2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның, жәбірленушінің, олардың заңды өкілдерінің, қорғаушылардың, заңды тұлғалар өкілдерінің, сондай-ақ өздерінің орталық мемлекеттік, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арқылы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынуды енгізу және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат беруге құқығы бар.
Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның жағдайын жақсартуға алып келетін, ұсынуды енгізу және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхаттар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы күшіне енген күннен бастап екі жыл ішінде берілуі мүмкін.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды кассациялық тәртіппен қайта қарауға:
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін болатын;
2) қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын;
3) қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатын жағдайлар негіздер болып табылады.
6. Наразылық келтірген прокурор наразылық қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа өтініш беру арқылы оны кері қайтарып алуға құқылы. Наразылықты кері қайтарып алу қайтадан наразылық келтіруге кедергі болмайды.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 7-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7. Кассациялық сатыдағы сотта іс ақылға қонымды мерзімде, бірақ сотқа келіп түскен күнінен бастап алты айдан аспайтын мерзімде қаралады.
Істі кассациялық тәртіппен қарау нәтижелері бойынша сот мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) қаулыны - өзгеріссіз, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
2) қаулыны өзгерту туралы;
3) осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулы шығаруға негіз болған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қаулының күшін жою және істі тоқтату туралы;
4) іс бойынша қаулының күшін жою және жаңа қаулы шығару туралы.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 8-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулының күшін жойған және іс кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберілген жағдайларда, істі кассациялық сатыда қарау осы тараудың қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 46-1-тараумен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
46-1-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау
851-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот қаулыларын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауының негіздері
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, егер:
1) қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндірудегі және қолдануындағы біркелкілікті бұзса;
2) қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзса;
3) қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарға алып келуі мүмкін болса, заңды күшіне енген сот актілері кассациялық сатыда қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша оларды айрықша жағдайларда қайта қарауы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау туралы наразылықты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша өз бастамасымен де, осы Кодекстің 851-бабының төртінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхатымен де енгізуге құқылы.
851-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты судьясының ұсынуын енгізу
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы осы Кодекстің 851-бабының төртінші бөлігінде аталған адамдардың заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау қажеттігі туралы өтінішхаты бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі зерделеу үшін талап етіп алдыра алады. Істі зерделеу нәтижелері бойынша осы Кодекстің 851-1-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде ұсыну енгізеді, онда мыналар көрсетіледі:
1) ұсынудың енгізілген күні мен орны;
2) дау айтылып отырған сот актілері көрсетіле отырып, ұсыну енгізілген іс;
3) ұсынуды енгізу уәждері мен дәлелдері.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылар сот актісінің орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішхат берген жағдайда судья бұл жөнінде ұсынуда көрсетеді.
851-3-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұру
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы қайта қаралғанға дейін оның орындалуын тоқтата тұруға құқылы.
851-4-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау
1. Тараптар заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауды өткізу уақыты мен орны туралы хабардар етіледі.
2. Заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауы ақылға қонымды мерзімде жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бағынысты прокурорларының қатысуы міндетті.
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы Кодекстің 851-1-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер анықталған жағдайда мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) кассациялық сатыдағы сот қаулысын өзгеріссіз қалдырады;
2) апелляциялық сатыдағы қаулыны немесе бірінші сатыдағы сот қаулысын өзгеріссіз қалдырып немесе оның күшін жойып, кассациялық сатыдағы сот қаулысын өзгертеді;
3) бірінші сатыдағы сот қаулысын өзгертіп немесе өзгеріссіз қалдырып, кассациялық және апелляциялық сатылардағы соттар қаулысының күшін жояды;
4) кассациялық сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібереді;
5) кассациялық сатыдағы сот қаулысының, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы қаулы мен бірінші сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі тоқтатады.
5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысы жария етілген күнінен бастап заңды күшіне енеді және түпкілікті болып табылады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 47-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда; 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 47-тараудың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
47-тарау. Заңды күшіне енген, іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдерді, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулыларды, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және оларға шағымдарды, прокурордың апелляциялық өтінішхаттарын, наразылықтарын қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау
852-бап. Қайта қарау негіздері
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдер, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулылар, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар және шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қаулылар жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдерді, қаулыларды, нұсқамаларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін мыналар:
1) құқық бұзушыға, жәбірленушіге белгілі болмаған және белгілі болуы мүмкін емес, іс үшін маңызды мән-жайлар;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленген, заңсыз не негізсіз қаулы шығаруға алып келген, куәнің көрінеу жалған айғақтары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу қате аударма, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың не айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;
3) соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталған, осы істі қарау кезінде жасалған, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылардың, іске қатысатын басқа да тұлғалардың не олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері немесе судъялардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қылмыстық іс-әрекеттері;
4) осы қаулыны шығаруға негіз болған соттың шешімін, үкімін, ұйғарымын немесе қаулысын не өзге де мемлекеттік органның (лауазымды адамның) құқықтық актісінің күшін жою;
2022.05.11. № 158-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының осы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істе қолданылған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тануы негіздер болып табылады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 853-бап жаңа редакцияда
853-бап. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдерді, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулыларды, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарайтын соттар, уәкілетті органдар (лауазымды адамдар)
Заңды күшіне енген, іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімді, қаулыны, нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша осы шешімді шығарған сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) қайта қарайды.
