7) тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы әрі толық көлемде орындауға міндетті.
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның тексеруді жүргізу үшін келген лауазымды адамдары тексерілетін мемлекеттік органға:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлікті (сәйкестендіру картасын) көрсетуге міндетті.
22. Тексерілетін мемлекеттік органдар не олардың уәкілетті өкілдері тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүргізу кезінде:
1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның тексеруді жүргізу үшін келген лауазымды адамдарын:
тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болса, мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген, осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
осы баптың 21-тармағының үшінші бөлігінде көзделген құжаттар болмаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) егер құжаттар мен мәліметтер жүргізілетін тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда, үш жұмыс күнінен кешіктірмей кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге;
4) тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындыға, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
5) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарының заңға негізделмеген, тексерілетін мемлекеттік органның қызметін шектейтін тыйымдарын орындамауға;
6) тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүзеге асыру процесін, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамының тексеру немесе қашықтан бақылау шеңберінде жасайтын жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.
Тексерілетін мемлекеттік органдар не олардың уәкілетті өкілдері тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүргізу кезінде:
1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарының тексерілетін мемлекеттік органның аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы, коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі заңнамасының талаптарын сақтай отырып, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарына қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындыға қоса тігу үшін ұсынуға, сондай-ақ тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;
3) тексеру басталған күні тексеруді тағайындау туралы актіні және тексеру немесе қашықтан бақылау аяқталған күні жүргізілген тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындыны алғаны туралы белгі қоюға;
4) егер осы Кодексте не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
5) басшының не оның уәкілетті адамының тексеру тағайындалған мерзімдерде тексерілетін мемлекеттік орган тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
23. Егер тексеруді және (немесе) қашықтан бақылауды жүргізу нәтижесінде тексерілетін мемлекеттік органның осы Кодекстің 7, 13, 29 және 30 тарауларында белгіленген талаптарды және Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да талаптарын бұзу фактісі анықталатын болса, әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары өкілеттіктері шегінде, бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдайды.
24. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласындағы мемлекеттік бақылаудың қорытындылары бойынша кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің заңдылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында:
кәсіпкерлік субъектілерінің осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген қызметі салаларында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
рұқсаттарды беру, қызметті немесе әрекетті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдау;
талаптар тізілімін жүргізу кезінде кәсіпкерлік қызметті реттеу бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсынымдарды қажет болған кезде тұжырымдайды.
86-бап. Реттеуші мемлекеттік органдар және олардың кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
1. Мыналар:
1) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құрал және (немесе) талап, реттеуді қатаңдату енгізілген немесе енгізілуі жоспарланып отырған жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар реттеуші мемлекеттік органдар болып табылады.
2. Мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын реттеуші мемлекеттік органдардың құзыретіне:
1) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын тиісті салада (аяда) мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) өз құзыреті шегінде осы Кодекстің 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер жүргізу графиктерін және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдерін бекіту;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру;
4) мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын қарау және шешімдерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен қабылдау;
5) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құрал және (немесе) талап, реттеуді қатаңдату енгізілген немесе енгізілуі жоспарланып отырған жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын реттеуші мемлекеттік органдардың құзыретіне:
1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді ұсыну;
2) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
87-бап. Бақылау және қадағалау органдары және олардың кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
1. Тексерілетін субъектілер қызметінің осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан байқауды және тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бақылау және қадағалау органдары болып табылады.
2. Бақылау және қадағалау органдарының құзыретіне:
1) тиісті салада мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өз құзыреті шегінде осы Кодекстің 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу;
4) мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүргізу;
5) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
88-бап. 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
89-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласында:
1) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге да заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
90-бап. Жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары:
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін шекті бөлшек сауда бағаларын бекітуді;
2) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат беру рәсімдерін, хабарламалар қабылдауды;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізуді;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды
2-2) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есептер ұсынуды;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-3) Бірыңғай есеп беру күнін ұйымдастыру мен өткізуді;
2-4) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-5) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен Кодекс 7-1-тараумен толықтырылды
7-1-тарау. Монополияға қарсы орган және оның өкілеттіктері
90-1-бап. Монополияға қарсы органның жүйесі
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Монополияға қарсы органның біртұтас жүйесін орталық мемлекеттік орган және оған бағынысты аумақтық бөлімшелер құрайды.
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Аумақтық бөлімшелер өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктері және орталық мемлекеттік орган бекіткен ереже шегінде жүзеге асырады.
90-2-бап. Монополияға қарсы органның міндеттері
Монополияға қарсы органның міндеттері:
1) адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеп-тексеру, жолын кесу;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) экономикалық шоғырлануды реттеу;
4) бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру болып табылады.
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 90-3-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
90-3-бап. Монополияға қарсы органға басшылық
Монополияға қарсы органға басшылықты оның бірінші басшысы жүзеге асырады.
