқан өндірушілердің кәдеге жарату төлемін енгізу жөніндегі міндеттемелері қарсы талаптар болған кезде есепке жатқызу арқылы тоқтатылады.
6. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері:
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өндірілген майлар, полимер, шыны, қағаз және (немесе) картон қаптамалар, аккумулятор батареялары бөлігінде, оларды өндіру үшін тиісінше Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделген және кәдеге жаратылған пайдаланылған майлардың, пластмасса, шыны, қағаз және картон қалдықтарының, пайдаланылған аккумулятор батареяларының кемінде отыз пайызы пайдаланылған жағдайда, өндірушілерге;
Осы тармақшада аталған өндірушілер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен растайтын құжаттарды ұсынады;
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, оның шегінен тысқары жерге өткізілген өнім (тауарлар) бөлігінде өндірушілерге және импорттаушыларға;
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, оның шегінен тысқары жерге өткізілген өнімді (тауарларды) қаптауға арналған және (немесе) олар қапталған полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамалар, аралас материалдардан жасалған қаптамалар бөлігінде өндірушілерге және импорттаушыларға;
4) автомобиль көлік құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын импорттаушыларды қоспағанда, жеке пайдалану тауарларын бажсыз әкелуге арналған квота шегінде өнімді (тауарларды) импорттау кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке тұлғаларға;