Сот органның (лауазымды адамның) іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімін, қаулысын, нұсқамасын қайта қараған және оларды өзгеріссіз қалдырған жағдайларда, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауды осы шешімді шығарған сот жүзеге асырады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 854-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
854-бап. Арыз беру
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға, жәбірленуші немесе олардың заңды өкілдері немесе прокурор қаулы шығарған не нұсқаманы ресімдеген сотқа, органға (лауазымды адамға) береді.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайта қарауға негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады.
855-бап. Арыздың нысаны мен мазмұны
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда; 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз жазбаша нысанда беріледі. Арызға арыз беруші тұлға немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды.
2. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызда:
1) арыз берілетін соттың, органның (лауазымды адамның) атауы;
2) арыз беруші тұлға туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), телефонның, факстің, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар бар болса); заңды тұлғалар үшін - атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні, телефонның, факстің, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер олар бар болса);
3) арыз иесі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхат берген актіні қабылдаған соттың, органның (лауазымды адамның) атауы; осы актінің қабылданған күні;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) арыз берген тұлғаның талабы; осы Кодекстің 852-бабында көзделген және бұл мән-жайдың ашылғанын немесе анықталғанын растайтын құжаттарға сілтеме жасай отырып, арыз берушінің пікірі бойынша іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы мәселені қоюға негіз болып табылатын жаңадан ашылған мән-жай;
5) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
3. Арызға:
1) жаңадан ашылған мән-жайларды растайтын құжаттардың көшірмелері;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) арыз беруші қайта қарау туралы өтінішхат берген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың (ол болған кезде), қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың көшірмесі;
3) іске қатысатын басқа тұлғаларға оларда жоқ арыздың және құжаттардың көшірмелері жіберілгенін растайтын құжат;
4) адамның арызға қол қою өкілеттіктерін растайтын сенімхат немесе өзге де құжат қоса берілуге тиіс.
856-бап. Арызды соттың, органның (лауазымды адамның) іс жүргізуіне қабылдау
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды сақтай отырып, іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы берілген арыз тиісті соттың, органның (лауазымды адамның) іс жүргізуіне қабылданады.
2. Арызды іс жүргізуге қабылдау туралы мәселе ол түскен күннен бастап үш тәулік ішінде шешіледі.
3. Арызды іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарылады, онда арызды қарау бойынша отырыс өткізудің күні мен орны көрсетіледі.
4. Ұйғарымның көшірмелері іске қатысатын тұлғаларға жіберіледі.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 857-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
857-бап. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайтару
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тиісті соттың судьясы, уәкілетті органның лауазымды адамы, егер арызды іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешу кезінде:
1) арыз осы Кодекстің 855-бабында белгіленген қағидаларды бұза отырып берілгенін;
2) арыз белгіленген мерзім өткеннен кейін берілгенін және мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхаттың болмауын немесе арыз берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіруден бас тартылғанын;
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың сақталмағанын анықтаса, арыз берушіге іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы берген арызын қайтарып береді.
2. Арызды қайтару туралы ұйғарым шығарылады.
Ұйғарымның көшірмесі арызбен және оған қоса берілетін құжаттармен бірге оның шығарылған күнінен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей арыз берушіге жіберіледі.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Арызды қайтару туралы ұйғарымға шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты немесе наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.
858-бап. Арыз беру үшін мерзімді есептеу
Арыз беру үшін мерзім:
1) осы Кодекстің 852-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайларда - іс үшін едәуір маңызы бар мән-жайлар ашылған күннен бастап;
2) осы Кодекстің 852-бабы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда - сот үкімінің заңды күшіне енген күнінен бастап;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы Кодекстің 852-бабы екінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайларда - қайта қаралатын іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешім, қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама негізделген сот үкімі, шешімі, ұйғарымы, қаулысы немесе өзге де мемлекеттік органның (лауазымды адамның) құқықтық актісі заңды күшіне енген күнінен бастап;
2022.05.11. № 158-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы Кодекстің 852-бабы екінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайларда - Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының осы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істе қолданылған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тану туралы қаулыны қабылдау күнінен бастап есептеледі.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 859-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 859-бап өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
859-бап. Арызды қарау
Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды сот, орган (лауазымды адам) отырыста қарайды. Арыз беруші және іске қатысатын тұлғалар отырыстың уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуі арызды қарауға кедергі болып табылмайды.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 860-бап жаңа редакцияда
860-бап. Соттың, уәкілетті органның (лауазымды адамның) істі қайта қарау туралы қаулысы
1. Сот, орган (лауазымды адам) іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қарап, арызды қанағаттандырады және іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімнің, қаулының, нұсқаманың күшін жояды не оларды қайта қараудан бас тартады.
2. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімнің, қаулының, нұсқаманың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша күшін жою туралы және іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы соттардың, органдардың (лауазымды адамдардың) шешімдеріне белгіленген тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.
3. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімнің, қаулының, нұсқаманың күші жойылған жағдайда, сот, орган (лауазымды адам) істі осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша қарайды.
48-тарау. Ақтау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу
861-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаның кiнәсiздiгiн тану арқылы ақтау
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарауға уәкілеттік берілген судьяның, органның (лауазымды адамның) осы Кодекстiң 741-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) - 7) және 11) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша, өзіне қатысты iстi тоқтату туралы қаулысы шығарылған тұлға кiнәсiз деп есептеледi және оның Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарына қандай да бір шектеулер қоюға болмайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкілеттік берілген судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған тұлғаны кінәсіз деп тану және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судьяның, органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi салдарынан бұзылған жеке басының мүліктік емес және мүліктік құқықтарын қалпына келтіру бойынша заңда көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті.
862-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкілеттік берілген соттың, органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеттіруге құқығы бар тұлғалар