140-баптың 6-тармағы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін 277-баптың 5-тармағының редакциясында қолданылды
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, базалық жобалау құжаттары мен әзірлеуді талдаулардың тәуелсіз сараптама операторы тәуелсіз сарапшылардың қызметін ұйымдастыруды және оларды құзыретті орган бекіткен талаптарға сәйкес біліктілігі жағынан іріктеуді жүзеге асырады, сондай-ақ келіп түскен базалық жобалау құжатына немесе әзірлеуді талдауға тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыны шарттық негізде айқындайды.
7. Базалық жобалау құжатына немесе әзірлеуді талдауға мемлекеттік сараптама жүргізу нәтижелері орталық комиссияның отырысында тәуелсіз сараптаманың тиісті қорытындысымен базалық жобалау құжатын немесе игеру талдауын қарау арқылы айқындалады.
8. Базалық жобалау құжатына және әзірлеуді талдауға тәуелсіз сараптама жүргізу операторы дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға болып табылады, ал акциялардың (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
9. Жобалау құжаттарына немесе әзірлеуді талдауларға мемлекеттік сараптама жүргізу нәтижелері сараптамалық қорытындымен ресімделеді, ол оң немесе теріс болуы мүмкін. Сараптамалық қорытындының көшірмесі оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыға жіберіледі.
10. Теріс сараптамалық қорытынды шығару үшін мыналар:
1) жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және (немесе) келісімшарт ережелеріне сәйкес келмеуі;
2) жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың көмірсутек саласындағы уәкілетті орган бекітетін нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға мазмұны, құрылымы және ресімделуі жағынан сәйкес келмеуі;
3) жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес келмеуі;
4) кен орнын әзірлеу жобасында ұсынылған барланған көмірсутек қорларының саны мен сапасы туралы ақпараттың анық болмауы;
5) жобалау құжатында немесе игеруді талдауда ұсынылған жобалау шешімдерінің сапасын объективті бағалаудың мүмкін болмауы;
140-баптың 10-тармағының 6) және 7) тармақшаларындағы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін «геологиялық қорлар», «геологиялық қорлардың», «геологиялық қорларға» деген сөздер тиісінше «қорлар», «қорлардың», «қорларға» деген сөздермен ауыстырылды 277-баптың 7-тармағының редакциясында қолданылады
6) сынамалап пайдалану жобасы үшін - геологиялық қорларды жедел есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысының болмауы;
7) кен орнын игеру жобасы үшін - геологиялық қорларды есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының болмауы негіз болып табылады.
11. Жобалау құжатының немесе әзірлеу талдаулардың мемлекеттік сараптамасының теріс қорытындысында оны шығару негіздемесі және базалық құжатты немесе әзірлеу талдауын пысықтау бойынша ұсынымдар келтіріледі.
141-бапта 2024 ж. 1 қаңтарға дейін «геологиялық қорлар», «геологиялық қорлардың», «геологиялық қорларға» деген сөздер тиісінше «қорлар», «қорлардың», «қорларға» деген сөздермен, «орталық комиссия» деген сөздер «мемлекеттік комиссия» деген сөздермен ауыстырылды 277-баптың 7-тармағының редакциясында қолданылады
141-бап. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы
1. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы жер қойнауын ұтымды пайдалану үшін жағдайлар жасау, көмірсутектердің геологиялық қорларын мемлекеттік есепке алу, сондай-ақ көмірсутектердің геологиялық қорларының саны мен сапасы туралы ақпараттың анықтығын бағалау мақсатында жүргізіледі.
2. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы тиісті қызмет түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлейтін және жер қойнауын пайдаланушы бекітетін, геологиялық қорларды есептеу (жедел есептеу) жөніндегі есептің талдауын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
141-баптың 3, 4 және 5 тармақтары 2024 ж. 1 қаңтарға дейін 277-баптың 6-тармағының редакциясында қолданылады
3. Геологиялық қорларды есептеу (жедел есептеу) жөніндегі есеп көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жасалады.
4. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының көмірсутек қорлары жөніндегі орталық комиссиясы (қорлар жөніндегі орталық комиссия) геология және жер қойнауын пайдалану саласында арнайы білімдері бар және сараптама нәтижелеріне мүдделі емес тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырады.
5. Қорлар жөніндегі орталық комиссия қызметін ұйымдастыру, оның құрамы, жұмыс регламенті және іс қағаздарын жүргізу көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі орталық комиссия туралы ережеде айқындалады.
6. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы геологиялық қорларды есептеу (жедел есептеу) жөніндегі есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жүргізіледі.
Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын жүргізу мерзімі қорлар жөніндегі орталық комиссияның шешімі бойынша, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұлғайтылуы мүмкін.
7. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының нәтижелері сараптамалық қорытындымен ресімделеді, ол оң немесе теріс болуы мүмкін.
8. Теріс сараптамалық қорытынды шығару үшін мыналар:
1) көмірсутектер кен орнының геологиялық қорларына жүргізілген есептеудің (жедел есептеудің) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) көмірсутектердің геологиялық қорларының саны және сапасы туралы ақпараттың анық болмауы;
3) ұсынылған деректер негізінде көмірсутектердің геологиялық қорларының саны мен сапасын объективті бағалаудың мүмкін болмауы негіз болып табылады.
Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының теріс қорытындысында оны шығарудың негіздемесі және есепті пысықтау бойынша ұсынымдар беріледі.
9. Сараптамалық қорытынды қорлар жөніндегі орталық комиссия төрағасы және оның мүшелері қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыға жіберіледі.
10. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы көмірсутектер кен орнының геологиялық қорларын мемлекеттік есепке қоюға негіз болып табылады.
142-бап. Жобалау құжаттарының орындалуын мониторингтеу
1. Жер қойнауын пайдаланушының барлау жұмыстары жобасын және сынамалап пайдалану жобасын орындауын мониторингтеуді жобалау ұйымы жыл сайын авторлық қадағалау жүргізу арқылы жүзеге асырады.
Бұл ретте ұңғымаларды бұрғылауды және (немесе) сынауды көздемейтін барлау жұмыстарының жобасы бойынша авторлық қадағалау жүргізілмейді.
2. Жер қойнауын пайдаланушының кен орнын әзірлеу жобасын орындауын мониторингтеу:
1) жобалау ұйымының жыл сайын авторлық қадағалау жүргізуі;
2) кемінде үш жылда бір рет орындалатын көмірсутектер кен орнының әзірленуіне талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
3. Авторлық қадағалау және көмірсутектер кен орнын әзірлеуге талдау жүргізуге қойылатын талаптар жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда белгіленеді.
4. Авторлық қадағалау кезінде кен орнын игеруді бақылау арқылы алынатын ағымдағы геологиялық-кәсіпшілік ақпарат пайдаланылады, ал қадағалаудың нәтижелері жыл сайынғы есеп түрінде баяндалады.
5. Авторлық қадағалау жөніндегі жыл сайынғы есепте:
1) нақты қол жеткізілген технологиялық өлшемдер мәндерінің жобалау мәндеріне сәйкес келуі;
2) нақты және жобалау көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтардың және (немесе) жобалық шешімдердің орындалмау себептері;
3) барлау жұмыстарының жобасы бойынша - жобалау шешімдеріне қол жеткізу және барлау жұмыстарын жүргізу кезінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар;
4) сынамалап пайдалану жобасы бойынша - жобалау шешімдеріне қол жеткізу және сынамалап пайдалану жүргізу кезінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар;
5) кен орнын игеру жобасы бойынша - жобалау шешімдеріне қол жеткізу және игеру жүйесін меңгеруде анықталған кемшіліктерді жою бойынша және (немесе) жекелеген жобалық шешімдерді және кен орнын әзірлеу жобасының көрсеткіштерін өзгерту қажеттілігін айқындау үшін әзірлеуге кезектен тыс талдау жүргізу бойынша ұсынымдар көрсетіледі.
Авторлық қадағалау жүргізу кезінде жер пайдаланушы бұрын тартқан жобалау ұйымын өзгеге алмастыру қажет болған жағдайда, мұндай алмастыруға жобалау құжаты авторының келісуімен жол беріледі.
6. Кен орнын әзірлеуді талдау пайдалану объектісін әзірлеу процесінде ұңғымалар мен қабаттарға жүргізілген геологиялық-кәсіпшілік, геофизикалық, гидродинамикалық және басқа да зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ өнімді қабаттарда өтетін көмірсутектер қорларының ағымдағы орналасуы әзірлеу көрсеткіштерінің серпінін және процестерді кен орнын игерудің жүйесін жетілдіру қажеттілігін анықтау нысанына кешенді түрде зерттеуді білдіреді.