90-4-бап. Монополияға қарсы органның басқа мемлекеттердiң монополияға қарсы органдарымен өзара iс-қимылы
1. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберiнде монополияға қарсы орган халықаралық шарттарға сәйкес, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес хабарламалар, ақпарат беру туралы сұрау салулар жіберу, консультациялар жүргiзу, тергеп-тексерулер туралы хабардар ету арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердiң монополияға қарсы органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
2. Монополияға қарсы орган халықаралық ұйымдарға қатысу шеңберінде өзге мемлекеттердің монополияға қарсы органдарына сұрау салулар жіберуге және олардың сұрау салулары бойынша ақпарат беруге құқылы.
90-5-бап. Монополияға қарсы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы
1. Монополияға қарсы орган өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды мынадай нысандарда жүзеге асырады:
1) құқық қорғау органдарына бәсекелестікті қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың анықталған фактілері туралы хабарлайды;
2) құқық қорғау органдарының сұрау салуы бойынша тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалық ақпаратты береді;
3) құқық қорғау органдарының сұрау салулары бойынша өз құзыреті шегінде сараптамалар жүргізеді және Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының мәселелері бойынша қорытындылар береді;
4) құқық қорғау органдарының, олардың аумақтық бөлімшелерінің қаулылары мен сұрау салулары бойынша өз қызметкерлерін Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру жөніндегі процестік әрекеттер мен іс-шараларға қатысу үшін сарапшылар ретінде жібереді.
2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары өз өкілеттіктері шегінде монополияға қарсы органмен өзара іс-қимылды мынадай нысандарда жүзеге асырады:
1) монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын анықталған құқық бұзушылықтар туралы хабарлайды;
2) монополияға қарсы органның сұрау салулары мен өтініштері бойынша:
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру жөніндегі бірлескен іс-шараларды өткізу, сондай-ақ монополияға қарсы орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу үшін қызметкерлерін жібереді;
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылардың тұрған жерін анықтау және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен монополияға қарсы органның жазбаша сұрау салуларына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін оларды монополияға қарсы органға жеткізу жөнінде шаралар қолданады;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен монополияға қарсы орган ұсынатын, қылмыстық жазаланатын бәсекелестікке қарсы әрекеттердің белгілері бар материалдар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды, бұл жөнінде монополияға қарсы органға хабардар етеді;
монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың дәлелдемелерін табуға және бекітуге практикалық көмек көрсетеді.
90-6-бап. Монополияға қарсы органның құзыреті
Монополияға қарсы орган:
1) бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын жүзеге асырады;
2) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
3) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кеседі;
6) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) экономикалық шоғырлануға келісім алу туралы өтінішхатты қарайды;
7) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың алдын алады және оны жояды;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндетті қызметтерді көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдерін және келісілген әрекеттерін, жосықсыз бәсекелестікті болғызбайды және олардың жолын кеседі;
9) бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметті шектеу және тауар нарықтарының жұмыс істеуі саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді келіседі;
10) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларын қолдану туралы ақпаратты таратуды және адал бәсекелестікті насихаттауды жүзеге асырады;
11) тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдауды жүзеге асырады;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) конгломераттар қызметін талдауды және мониторингтеуді жүзеге асырады;
13) 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) тармақша 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) қоғамдық маңызы бар нарықтарды талдау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
15) мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемелерді, мемлекеттік кәсіпорындарға және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғаларға және олармен үлестес заңды тұлғаларға қатысты - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
16) тармақша 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
17) тармақша 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
18) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаны анықтайды;
19) монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістемелерді бекітеді;
20) нарық субъектілерінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактілері бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру жүргізеді;
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
20-1) мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 20-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
20-2) мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторингті жүзеге асырады;
21) банктік құпияны, сақтандыру құпиясын және бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан, мемлекеттік кірістер органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты сұратады және алады;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
22) нарық субъектілеріне:
осы Кодекстің нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және (немесе) олардың салдарларын жою;
бастапқы жағдайды қалпына келтіру;
осы Кодекске қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;
экономикалық шоғырлануды реттеу кезінде мәмілелерді бұзу немесе оларды жарамсыз деп тану арқылы олардың күшін жою қажеттілігі;
егер белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту немесе жалтару бұзушылық болып табылған жағдайда, өзге нарық субъектісімен шарт жасасу туралы орындалуға міндетті нұсқамалар шығарады;
23) мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға осы Кодекске қайшы келетін өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту, бұзушылықтарды жою, сондай-ақ өздері жасасқан келісімдер мен мәмілелерді бұзу, күшін жою немесе өзгерту және бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жасау туралы орындалуға міндетті нұсқамалар енгізеді;
24) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтар туралы істерді қарау бойынша сотқа қатысады;
25) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жібереді;