Осы тармақта көзделген міндеттемелер қалдықтарды жинап қою объектісі жабылғаннан кейін мониторингтеу кезеңіне қолданылады.
5. Қалдықтарды жинап қою объектісін салу, жабу және бүлінген жерді оңалту мақсаттары үшін тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын ашық немесе жерасты тау-кен қазындыларына салу мынадай:
1) қалдықтарды жинап қою объектісінің физикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету;
2) осы Кодекстің талаптарына сәйкес топырақтың, жерүсті және жерасты суының ластануын болғызбау;
3) осы тараудың талаптарына сәйкес мониторинг жүргізу талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
360-бап. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару бағдарламасы
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қалдықтарды жинап қою объектісінің операторы осы Кодекстің 335-бабының 1-тармағында көзделген қағидаларға сəйкес қалдықтардың түзілуін, қалпына келтірілуін барынша азайту және жою үшін тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару бағдарламасын әзірлеуге міндетті.
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару бағдарламасы осы Кодекске сәйкес әзірленетін және бекітілетін ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі анықтамалықтарға сәйкес ең үздік қолжетімді техникаларды пайдалану қажеттігі ескеріле отырып әзірленеді.
3. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару бағдарламасының мақсаттары:
1) қалдықтардың түзілуін және олардың қауіптілігін болғызбау немесе төмендету;
2) тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын қалпына келтіруді бұл экологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайларда қайта өңдеу, қайтадан пайдалану арқылы ынталандыру;
3) қысқа және ұзақ мерзімді перспективада қалдықтарды қауіпсіз жоюды, атап айтқанда:
жабылған қалдықтар жинап қою объектісін мониторингтеудің, бақылаудың және оларды басқарудың ең төмен деңгейін немесе оларға қажеттіліктің болмауын болжайтын;
қалдықтарды көмуден ұзақ мерзімді жағымсыз салдарларды болғызбауға немесе төмендетуге бағытталған;
бөгеттер мен жердің бетінен шығып тұратын үйінділердің ұзақ мерзімді геотехникалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін жобалаудың тиісті нұсқасын таңдау арқылы қамтамасыз ету болып табылады.
4. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару бағдарламасы экологиялық рұқсаттың ажырамас бөлігі болып табылады және қалдықтарды жинап қою объектісін пайдалану шарттарында және (немесе) жинап қойылатын қалдықтардың түрінде, сипатында елеулі өзгерістер болған жағдайда әрбір бес жыл сайын қайта қарауға жатады. Өзгерістер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның бекітуіне жатады.
5. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару бағдарламасы сатылық қағидатына сәйкес әзірленеді және түзілетін және (немесе) үшінші тұлғалардан алынатын қалдықтардың көлемі мен құрамы, оларды жинақтау, жинау, тасымалдау, залалсыздандыру, қалпына келтіру және жою тәсілдері туралы мәліметтерді, сондай-ақ қалдықтардың түзілуін қысқарту, оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін ұлғайту бойынша ұсынылатын шаралардың сипаттамасын қамтуға тиіс.
361-бап. Судың жай-күйінің нашарлауын, ауа мен топырақтың ластануын болғызбау
1. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарымен жұмыс істеген кезде:
1) қалдықтарды жинап қою объектісін пайдалану кезеңінде және ол жабылғаннан кейін сүзінділердің құрамындағы ластағыш заттарды қоса алғанда, сүзінділердің, жинап қойылатын қалдықтардың түзілу әлеуетін бағалау, қалдықтарды жинап қою объектісінің су балансын айқындау;
2) сүзіндінің түзілуін және жерүсті немесе жерасты суының және топырақтың ластануын болғызбау немесе барынша азайту;
3) ластанған су мен сүзіндіні оларды ағызу үшін қажетті деңгейге дейін жинау және тазалау арқылы судың ластануын болғызбау үшін осы Кодексте белгіленген экологиялық талаптарды сақтау міндетті.
2. Қалдықтарды жинап қою объектісінің операторы шаң мен газдың шығарылуын болғызбау немесе азайту үшін шаралар қабылдауға міндетті.
3. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын су жайылуы мүмкін ашық немесе жерасты тау-кен қазындыларына қайта орналастырған кезде қалдықтарды жинап қою объектісінің операторы су мен топырақ жай-күйінің нашарлауын болғызбау немесе барынша азайту жөнінде қажетті шаралар қабылдауға тиіс.
4. Егер жинағыш тоғанда цианид болса, оператор сұйық қалдықтағы цианид концентрациясының ең үздік қолжетімді техникаларды пайдалана отырып, ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін төмендетілуін қамтамасыз етуге тиіс.
362-бап. Ірі экологиялық оқиғаларды болғызбау
1. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын жинақтау жөніндегі қызметті бастар алдында қалдықтарды жинап қою объектісінің операторы тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару кезінде ірі экологиялық оқиғаларды болғызбау бағдарламасын, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес осындай оқиғаларға ден қоюдың ішкі жоспарын әзірлеуге міндетті.
2. Қалдықтарды жинап қою объектісінің операторы осындай бағдарламаны енгізу және оның іске асырылуын бақылау мақсатында жауапты қызметкерді тағайындайды.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ірі экологиялық оқиғаларға ден қоюдың сыртқы жоспарын әзірлейді, онда осындай оқиғалар туындаған жерден тыс қолданылатын іс-шаралар көзделеді. Қалдықтарды жинап қою объектісінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ірі экологиялық оқиғаларға ден қоюдың сыртқы жоспарын әзірлеу үшін қажетті ақпаратты беруге міндетті.
4. Ірі экологиялық оқиға басталған кезде қалдықтарды жинап қою объектісінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды дереу хабардар етуге және барлық қажетті ақпаратты беруге, сондай-ақ осындай оқиғаның адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына зардаптарын барынша азайту және нақты немесе ықтимал экологиялық залал дәрежесін бағалау үшін жәрдем көрсетуге міндетті.
363-бап. Қалдықтарды жинап қою объектісін жабу және жабылғаннан кейінгі кезеңдегі мониторингтеу
1. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын жинап қою объектісін немесе оның бір бөлігін жабу кезінде мұндай объектіні жапқаннан кейінгі кезеңде мониторинг жүргізу жөніндегі міндеттемелердің мерзіммен шектелмейтіні ескеріле отырып, осы Кодекстің 356-бабының ережелері қолданылады.
2. Қалдықтарды жинап қою объектісін жабу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру, бүлінген жерді рекультивациялауды және кейіннен мониторингті жүргізу «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
364-бап. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын жинап қою объектілерін түгендеу
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қысқа мерзімді немесе орта мерзімді перспективада қоршаған ортаға елеулі жағымсыз салдарлар келтіретін немесе халықтың өміріне және (немесе) денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қатер төндіретін тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтары жинап қойылатын жабық (пайдаланудан шығарылған, жойылған) және қараусыз (иесіз) объектілердің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады.
2. Тізілім осы Кодекстің 340-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар ұсынатын деректер негізінде кезеңділікпен, бірақ жылына бір реттен сиретпей жаңартылуға жатады.
3. Көрсетілген тізілім оны жүргізуге жауапты тұлғаның, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми сайттарында ашық қолжетімділікте орналастырылады.
27-тарау. КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
365-бап. Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар
1. Коммуналдық қалдықтар деп мынадай тұтыну қалдықтары түсініледі:
1) өзгелермен қатар қағаз бен картонды, шыныны, металдарды, пластмассаны, органикалық қалдықтарды, сүректі, тоқыманы, қаптаманы, пайдаланылған электр және электрондық жабдықтарды, батареялар мен аккумуляторларды қоса алғанда, үй шаруашылықтарының аралас қалдықтары мен бөлек жиналған қалдықтары;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) егер аралас қалдықтар және басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылықтарының қалдықтарына ұқсас болса, осындай қалдықтар.
Коммуналдық қалдықтарға өндіріс, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, аквашаруашылық, септиктер мен кәріз желілері, сондай-ақ сарқынды судың тұнбасын қоса алғанда, тазарту құрылысжайлары қалдықтары, пайдаланудан шығып қалған көлік құралдары немесе құрылыс қалдықтары кірмейді.