7. Көмірсутектер кен орнын әзірлеуді талдауды жер қойнауын пайдаланушы тартатын, қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы жүргізеді және оны жер қойнауын пайдаланушы хабарлама тәртібімен құзыретті органға жібереді.
8. Кен орнын әзірлеудің нақты және жобалау көрсеткіштері арасында елеулі (он пайыздан астам) айырмашылықтар болған жағдайда, кен орнын әзірлеу жобасына өзгерістер енгізу қажеттігі туралы көмірсутектер кен орнын әзірлеу нәтижелері бойынша талдау нәтижелерінің негізделген тұжырымы болған кезде жобалау құжаттарын талдау нәтижелері мемлекеттік сараптамаға жатады.
9. Орталық комиссия көмірсутектер кен орындарын әзірлеуді талдау бойынша оң қорытынды шығарған жағдайда осындай талдаудың жобалық шешімдері мен көрсеткіштері кен орнын әзірлеу жобасына өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеудің, бекіту мен оларды мемлекеттік сараптамадан өткізудің үш жылдан аспайтын кезеңіне кен орнын әзірлеу жобасының жобалау шешімдері мен көрсеткіштері ретінде бағаланады.
143-бап 2024 ж. 1 қаңтарға дейін 277-баптың 12-тармағының редакциясында қолданылады
143-бап. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелеріне жатқызылатын, көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі жобалау құжаттарының көрсеткіштері
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта жер қойнауын пайдаланушыға міндеттеме ретінде жобалау құжаттарының мынадай көрсеткіштерінің орындалуы белгіленеді:
1) пайдалану ұңғымалары торшасының тығыздығы;
2) әрбір пайдалану обьектісі бойынша өндіру және қысыммен айдау ұңғымаларының арақатынасы;
3) кенжатындар бойынша орнын толтыру коэффициенті;
4) қабаттық және кенжар қысымының қанық қысымға немесе конденсация қысымына қатынасы;
5) қабат қысымның кенжар қысымына қатынасы;
6) ұңғымалар бойынша газ факторының барынша жол берілетін шекті шамасы.
Бұл ретте осы бапта көрсетілген көрсеткіштердің мәндері келісімшартқа енгізілмейді және жобалау құжаттарына сүйене отырып айқындалады.
20-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің жекелеген мәселелері
144-бап. Шикi мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі
1. Шикi мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі белгіленген тәртіппен қабылданған, қолданыстағы нормативтік және техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес тұтынушыға беруге дайындалған, айналымдағы шикi мұнайдың және газ конденсатының саны туралы деректерді тәулік сайын автоматтандырылған жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға арналған.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Шикi мұнайды және газ конденсатын есепке алу ақпараттық жүйесінің операторын көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындайды және оператор шикi мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесіне қосу үшін ақпаратты жинауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды, оның ішінде көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін шикi мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі тәртібіне сәйкес ақпаратты ұсынуды және таратуды жүзеге асырады.
Шикi мұнайды және газ конденсатын есепке алу ақпараттық жүйесінің операторы дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға болып табылады, ал акциялардың (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетіне иелік етуді және пайдалануды көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. Шикi мұнай және газ конденсаты айналымы деп оларды дайындау, тасымалдау, сақтау, тиеу, өткізу, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкету түсініледі.
4. Шикi мұнайды және газ конденсатын есепке алу құралы деп шикi мұнай және газ конденсаты айналымы жөніндегі операцияларды өлшеуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылуға рұқсат етілген, сондай-ақ мұнай және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі операторына тәулік сайын ақпарат жіберуді жүзеге асыратын ақпараттық қамтамасыз етудің техникалық құрылғылар кешені танылады.
144-баптың 5-тармағы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. Шикi мұнай және газ конденсаты айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер жарақтандыру тізбесі мен мерзімін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін өзінің өндірістік объектілерін есепке алу құралдарымен жарақтандыруға және көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.
144-баптың 6-тармағы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6. Мұнайды және газ конденсатын өндіру және (немесе) оның айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерге жарақтандыру тізбесі мен мерзімін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін өндірістік объектілерді есепке алатын аспаптармен жарақтандырмай өндіру және (немесе) шикі мұнай және газ конденсаты айналымы жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
145-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі
1. Жер қойнауын пайдаланушылар, мұнай және (немесе) шикі газ, уран, көмір өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыратын тұлғалар не олардың уәкілетті өкілдері есептерді жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы ұсынады. Көрсетілген есептер уәкілетті өкілдің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуға тиіс. Есептерді ұсыну нысандары мен тәртібін көмірсутектер және уран саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
2. Осы Кодекстің мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі деп жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» ақпараттық жүйесі түсініледі.
146-бап. Шикі газды жағу
1. Мыналарды:
1) авариялық жағдай қатері немесе оның туындауы, персоналдың өміріне немесе халық денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнуі;
2) ұңғыма объектілерін сынау кезіндегі;
3) кен орнын сынамалап пайдалану кезіндегі;
4) шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезіндегі жағдайларды қоспағанда, шикі газды факелде жағуға тыйым салынады.
2. Шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу деп осы баптың 4-тармағына сәйкес белгіленген нормативтер және көлемдер шегінде, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде, сондай-ақ технологиялық жабдықтың жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде көмірсутектерді өндірудің үздіксіз процесін қамтамасыз ету үшін шикі газды жағу танылады.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда шикі газды факелде рұқсатсыз жағуға жол беріледі.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы мұндай жағу туралы көмірсутектер және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдарды он күн ішінде жазбаша хабардар етуге міндетті.
Осындай хабарлама шикі газды жағудың себептерін және жағылған шикі газдың көлемдері туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
4. Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарын және көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесі бойынша айқындалған нормативтер мен көлемдер шегінде шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын сақтаған жағдайда көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша шикі газды факелде жағуға жол беріледі.
Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру тәртібін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
5. Ұңғыма объектілерін сынау кезінде жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған базалық жобалау құжатына немесе әзірлеуді талдауға сәйкес, жер қойнауын пайдаланушы бекіткен ұңғыма объектілерін сынау жоспарында көзделген мерзімге, ұңғыманың әрбір объектісі үшін тоқсан күннен аспайтын мерзімге шикі газды жағуға жол беріледі.
Кен орнын сынамалап пайдалану кезінде үш жылдан аспайтын жалпы мерзімге шикі газды жағуға рұқсат берілуі мүмкін.
6. Технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде шикі газды жағу көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістеме бойынша есептелген нормативтер мен көлемдер шегінде жүзеге асырылады.
7. Технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар жағдайларында жер қойнауын пайдаланушы тергеу жүргізуге және көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулардың, әрбір жағдайы бойынша жағылған газдың уақыты мен көлемдері туралы мәліметтерді, сондай-ақ олардың себептерін көрсете отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын есеп беруге міндетті.
147-бап. Шикі газды қайта өңдеу және кәдеге жарату
1. Шикі газды қайта өңдеу деп шикі газдан құрауыштарының сапалық және сандық құрамы бойынша техникалық регламенттердің және (немесе) ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін өнімді өндіру жөніндегі технологиялық процесс түсініледі.
2. Көмірсутектерді өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы шикі газды жағу көлемдерін азайтуға бағытталған іс-шаралар жүргізуге міндетті.
Кен орнын әзірлеу жобасында шикі газды өңдеу (кәдеге жарату) жөніндегі бөлім міндетті түрде болуға тиіс.
3. Жер қойнауын пайдаланушылар шикі газды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету мақсатында көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларын әзірлеуге міндетті. Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламалары көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның бекітуіне жатады және олар әр үш жыл сайын жаңартылуға тиіс.
Жер қойнауын пайдаланушы шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларының орындалуы туралы есептерді жыл сайын көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша оған жіберуге тиіс.
4. Мыналарды:
1) осы Кодекстің 146-бабында белгіленген жағдайларда және шарттармен жағылатын;
2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жобалау құжатында көзделген көлемдерде жер қойнауын пайдаланушы өзінің технологиялық қажеттіліктеріне пайдаланатын;
3) жер қойнауын пайдаланушы өзге тұлғаларға қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату мақсатында өткізетін шикі газ көлемдерін қоспағанда, өндірілетін шикі газдың толық көлемін қайта өңдемей көмірсутектерді өндіруге тыйым салынады.
Бұл ретте шикі газды өңдеу экономикалық жағынан тиімсіз кен орындарында кен орнын әзірлеу жобасында және шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында, жеке мұқтаждыққа пайдаланылатын газды қоспағанда, қабаттық қысымды сақтау және (немесе) ұстап тұру мақсатында қабатқа айдау арқылы өндірілетін шикі газдың бүкіл көлемін кәдеге жарату көзделуі мүмкін.