Тұтыну қалдықтарына адамның тыныс-тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген қалдықтар, өзінің тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың қаптамасы және агрегаттық жай-күйіне қарамастан жарамдылық не пайдалану мерзімі біткен, сондай-ақ меншік иесі өз бетінше физикалық түрде құтылған не тұтыну қалдықтарының қатарына құжатпен аударған өзге де заттар немесе олардың қалдықтары жатады.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты:
1) коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту;
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту;
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) коммуналдық қалдықтарды игеру бағдарламаларын əзірлеу жөніндегі əдістемені əзірлеп, бекіту;
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4) кездейсоқ қоқыстарды жою қағидаларын бекіту арқылы іске асырады.
3. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты:
1) өз құзыреті шегінде коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны бекіту;
2) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту;
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту арқылы іске асырады.
4. Аудандардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты:
1) коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын үш жылда бір реттен сиретпей әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органдарға бекітуге ұсыну;
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі объектілерді салуға және (немесе) орналастыруға, оның ішінде контейнер алаңдарын және қайталама ресурстарды қабылдау пункттерін жайластыру үшін жер учаскелерін бөлу;
4) коммуналдық қалдықтарды жою және көму жөніндегі объектілерді салуды қамтамасыз ету;
5) осы Кодекске, коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеуге бақылауды, сондай-ақ коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемдерін төмендетуге, оларды қайта пайдалануға, қайта өңдеуге, кәдеге жаратуға дайындау деңгейін арттыруға және көмуге жататын коммуналдық қалдықтардың көлемін қысқартуға бағытталған іс-шаралар мен экономикалық құралдарын әзірлеуді, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жүзеге асыру;
6) 2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін әдістемеге сәйкес есептелген тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді үш жылда бір реттен сиретпей әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органдарға бекітуге ұсыну;
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген əдістемеге сəйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасында тарифті бөлу тәртібін айқындау;
9) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, оның ішінде қалпына келтірілгенге немесе жойылғанға дейін тасымалдау мен жинақтауды көздейтін, оларды жинаудың ұтымды және экологиялық қауіпсіз жүйесін ұйымдастыру;
10) коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, қалпына келтіру және жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері үшін қажетті инфрақұрылымды құруды және оның жұмыс істеуін, соның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы қамтамасыз ету;
11) коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;
12) коммуналдық органикалық қалдықтарды бөлек жинауды және оларды қалпына келтіруді, оның ішінде компостерлеу арқылы ынталандыру;
13) тұрғылықты жері бойынша тіркелген азаматтардың санын сәйкестендіру мақсатында коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, қалпына келтіру, оның ішінде қайта өңдеу және жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін халықты тіркеу туралы мәліметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету;
14) бөлек жинауды қоса алғанда, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың, кәдеге жаратудың және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі туралы халыққа хабар беру;
15) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерінің иелері үшін қалдықтарды әкету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру арқылы іске асырады.
5. Ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты:
1) комуналдық органикалық қалдықтарды бөлек жинауды және оларды қалпына келтіруді, оның ішінде компостерлеу арқылы ынталандыру;
2) коммуналдық қалдықтарды тұрақты әкетуді ұйымдастыру;
3) коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) коммуналдық қалдықтарды санкциясыз жағуды болғызбау және олардың жолын кесу;
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5) коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау жəне көму орындарын ұйымдастыру арқылы іске асырады.
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау мынадай фракциялар бойынша жүзеге асырылады:
1) «құрғақ» (қағаз, картон, металл, пластик жəне шыны);
2) «дымқыл» (тамақ қалдықтары, органика жəне өзгесі);
3) «коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштары».
Коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштары (электрондық жəне электр жабдықтар, құрамында сынап бар қалдықтар, медициналық қалдықтар, батарейкалар, аккумуляторлар жəне өзге де қауіпті құрамдастар) бөлек жиналуға жəне қалпына келтіру үшін мамандандырылған ұйымдарға берілуге тиіс.
366-бап. Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Инфрақұрылымды жобалау, салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту, пайдалану және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, көму жөніндегі қызметті жүзеге асыру (бұдан әрі - тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Кездейсоқ қоқыстарды жою деп оларды жинақтауға немесе көмуге арналған арнайы белгіленген орындардан тыс орналастырылған қалдықтарды сұрыптау, залалсыздандыру, қайта өңдеу, кәдеге жарату немесе көму үшін арнайы бейімделген ұйымдарға жинау, тасымалдау және беру түсініледі.
2. Кәдеге жарату төлемінің қаражатын тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін пайдалану осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады. Бұл ретте мұндай жобалар халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф есебінен жүзеге асырылатын тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жөніндегі қызмет үшін ғана қолданылады.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді, оған мыналар кіреді:
1) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы және үлгілік шарттар;
3) жекеше әріптестің шығындарын өтеу тәртібі, шарттары және шектері;
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған шекті тарифті қалыптастыру және бекіту тәртібі.
4. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары осы баптың 3-тармағының 1) - 3) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларына қатысты конкурсты ұйымдастырушылар болады, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді.
5. Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде жекеше әріптестің шығындарын өтеу халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерінен түсетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.
6. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған шекті тариф пен ағымдағы тариф арасындағы айырманы өтейді.
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әрбір жобасы үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған шекті тарифтің мөлшерін астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы əзірлеп, бекітеді жəне бұл мөлшер тиісті қаладағы, аудандағы көрсетілген операциялар бойынша нақты және инвестициялық шығыстарды көрсетеді.
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 367-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
367-бап. Тұрмыстық қатты қалдықтарды игерудің орталықтандырылған жүйесі
1. Тұрмыстық қатты қалдықтар деп қатты пішіндегі коммуналдық қалдықтар түсініледі.
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тұрмыстық қатты қалдықтарды игерудің орталықтандырылған жүйесі (бұдан әрі - орталықтандырылған жүйе) - меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде не жеке тұрған ғимараттарда (құрылысжайларда) тұратын (орналасқан) және (немесе) өз қызметін жүзеге асыратын және меншік құқығында контейнер алаңдары мен контейнерлері жоқ, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын жерде орналасқан, меншік құқығындағы контейнер алаңдары мен контейнерлері бар жеке және заңды тұлғаларды тұрмыстық қатты қалдықтарды игеру жөніндегі көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету шеңберінде жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын жүйе. Контейнер алаңдары - тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын арнайы бейімделген көлікке арналған кірме жолдары бар, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау үшін контейнерлер орналастырылатын қалдықтарды жинақтауға арналған арнайы алаңдар.
Орталықтандырылған жүйе шеңберінде коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштарын жинау орындарын коммуналдық қалдықтарды игеру қағидаларына сəйкес жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғалар жария шарттар негізінде орталықтандырылған жүйені пайдалануға және жергілікті өкілді орган бекіткен тарифтерге сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды жинағаны, тасымалдағаны, сұрыптағаны жəне көмгені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге міндетті.
Тұрғын үйлерде немесе жеке тұрған ғимараттарда (құрылысжайларда) қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер орталықтандырылған жүйені пайдалану кезінде осы Кодекске сәйкес жергілікті атқарушы органдар айқындаған, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерімен тұрмыстық қатты қалдықтарды игеруге шарт жасасуға міндетті.
Жеке тұрған ғимараттарда (құрылысжайларда) қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің орталықтандырылған жүйеге жатпайтын көрсетілетін қызметтерін пайдалану кезінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттар және хабарламалар тізіліміне енгізілген қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерімен тұрмыстық қатты қалдықтарды игеруге шарт жасасуға міндетті.
4. Орталықтандырылған жүйені жергілікті атқарушы орган осы Кодекстің талаптарына және коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын тұрмыстық қатты қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурс (тендер) өткізу арқылы ұйымдастырады.
5. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларында өзгеше көзделген жағдайларды қоспағанда, осындай қағидаларға сәйкес келетін және қалдықтардың басқа түрлерін тасымалдауға арналмаған, арнайы жабдықталған көлік құралдарын ғана пайдалануға міндетті.
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)