5. Кен орнын әзірлеу жобасында және шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында мұндай кен орнында ішкі қабаттық қысымды ұстап тұрудың өзге әдістері тиімсіз және мұндай айдау қоршаған орта мен адамның өмірі үшін қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне ие болған жағдайда, қабаттық қысымды ұстап тұру мақсатында қабатқа айдау арқылы өндірілетін шикі газды кәдеге жарату көзделуі мүмкін.
6. Бірлесіп игерген жағдайда жобалау құжаттарында және шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларында қабаттық қысымды сақтау және (немесе) ұстап тұру мақсатында бір кен орнынан екінші кен орны қабатына (өзге де жер қойнауын пайдаланушылардың кен орындарын қоса алғанда) өндірілетін шикі газды айдау арқылы кәдеге жарату көзделуі мүмкін.
7. Кен орнын әзірлеу жобасында көзделмеген, сондай-ақ кен орнын әзірлеу жобасын бұза отырып жүзеге асырылған, шикі газды қабатқа айдауға тыйым салынады.
8. Жер қойнауын пайдаланушылар және көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган шикі газды қайта өңдеу жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыра алады.
9. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта өзгеше көзделмесе, өндірілген ілеспе газ мемлекет меншігі болып табылады.
148-бап. Қабаттық қысымды ұстап тұру және суларды дайындау
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған әртүрлі келісімшарттар бойынша көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодекстің 150-бабында көзделген жағдайларда қабаттық қысымды ұстап тұру мақсатында бір жер қойнауын пайдаланушыдан дайындалған қабаттық суды екінші жер қойнауын пайдаланушының кен орнының қабатына айдауды жүзеге асыруы мүмкін.
2. Жер қойнауын пайдаланушы қабаттық қысымды ұстап тұру мақсатында одан әрі кен орны қабатына айдауға ілеспе және (немесе) өзге де (теңіз суын қоса алғанда) суды дайындау үшін қажетті инфрақұрылымдық объектілерге иелік ететін тұлғаларды тарта алады.
149-бап. Шекарамаңы жер қойнауы учаскелеріндегі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар
1. Егер жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде бір бөлігі басқа іргелес немесе қарсы беттегі мемлекеттің заңды құзырындағы аумақта немесе теңізде Қазақстан Республикасының аумағының шегінде орналасқан шекарамаңы жер қойнауы учаскесінде немесе бір бөлігі аумағында орналасқан, сонымен қатар кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) тапқан жағдайда, ол бұл туралы құзыретті органға дереу хабарлауға міндетті.
2. Қазақстан Республикасының табылған кенжатынның бір бөлігі (кенжатындар жиынтығы) жер қойнауында жатқан мемлекетпен тиісті халықаралық шарттар болмаған жағдайда, құзыретті орган осындай мемлекетпен келісімге қол жеткізілгенге дейін шекарамаңы жер қойнауы учаскесінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Бұл ретте құзыретті орган шекарамаңы жер қойнауының учаскесінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыны ол туралы хабардар етеді және күнтізбелік отыз күн ішінде шекарамаңы жер қойнауы учаскесінде орналасқан кен орнын бірлесіп әзірлеудің тәртібі мен шарттарын реттейтін халықаралық шартты әзірлеуге бастама жасайды.
3. Құзыретті орган шекарамаңы жер қойнауы учаскесінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жағдайда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі тоқтатылған операцияларды құзыретті орган қалпына келтіруге рұқсат бергенге дейін келісімшарт өзінің қолданысын тоқтата тұрған болып есептеледі.
150-бап. Әртүрлі жер қойнауы учаскелеріндегі кен орындарын бірлесіп игеру
1. Бірлесіп игеру деп бірнеше жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі бірлескен операциялар келісімнің негізінде жүргізуді, оның ішінде кен орындарын әзірлеу үшін ортақ инфрақұрылымды пайдалануы түсініледі.
2. Егер бірнеше кен орындарын бірлесіп игеру бір немесе бірнеше кен орындарын әзірлеудің техникалық және экономикалық көрсеткіштерін жақсартатын болса, мұндай игеруге жол беріледі.
3. Әртүрлі жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте белгіленген тәртіппен құзыретті органмен келісу бойынша: